Международные отношения и международное право


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚПЕН ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ЖАЙЫНДА



бет23/26
Дата25.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#21954
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚПЕН ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ ЖАЙЫНДА
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi. Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi жақсаруы бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердiң тозуымен сипатталады [1].

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін БҰҰ-ның қоршаған орта және тұрақты даму бойынша конференциясының қорытынды құжаттарына қол қою арқылы, «Еуропаға арналған қоршаған орта» үдерісінің белсенді қатысушысы болуы арқылы, климаттың өзгеруі, шөлейттенумен күресу және биоәртүрлілікті сақтау сияқты маңызды халықаралық конвенцияларға қосыла отырып, сонымен қатар екіжақты негізде және аймақтық деңгейде келісімдерді белсенді ұсына отырып өзінің экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму идеяларын ұстанатындығын бірнеше рет дәлелдеген. Сондықтан болар қазіргі таңда экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу Қазақстанның даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып отыр.

Саяси және экономикалық реформаларды қатар жүргізе отырып, біздің мемлекетіміз Еуропалық Одақпен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда. Осы ынтымақтастықтың құрамдас бөлігі ретінде экология саласын айтуға болады. Бұл саладағы Қазақстанның Еуропа елдерімен қарым-қатынасындағы мүдделерінің бірі экологиялық мәселелерді шешу үшін еуропалық капиталды тарту болып отыр. Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде осы ынтымақтастықты пайдалануда.

Ал Еуропаға келетін болсақ, Еуропа ғаламдық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі, сондықтан оны әрдайым қолдап, сол үшін жағдайлар жасап отырады, соның ішінде біздің аймақта да жағдайлар жасап отыр. Ол қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарды құра отырып және де экологияны өзінің аймақтық қауіпсіздігінің басты бір құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып, басқа елдердің экологоцентристік бағыт пайдалануына түрткі болуға тырысуда. Еуропалықтардың ойынша Орталық Азия қаншалықты алыс орналасқанымен де, оның қоршаған ортасының сапасы нашарласа, уақыт өткен сайын ол Еуропаға өзінің кері әсерін тигізеді. Осыған орай Еуропалық Одақтың Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға қатысты мүддесі әрдайым ұлғаюда. 2009 жылдың 13 наурызында Астанада өткен экологиялық интеграция және тұрақты даму конференциясында қоршаған орта бойынша Еуропалық Одақ комиссары Ставрос Димас «Қазіргі кездегі әлем жылдан-жылға өзара тәуелді болып келеді. Бұл әсіресе қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты болып отыр, себебі әлемнің бір түпкірінде қоршаған ортаның жағдайындағы өзгерістер біздің барлығымызға әсер етеді. Сол үшін осы үдерістерді түсіну үшін және экологиялық мәселелерді шешу үшін, тиімді әдісті құру үшін әлемнің әр бөлігінің арасында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу маңызды болып отыр. Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасында интеграциялық әдісті пайдалануда тәжірибе алмасу пайдалы әрі жігерлендіреді», - деп атап кеткен болатын [2].

Орталық Азияға қатысты айтар болсақ, онда Еуропа институционалды деңгейде аймақ елдері арасында өзара әрекеттесу үшін негіз қалаған болатын. Бұл Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталықтың (CAREC) қызметінде көрініс табуда.

Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталық Орталық және Шығыс Еуропадағы және Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттерде қоршаған ортаны қорғау бойынша талпыныстарын қолдау үшін құрылған Аймақтық Экологиялық Орталықтар жүйесінің бірі болып табылады. Бұл орталық Орталық Азия елдерінің бастамасымен Еуропалық Қауымдастықтар Комиссиясының және АҚШ-тың қолдауымен құрылған болатын.

Орталықтың негізгі доноры Еуропалық Комиссия болып отыр. Еуропа елдерінің көмегімен бұл құрылым көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып отыр. Атап айтсақ, экосаясат және қоршаған ортаны басқару; азаматтық қоғам бастамаларын қолдау; тұрақты даму үшін білім; су бастамаларын қолдау; климаттың өзгеруі және тұрақты даму бағдарламаларын жүзеге асыруда. Орталық Қазақтанда, яғни Алматыда орналасқан. Орталықтың азаматтық қоғамның экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуына әрекеттесуге қосар үлесі көп.

Сонымен қатар Қазақстан мен Еуропа елдері арасында Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы шеңберінде көптеген жобалар іске асырылды. ТАСИС аймақтық бағдарламасы 2000-2006 жылдардағы Аймақтық стратегиясына сәйкес және онымен байланысты Индикативті бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылды. Соның ішінде Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын басқару сияқты бағдарламалар болған. 2000-2006 жылдарға арналған аймақтық стратегия және индикативті бағдарлама қоршаған ортаны қорғауға нақты қаржы бөлуді қарастырмаған еді. 2007 жылдан бастап, ЕО-тың ынтымақтастық құралдарын қайта қарастырғаннан кейін Орталық Азия елдері жаңа бекітілген индикативтік бағдарлама негізінде қоршаған ортаны қорғау саласында 16,2 млн еуро көлемінде қаржылай көмек алатын болды. Ал осы бағдарламаға сай екіжақты ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанға 44 млн еуро көлемінде индикативтік ресурс бөлінген [3]. Қазақстанның осы ресурстарды тиімді пайдалануына сеніммен қараймыз.

Еуропалық Одақтың Орталық Азияға қатысты Жаңа Стратегиясы да Еуропалық Одаққа Орталық Азиядағы экологиялық мәселелерді шешуге өзінің үлесін қосуға мүмкіндік беріп отыр. Стратегияда қоршаған орта саласында тұрақтылық және су ресурстары деген бөлімшесінде Еуропалық Одақ:


  • қауіпсіз сумен қамтамасыз ету, санитария және су ресурстарын интеграциялық пайдалану үшін «Еуропалық Одақтың су инициативасына» (EUWI-EECCA) EECCA (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия) компонентін енгізуді қолдайды;

  • өзен бассейнін трансшекаралық пайдалануға, сонымен қатар «Каспий теңізі бойынша экологиялық конвенция» шеңберінде аймақтық ынтымақтастыққа әрекет етеді;

  • жер бетінде және жер астында трансшекаралық су ресурстарын интеграциялық пайдалануға, суды тиімді пайдалану бойынша технологияларды енгізуге ерекше қолдау көрсетеді;

  • су ресурстарымен байланысты инфраструктуралық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік жасау үшін қажетті шеңберінде, сонымен қатар халықаралық қаржы мекемелерін және мемлекеттік, жеке сектор ынтымақтасу қорларын тарта отырып ынтымақтасты кеңейтеді;

  • су ресурстарын интеграциялық пайдалану және гидроэнергияны өндірудегі аймақтық потенциалды нығайтуға қолдау көрсетеді;

  • Орталық Азия елдерімен климат жағдайларының өзгеруі саласында, аймақтық деңгейде Киот хаттамасының механизмдерін енгізуді және пайдалануды қолдауды қоса ынтымақтасады;

  • Орталық Азия елдерімен шөлейттенумен күресу және биологиялық әртүрлілікті қорғауда ынтымақтасу, сонымен қатар «Биологиялық әртүрлілік және шөлейттенумен күресу бойынша БҰҰ-ның конвенциясын» жүзеге асыруды қолдайды;

  • «Құқықты қолдану және орманды басқару (FLEG)» үрдісі шеңберінде аймақтық шараларға әрекеттесе отырып, Орталық Азияның орман және басқа да табиғи ресурстарын пайдалануды жақсартады;

  • қоршаған ортаны қорғау және экологиялық азаматтық қоғамды дамыту қажеттілігін түсінуде қолдайды, соның ішінде Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық орталық (CAREC) арқылы жүзеге асырады [4].

Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдері арасында 2007-2013 жылдардағы осы жаңа серіктестік Стратегиясының жүзеге асу аспектілері Орталық Азия елдерінің және Еуропалық Одақ «үштігінің» сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі барысында талқыланған болатын. Бұл кездесу «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» аймақтық саяси диалогының кестесіне сәйкес 2009 жылдың басында Душанбеде өткен. Форум жұмысына біздің республика сыртқы істер министрі Марат Тәжин қатысқан болатын [5].

