49. Кеңес кезеңіндегі мәдени саясаттың негізгі тенденциялары
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы алуан оқиғаға байлығымен, ең бастысы, Кеңестік қатаң идеологиялық қысым мен одан азат болуға ұмтылуы Отандық жылнаманың негізгі бөлігі болып табылады. Тарихи қырынан алып қарағанда, бұл - ең алдымен, адам табиғатын шет-шегі көрінбейтін ұзақ уақыт бойы сынақтан өткізудің, сондай-ақ осы жағдайдан шығудың және ұлттықмемлекеттік егемендікке жетудін оңтайлы қазақстандық моделінің шежіресі. Екінші жағынан, марксистік ілімге негізделген кеңестік кезеңдегі отандық тарихнама ғылым
дамуының денгейіне толығымен сәйкес келетін дүниетанымдық картинаны бере алмайды, өйткені оның өзі кеңес мемлекетінің жүйесіне үйлестірілген және оның идеялық-саяси қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ерекше ғылыми-саяси феномен болатын. Бірінші кезекте бұл кеңестендіру мен кеңестік жаңғырту кезеңдерін соңғы онжылдықтарда пайда болған тарихи-пайымдық бағыттардың [«ақпараттық» (А. Тоффлер), «технотрондық» (3. Бзежинский), «ғылыми-рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-ақпаратгық» (Дж. Мартин, Т. Гувер), «өркениеттік-тартысты» (С. Хантингтон) т.б.] тұрғысынан түсіндірудегі әдіснамалық көзқарастарға қатысты еді.
Қазақстанның дамыған ұлттық республикалардың біріне айналғандығын барлық ұлттар мен ұлыстардың, олардын қатарында еріксіз жер аударылып келіп, осы өлкені өзінің екінші Отанына айналдырғандардың да қосқан үлесін ескермеу мүмкін емес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларын тойтарған ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі де өте қомақты. Республиканың 50-80-жылдар бедеріндегі тарихын безбендегенде, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы жетістіктермен қоса, Арал мен Балқаштағы, Семей ядролық полигонындағы экологиялық проблемаларды, «коммунизм кұрылысының» келмеске кеткен кесапаттарын естен шығару да оңай емес. Қазақстандық тарих ғылымының осы заманғы дамуына талдау жасай отырып, Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихының неғұрлым өзекті мәселелеріне көңіл аударудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен жөн
Достарыңызбен бөлісу: |