46. Қазақ халықтың музыкалық шығармашылық. Құрманғазы, Тәттімбет, Жаяу Мұса және т.б Қазақ халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы.
Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Оның эпикалық жанрлары:
жыр,
толғау,
терме,
желдірме,
лирикалық әндері,
айтыс өнері, Қазақ музыкасы ауызекі дәстүрге негізделген суырып салмалық өнермен қатар жеке өнер саласы, тіпті ілім ретінде де қалыптасып келеді. Ертедегі орхоненисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің “Музыканың ұлы кітабы” күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады. 15 – 18 ғасырлырдағы жыраулық өнер тудырған эпик дәстүрдің Қазақ музыкасынан алатын орны ерекше.
Сағырбайұлы Құрманғазы (1823-1896) - композитор-күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Туып-өскен жері Бөкей хандығы. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның "Қызыл қайың", "Ақжелең", "Адай", "Сарыарқа", "Балбырауын", "Серпер", "Назым", "Балқаймақ", "Бұлбұлдың құрғыры", "Ақсақ киік", "Төремұрат", "Қуаныш" сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты. Оның "Жігер", "Көбікшашқан", "Кішкентай", "Ақбай" сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйшіфилософтың бағасы. Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған
халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал-күйіне еңжарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты, ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кеңесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - Ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер - күйші-композитор. Ол - қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.
Тәттімбет Қазанғапұлының шығарған 40-тан асқан күйлері «Сарыөзен», «Шайып қалды», «Қосбасар, «Сылқылдақ», «Жетім қыз», «Былқылдақ», «Сарыжайлау», «Азамат», «Бозайғыр», «Азына » т.б. қазақ мәдениетінің бір үлкен бөлшегі. Сондықтан да ол халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалады
Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол - негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді.
Атақты әнші, ақын, халық композиторы Жаяу Мұса Байжановтың қазақ музыка мәдениетінен алатын орны ерекше. Ол әнөлеңдері арқылы өзіне дейін қалыптасып, дамыған ұлттық әншілік дәстүрді жалғастырумен қатар оны жаңа түр, соны көркемдік мазмұнмен байытып, қазақ музыкасына көптеген шығармашылық жаңалықтар әкелген дарынды әншікомпозитор. Жаяу Мұса байшонжарларға қарсы күресте «биболыстың үйін жығатын» отты әнжырларын идеялық қару етіп, өз заманының қоғамдық болмысын батыл шенеп, сынады. «Ақ сиса», «Шормановқа», «Толғау» әндерінде ел билеушілерінің халыққа жасаған зорлықзомбылығын әшкерелеп, оларға деген халық наразылығын бейнеледі.
13. ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы қазақ қоғамдық ой-өрісі. XXғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударудан басталды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады.
Ұлттық әдебиеттану ХХ ғасырдың 80-90 жылдар тоғысында белгілі бір себептер негізінде туындаған идеологиялық қиындықтардың шешімін табу жолында еңбек етуде. Бұл саладағы жұмыс екі бағытта жүргізіліп келеді: идеологизация мен әдебиетке деген таптық көзқараспен қатар, ХІХ және ХХ ғасырлардағы отандық классикаға деген нигилистік көзқарасты жою. Бір уақыттары гуманитарлық ғылым салалары басынан өткерген теориялық дағдарыстың біртіндеп игерілуі әдеби процеске деген тарихи көзқарастың қайта оралғандығын, көне дәуірден бүгінге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми негізде қайтадан зерделеп, жаңғыртуға деген ұмтылысты танытады.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды.
Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Шәкарім.
Ә.Бөкейханов идеялары мыналар: Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын. Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі мақсат: ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. Ал бұл идеялардың ұйтқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл
тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят сені мен Махатма Гандиі - Әлихан Бөкейханов болатын.