Марат Тәжин еуропалық серіктестерді Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ форматындағы серіктестіктің мақсаттарын жүзеге асыруда қосымша құрал болып табылатын «Еуропаға Жол» атты мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен таныстырған. «Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері» бөлімінде экономикаға, саудаға және көші-қонға, энергетика мәселелеріне, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне экономикалық дағдарыстың кері салдарларын еңсеруге үлкен көңіл бөлінді.

Қазақстан-еуропалық ынтымақтастықтың локомотиві болуға танылған және де Қазақстанның Еуропа елдерімен қатынастарында сапалы «алға басушылықты» қамтамасыз ететін 2008 жылы бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты Мемлекеттік бағдарламада өмір сүру сапасы саласында ынтымақтасу бөлімшесінде де Қазақстанның Еуропа елдірмен қоршаған ортаны жақсарту мәселесінде ынтымақтасуды тереңдету қарастырылады, соның ішінде ұлттық экологиялық заңнаманың еуропалық стандарттарға жақындастыру, трансшекаралық мәселелерді шешу саласында, биоәртүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны тарихи ластанудан тазарту мәселелері бойынша бірлескен бағдарламалар құру қарастырылады [6].

Ұлттық экологиялық заңнаманы еуропалық стандарттарға жақындастыру мәселесінде де Қазақстан алғашқы қадамдарын бастаған болатын. Атап айтсақ, 2007 жылы қабылданған Экологиялық кодекс ұлттық табиғат қорғау заңнамасын унификациялау және оны халықаралық нормалар және стандарттармен үйлестіру, нақтырақ айтсақ, Еуропалық Одақтың заңнамасына үйлестіру әрекеті болатын.

Өз кезегінде қазақстандық тарап еуропалық қауымдастықпен өзара қарым-қатынастарда «ынтымақтастық үдерісінің екіжақты сипатта» болуына талпынады. Парламент мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов 2009 жылы мамырда өткен «Қазіргі таңдағы Қазақстан және «Еуропаға жол»» атты халықаралық ғылыми конференция барысында: «Қазақстанда құрылған «Еуропаға жол» бағдарламасы біздің елге үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазақстан өз тарпынан біріккен Еуропамен ынтымақтасу үдерісінде екіжақты сипатқа үміттенеді және де біз еуропалық Одақ және еуропалық қауымдастық Қазақстанға деген және барлық Орталық Азияға деген өзінің ашықтығын көрсететініне сеніммен қараймыз. Екі жақтың келісімімен болған Қазақстан-Еуропалық жақындасу өркениет тұрғысынан алғанда көбінен еуропалық континенттің болашағын айқындайды», - деп атап кеткен болатын [7].

Бұл ынтымақтастық үлкен мүмкіндіктер береді. Себебі осы саладағы еуропалық тәжірибені үлгі ету біріншіден, Қазақстанда, Орталық Азия аймағында экологиялық қауіпсіздікті қаматасыз ету саласында механизмдерді құруға уақытты қысқартады, екіншіден, осы үдеріске тән қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді, ал үшіншіден, Орталық Азияның осы салада қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тез интеграциялануына мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы «Еуропаға арналған қоршаған орта» үдерісіне де белсенді қатысып, жоғары деңгейдегі министрлер конференцияларына қатысатынын атап өткен жөн. Қазақстан 2007 жылы Белградта «Еуропа үшін қоршаған орта» үдерісі қатысушыларының Министрлерінің алтыншы конференциясына дайындық шеңберінде өткен Орталық Азия елдерінің қоршаған орта Министрлерінің мәжілісіне қатысып, Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасында экологиялық ынтымақтастықты кеңейтудегі конференцияның рөлінің жоғарылығын мойындады. БҰҰ-ның Еуропалық Экономикалық Комиссия аймағының экология министрлері Қазақстан Республикасының Еуропа үшін қоршаған ортаның келесі конференциясын 2011 жылы Астанада өткізу ұсынысын қолдаған болатын. Қазіргі таңда осы конференцияға белсенді дайындық жүруде.

Осылайша, Еуропа елдерінің Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда экологиялық мәселелерді шешуде техникалық және қаржылық көмекке әрекеттесуі ғаламдық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бір қадам болып табылады. Еуропалық Одақтың көмегі шешімі тек қоршаған ортаны сауықтыру ғана емес, сонымен қатар күшті ұлт және күшті ұрпақтың дамуына алып келетін негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.






  1. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы // http://www.eco.gov.kz/kaz/strategiya/docs/keb_kz.pdf

  2. http://www.carecnet.org/assets/files/presentations%20conference/welcome%20speech%20EU.pdf

  3. Қазақстанға ЕО жәрдемдесуі 2007-2013. – Қараша, 2007. – 12 б.

  4. Еуропалық Одақ стратегиясы – Орталық Азия 2007-2013 //http: //ec.europa.eu/external_relations/ceeca/c_ asia/07_13_en.pdf

  5. http://kazpravda.kz

  6. Государственная Программа «Путь в Европу» на 2009 – 2011 годы // http://portal.mfa.kz/portal/page/ portal/mfa/ru/content/reference_info/07-way%20europe

  7. Казахстан заинтересован в интеграции с Европой и рассчитывает на такой же настрой европейских партнеров // www.inform.kz






Д. Куанышев
ФРАНЦИЯ ВО ВНЕШНЕПОЛИТИЧЕСКОЙ КОНЦЕПЦИИ СУВЕРЕННОГО КАЗАХСТАНА 1990-х гг.
В начале 1990-х годов перед Казахстаном как суверенным и независимым государством возникли задачи фopмиpования и укрепления своего международного статуса. Среди комплекса важных проблем, связанных с определением внешнеполитического курса страны, приоритетными стали страны Западной Европы.

23 января 1992 г. на 3034 заседании Совет Безопасности принял без голосования резолюцию 732 о принятии Казахстана в члены ООН [1]. Уже через два с лишним месяца (2 марта 1992 года) после обретения независимости Казахстан обретает полноправное членство в Организации Объединенных Наций, а сегодня является членом или участником более 50 различных организаций и программ ООН, а также других международных организаций. Среди них: Азиатский Банк Развития, ОБСЕ, Всемирная Организация Здравоохранения, Всемирная Организация Интеллектуальной Собственности, Всемирная Таможенная Организация, Генеральное Соглашение по Тарифам и Торговле, Европейский Банк Реконструкции и Развития, Европейская Экономическая Комиссия ООН, Международная Организация Гражданской Авиации, Интерпол, МАГАТЭ, Международный Валютный Фонд, Объединенная Исламская Конференция, Программа развития ООН, Программа «Партнерство ради мира», Центр ООН по правам человека и др.

За первые шесть лет суверенитета и независимости Казахстан признали свыше 120 стран мира. Уже в первые месяцы молодой истории суверенного Казахстана в числе первых, кто установил с Казахстаном дипломатические отношения были США, Китай, Великобритания, Монголия, Япония и др. Особое место в этих процессах занимала Франция.

Французская Республика признала независимость Республики Казахстан 7 января 1992 года. Дипломатические отношения были установлены 25 января 1992 года во время визита в Алматы Министра иностранных дел Франции Роллана Дюма. За этим визитом последовало открытие в Алматы Торгпредства, а затем Посольства Франции.

Как известно, Франция является одним из ведущих государств Европейского союза. Без нее не может быть принято ни одно решение, затрагивающее судьбу Европы. По многим важнейшим вопросам ее позиция является определяющей, служит примером для других государств. Налаживание продуктивного сотрудничества было призвано способствовать укреплению позиций Казахстана в международном сообществе, содействовать развитию нашей страны, в том числе в экономической сфере.

Со своей стороны Франция также была заинтересована в развитии отношений с Казахстаном. В ее политических кругах наша страна рассматривается в геополитическом плане как связующее звено на стыке двух частей света – Европы и Азии как страна, играющая одну из ключевых ролей в обеспечении стабильности на континенте и обладающая многообещающими экономическими перспективами. «Дорога в Центральную Азию» для Франции, как указывалось в докладе Комиссии по иностранным делам Национального Собрания по случаю ратификации казахстанско-французского Договора о взаимопонимании, дружбе и сотрудничестве, лежит «в первую очередь через Алматы».

Оказывая поддержку Казахстану, поощряя двусторонние экономические связи, Франция рассчитывала занять одно из первых мест, наряду с США и Германией, в эксплуатации его природного и промышленного потенциала.

Об искреннем желании французов развивать отношения с Казахстаном свидетель-ствуют три безвозмездных дара, предоставленных в последнее время. Первый – в сумме


4 млн. франков использован на закупку компьютерной техники. Второй – на сумму
5 миллионов – пошел на установку оборудования по очистке питьевой воды в районе Аральского моря, пуск которого был осуществлен 10 июля 1996 года. Третий – в размере 20,3 млн. франков – предназначен для финансирования участия французских хозяйствующих субъектов, в частности, банков, в важных областях экономической реформы – содействии приватизации, создании рынка ценных бумаг и других.

Ныне во взаимоотношениях с Францией Казахстан основывается на ее активной роли в реформировании Евросоюза, продвижении инициативы о разработке Общей внешней политики и политики в области безопасности, а также ее позиции по сближению ЕС с Россией и Турцией. Французскими оценками подтверждается политико-стратегическая значимость Казахстана для сохранения стабильности и безопасности в Центральной Азии и Закавказье. Франция придает приоритетное значение Казахстану в развитии отношений с государствами Центральной Азии и намерена поддержать становление РК в качестве региональной державы, в том числе, через сотрудничество в ООН и ОБСЕ, оказывать содействие процессу СВМДА и казахстанским инициативам по региональному сотрудничеству. В числе других ядерных государств, Франция предоставила Казахстану гарантии безопасности [2].

Мощным катализатором казахстанско-французских деловых связей явился официальный визит во Францию Президента Н.А. Назарбаева 23-26 сентября 1992 г., где был подписан Договор о дружбе, сотрудничестве и взаимопонимании; Протокол об экономическом сотрудничестве и Соглашение о поощрении и взаимной защите инвестиций и другие документы, открывающие широкие перспективы для развития сотрудничества между двумя странами. Было подписано 6 протоколов по созданию СП, 2 протокола о строитель-стве заводов, достигнута предварительная договоренность о техническом перевооружении ряда промышленных производств и закупке технологического оборудования. В ходе визита были подписаны проекты-контракты:

- приобретение автоматизированной линии по производству жестяной банки на 7 млн. дол. США;

- техническое перевооружение производства хлопчатобумажной пряжи на 25 млн. дол. США;

- приобретение технологической линии по изготовлению замков «молния» на 5 млн. дол. США;

- закуп клеточного оборудования по птицеводству на 3 млн. дол. США;

- расширение производства маргариновой продукции на 41,3 млн. немецких марок;

- закупка оборудования по обработке природного камня на сумму 6 млн. дол. США [3].

На встрече 23 сентября 1992 г. Ф. Миттеран подчеркнул, что Франция приветствует выход Казахстана на международную арену в качестве самостоятельного государства и будет способствовать его скорейшей интеграции в мировые политические и хозяйственные связи, поддерживать его кандидатуру при вступлении в международную организацию, содействовать тому, чтобы Казахстан как можно быстрее занял подобающее ему место в сообществе нации. Н. Назарбаев отметил, что Договор носит исторический характер, поскольку он послужит фундаментом двусторонних отношений и на его базе могут быть заключены соглашения о сотрудничестве в любых сферах [4].

После подписания Договора о дружбе, сотрудничестве и взаимопонимании между Казахстаном и Францией Президент Н.А. Назарбаев сказал: «Как участники Хельсинского Акта Казахстан и Франция думается в состоянии повлиять на положение дел в Европе. В деле создания безопасного мира мы рассчитываем на сотрудничество с Францией, на вашу поддержку и взаимодействие [5].

В преамбуле Договора стороны заявили о том, что они убеждены в необходимости основания своих отношений на доверии и уважении общечеловеческих ценностей свободы, демократии и справедливости, признают примат международного права в отношениях между государствами, руководствуются целями и принципами Устава Организации Объединенных Наций, подтверждают обязательства, взятые в рамках Хельсинского Заключительного Акта Совещания по безопасности и сотрудничеству в Европе и Парижской Хартии для новой Европы, сознают, что будущие отношения между двумя государствами неразрывно связаны с укреплением мира, безопасности и стабильности в Европе и Азии. При этом принимается во внимание то, что Казахстан является одним из государств-правопреемников бывшего СССР, а также перспективы создания Европейского союза и его вклад в строительство миролюбивой и солидарной Европы.

Было сказано о том, что Казахстан и Франция осуществляют политическое сотрудничество как в двустороннем, так и в многостороннем плане. Они, признавая общечеловеческие принципы свободы и демократии, сотрудничают в области защиты и поощрения прав и основных свобод человека, в частности, в соответствующих международных организациях. Они объединяют свои усилия по обеспечению международной безопасности, предотвращению конфликтов и обеспечению примата международного права в отношениях между государствами.

Договор предусматривает проведение регулярных консультаций на соответствующих уровнях для обмена мнениями как по двусторонним отношениям, так и по международным проблемам, представляющим общий интерес, в особенности по основным вопросам безопасности и сотрудничества в Европе с целью наиболее полного сближения своих позиций в этих областях и, при необходимости, проведения совместных или согласованных действий. С этой целью встречи на высшем уровне организуются по приглашению сторон, а министры иностранных дел встречаются не менее одного раза в год.

Предусматриваются также консультации в рамках международных организаций, членами которых являются обе страны, в первую очередь, в Организации Объединенных Наций, с целью достижения наиболее полного сближения своих позиций, когда это представляется необходимым, и обеспечение наиболее эффективного проведения в жизнь мер, принятых в этих рамках.

Франция обязалась содействовать развитию связей между Казахстаном и Европейским союзом. В Договоре записано, что оба государства тесно сотрудничают в рамках ОБСЕ. Стороны действуют совместно в целях укрепления его институтов, в частности, в юридическом плане для обеспечения стабильности, безопасности и верховенства закона на европейском континенте. Они поощряют принятие норм поведения, призванных способствовать предотвращению конфликтов.

Обе стороны, подчеркивая решающий вклад соглашений о разоружении в европейскую и международную безопасность, заявили о поддержке в рамках Совещания по безопасности и сотрудничеству в Европе процесса разоружения, укрепления доверия и безопасности и предотвращения конфликтов в рамках Форума безопасности.

Стороны указали на особую важность мер, позволяющих избежать распространения оружия массового поражения. Франция с удовлетворением приняла к сведению решение Казахстана быть безъядерным государством.

Договор отразил намерение сторон развивать и укреплять контакты в военной области. В качестве особо приоритетных областей сотрудничества были выделены сельское хозяйство, энергетика, добыча полезных ископаемых, научные исследования и космос. В документе было зафиксировано также стремление развивать сотрудничество в области образования, культуры, науки и техники, защиты окружающей среды и борьбы с преступностью.

Этот Договор, подписанный с казахстанской стороны Президентом Н.А. Назарбаевым, а с французской – Президентом Ф. Миттераном и Премьер-министром П. Береговуа, был ратифицирован и вступил в силу 13 ноября 1994 года.

Заключение Договора имело принципиальное значение для развертывания политического, торгово-экономического и культурного сотрудничества. Он отразил общее позитивное отношение французских правящих кругов к установлению более прочных дружественных связей с нашей страной. Ф. Миттеран в ходе своего официального визита в Алматы в сентябре 1993 года заявил, что «с точки зрения Западной Европы, Казахстан представляет собой одно из самых стабильных и многообещающих государств бывшего СССР». Такой же позиции придерживается и другой выдающийся французский политик –
Ж. Ширак, через некоторое время сменивший Ф. Миттерана на посту президента. Приветствуя Н.А. Назарбаева в Парижской мэрии в сентябре 1992 года, он сказал, что Франция рассматривает Казахстан как связующее звено между Европой и Азией, как государство, которое должно играть роль гаранта стабильности в регионе.

16-17 сентября 1993 г. Президент Франсуа Миттеран посетил Казахстан с официальным визитом. В ходе визита были подписаны межправительственные документы: Соглашение о сотрудничестве в области культуры и искусства, Совместная декларация о сотрудничестве в области науки и новых технологий, Соглашение о сотрудничестве между Национальной академией наук Казахстана и Национальным центром научных исследований Франции, Протокол о сотрудничестве между Министерствами иностранных дел двух стран. Была также достигнута договоренность об установлении прямого воздушного сообщения между Алматы и Парижем. Большое внимание было уделено перспективам расширения экономического сотрудничества между Францией и Казахстаном. Французской стороной была открыта кредитная линия на 300 млн. французских франков.

