45. Қазақ ағарту феномені. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Абай. Музыкалық шығармашылық Қазақ халқының рухани мəдениетінің даму тарихында XIX ғасырдың екінші жартысы өзгерістерге толы болды. Соған байланысты дəл осы кезде Қазақстанда ағартушылық мəдениеті пайда болып, дамиды. Адам ойының жəне ғылымның даму жолында дін тұрған жерде ағартушылық дүниетаным пайда болады. Бұл қазақ ойларының тарихындағы өте ғажайып феномен болды десек, қателеспейміз.
Əр халықтың өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылғаны, əрине, белгілі. Бірақ олардың ойларына сол бір кезеңде қалыптасқан дүниетаным мен жалпы өркениеттік өзгерістер əсер тигізгені де қазіргі таңда біз үшін айдан анық болып тұр. Міне, осыған байланысты, ХІХ ғасырда Қазақстанда қалыптасқан, адамдар санасын өзгерту, халықтың басым көпшілігінің əлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсетуде ағартушылықтың маңызы, əрине, зор. Себебі сонау Жаңа дəуірде қалыптасқан бұл дүниетанымдық ағым қоғамдағы өзгерістермен ұштасып, олардың негізінде ізгілік, əділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге болады деген идеяны ұстанып, қоғам өміріне көп өзгерістерді енгізуге ықпал етуде болды.
Жалпы, ағартушылық феномені Жаңа дəуірде Еуропада пайда болғаны белгілі. Онда рационалистік парадигма үстемдік етті, адамзат ғылым мен білім ұстанымы бірінші қатарға қойылды. Осындай жалпыға бірдей тəртіптен Қазақстан да тыс қалмады. Дегенмен, Еуропа жəне Ресеймен салыстырғанда ағартушылық феноменінің себептері мен қызметтері бізде басқаша болды. Сонымен қатар, Қазақстанда ХІХ ғ. қазақ мəдениетінде де, саяси-экономикалық өмірінде де көптеген тенденциялар орныға басталғаны бəрімізге белгілі. Бұл үрдістің, əсіресе, халық ағарту саласындағы
Серия «История. Философия». No 2(78)/2015 77
Қазақ даласындағы алғашқы...
– Екіншіден, осы ағартушылық идеологияның басты ерекшелігі — оның азаттыққа, бостандық пен теңдікке ұмтылыс ниетіндегі кеңес өкіметіне дейін жəне сол өкімет тұсында өз мəнін жоймаған негізгі идеялық бағыт ретінде сақталуында (М.Дулатов «Оян, қазақ!», М.Жұмабаев «Тəңір», «Мен кім», «Тез барам» т.б., А.Байтұрсынов «Қазақ өкпесі», «Тəні саудың жаны сау», «Қазақша оқу жайынан», Ə. Бөкейханов, Ш.Құдайбердиев, М.Шоқаев, Ж.Аймауытов т.б.). Патша өкіметі мен сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын басынан өткізіп, əділет пен шындық жолында халқының мұң- мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларының халықты оянуға, білімге, оқу-ағартуға шақырған еңбектері халық бостандығы мен теңдігі жолындағы күреспен тығыз байланысты болды.
– Үшіншіден, қазақ ағартушылығы күрделі де қайшылыққа толы эволюциялық даму сатысынан өтті. Ол өз дамуында керітартпа идеялық бағыттармен күреске толы болды. XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың алғашқы кезеңінде ағартушылар кейбір діни түп негізшіл-клерикалды идеологиямен жəне əр түрлі діни-мистикалық бағыттармен келісімде болмады. Қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бағыттары мен ілімдері де жеткілікті болатын. Оларға XIX ғасырдың орта тұсында пайда болған дəстүрлі-консервативті Тəңіршілдік бағытын, Ресейдің мұсылман халықтарының арасында кең тараған панисламизм мен пантюркизм ілімдерін жатқызуға болады. Қарастырып отырған рухани құбылыстың рөлі мен мəні нақтылы идеялық күрестің аясында көрінетіндіктен, берілген бағыттар мен ілімдердің табиғатын жете ұғыну қажеттілік пайда болады.
–Төртіншіден, Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғасырдың 40–60- жылдарындағы орыс ағартушыларының, əсіресе «батысшылдарының», «славянофилдердің» қайсыбір
Репозиторий КарГУ
Ғ.Ə.Жұмасұлтанова
өсуі айқын сезілді. Ал оның түпкі тамырын да, тарихын да ұлы ойшылдар мен жеке тұлғаларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Сондықтан еліміздегі алғашқы ағартушылық ойлардың ерекшеліктерін, саяси мазмұнын бағалау үшін, əр бір ойшылдардың көзқарастарына тоқталу қажеттілік туындатып отыр. Бұл жолда қазақтың ірі əдебиетші-ғалымы, қоғам қайраткері, жазушы М. Əуезовтың келесі пікірін ескерсек, қателеспейміз: «Қазақ ССР тарихының өткен ғасырын еске алсақ, көзге толық, көңілге медеу үш адамды алдымен айтамыз. Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар — үшеуі үш мұнарадай болған: Шоқан, Ыбырай, Абай» [3].
Қазақстандағы XIX ғ. қоғамдық-саяси, философиялық жəне ағартушылық ой-пікірінің бірінші өкілі Ш. Уəлиханов (1835–1865) өз дəуірінің белгілі ғалымы, ағартушы-демократы болды. Шоқан Уəлиханов Қазақстандағы ағартушылық ойдың басында тұрды. Ол бірінші болып ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ қауымның дамуына сəйкес ағартудың саяси, философиялық жəне социологиялық принциптерін негіздеді. Оны қазақ ағартушылық идеологиясының негізін салушы деп санауға болады. Отандық ғалым Мұрат Өрленбайұлы Насимовтың айтуынша: «Қазақ ойшылы, этнографы, тарихшысы, географы, ғұлама ғалымы жəне ағартушысы Шоқан Уəлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық көзқарастары бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпайды. Оның «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды» [4].
Шоқанның ағартушылық көзқарастары бай мазмұнға толы. Ол қазақтардың кедейлік тұрмысының жəне саяси белсенділігінің төмендігінің себебі ретінде надандықты санады. Осыдан ол ағартуды аса жоғары бағалаған. Оның пікірінше, білімді адамдар кедейшілікпен нəтижелі түрде күресе алады. Халықтың дамуы үшін ең бірінші бостандық пен білімді қажет еткен ойшыл, патшалық биліктің қазақ даласына ғылымды жəне мəдениетті жібермеу саясатына қарсы тұрды. Бұл мəселеге байланысты қазіргі ғылыми зерттеулерде кездесетін мына пікірмен келісуге болады: «Қазақ ойшылы өзінің «білімсіз, мəдениетсіз, тұрлаусыз» халқының ауыр жағдайына күйзеліп, отарлық езгі мен ұлттық тепкінің астында жүрген елінің күреске шығуға мүмкіндігінің мүлдем жоқ екенін ашына жазады» [5]. Дегенмен, ағартушы осындай отарлық езгіден этникалық ерекшеліктерінің эволюциялық даму жолында өз сапалық түрлерін сақтап қалуға тырысқан, қазақ халқы ешуақытта басқа өркениеттік ұлттардың жетістіктерінен аулақ болған жоқ деп есептейді. Тіпті, оның айтуынша, қазақ халқының дамуы мен өркениеттік мəдениетке жақындаудың бір жолы — ол жалпы азаматтық ағартушылыққа қол жеткізу болып табылады. Осы айтылған ойларымызды растауда Шоқанның мына сөздерін еске алуға болады: «Біздің тұжырымымыз еуропалық, əрісі жалпы адам баласына тəн ғылым-білім бұлағының нəр алуда, сол мақсатқа жету жолындағы бөгеттермен батыл күресу. Бұл дамуға, мəдениетті өрістетуге қабілеті қандай да болмасын халықтың түпкі мақсаты болу керек. Ал қазақтың еуропалық қайта туындау идеясын қабылтайтын қабілеттілігін арттыру үшін оған алдын ала білім беру арқылы ой қабілеттілігімен жүйке жүйесін жетілдіру керек» [6; 72].
Ойшылдың ағартушылық дүниетанымының мазмұны оның қазақ ауылдарда діни мектептердің ашылуына қарсы болғанынан да көрініс табады. Керісінше, ол орыс мектептердің ашылуы тиісті деп есептеген. Себебі ол жаңашылдықтың жақтасы бола тұрып, өз елінде білім мен ғылымның таралуын шын ниетімен қалады. Шоқан ресей мен еуропалық ғылым жəне адамгершілік жүйесіне негізделген тиянақты халықтық тəрбиені қалыптастыруға шықырды. Оның көмегімен қазақтардың дəуірлік артта қалушылықты жою мүмкіндігіне жəне дамыған елдердің қатарына қосылуына жол ашылады деп санайды атақты ойшыл.
Сонымен қатар Шоқан өзінің ғылыми еңбектерінде қоғамның экономикалық проблемаларын да қарастырғаны белгілі. Олардың астарында да терең ағартушылық мəн бар десек, қателеспейміз. Мысалы, ол аймақта өндіріс күштердің дамуына кедергі жасайтын бұрынғы керітартпа дəстүрлерді жою қажет деп есептеген. Соның бірі – барымта болып табылады деген ойшыл. Егер осындай дəстүрлер экономикаға кері ықпал етсе, оларды ұстанбауға шақырған.
Ойшыл қазақ шаруаларын қанауға өте қарсы болды. Өзінің сот реформалары жөніндегі жазбаларында отаршыл əкімшіліктің тонаушы саясатын атап көрсеткен. Əсіресе шенеуніктердің тұрғылықты халықты заңсыз тонап жатқанын ашына көрсеткен. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан жəне кедейшіліктен құтқару үшін билеушілердің саяси үстемдігін шектеп жəне де халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту қажет. Осы жерде халықтың сол калпы
пайдалана алуына назар аударған. Сол үшін халықтың білім алу мəселесін шешу қажет деп тұжырымдайды ойшыл.