Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Қазақстандағы қазіргі бұқаралық мәдениет



бет41/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Культ Билеты-ответы

53. Қазақстандағы қазіргі бұқаралық мәдениет.
Бұқаралық мәдениет - [лат. massa - кесек, culture - өңдеу, тәрбиелеу] -
әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде аздыкөпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени құбылыстардың жиынтығы;
нақтылы белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен (жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны және т.б.;
көркем мәдениеттің түрі (стилі) (мәні жағынан поп-мәдениетке, коммерциялық мәдениетке және әнерге жақын және т.б.), "классикалық", халықтық мәдениеттен алшақ және әнердің өмірдің аса маңызды салмақты саласынан ойын-сауық саласына ойысып, "сән сезімін" жоғалту және т.б.; ықпалдасу процестерінің күшеюі нәтижесінде стандартталған мәдени формалардың, ережелер мен бейнелердің кең таралуына жағдай жасайтын, трансұлттық мәдениеттің қалыптасуына себепкер болатын қазіргі мәдениеттің ерекше қабаты;
қарабайыр, күңгірт сананы қалыптастырушы алдап-арбаушы, бірыңғайландырушы тетіктерді қамтамасыз етуші акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі.
XX-XXӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, көбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында (баспа-көбейту техникаларының жаңаруы, радионың пайда болуы, кинематографияның дамуы, телехабарлардың таралуы, үн және бейне жазушы техникалық қүралдардың жетілдірілуі) ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және әзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техника- лық қайта құрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады (компьютерлік желілердің құрылуы, спутниктік таралым, онлайндық тораптардың және Интернеттің пайда болуы). Постиндустриалды қоғам мәдениеті бұқаралық және ақпараттық сипат алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап тұратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек түтатын ұлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртұтас емес, ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б. жатады. Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени өзіндікке қарсы тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет