Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Бұқар жыраудың дүниетанымдық көзқарастарының мәні



бет30/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52
Культ Билеты-ответы

41. Бұқар жыраудың дүниетанымдық көзқарастарының мәні.
Бұқар жыраудың философиялық көзқарастары мен дүниетанымы жайында қазақ философтары көптен айналысып келеді. Бұдан соң Бұқар жыраудың дүниетанымы, көзқарастары туралы О. Сегізбаев та өзінің жеке мақалалары мен кейіннен шыққан «Қазақ философиясы» атты үлкен монографиялық еңбегінде тоқталып өтеді. Бұл зерттеушілердің айтуынша, Бұқар жырау өз заманының аумалы – төкпелі болып тұрғанын, жалпы мұндай қоғамға тән құбылыс екендігін дұрыс түсінеді, яғни адам қоғаммен, табиғатпен байланысты отырғандығы сөзсіз. Бұқар жырау өзінің толғауларында адам баласының азып, танымының тұсалап бара жатқандығын толғайды.[1,103б.].
Қазақ тәлім – тәрбие, ой – пікір тарихын 30 жылодан астам уақыт зерттеп келе жатқан профессор Қ. Жарықбаевтың «Қазақстандағы қазан төңкерісіне дейінгі педагогикалық ой дамуы» деп аталатын докторлық диссертациясында, сондай-ақ Бұқар жырау туралы жазған «Аталар сөзі ақылдың көзі», – деген монографиясында және соңғы шыққан «Қазақ психологиясының тарихы» тағыда басқа еңбектерңнде Бұқар жыраудың психологиялық көзқарастарын шама – шарқынша көрсетуге тырысқан. Өз зерттеулерінде Қ. Жарықбаев 1980 жылдардың басына дейін философия саласына байланысты Бұқар жырау жөнінде Құлмұхаметовтң «О политической воззрении Бухар жырау Калмаканулы» деген мақаласынан басқа ауыз тұшарлық еңбектің болмағанын ескерткен. Қ. Бисембиевтің «Очерки истории общественной мысли Казахстана» деп аталатын еңбегінде Бұқар жырауды еске алғанын атап кетеді де, бұл мәселеге біздің философтардың әлі де бармағанын, мұны зерттемей болмайтындығын, өйткені жыраудың педагогикалық, психологиялық, эстетикалық, эпикалық тағы да басқа ой толғаныстарын алдымен философиялық тұрғыдан пайымдай алмай тұрып, оған зерттеуге кірісудің қиын екендігін айта келіп, өзінше Бұқар жырауға байланысты мынандай философиялық тұжырымдар жасайды: «Зерттеуші Бұқар жыраудың
шығармаларында бір кездегі Әбу Насыр Әл-Фараби секілді, сондай-ақ А. Құнанбаевтың қара сөздеріндегідей белгілі бір жүйеде айта келіп, өзінше мынандай пікірлерді айтады: «Мұнда философияның сонау ежелгі грек жұртындағы қарапайым пайымдары, әсіресе Сократта Демокрит пен ұқсас ой-тұжырымдары байқалады», дейді. Жырау сондай-ақ өзінің шығармаларында жастар психологиясына ерекше көңіл бөледі. Біз бұл жерде оған тәптіштеп бара бермей, әсіресе дана қариялардың жастардың психологиясын тәрбиелеуде қандай маңызы бар екені туралды бірер сөз айтайық. Жырау қарт адамдар өмірдің үлкен өткелінен өткен, көпті көрген, тәжірибесі тереңдіктен олардың ақылгөй, данагөй болатындығы, ақыл – кеңестері жастардың жақсы сана – сезімінің, өзіндік сана сезімінің, ой өрістерінің қалыптасуына зор ықпал ететіндігін ерекше түйіндейді. Дала ойшылы адам психологиясындағы жағымсыз жақтарды, мінездердегі міндерді көрсетуге аса шебер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет