Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

зороастризм,
несториандылық, манихейлілік жəне т.б.) білім беру орталығы ретінде
Зороастризм.Орта ғасырларда 
Қазақстан
жеріндегі діни идеологиялық
ахуал
өте күрделі еді. Бір жағынан, 
қазақтың
ата-бабаларынан келе жатқан
дəстүрлі
діні — 
Тəңірге
табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде
зороастризм
дінінің, 
буддизмнің

христиандықтың
ықпалдары болды. Қазақ
жеріндегі ең көне 
діндердің
бірі —
Заратуштрашылдық
немесе зороастризм. Бұл
діннің негізін 
Заратуштра
деген 
адам
салған. Кейіннен зороастризм діні
ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да 
орта
ғасырларда
зороастризмнен
мұсылмандыққа
көшкен.
Зороастризм дінінің негізгі табынатын, 
мінəжат
ететін стихиясы — от, бір
сөзбен айтқанда, отқа 
құлшылық
ету діні. Қазақтың не нəрсені 
отпен
аластауы,


отқа май құю рəсімі сол зороастризм қалдығы болса керек. Зороастризмнің екінші
бір 
қағидасы
— дүниенің екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы болмыстардан
тұратындығы туралы 
ұғым
. Мысалы, рухани—тəндік, пайдалы—зиянкес, адал—
арам, ақ—қара, жақсы—жаман, т.б. Қазақстан жерінен зороастризм орындары
ашылған. Соның бірі — Тараздағы 
Тектұрмас
жерлеу орны. Онда адамның
сүйегін өртеп, ассуарт деп аталатын қыштан жасалған ыдысқа күлін салып
қоятын болған.
Тəңірлік дін туралы тікелей 
деректер
түркі 
заманынан
белгілі. Көне
түріктер "Бір Тəңірі" деп көк 
аспанға
табынған. Тəңір көне түріктердің түсінігі
бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз 
табиғаттың
бəрінің үстінен қарайтын,
соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық
(аспандық) 
күш
. Бұл жағынан алғанда, Тəңір кейінгі 
мұсылмандық
"
Алла
",
"
Құдай
" ұғымдарына жақын келеді. 
Ислам
діні таралғаннан кейін де түркілердің,
оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы 
Тəңір
сөзін жиі қолдануы олар
туралы түсініктердің 
ұқсастығынан
деп түсіну керек. Жалпы, Тəңір діні
де 
Азиядағы
ең көне бірқұдайлық дін.
Көне түріктер Тəңірмен қатар 
Жер

Суға
да 
мінəжат
еткен. Бұл олардың
тіршілік көзі болуымен 
байланысты
болса керек. 
Адамның
да, 
малдың
да,
өсімдіктің де өнуі, 
өмір
сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы
бабалары 
Күнге

Айға
да табынған. Оның сілемдерін қазақтың 
салт-
дəстүр
ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет