68
күй аңыздар
61. «Жиренше шешен»
(ІІ нұсқа)
Атақты Жиренше алыста жүргенде, жат жұртта ауырып
қайтыс болады. Қара тілдің шешені Жиреншенің еліне сөз та-
уып, жөн біліп естіртуге ешкімнің батылы бармайды екен. Сол
ауылда жалғыз жетім бала бар екен:
—Жиренше шешеннің өлімін үй-ішіне мен естіртемін, — деп
Жиреншенің
ауылына жетіп, үйіне кіріп келеді. Кіріп кел се,
төрде бір сұлу қыз отырады.
—Сіз кімі боласыз Жиренше шешеннің?—дейді.
—Мен Жиреншенің қызы Қарлығашпын,—дейді.
—олай болса, тыңда,—деп жетім
бала домбыраны теріс бұ-
рауға салып, «әкең өлді, қарындас» дегізіп, бір зарлы күйді тар-
та жөнеліпті.
Қабырғасы қайысқан Қарлығаштың көңілін жұбатпақ бо-
лып, жетім бала домбыраны оң бұрауға түзеп, сабырлы сал-
мақты
тарта келе, өзінің де жетімдігі есіне түсіп кетіп, зарлап
қоя бергені дейді.
Достарыңызбен бөлісу: