Международные отношения и международное право


ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ



бет22/26
Дата25.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#21954
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯНЫҢ

САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ

КСРО құлауынан кейін тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан алдында жаңа әлемдік тәртіп жүйесіндегі халықаралық қатынастардың дамуында өзіндік рөлге ие болу мәселесі туындады. Евразия құрлығында орналасқан мемлекетіміздің өркендеуі мақсатында географиялық орналасуы мен табиғи байлықтардың молдығын ескере отырып, өзге мемлекеттермен байланыстарды сәтті дамытуда, ең әуелі сыртқы саясатымызды байыптылықпен қалыптастыру қажет болды. Сол себепті елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басшыларға тән көрегендікпен сыртқы саясаттағы негізгі бағыт ретінде көпвекторлы саясатты белгіледі. Қазақстандық зерттеу орталықтары сарапшыларының бағалауына жүгінер болсақ, көпвекторлы саясаттың негізгі құрамдас бөлігі жақын жатқан аумақтағы ірі мемлекеттердің күштері мен мүдделерінің арасалмағын сақтау және осы мемлекеттердің бірінің мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін көлемдегі әрекеттерінің алдын алу болып табылады. Сол себепті Қазақстан Орталық Азия аймағының геосаяси дамуының логикасы тұрғысынан жақын жатқан көршілер Ресей және Қытаймен тұрақты, берік қарым-қатынастарды дамытуды қолдайды [1]. Сондай-ақ халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде көпвекторлы саясатты ұстанушы Қазақстан өзге құрлықтарда орналасқан АҚШ пен Жапония сияқты мемлекеттермен байланыстарды дамытуға мүдделі болып отыр. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде «экономикалық ғажайыпты» бастан өткерген мемлекет ретінде Жапониямен байланыстар Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың 19-20 маусымы аралығындағы Жапонияға іссапары осы мемлекетке қатысты ел басшылығының ерекше назарының артуының көрінісіндей. Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапонияның орнын айқындау үшін бүгінгі таңға дейінгі саяси саладағы екіжақты қарым-қатынастарының даму барысын қарастырған жөн болар.

Қазақстан мен Жапонияның саяси қарым-қатынастарын қарастырғанда, олардың өзара байланыстарындағы өзгерістер мен сыртқы саяси құжаттардың қабылдануына қарай үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезең 1991-1997 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезеңді Қазақстан мен Жапонияның арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңі деп сипаттауға болады. КСРО ыдырауынан кейін пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының алдында экономикалық және әлеуметтік-саяси сипаттағы қиыншылықтар туындады. Мемлекет басшылығы осы қиыншылықтарды шешуде ішкі қорларға ғана сүйенудің жеткіліксіз екендігін, елдің өркендеуі үшін сыртқы экономикалық көмекке сүйеніп, кең халықаралық ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін ұғынды. Әсіресе, әлемдік қаржылық донор мәртебесін иемденген Жапониямен байланыстарды орнату аса қажет болды.

Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси диалог «күншығыс елінің» біздің мемлекетті 1991 жылы 28 желтоқсанда мойындауынан басталды. Осы мойындаудың жалғасындай екі тараптың арасында 1992 жылы 26 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнатылды. Бірінші кезеңдегі Қазақстан мен Жапонияның арасындағы байланыстардың негізін қалаған маңызды оқиға елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылғы 6-9 сәуірдегі Жапонияға іссапары болды. Елбасының алғашқы іссапарының нәтижесінде тараптардың арасында Біріккен мәлімдемеге қол қойылып, КСРО мен Жапония арасындағы жасалынған келісімшарттар мен келісімдерді мойындау туралы ноталармен алмасты. Осы құжатта Жапонияның Қазақстанмен жүзеге асырып жатқан реформаларға толық қолдауын білдіретіндігі атап өтілді. Жапония мен Қазақстан арасында қол қойылған алғашқы құжат екі мемлекеттің саяси диалогын арттырып қана қоймай, экономикалық саладағы ынтымақтастыққа да ықпал етті.



Екінші кезең 1997-2001 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезең Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың бағыттарының нақтыланған әрі сан-салалы байланыстардың кеңеюі кезеңі болуымен ерекшеленді. 1997 жыл екіжақты қарым-қатынастардағы аса маңызды оқиғаның орын алуымен және Жапонияның Орталық Азия мемлекеттеріне деген мүдделестігінің артуымен сипатталды. Яғни, 1997 жылы 24 шілдеде Жапонияның премьер-министрі Рютаро Хасимото Қазақстанға тікелей қатысы бар «Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасын ұсынды. Осы тұжырымдаманың ұсынылуы Орталық Азияның маңызды геосаяси аймаққа айналуымен тікелей байланысты болды. Жапон парламентінің төменгі палатасының депутаты кейіннен премьер-министр қызметін иемденген Кейдзо Обучидің 1997 жылғы шілдедегі Орталық Азия мен Ресейге жасалынған сапарының нәтижесінде дайындалған баяндамасы «Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасының негізіне айналды.

«Еуразиялық дипломатия» - бұл Жапонияның Орталық Азия, Ресей, Қытай мен Кавказ маңы мемлекеттеріне қатысты сыртқы саяси стратегиясы. Тұжырымдаманың бастамашысы – парламентаралық лиганың төрағасы, жапон парламентінің өкілдер палатасының депутаты


М. Судзуки. Алайда мақаланың басында атап өтілгендей ресми деңгейде осы тұжырымдама 1997 жылы шілдеде премьер-министр Р. Хасимотоның «Кэйдзай Доюкай» атты экономикалық серіктестердің жапондық қоғамының өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде жария болды [2]. «Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасына сәйкес, Жапония Орталық Азия мемлекеттерімен, соның ішінде Жапониямен қарым-қатынастарды келесі негізгі үш бағыт бойынша дамытуы тиіс:

  • өзара сенім мен түсіністіктің тереңдеуіне ықпал ететін саяси диалог;

  • табиғи қорларды игеру саласы мен өзге салалардағы экономикалық ынтымақтастық;

  • аймақта ядролық қаруды таратпау, демократияландыру және тұрақтандыру арқылы бейбітшілікке қол жеткізу.

Тұжырымдамада Жапонияның аймақ мемлекеттеріне қолдауы аймақ ішіндегі көлік, коммуникациялық және энергетикалық қамтамасыз ету жүйесін құрудағы ынтымақтастықты арттыру үшін маңызды факторға айналу керектігі де атап өтілді [3]. Осылайша Жапонияның Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстанға қатысты мүдделестігінің танытуының көрінісі ретінде «Еуразиялық дипломатия» тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады. Оның жүзеге асуы жапон үкіметінің «Ұлы Жібек жолының дипломатиясы бойынша әрекеттер бағдарламасы» қабылдануына түрткі болды. Осы бағдарлама бойынша жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, саяси қарым-қатынастарды нығайту мен Ұлы Жібек жолы мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуде қолдау көрсету қарастырылды. Жаңа ұсынылған тұжырымдаманың негізінде Қазақстан мен Жапония арасында саяси диалог та белсенді сипатқа ие бола бастады. 1999 жылы 5-8 желтоқсан аралығында елбасы Н. Назарбаевтың Жапонияға іссапары болды. Елбасының іссапары нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы достық, әріптестік және ынтымақтастық туралы Біріккен мәлімдемеге қол қойылды және осы құжат бойынша екі мемлекеттің қарым-қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді.

Қазақстан мен Жапония арасындағы үшінші кезең 2001 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. 2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы лаңкестік әрекеттердің орын алуынан соң мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы мәселелерді бірлесе шешуде саяси диалогты арттыру қажеттілігі туындады. Осы жағдайды ескере отырып, Жапония тарапынан Орталық Азиядағы қауіпсіздікке алаңдаушы мемлекет ретінде Қазақстанмен саяси байланыстарды кеңейтуге ұмтылысы артты. Жапонияны Қазақстан экономикалық саладағы байланыстарды орнатудағы маңызды мемлекет ретінде де қызықтырды. Сол себепті 2004 жылы тамыздағы сол жылдардағы Жапонияның премьер-министрі Й. Кавагучидің Қазақстанға іссапары нәтижесінде аса маңызды оқиға болды. Осы іссапардың барысында Астанада «Орталық Азия плюс Жапония» атты бастаманың шеңберінде алғашқы министрлік кездесу өтті. «Орталық Азия плюс Жапония» бастамасы жапондық тараппен Орталық Азиядағы интеграцияға қолдау көрсету әрі аймақтың әрбір мемлекетімен екіжақты деңгейде қарым-қатынастарды дамыту үшін ұсынылған болатын. Орталық Азия мен Жапония арасындағы осындай саяси диалогтың ұсынылуы Жапонияның аймақта белсенді рөлге ие болуға деген ұмтылысын байқатты. Жапонияның Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға қызығушылығының артуының негізгі себептері 2006 жылғы Жапонияның сыртқы істер министрі Таро Асоның келесі сөз сөйлеуінде көрініс тапқан: «Біріншіден, Жапония үшін басты мәселе елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жапония өркендеуі айналасындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа ғана байланысты емес, сондай-ақ жалпы әлемдегі бейбітшілікке байланысты мемлекет болып табылады. Сол себепті Орталық Азия аймағындағы этникалық және діни компоненттерден туындайтын қауіптер Жапонияның қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Яғни, Орталық Азия аймағындағы тұрақты жағдайға көп мәселе байланысты болады.

Екіншіден, Жапонияның Қазақстанға қатысты мүдделестігінің негізі, ең алдымен Орталық Азия аймағындағы қажетті табиғи байлықтар және мұнай мен газ қорларының елеулі мөлшерінің болуымен байланысты. 2006 жылы сыртқы істер министрі болған Таро Асо өз сөзінде осы аймақтағы мұнай мен газ өндірісінің көлемі бойынша мәліметті сандық көрсеткіш-термен сипаттады және аймақтың әрбір мемлекетінде алтынның бар екендігін атап өтті.

Үшіншіден, Жапония мен Орталық Азияда ұқсас тұстар көп. Егер өткен ХІХ-ХХ ғасырларға назар салар болсақ, олардың ұзақ уақыт бойы өзге мемлекеттің бақылауында болғысы келмеуінде көзқарастары ұқсас болғанын байқауға болады. Біз бір-бірімізден үйренуіміз керек.



Төртіншіден, Жапония жетекші мемлекеттердің бірі ретінде өзінің қарым-қатынастарын Орталық Азия аймағының мемлекеттерімен белсендетуге тырысуда. Жапониямен санасу қажеттілігі бар жаңа орта қалыптасты. Осы ортада Жапония аймақтың мемлекеттерімен қарым-қатынастарды тереңдету үшін барлық дипломатиялық ұмтылыстарын салады» [4]. Осылайша Орталық Азиядағы Жапония осы мүдделерін ескере отырып, «Орталық Азия плюс Жапония» бастамасы кең евразиялық аймақтағы ұжымдық ынтымақтастықтың қажетті көрінісі мен саяси-экономикалық байланыстарды тереңдетудің нақты әрекет етуші механизмі ретінде маңызды рөлге ие болды. Жапон үкіметі ұсынған жаңа жоба Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына әрі саяси келіссөздердің белсендеуіне ықпал етті. Осыған дәлел бастама ұсынылған жылдан бергі жоғарғы деңгейдегі Қазақстан мен Жапонияның басшылығы арасындағы кездесулер болмақ. Осындай кездесулердің бірі - 2006 жылдың 28-29 тамызындағы сол кездегі жапон премьер-министрі
Д. Коидзумидің Қазақстанға сапары. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, осы кездесу нәтижесінде Қазақстан мен Жапония арасында достық, әріптестік пен ынтымақтастықты кейінгі дамыту туралы Біріккен мәлімдемеге қол қойылды және жапон премьер-министрі мен елбасының қатысуымен атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы Меморандум қабылданды. Сол іссапардың басында-ақ, Жапония премьер-министрі Коидзуми осы іссапар Жапонияның стратегиялық маңыздылығы бар аймақ болып табылатын Орталық Азиядағы белсенді ұстанымының дәлелі болмақ екендігін атап өтті [5]. Қазақстан Республикасы мен Жапонияның арасындағы саяси байланыстардың дамуына елбасы Н. Назарбаевтың
2008 жылдың 18-22 маусым аралығындағы Жапонияға іссапары да маңызды рөл атқарды. Іссапар барысында мемлекет басшысы, ең алдымен Жапонияның императоры Акихитоның қабылдауында болып, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері мен екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдары бойынша пікірлермен алмасты. Елбасы жапон парламентінің өкілдерімен және Өкілдер палатасының спикері Йохей Кономен де кездесті. Екі тарап та осы кездесуде саяси байланыстардың ерекше маңыздылыққа ие екендігін және саяси диалогқа негізгі ықпал етуші фактор екі тараптың экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделестігінде екендігін атап өтті. Осы іссапар барысында елбасы жапон премьер-министрі және экономикалық саладағы байланыстардың келешегі туралы талқылау мақсатында экономика, индустрия мен сауда министрі Акиро Амаримен және «Токио Электрик Пауэр», «Сумитомо», «Марубени», «Тошиба», «Иточу», «Митцуи», «Импекс», «Митсубиши Хэви Индастрис» сияқты танымал компанияның өкілдерімен кездесті. Осылайша елбасы Н. Назарбаевтың Жапонияға іссапары сәтті аяқталып, екі елдің байланыстарын нығайтуға ықпал етті. Іссапарда талқыланған мәселелер екі тараптың арасындағы саяси диалогқа тың серпін берді. Мәселен, таяуда Қазақстан Республикасы мен Жапония сыртқы саясат ведомстволары арасында саяси консультациялардың кезекті раунды өтті. Консультацияларда қазақстандық тарапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, жапондық тарапты Жапония Сыртқы істер министрлігінің Еуропалық істер бойынша бюросы бас директорының орынбасары Нобукацу Канехара басқарды. Келіссөздер барысында тараптар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы маусымның 18-22-сі күндері Жапонияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелерді талқылады. Қазақстан мен Жапония арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту, екіжақты сауда-инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ БҰҰ, АӨІСШК, «Орталық Азия+Жапония» сияқты халықаралық ұйымдар ауқымындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасылды. Ынтымақтастық жөніндегі қазақ-жапон комитетінің мәртебесін оның құрамына екі елдің мемлекеттік органдары өкілдерін енгізу арқылы арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді [6].

Қазақстан мен Жапонияның саяси диалогында екі мемлекеттің арасындағы кездесулер ғана емес, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелер бойынша ортақ ұстанымда болып, өзара қолдау көрсетуі де маңызды рөлге ие. Мәселен, қарусыздандыру мәселесінде Қазақстан мен Жапония да ядролық қарусыздандыруды қолдайды. Жапон үкіметі Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылуы мен өз территориямыздағы ядролық қаруды жою туралы шешімін қолдайды. Жапония Қазақстанның Азиядағы өзара іс-әрекеттер және сенім шаралары бойынша мәжілістегі ұмтылыстарына өз қолдауын білдіруде. Қазақстан да өз тарапынан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 50-інші мерейтойлық сессиясында Жапонияның Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты мүше ретінде қабылдау қажеттілігін атап өтті [7].

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстан мен Жапония саяси диалогты арттыруға ерекше мән беріп отыр. Осы саяси байланыстарға негіз болып отырған екі тараптың бір-бірімен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға деген мүдделестігі екендігі даусыз. Сол себепті Жапониямен экономикалық байланыстарды дамытуда саяси диалогтың келешекте қарқынды сипатқа ие болатындығы даусыз.

_____________________________


1 Визит премьер-министра Японии в Казахстан: ожидания и итоги // www.kisi.kz

2 Комиссина И.Н. Япония и Центральная Азия: партнерство набирает силу // www.ca-c.org/journal/cac-031999/st_10_komissina.shtml

3 Address by Prime Minister Ryutaro Hashimoto to the Japan Association of Corporate Executives // http://russia.shaps.hawaii.edu

4. Speech of minister of foreign affairs of Japan T.Aso before the Press-club



//www.mofa.go.jp/region/europe/speech0606.html

5. Визит Дз.Коидзуми в Республику Казахстан //www.kz.emb-japan.go.jp/jp/prime_minister_r.htm

6 http://kz.government.kz/site/news/integration/2009/04/79

7 Казахстанско-японские отношения // www.zonakz.net/articles/3123



А.Т. Мухаметрахимова
ЦЕНТРАЛЬНОАЗИАТСКИЙ ВЕКТОР ВНЕШНЕЙ

ПОЛИТИКИ ЯПОНИИ: ПРОБЛЕМЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ
С момента распада Советского Союза новые независимые страны Центральной Азии (ЦА) ведут самостоятельную политику на мировой арене. После получения независимости бывшие советские республики оказались в центре внимания мирового сообщества. Геополитическое пространство Центральноазиатского региона стало ареной конкуренции ведущих глобальных держав. На сегодняшний день можно с ответственностью констатировать тот факт, что в этом процессе фактически устоялись конкретные игроки, которые уже определили свои интересы, цели и задачи. Не захотела остаться в стороне и Япония. Следует отметить, что в первые годы после получения стран региона независимости политика Японии в отношении ЦА была не столь активной. Однако в последнее время интерес Японии к Центральноазиатскому региону (ЦАР) повышается, что обусловлено рядом политических и экономических причин.

На современном этапе, между Японией и странами ЦА не существует каких-либо крупных противоречий или принципиальных проблем. В целом ничто не препятствует активному наращиванию взаимного сотрудничества. По признанию многих исследователей, авторитет Японии в сравнении с другими странами, среди государств ЦА довольно высок. Япония имеет позитивный образ миролюбивой и дружелюбной страны, стремящейся искренне помочь нуждающимся странам. На сегодняшний день Япония является одним из первостепенных доноров Центральноазиатского региона, оказывающая посильную экономическую, техническую и безвозмездную помощь в рамках японской правительственной программы ОПР - Официальная Помощь Развитию развивающихся стран. Роль программы ОПР во внешней политике Японии очень высока, так как она является одним из основных рычагов влияния в международных отношениях [1].

Программа ОПР - это помощь на нужды развития, которая представляет собой льготный вид помощи, входящих в число основных форм экономического сотрудничества Японии с развивающимися странами. Для того, чтобы страны ЦА получили право на финансовую помощь Японии по линии ОПР, Комитет помощи развитию Организации Экономического Сотрудничества и Развития (ОЭСР) Японии включил пять стран ЦА в список развивающихся государств. Это произошло 1 января 1993 года, после чего произошли значительные перемены во внешней политике Японии по отношению Центральноазиатского региона. Вообще, в отношениях Японии с республиками ЦА можно выделить достаточно четко обозначенные этапы, смена которых сопровождалась существенным изменением приоритетов политики Японии в отношении этих стран [2].

Изменения в политике Японии во многом связаны с обретением Центральной Азией имиджа территории, выступающей в качестве одной из перспективных альтернатив Ближневосточному региону в области экспорта энергетических ресурсов. Также весомое значение имеет то, что Центральноазиатские государства стали играть более важную роль в соперничестве держав в связи с повышением значимости углеводородного сырья региона. Об активизации политики Японии в отношении ЦАР свидетельствует выдвижение официальным Токио собственных проектов, направленных на более активное взаимодействие со странами ЦА в сферах экономики, политики и безопасности [3].

Начиная с 1993 года Япония пересматривает свои внешнеполитические интересы в отношении Центральноазиатского региона и выдвигает следующие инициативы:

1997 г. - Дипломатическая концепция страны - «Евразийская дипломатия» премьер-министра Рютаро Хасимото, предполагавшая экономическое и политическое сотрудничество между Японией, Россией и странами ЦА. Согласно этому документу политический курс Японии в отношении ЦА содержит три главных принципа:

- политический диалог по углублению доверия и взаимопонимания;

- экономическое сотрудничество и сотрудничество в области освоения природных ресурсов для обеспечения процветания в регионе;

- достижение мира в регионе посредством нераспространения ядерного оружия, демократизации и стабилизации.

Концепция «Евразийской дипломатии» Японии получила широкое распространение после речи премьер-министра Японии Хасимото 24 июля 1997 года. В своем выступлении Хасимото подчеркнул важную роль евразийского континента как особого геостратеги-ческого пространства в международных отношениях и политике. Необходимо заметить, что, имея в виду «Евразию», на самом деле Хасимото вел речь о «Шелковом пути» в Европу, пролегающий через Китай, ЦА, а точнее Прикаспийский регион. Хасимото в своей речи сказал: «Япония имеет глубоко укоренившуюся ностальгию по этому региону, вызванную славой дней Шелкового пути». Это означает только одно - нефть и газ Прикаспия делает этот район одним из важных приоритетов внешней политики Японии. В «Голубой книге» МИД за 1998 год сообщалось о необходимости крепить более близкие связи с КНР, КР, Россией именно в контексте «Евразийской дипломатии», но на самом деле появление данного термина связано с тем, что Япония оказывает особое внимание энергетическим ресурсам Прикаспия [4].

1998 г. - «Дипломатия Шелкового пути», направленная на поддержку демократических преобразований, содействие экономическим реформам, разведывание природных ресурсов и реконструкцию транспортной инфраструктуры. Важным представляется тот факт, что впервые Япония официально использовала термин «страны Шелкового пути». Впервые было заявлено, что ЦА является одним из приоритетов внешней политики Японии;

2004 г. - Инициатива в рамках диалога «Центральная Азия + Япония», что предполагало проведение регулярных встреч для содействия сотрудничеству и региональному взаимодействию. В диалоге определено 5 направлений сотрудничества:

- политический диалог;

- развитие внутрирегионального сотрудничества;

- поощрение бизнеса;

- интеллектуальный диалог;

- культурные связи и людской обмен;

2006 г. - «Трансформация Центральной Азии в коридор мира и стабильности» - подход к странам ЦА с долгосрочной перспективой. Эта инициатива представляет собой новый подход к ЦА, выдвинутый министром иностранных дел Японии Таро Асо. В выступлении было отмечено, что ЦА - относительно новый вектор внешней политики Японии. Министр подчеркнул, что обеспечение безопасности в данном регионе чрезвычайно важно для Японии, как для добычи, так и для перевозки природных ресурсов в будущем.

Необходимо внести небольшую поправку - под понятием «Центральная Азия» Япония подразумевает не истинное ее географическое значение, которое включает в себя Синьцзян-Уйгурский автономный округ КНР и Афганистан, а пять бывших республик СССР - Казахстан, Кыргызстан, Таджикистан, Узбекистан и Туркменистан в их нынешних границах. Относительно недавно, примерно через год после открытия форума Диалог «Центральная Азия + Япония», в 2005 г. в организацию Центральноазиатского регионального экономического сотрудничества (Central Asia Regional Economic Cooperation), созданную по инициативе Японии по линии Азиатского банка развития, был включен Афганистан. Это связано с тем, что Япония активно поддерживает проекты по созданию нефтегазопроводов из ЦА в южном направлении с перспективами выхода на рынок Юго-Восточной Азии.

Проанализировав существующие доктрины, инициативы и концепции Японии можно сделать следующие выводы. Япония стремится расширить доступ к энергетическим и природным ресурсам ЦА. Известно, что Япония сильно зависит от экспорта энергоресурсов из Ближнего Востока, поэтому Япония заинтересована в поисках новых поставщиков энергоресурсов в страну. Об этом открыто заявил бывший премьер-министр Японии Дзюнъитиро Коидзуми перед выездом в Центральную Азию: «Мы хотим развивать политические и экономические связи с Казахстаном и Узбекистаном, поскольку Япония должна искать альтернативных поставщиков нефти и газа. Мы не можем полагаться исключительно на Ближний Восток» [5].

Визит Д. Коидзуми в Казахстан и Узбекистан в августе 2006 г. вызвал бурную реакцию в мире. Это был первый визит премьер-министра Японии за всю историю отношений этих республик с Японией. Зарубежные СМИ объясняли повышенное внимание японских деловых кругов огромными запасами нефти и природного газа в этом регионе. Японская газета «Иомиури» заявила, что Япония планирует добиться транспортировки энергоносителей из этого региона транзитом через Афганистан к побережью Индийского океана, а затем в Японию. В связи с этим визит премьер-министра Японии в республики ЦА можно будет расценивать как начало осуществления этого стратегического плана [6].

Данное заявление прямое свидетельство того, что Япония действительно заинтересована в энергетическом секторе Центральноазиатских стран. Вообще, Япония никогда не скрывала своей заинтересованности в природных богатствах ЦА, и на протяжении ряда лет более чем однозначно давала понять основу своих интересов. В связи с этим построение отношений с каждой из стран зависело сугубо от их ресурсного потенциала. От этого и зависела финансовая помощь в рамках ОПР.

На первый взгляд политика Японии в данном регионе кажется бесперспективной в силу ее географической отдаленности. Но анализ региональных инициатив Японии показывает, что японская политика в ЦА - далеко не краткосрочные отношения сегодняшнего дня, а долгосрочная перспектива завтрашнего. За всю историю дипломатии Япония никогда не ограничивалась «одноразовыми» акциями, а ее политика всегда была направлена на разработку долгосрочных мер. Вследствие этого японский прагматизм определил три направления, которые станут основными принципами внешней политики в ЦА:

- подход к ЦА с учетом долгосрочных перспектив;

- обеспечение региональной безопасности и поддержка открытого регионального сотрудничества;

- поиск взаимовыгодного партнерства в регионе;

Из анализа вышеизложенных принципов вытекают следующие выводы. Япония свои долгосрочные ожидания связывает с Афганистаном, а точнее со строительством безопасных путей перевозки ресурсов через Афганистан и Пакистан. Министр иностранных дел Японии Таро Асо в своем выступлении неоднократно подчеркивает, что стабильность Афганистана прямо влияет на ситуацию в ЦА. По мнению Токио, очевидно, что гарантом стабильности должны выступать США, которые продолжают сохранять там военное присутствие. Конечно, сейчас невозможно предположить получится ли Америке обеспечить безопасность данного маршрута, но тут важно другое - у США и Японии существуют и возможность, и время для реализации своих планов в регионе. Самое меньшее до тех пор, пока Ближний Восток сохраняет положение основного поставщика нефти на мировой рынок [7].

Для того, чтобы воплотить свои планы в реальность Япония начала заметно акцентировать внимание на обсуждении проблем безопасности региона, которые в свою очередь напрямую зависят от стабилизации обстановки в Афганистане. Ведь по расчетам Токио именно через эту страну должны будут проходить магистральные трубопроводы с центральноазиатскими энергоносителями. Однако тот факт, что перспективы урегулиро-вания ситуации в Афганистане весьма туманны даже в среднесрочной перспективе, ни для кого не является тайной. Но для Японии этот факт не так уж важен. Более того, это и выгодно, если брать во внимание, что нефть и газ Ближнего Востока все еще остаются главными источниками энергоносителей мировой экономики. С момента открытия Центральной Азии начался процесс консервации ее энергетических ресурсов в расчете на долгосрочную перспективу. По сути, на это и направлены многие проекты по разработке нефтегазовых месторождений - важно закрепить за собой право ими распоряжаться в будущем. Для этого необходимо было сохранять географическую блокировку любых проектов, связанных с транспортировкой энергоресурсов ЦА, а именно Каспийского моря. Но в то же время, проявлять постоянный интерес и финансовые вливания в область разведки углеводородных ресурсов в Казахстане, Узбекистане и Туркменистане. С другой стороны, очевидно, что ощутимой экономической выгоды от сотрудничества со странами ЦА для Японии в настоящее время нет. И она возможна только в перспективе. Еще в 1997 г. советник посольства Японии в Узбекистане И. Накадзима сказал: «Мы работали и работаем здесь с убытками, но мы не намерены уходить из этого региона. Мы богаты, можем себе это позволить, и все равно дождемся лучшего будущего». И наступление этого лучшего будущего в меньшей степени зависит от Японии. Поскольку лучшее будущее зависит от установления в регионе прочной и надежной системы безопасности, а это Япония не в состоянии самостоятельно гарантировать. Но от гарантий безопасности в регионе зависят дальнейшие перспективы внешнеполитического курса Японии и успешная реализация намеченных целей. Только при выполнении задачи по обеспечению безопасности в регионе Центральная Азия обретет устойчивый интерес для развитой экономики Японии. Естественно, что под обеспечением безопасности подразумевается нормализация ситуации в Афганистане. С 2001 г. афганская тематика становится одним из ведущих направлении политики Японии в ЦА. Получается, понимание долгосрочности нестабильной обстановки в Афганистане просто на руку Японии, поскольку Афганистан используется как удобный повод для сдерживания региона и его ресурсов в «изолированном» состоянии [8].

Нефть и газ, не единственные ресурсы, которые вызывают интерес Японии. Известно, что Казахстан вышел на первое место, после Австралии и Канады, по запасам урановой руды. Этот факт был отмечен японскими деловыми кругами, поскольку Япония собирается увеличить использование атомной энергии, для чего собственно и импортируется уран. Япония производит треть своего электричества на атомных электростанциях, которые потребляют 8000 тонн урановой руды в год. На сегодняшний день, от Казахстана Япония получает только 3% этого объема. Япония, экономика которой зависит от импорта нефти и газа, также надеется в будущем проработать перспективы строительства в Казахстане атомных электростанций с японским участием [9].

Также, важным приоритетом политики Японии в ЦА является противостояние китайско-российскому влиянию в регионе. Намерение Японии содействовать региональной интеграции самими странами ЦА приветствуется. Однако существует другая сторона медали. Здесь Япония сталкивается с трудностями политического характера, так как Китай и Россия вряд ли могут допустить это в зоне своих жизненно важных интересов. Ни для кого не секрет, что динамичное усиление, деятельность и закрытый характер Шанхайской Организации Сотрудничества (ШОС) вызывает недовольство и беспокойство у многих западных стран. К тому же принятие в организацию новых членов всерьез не рассматривается. Повышение роли ШОС в обеспечении региональной безопасности в ЦА вызывают у Японии озабоченность. Нежелание «допускать» внешние силы к решению важных вопросов регионального характера рассматривается в Токио как разделение сфер влияния Китая и России в Центральной Азии, усиление их политического и экономического влияния, что может препятствовать в будущем осуществлению политики Японии в регионе.

Как показывает ситуация, Японией руководствует не только экономический интерес, но и политический. Действительные цели политики Японии в ЦА самой Японией не раскрываются, но отчетливо осознаются и понимаются другими членами мирового сообщества. Рассматривая политику и деятельность официального Токио в ЦАР нельзя оставлять в стороне ее внешнеполитические ориентиры в целом, т.е. не стоит забывать о союзнических отношениях с США. Вполне очевидно, что активизация внешнеполитического курса Японии в ЦА будет тесно связана с политикой США. Япония, скорее всего, будет выступать единым фронтом с Америкой, пытаясь нейтрализовать влияние России и Китая. Хотя, не факт, что японцы отважатся втянуться в противостояние с Китаем и Россией, ставя под угрозу свои экономические интересы в ЦА. Скорее всего, они предпочтут найти общий формат сотрудничества, прийти к общему мнению, который будет устраивать всех, проявляющих интерес к этому региону. Как сообщает японская газета «Асахи симбун», Россия и Китай будут внимательно следить за любыми движениями Японии, чтобы иметь более сильное право голоса в регионе. «Создав атмосферу, показывающую, что присутствие Японии в Центральной Азии невозможно игнорировать, наша дипломатия добьется больше пространства для маневра», - приводит «Асахи симбун» слова министра иностранных дел Японии Таро Асо. «Для Японии важно иметь голос равный по силе тому, который имеют Китай и Россия на их задворках» - еще одно изречение министра. Еще неизвестно, помогут ли усилия в ЦА решить текущие дипломатические проблемы Японии с Россией и Китаем. Переговоры с Россией по Северным территориям приостановлены по всем направлениям, а японские и китайские лидеры даже не встречаются друг с другом [10].

Но самое важное, Токио понимает, что, если не активизировать свою деятельность в Центральноазиатском направлении сегодня, завтра будет поздно. На самом деле у Японии немало шансов, поскольку в странах ЦА Япония пользуется большим авторитетом. К тому же положительный образ как миролюбивой страны, содействует усилению развития отношений между Японией и ЦА. Исходя из этого, еще одним направлением политики Японии в ЦА является поддержка регионального сотрудничества. По мнению японских политиков, проблемой ЦА на пути к процветанию являются географическая замкнутость и безвыходная преемственность советской системы, т.е. в период СССР экономика каждой из стран была узкоотраслевой и развивалась обособленно, а после распада Советского Союза страны оказались в уязвимом положении. Между государствами ЦА нет регионального сотрудничества, а без него, считает Япония, у ЦА нет перспектив. Официальный Токио не раз заявлял, что будет не просто поддерживать сотрудничество в регионе, а станет его инициатором. По мнению японских ученых и экспертов, занимающихся изучением Центральной Азии, необходимо ускорить процессы интеграции в регионе. В своем выступлении на форуме «Центральная Азия плюс Япония» в Ташкенте профессор Тецужи Танака, директор Института изучения Центральной Азии и Кавказа в Японии, поделился своим видением о дальнейшем развитии Центральной Азии: «Интеграция должна проходить по трем компонентам: вода, энергоресурсы и таможня. Сейчас в ЦА наблюдается небольшой разрыв между странами, имеющими энергоресурсы и теми, кто ими не обладает. Нельзя позволить этому разрыву увеличиваться. Необходимо развивать экономический союз. По отдельности страны не смогут противостоять мировой политике. Тенденция интеграции захватила в мире самые сильные страны. К примеру, Евросоюз, объединивший более двадцати стран, или, например, ASEAN. Все объединяются. А независимым государствам Центральной Азии придется конкурировать с этими мощными союзами. И если ЦА не будет представлять единый регион с экономической точки зрения, то в мировой экономике не выживет ни сам регион, ни какая либо страна в отдельности. Страны ЦА имеют свои собственные особенности и некоторые проблемы во взаимоотношениях. Но, тем не менее это Азия. К тому же, у народов ЦА много общего: схожие национальные черты, некоторые культурные традиции, элементы языка, а самое главное их объединяет общий советский исторический опыт», - сказал в заключение Тэцужи Танака. Вполне очевидно, что вопрос интеграции во взаимоотношениях стран ЦА самый больной и требующий особого подхода. Немаловажно, что японская сторона достаточно информирована в силу того, что занимается изучением Центральной Азии, и с особой осторожностью и уважением относится к тысячелетним традициям, вопросам демократии и принципам правления Центральноазиатских стран.

«Мы живем в то время, когда, кажется, что почти каждый интересуется Центральной Азией», - сказал Эван Феидженбом, заместитель госсекретаря по Южной и Центральной Азии. И это действительно так. В последнее время принято говорить о «второй большой игре за Центральную Азию», в которой судьба региона решается в треугольнике Россия-Китай-США. Действительно, нечто вроде игры имеет место. Однако сейчас правильнее будет говорить не о треугольнике, а как минимум о квадрате, одной из сторон которого является Япония. У Японии есть полный набор интересов в регионе ЦА: стратегический, политический, коммерческий, финансовый и гуманитарный. Надо отметить, что данная игра не носит однозначно конфронтационный характер. Ее можно назвать соперничеством или конкуренцией. Однако несмотря на сложную ситуацию, между странами-участницами все-таки существует желание сотрудничать, что естественно радует. А поводов для сотрудничества в Центральной Азии, действительно, большое множество.

Хотелось бы быть уверенными, что государства ЦА будут находиться в центре, а не вне этого «большого квадрата».

_____________________________
1. Э. Усубалиев Проблемы и перспективы политического курса Японии в Центральной Азии // Институт Стратегического Анализа и Прогноза, 2008, 05 ноября.

2. О. Сидоров Внешнеполитическая доктрина Японии по отношению к странам Центральной Азии // Информационно-аналитический портал www.gazeta.kz // 2004, 28 апреля.

3. Политика Японии // Сотрудничество и безопасность в ЦА: состояние и перспективы. // Отв. ред. Б.К. Султанова. – Алматы: КИСИ при президенте РК, 2008. - с. 233-242.

4. Официальный сайт Министерства иностранных дел Японии



http://www.mofa.go.jp

5. Япония нацелилась на энергоресурсы Центральной Азии // газета «Коммерсант», 2006, 30 августа.

6. В конце августа премьер-министр Японии впервые посетит республики Центральной Азии // газета «Иомиури», 2006, 21 июля.

7. Э. Усубалиев «Трансформация Центральной Азии в коридор мира и стабильности» - новая инициатива Японии // Аналитика // Дальний Восток // Япония, 2007, 21 марта, с. 4.

8. Э. Усубалиев Роль Японии в Центральной Азии // Институт Стратегического Анализа и Прогноза, 2008, 18 марта.

9. Д. Косырев Центральноазиатская дилемма Коидзуми // РИА Новости, 2006, 30 августа.

10. Япония заинтересована в энергоресурсах Центральной Азии // по материалам ИТАР-ТАСС, с ссылкой на данные газеты «Асахи симбун», 2006, 24 августа.

Г. Байкушикова



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет