Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

Шаманизм.Тəңірлік діннің арғы тегінде 
шаманизм
жатыр. Шаманизм
дінінің негізгі 
қағидасы
бойынша, 
дүние
түгелімен рухтардан тұрады. Жанды,
жансыз 
дүниенің 
де 
рухтары 
бар. 
Шаманизмді 
құраушы 
діни
сенімдердің 
тотемизм

фетишизм

анимизм

магия
түрлері
бар. Тотемизм дегеніміз — 
адамдардың
өздерін белгілі бір 
хайуанаттан
таралдық
деп түсініп, соларға мінəжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың
тотемі 
қасқыр
болған. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін 
бұғыдан
жаралдық деп
есептейді. Фетишизм — белгілі бір заттың адам 
өміріне
оң 
ықпалына
сену. Қазақ
балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жас 
ботаға
үкі немесе 
тұмар
тағып қояды.
Бұлардың бəрі фетишизм 
сенімі
.
Анимизм — бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия
жанды, жансыз табиғатқа 
тылсым
күш арқылы əсер ету 
əрекеті
. Қазақ бақсы-
балгерлерінің əрекеті осы 
магияға
негізделген.
Буддизм.Түркі дəуірінде 
қазақ
жеріне буддизм діні де енген. 
Бұмын
қағанның
ұлы 
Мақан қаған
будда
дінін қабылдап, буддалық 
насихат
кітаптарды
түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл 
жұмыс
Таспар қаған
кезінде де жалғасқан.
Түркі кағандарын 
буддизмнің
: "
Адам
өлтірме, өтірік айтпа, 
ұрлық
жасама, қызулы
ішімдік
ішпе" деген 
уағыздары
қызықтырған болса керек. Будда храмдары
(
ғибадатханасы

Жетісу
жерінде 
Ақбешім
, Краснореченск ортағасырлық
қалаларында, 
Сайрамда
(
Испиджаб
) табылды.
Несториандық бағыттағы христиан діні
Қазақ жеріне V ғасырда несториандық бағыттағы 
христиан діні
де аздап
таралды. Римдік діндар 
Нестор
Христосты
"Құдай емес, — адам, Құдайдың
жердегі өкілі ғана" дегені үшін Шығыс 
Рим империясынан
қуылған еді. Христиан
дінінің осы несториандық ағымы VII—VIII ғасырларда 
Жетісу
мен 
Оңтүстік
Қазақстан
жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. Алдымен
христиандықты 
қабылдаған 
қарлұктар 
болған,
шіркеулер 
Тараз

Мерке

Қойлық

Жамұқат

Науакент

Фараб
, т.б. қалаларды
қазғанда табылды. XIV ғасырда қазақ жерінен жүріп өткен 
Вильгельм
Рубрук
Қойлық
қаласында (
Іле
жазығы) қасиетті Матвейдің монастыры болғанын
хабарлайды.
Жалпы, христиан дінін қазақ жеріне, одан Шығыс 
Түркістанға
, тіпті
сонау 
моңғолияға
дейін таратқан — Нестордың ізін қуушы сириялық христиандар
еді. X—XI ғасырларда христиан дініне 
керейлердің

наймандардың
біразы
кіргендігі жөнінде 
тарихи
деректер
бар. IX ғасырдан бастап қазақ жеріне
орныққан 
мұсылман діні
христиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері
көп жерде 
мешітке
айналдырылды. Кей жерлерде христиандық пен мұсылмандық
қатар 
өмір
сүрді. Тіпті, кейде христиан католиктеріні ел басқарушы мұсылман
халифтер тағайындады. Бірақ моңғолдардың жаулап алу 
кезеңінде
(XIII ғасырда)
христиан дінінің ықпалы қайта күшейді. Өйткені кезінде моңғол хандарының
біразы 
христиан 
дінін 
қабылдаған 
болатын.
Мысалы, 
Батыйдың
ұлы 
Сартақ
несториандық дінге үлкен қолдау жасаған.
Жалпы, 
христиан 
діні 
қазақтың
оңтүстік, 
оңтүстік-шығыс,
шығыс 
аймақтарындағы
ру-тайпалардың арасында əр 
жерде
қауым
болып, бірде
əлсіреп, бірде күшейіп, XIV ғасырдың соңына дейін өмір сүрді. Олардан қалған
тарихи 
жəдігерлер
археологиялық қазбалардан белгілі шіркеулер қалдығы, 
сирия
тілінде
қағазға, қышқа жазылған христиандық уағыздар, крест рəміздер, 
иконалар
,
металл крестер жəне ортағасырлық авторлардың 
мəліметтері
. Несториандық


христиан дінінің ең бір кең тараған белгісі — крест пен көгершін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет