50. Кеңес Қазақстанның ғылымының, білім және мәдениет институттарының қалыптасуы мен дамуы.
Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды. Ғылыми зерттеулердің негізгі көздері мен бағыттарын белгілеу КСРО кезінде орталықтан жүзеге асырылды. Одақтық ведомстволар зерттеу институттарын көбіне республикалардың қалауынсыз жүргізіп келді, Республика ғылыми-техникалық әлуетінің басым бөлігі жалпы-одақтық ғылыми құрылымға тартылғандықтан, олар Қазақстан ғылымына қосалқы түрде көңіл бөлді, 90-жылдары белең алған құнсыздану ғалымдардың айлық жалақысын төмендетті, көптеген жас та дарынды мамандар бизнеске, шетелге кетті. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті «Ғылымды жетілдіру және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын дамыту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бірақ бұл аталған шаралар дер кезінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілмеді. Елдегі экономикалық ахуал мен құнсыздану бұған
кері әсерін тигізді. 1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі құрылды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі деп аталады.
51. Кеңес кезіндегі қазақ мәдениетін дамытудағы интеллингенцияның шығармашылық үлесі.
Интеллигенция – зиялылар, ең алдымен, ғылымды, техниканы, өнерді, білімді дамытушылар. Манаш Қозыбаев «Киелі Тәуелсіздік» атты кітабында: «Интеллигенция терминін XIX ғасырдың 70 жылдарында П. Д. Боборыкин деген орыс жазушысы енгізді. Алайда, одан сол кезге дейін зиялы қауым болмады деуге болмайды. Өйткені, ол ой еңбегі мен дене еңбегі шыққан кезден – сонау антикалық және ортағасырлық кезеңнен бой көрсеткенді», – деп жазады. Бұл ұғым, сөз бұрын қазақ сөздігінің қолданысында жоқ болғанымен, оның мәнісін қазақ: «имандылық жасы үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болып, жүйелі сөйлеу», – деп түсінген. Интеллигенция – өзгеше әлеуметтік үдеріс ретінде қазақ даласында ерте кезден дамыды. Елбасымыз өз сөзінде: «Қазақтың тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ!», – деп кесіп айтқан болатын. Шындығында, біз тарихымызды көз қарашығындай сақтауымыз керек. Өйткені, тарих қойнауында «қазақ» деген мәртебелі ұлттың жоғын жоқтап, барын асқақтата білген талай саңлақтарымыздың болғаны рас. Сонау сақ патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қаншама ұлт зиялылары өмір сүрді. Көне дәуір мен ортағасырлардағы қазақтың мемлекеттілік үрдісін, халық болып қалыптасуын, ел билеген хандар, жыраулар, абыздар, батырлар мен билер сынды алғашқы қазақ даласының зиялы қауымы реттеп отырды. Сақ, ғұн, түркі, оғыз, қыпшақ ұрпақтары озық ойлы, болашақты болжап және соған орай әрекет ете білген қасиеті болған. Шоқан, Абай, Ыбырай сынды ұлт интеллигенттері «мыңмен жалғыз алысып», халықтың мүддесін қорғады.
Инетеллигенцияның қоғамдағы әлеуметтік-саяси рөлі өте зор. ХІХ ғасырда мұғалімдерді, жазушыларды, суретшілерді, дәрігерлерді, заң қызметкерлерін, әртістерді зиялы қауым өкілдеріне жатқызды. Жыл өткен сайын интеллигенциялар саны артып отырды. Оған қоғамның өзге де салаларында қызмет ететін азаматтар қатары қосылды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының саяси қызметіндегі басты мақсаты ұлттық және жалпы қоғамдық құндылық болды. Ұлтымыздың өркениет мінберінен көрінуі – ұлттың интеллигенциясына байланысты. Интеллигенция тасада емес, ел тірлігінің ішінде етене араласа жүреді. Оның басты
миссиясы да сол. Бүгінгі қоғамның түсінігі бойынша, интеллигенцияны – оқыған, жоғарғы оқу орнын, одан кейін магистратура, докторлық қорғаған ғалым немесе ақынжазушылар, қоғам қайраткерлері деп ойлайды. Бұны да қате пікірге жатқызуға болмас. Алайда, ол тізімнің ішінде тізілгендердің барлығы дерлік интеллигент емес. Нағыз интеллигент өзі біліп қана қоймай, өз білгенін өзгеге де үйрете жүреді. Ал, қауымның көңілінен сөзімен ісінің бірлігі болғанда ғана шыға алады. Нағыз инеллигенттердің көп болуы қоғам үшін пайдалы. Себебі, ұлттың интеллигенциясы жойылса, ол ұлттың рухы әлсірейді. Бұны тарихтың өзі әлдеқашан дәлелдеп өткен. Қазақ зиялылары әрқашанда ұлттың рухын асқақтатып, тәуелсіздігін алу жолында көп күресті. Сондықтан да, олар сталиндік саяси қуғын-сүргін құрығына жаппай ілікті. 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Алматыға жолдаған хаты қазақтың маңдай алды тұлғаларының көзін жою саясатының жүргізілуіне себепші болды. Сол кездегі қазақ зиялыларының көрген қасіретін жеткізу өте ауыр еді. Саяси сүргiн кезiнде қазақ өркениетінің қаймағы – қаншама зиялыларымыз ату жазасына кесілді. Олар елінің қамы үшін еңбек етіп жүргенде, «халықтың арасына іріткі салды» деген айыппен халықтың жауы етіп шығарды. Алаш кезеңі қалыптастырған зиялы қауым өкілдерінен ана тіліміз – қазақ тіліне арналған еңбектері, тіл жолындағы күрестері – олардың ұлттық мүдде алдында еткен қажырлы еңбектері қалды. Олар ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық санасының оянуына ықпал етті. Алаш зиялыларының басты армандарының бірі қазақ даласын сауаттандыру еді. Ыбырай Алтынсаринның сара жолы оларға үлгі бола білді. Өйткені, алдыңғы қатарлы елдермен иық тірестіре алатын жағдайға жету үшін жаңа ғылым-білімді игеру маңызды екенін олар түсінді. Бұл дегеніміз қазақ шетінен сауатсыз болды деген сөз емес. Семенов-Тянь-Шанский қазақтар туралы жазбасында: «Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері түгел тұнып тұрған білім», – деген екен. Рас, ұлтымыз қашанда сөз таба білетін шешендігімен, ел бастай білетін көсемдігімен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін таба білген даналығымен ерекшелене білген дара халық. Тіпті, жеті атаға толмай құдаласпау салты да, қазақтың қанының асыл текті екенінің айғағы. Алайда, оларға өз әліпбиін қалыптастырып, қазақ қоғамын отарлық езгіден алып шығатын, дамып кеткен елдер қатарына қосатын жолдарды іздеу керек болды. Алаш зиялыларының айтқан: «Ақыл да, ұсталық та оқумен, істеумен жүре ұлғаяды. Дүниядағы жер билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады. Еуропада ұлық патша атанған жұрт халықтың ақылды ұсталығына сүйеніп, ұлық патша болып отыр», – деген сөзі дәлел.
Бірқатар әлеуметтанушылар билік әр кезде де интеллигенцияға қысым жасайтынын, мәжбүрлейтінін дәлелдеп отыр. Сталиндік қуғын-сүргін қазақ интеллигенциясының көзін жойып қана қойған жоқ, олардың отбасыларына да қысым түсірді. Айыпталған ұлт зиялыларының балалары мен отбасы мүшелеріне «халық жауының туысы» деп айдар тағып, ел ісіне араластырмады. Тек жазықсыз жазаланған зиялылар ақталып шыққаннан кейін ғана, туыстары еңсесін көтеріп, денесін тік ұстап жүре алатын
жағдайға жетті. Ел басына туған осы күн, қазақ интеллигенциясының ғана емес, бүкіл қазақ жұртын ойсыратқан трагедия еді. 30-шы жылдардың аяғына қарай толық салтанат құрған «сталинизм» қазақ интеллигенциясын жойғаныменен, Алаш идеясын өлтіре алмады. Ол Хрущевтің, Брежневтің билік жүргізіп тұрған тұсында да қазақ даласына рух сыйлады.
Достарыңызбен бөлісу: |