18 февраля 1994 года состоялся рабочий визит Н.А. Назарбаева во Францию, в ходе которого прошли его переговоры с Президентом Ф. Миттераном. Были обсуждены вопросы реализации ранее достигнутых договоренностей и пути дальнейшего укрепления двустороннего сотрудничества в различных сферах.

В июне 1995 года в Париже состоялась встреча Н.А. Назарбаева с новым президентом Франции Жаком Шираком. Казахстанский руководитель стал первым иностранным главой государства, посетившим Ж. Ширака после его избрания на этот пост. В ходе беседы главы государств дали положительную оценку состоянию казахстанско-французских отношений, выразили убежденность в необходимости поддержания на высоком уровне политического диалога, так и экономического сотрудничества.

23-24 июня 1994 г. Алматы с рабочим визитом посетила экс-премьер-министр Франции Эдит Крессон, в настоящее время являющаяся Комиссаром по делам науки, образования и проблемам молодежи в Европейской Комиссии. Во время встреч с казахстанским руководством обсуждались вопросы двусторонних отношений, в частности, в сфере энергетики.

26-28 июня 1994 г. в Алматы находился вице-президент Комиссии по иностранным делам Национального Собрания Франции, председатель группы «Франция-Казахстан» Эмери де Монтескью.

Во время юбилейной сессии ГА ООН, состоявшейся 22 октября 1995 г. в Нью-Йорке, Президент Казахстана вновь встретился с Президентом Франции Ж. Шираком. Была достигнута договоренность о необходимости подписания соглашения о дальнейшем развитии отношений между двумя странами в области экономики. Для активизации отношений в этой области создана межправительственная рабочая группа по экономическому сотрудничеству, заседания которой состоялись в Алматы в сентябре 1993 г., в Париже – в июне 1994 г. и в марте 1996 г. - в Алматы.

В период пребывания Н.А. Назарбаева 14-18 ноября 1995 года во Франции, где он принимал участие в юбилейных мероприятиях, посвященных 50-летию ЮНЕСКО, состоялась его встреча с Президентом Жаком Шираком, на которой стороны главное внимание уделили дальнейшему углублению двусторонних отношений. Была достигнута договоренность об ускорении подготовки Соглашения о дальнейшем развитии и углублении взаимопонимания и двустороннего сотрудничества. С этой целью было решено провести заседание Межправительственной казахстанско-французской рабочей группы по экономическому сотрудничеству в Алматы, а затем в начале 1996 года в Париже. Состоялась также встреча Н.А. Назарбаева с представителями деловых кругов, где речь шла о совместной работе над конкретными проектами.

В конце марта 1996 г. состоялся визит генерального секретаря МИД Франции Бертрана Дюфурка, который встретился с Премьер-Министром, Председателем Мажилиса парламента, Государственным секретарем Казахстана, министром промышленности и торговли, первым заместителем министра иностранных дел. Основной темой переговоров было подтверждение обоюдной заинтересованности и приверженности духу партнерства, составляющих основу сложившихся казахстанско-французских связей, охватывающих практически все аспекты политического, экономического, научного, военно-технического сотрудничества.

Учитывая вес Франции в международных делах, бесспорную политическую и экономическую целесообразность сотрудничества с ней, необходимо интенсифицировать и углублять двусторонние связи на основе того, что уже достигнуто. Следует практиковать «дипломатию на высшем уровне», на уровне членов правительства, завязывать как официальные, так и неформальные контакты. Продвигать наши предложения в ООН, ОБСЕ и других международных, в том числе экономических организациях при опоре на поддержку Франции. По парламентской линии нужно развивать связи с Национальным Собранием и Сенатом Франции в целях совершенствования законодательной деятельности устоев нашего государства, разработки новых законов [6].

По своим итогам казахстанско-французские взаимосвязи в 1990-х гг. могут быть охарактеризованы как исторические, поскольку открыли западноевропейское направление в политике Казахстана и явились его официальной презентацией перед всем мировым сообществом в качестве самостоятельного государства. Они заложили прочные основы для налаживания эффективных связей, позволили республике заявить о себе как об активном и ответственном партнере в международных делах и в значительной степени способствовали укреплению ее авторитета [7].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет