Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Жаһандану жағдайында қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселелері



бет42/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
Культ Билеты-ответы

54. Жаһандану жағдайында қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мәселелері.
Қазіргі кезде жаһандану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Әлеуметтікгуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды және жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық және танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, әлеуметтік, ақпараттық, мәдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды және жүйелі зерттеулер әсіресе ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн.
Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, әлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар әкелуде. Жаһанданудың басты типтік және сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда- қаражаттық, мәдени, ақпараттық байланыстармен өзара әрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
Жаһандану жағдайында мәдени ықпалдастықтың бәрі жақсы немесе ұлттық мәдениетті сақтаймыз деп томаға-тұйықтыққа салыну арқылы сыртқы дүниемен, басқа мәдениетпен қарым- қатынасқа түспеу немесе ұлттық мәдениеттің архаикалық түрін консервациялаумен шектеу де сыңаржақтылық болар еді. Сондықтан бұл жағдайда көп нәрсе ұлттық мәдениеттің ішкі мүмкіндіктеріне, сыртқы ықпалдарды шығармашылық тұрғыдан талғампаздық биігінен қабылдай білуге, бәсекелестік қабілетіне де көп нәрсе байланысты.
55. Қазақстанның жастар субкультурасы және рухани моральдық, эстетикалық және діни құндылықтар мәселелері.
Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен қатар өз заманнның озық діни құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор.
Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар зияттылық және рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарының бірі ол жастардың әлеуметтiк дербестігі, дәстүрлі діни құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын жүзеге асырумен қоса, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту болып табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы әлеуметтік-саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда
бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық және мемлекеттен жоғары тұратын саяси және құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет