2 ОҚУ ӘРЕКЕТІ БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫНА ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мазмұны
Бүгінде бастауыш мектептің басты міндеті – баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын, қызығушылығын қамтамасыз ету. Бастауыш мектеп баланың өзін іс жүзінде көрсету, мінез-құлық мәдениеті элементтерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады.
Мұнымен бірге оқушылардан ойланып-толғанып әрекет ету, алға дұрыс мақсат қоя білу және соған жету кәсіби және өмірлік сынақтардан дұрыс жол таба білу талап етіледі. Ал осы айтылған міндеттерге әмбебап тәсілдер (талдау, мақсатты анықтау) арқылы жетуге болады.
Сол себепті зерттеу жұмысының бұл бөлімінде оқу әрекетіне бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мазмұны баяндалады.
Біз педагогикалық экспериментті зерттеуде қойылған міндеттерді жүзеге асыруға, болжамды, алдыңғы тарауларда берілген теориялық зерттеуді практикада, ғылыми-обьективті және дәлелді түрде тексеруге мүмкіндік беретін зерттеу әдістерінің кешені ретінде қарастырдық.
Бұл міндетті шешуде біз ұсынып отырған модель өз септігін тигізеді деген ойдамыз.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыздың мақсаты жалпы зерттеудің мақсат-міндеттеріне тәуелді:
оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесін жасау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;
оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың аталған әдістемеге сәйкес ғылыми-практикалық ұсыныстарын практикаға ендіру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты мен болжамына сәйкес төмендегі міндеттерді эксперименттік және бақылау топтарындағы тиімділігі мектеп оқушыларымен жұмыстанудың кезеңдері бойынша шешуді белгіледік:
- бастауыш мектеп (3-сынып) оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесін жасақтау;
- құзыреттілікті дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесін бастауыш мектептің білім беру үрдісіне енгізу;
- бастауыш мектеп (3-сынып) оқушыларының оқу тапсырмаларын орындауда танымдық қызығушылықтарын айқындауға арналған анықтау экспериментін жүргізу;
- бастауыш мектеп (3-сынып) оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастыру экспериментін жүргізу;
-жасалған әдістеменің тиімділігін тексеру, бақылау экспериментін жүргізу.
Оқу әрекеті барысында танымдық қызығушылықты қалыптастыру әдістемесі тиімділігінің көрсеткіштерін эксперименттік және бақылау сыныптарында анықтай отырып, тапсырмаларды орындау біліктерін, оқушылардың оқу тапсырмаларын орындау іскерлігін, қызығушылық деңгейлерін анықтауды басты назарға алдық.
Алдымен тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының жоспары жасалды. Жоспарға сәйкес эксперименттің анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдері белгіленді. Әрбір кезеңнің басты мәселелері мен оны шешуге қажетті әдістер анықталды.
Әдіс- зерттеу нәтижелерінен маңыздырақ нәрсе, өйткені, жаңа әдіспен бұрынғыдан да жоғары нәтижелерге жетуге болады. И.Н. Павловтың «Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады.Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Ақтөбе қаласындағы №19, 38 және Ақтөбе облысы Шалқар ауданының №3, 6 орта мектептерінде жүргізілді.
Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын жүргізуде көрнекті психолог-ғалым Д.Б. Эльконин, профессор Г.И. Вергелес, п.ғ.докторы, профессор Ш.Х. Құрманалина, профессор С.Е. Қаңтарбайдың оқу-әдістемелік құралдары негізге алынды. Осы жұмыстардың нәтижесіне сүйеніп, тапсырмалар жүйесі дайындалды. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті барысында танымдық қызығушылығын қалыптастырудың ғылыми әдістемесі дайындалды. Әдістемеде оқу тапсырмаларын орындауда талдау, оқу тапсырмаларының мақсатын анықтауға үйрету тәсілдері қарастырылды.
Зерттеу жұмысымыздың тәжірибелік-эксперименті 3 кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңнің міндеті: бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі танымдық қызығушылық деңгейін анықтау.
Екінші кезең- қалыптастырушы кезең: тапсырмалар жүйесін жасау, сынақтан өткізу, тиімділігін тексеру.
Үшінші кезең-қорытынды кезең, қорытындылар жасау, алынған нәтижелерді талдау және оларды жалпылау, ұсыныстар беру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңінде Ақтөбе қалалық №19, 38 мектептерінде және Шалқар қаласындағы №3, 6 орта мектептердің 3 сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама оқушының оқу тапсырмаларына қатынасын бақылау мақсатында құрылды. Сондай –ақ, оқулық пен оқу бағдарламаларының құрылымы талданды.
Оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысына барлығы 200 оқушы қатысты, олардың ішінде эксперимент тобында 101 оқушы, бақылау тобында 99 оқушы белгіленді.
Оқу әрекетінің тиімділігін тексеру мақсатында жалпы білім беретін мектептің және 12 жылдық білім беру стандарты бойынша «Тіл және әдебиет» білім беру саласы және «Математика және информатика» білім беру салалары бойынша танымдық қызығушылықты қалыптастырудың әлеуетін анықтаудан бастадық.
Алдымен математика пәнінің мақсат-міндеттеріне тоқтала кетуді жөн көрдік
Математика да өнер сияқты таным әдісі. Математика күрделі пән болу үстіне, ол – ақыл-ой оралымдылығына, әлем бірлігін түсінуге қызмет етеді. Математиканы оқытудың тәрбиелік мәні практикалық мазмұны математиканы мектепте оқытудың білім беру мақсатымен ұштасып жатады.
Бүгінде математика жан-жақты байланысқан тірі ғылым ретінде басқа ғылымдар мен тәжірибелердің дамуына маңызды ықпал етіп, ғылыми-техникалық алға басудың базасы және жеке тұлға дамуының маңызды компоненті ретінде сипатталады.
Оқушыларға математикалық білім беру олардың ақыл-ойының адамгершілігінің жан-жақты дамуына жәрдемдесетін тиімді әдістермен жүргізілуі тиіс, математиканы оқытудың тәрбиелік маңызы осындай.
Бастауыш мектеп оқушысының математикалық іс-әрекет сауаттылығы қоршаған ортаны тану қабілетінен, математикалық ұғымдар мен әрекет тәсілдерін өмірдегі түрлі жағдайларда қолдануынан байқалады.
Математика бағдарламасының мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта білім стандартында көрсетілген негізгі құзыреттіліктерге білім, білік және дағды қалыптастыру арқылы білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған.
Математика – кіріктірілген оқу пәні, оның мазмұны өзара байланыс пен әсерлеcуді жүзеге асыратын сандар мен жиындар теориясы элементтерін, алгебра мен геометрия, комбинаторика, информатика элементтерін және шамаларды біріктіреді. Бастауыш сатының математикаcы базалық пән ретінде бір жағынан басқа пәндерді (ана тілі, информатика, қоршаған орта, көркем еңбек және т.б.) оқытудың алғышарттарын түзіп және негізін қаласа, екінші жағынан осы пәндерді оқыту барысында қалыптасқан білім, білік және іс - әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Оқытудың қандай да бір нәтижесіне жету, математика курсының жекелеген тақырыптары мен сұрақтарын оқытып-үйрету және олардың берілу реті бірнеше пәндерді оқытып-үйретудегі, сондай–ақ оқыту нәтижелерінің де алға жылжу қарқынынан туындайды. Қоршаған объектілерді, құбылыстар мен процестерді сан арқылы өрнектеп көрсете білу, өмірде кездесетін жағдаяттарды бейнелейтін мәтінді математикалық есептерді шығара алу – мәтінді түсініп және мәнерлеп оқу мен оның мазмұнын баяндап берумен, барабар қабылдаумен және талдаумен тікелей байланысты. Математикалық дәлелдеу дағдыларын игертудің өзі белгілі бір деңгейде сауат ашу және ана тілін оқытумен анықталады. Қарым – қатынастың ерекше құралы ретінде математикалық тілді оқыту пәнаралық байланыс тұрғысынан алғанда өте маңызды.
Математикалық тілді қолданудың өзі ойлауды ұйымдастыру, математикалық сауаттылық, алда тұрған міндеттерді шешуде математикалық білімді қолдана алу, тиімді талдай білу, өз тұжырымдарын негіздеп беру және жеткізу, әр түрлі салалар мен жағдаяттарға қатысты математикалық мәселелерді баяндау және шешу сияқты оқушы қабілеттерімен байланысты.
Бастауыш мектеп математикасы негізгі мектеп математика курсының органикалық бөлігі болып табылады. Осы жағдай бастауыш мектепте математиканы оқытуда келесі мақсаттарға жетуді көздейді:
математика оқулығын құрал ретінде бастауыш мектеп оқушысы тұлғасын тәрбиелеуге пайдалану;
негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру;
практикалық есептерді шығаруға және негізгі мектептің алгебра, геометрия, информатика жүйелі курстарына көшуге керекті білім және біліктерді, математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:
оқуға, ойлауға, пікірлесуге үйрету;
теріс емес бүтін сандарды оқуды және жазуды үйрету;
өрнекті (санды және әріпті) оқуды және жазуды үйрету;
сандармен және шамалар мәндерімен есептеулер орындауды үйрету;
өрнектің (санды және әріпті) мәнін табуды үйрету;
есептерді және теңдеулерді шешу;
геометриялық фигураларды ажырату;
қоршаған ортаны танып білу үшін нысандарды бақылау, өлшеу, модельдеу және күнделікті тіршіліктегі тәжірибеде пайдалану.
Қоғамның әлеуметтік тапсырысына сәйкес анықталған оқытудың бұл мақсат-міндеттері өз дамуында бастауыш сатыдағы математикалық білімнің жаңа мазмұнын жасақтауды және оған барабар оқытудың әдістері мен тәсілдерін, құралдары мен ұйымдастыру формаларын анықтауды көздейді.
Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұнын іріктеу математиканы оқытуда күтілетін нәтижеге жетуге бағдарланған.
«Қазақ тілі» – «Тіл және әдебиет» саласына кіретін, бастауыш мектепте міндетті түрде оқылатын пән.
Мектептегі білім беру жүйесіндегі қазақ тілінің рөлі мен орны оның әлеуметтік маңыздылығымен сипатталады: “Қазақ тілі” пәні қарым-қатынас жасау, дүние тану, тәрбиелеу және жеке тұлғаның тілдік мәдениетін қалыптастыру құралы ретінде айрықша орын алады.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың міндеттері :
- тіл туралы жүйелі білімді және олардың сөйлеудегі қызметін игерту, тіл пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;
- тілдік фактілер негізінде өздіктерінен қажетті ақпараттар алу, оларды талдау, салыстыру, жинақтау және қорытынды жасау біліктіліктерін қалыптастыру;
- сөйлеcім әрекетінің түрлерін меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
- білім алушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- ұлттық-мәдени мазмұндағы материалдарды пайдалана білу біліктілігін қалыптастыру;
- білім алушылардың бойында адами құндылықтарды (азаматтық, патриоттық, имандылық т.б.) дамыту.
Бағдарлама мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында ұсынылған құзірецтілік түріндегі (проблеманың шешімін табу құзыреттілігі, ақпараттық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік) білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
Тілдік білім – стандартта ұсынылған құзыреттіліктерді қалыптастырудың негізі.
Қазақ тілін оқыту жүйесінің ерекшелігі – білім алушыларға белгілі бір грамматикалық білім, білік, дағдыларды меңгертумен ғана шектелмей, жеке тұлғаның өзгелермен қарым-қатынас жасауға, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталуы. Қазақ тілін оқытуда сөйлеу аспектісіне ерекше мән берілуі білім мазмұнын сұрыптауға жаңаша көзқараспен қарауды қажет етеді, оның негізіне тілдік білім және сөйлеу алынады. Әрбір тіл және сөйлеу бірліктері (сөз, сөйлем, мәтін), кез келген грамматикалық категория (сөз құрамы, сөз таптары, сөйлем мүшелері) білім алушылардың сөйлеу әрекеттерін жетілдіруге бағытталып меңгертіледі.
Қазақ тілінің жүйелі түрде оқытылуы мен ғылыми мазмұнын нақты және дұрыс анықтау оның бағдарламасы мен оқулығына байланысты.
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушының ауызша және жазбаша тіліне көп көңіл бөлінеді. Мұның өзі тілдің фонетика, орфография және орфоэпия бөлімдерін саналы түрде меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс меңгерген оқушы жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады. Бұлардың бәрі де оқыту процесіне байланыстырып сөйлеуге дағды бере отырып, ойын жүйелі, дұрыс айта білуге жаттықтырады.
Мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарының қандай саласы болмасын, атап айтқанда, қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен фразеологиясы, орфографиясы мен орфоэпиясы, гамматикасы, сөздердің өзгеруі мен сөздердің сөйлемдегі тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері және қазақ тілінің жалпы заңдылықтарымен таныстыру – қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі болып табылады және оның ешқайсысы әдістемелік амал-тәсілдерсіз оқытылмайды.
Қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгеру қабілеті ескерілуге тиіс. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өз пәнінің ерекшелігіне қарай психологияны білу аса қажет.
Қазақ тілін тиімді оқытудың алғышарты – сыныпта ұстаздардың әдістемелік кеңесі арқылы әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану нәтижесін тәжірибеде байқау, озат тәжірибені жинақтай отырып, тақырыпты оқытуда әрбір әдістің тиімді, тиімсіз жағын ескеріп отыру.
Зерттеу барысында түрлі әдістер қолданылды: сауалнама, бақылау, әңгімелесу және т.б. Сауалнама мен бақылауда оқушылардың жеке ерекшеліктері, оқу тапсырмаларын орындауға ықыласы, көзқарастарын анықтау мақсаты қойылды. Барлық эксперименттік жұмыстар барысында оқушыларға бағытталған зерттеулерде бастауыш сынып мұғалімдері (Г.Дәуітова, Л.Тенісбаева, Г.Орманова, Г.Төреханова, И.Майлышева, Р.Иркенова) қатыстырылды. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру нақты ұстанымдарға негізделе отырып өткізілді. Олар:
жеке тұлғалық ұстаным, оқушыны өз іс-әрекетінің субьектісі ретінде
тану, оның пікірімен санасу, құрметтеу;
дербестілік ұстанымы, оқушының бойындағы өзіндік ұмтылысты, іс-
әрекетті және басқа да тұлғалық сапаларын айқындауға, өзін-өзі көрсете білуге ұмытысы мен қызығушылығын тудыру;
ізгіліктілік ұстанымы, ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара
түсінушілік, өзара байланыс орнату, қателерді түзету барысында зерттеу нәтижелерін пайдалану
Оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауға көзқарасын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама, оқушының эмоционалдық көңіл-күйімен қатар оқу тапсырмаларын орындауға деген көзқарасын анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оқушылардың тапсырманы орындауға қызығушылықтары, тапсырманы орындаудың реттілік тәртібі, не себепті орындайтындықтары, неге үйренетіндіктерін анықтау болды. Жүргізілген сауалнама қорытындысынан, оқушылардың танымдық қызығушылығының қалыптасу деңгейінің төмен екендігін, оқу тапсырмаларын орындауды түсінбеуі,талдау жасауда қиналуы, өзбетінше жұмысқа дағдыланбағаны анықталды.
Кесте 6 – Сауалнама сұрақтары бойынша көрсеткіш
Деңгей
|
1 кезең
|
ЭТ
|
БТ
|
Жоғары
|
8%
|
18%
|
Орташа
|
23%
|
20%
|
Төмен
|
69%
|
62%
|
Сауалнама нәтижесінде жоғары жағымды деңгейді бақылауға алынған 101 оқушының 8% -ы жоғары деңгейді көрсетсе, төмен деңгейді 69% иеленді.
Сауалнама мазмұны:
Қазақ тілінен жаттығуды орындауды неден бастайсың?
Математикадан есепті орындауды неден бастайсың?
Жаттығуды орындаудың реттілік тәртібін білесің бе?
Қай пәндерді қызыға оқисың? Не себепті?
Жаттығу орындау қызықты ма? Неге қызықты? Қызықты болса, дәлелде
Қай пәндер бойынша тапсырманы бірінші кезекте орындайсың? Неге
Жаттығудың құрамын атай аласың ба?
Есептің құрамын ата?
Жаттығуды, есепті орындауға қиналаған кезің болды ма?
Тапсырманы дұрыс орындағанда қандай күйде боласың? Тапсырманы аяқтағаныңа қуанасың ба? Неге?
Кестеден үшінші сынып оқушыларының оқу тапсырмаларын орындауға көзқарасын анықтауға бағытталған тәжірибелік -экспериментте қойылған сұрақтарға оқушылардың берген жауаптарын көруге болады.
Сауалнама мазмұнында берілген «жаттығу» ұғымының мән –мағынасына тоқталып кетуді жөн көрдік.
Мысалы, кең мағынасында жаттығу тек қазақ тілі пәнінде ғана емес, барлық пәндерге ортақ термин деп қарастырған жөн. «Оқулықтағы кез келген тапсырманы жаттығу деп айтуға болады. Жаттығу сөзі өте кең мағынаны білдіретінін естен шығармау керек. Ал есеп- математикалық жаттығулардың ерекше және арнайы түрі» деген.
«Жаттығу-оқушының жаңа материалды түсіну үшін жүргізілетін оқу процесіндегі әдіс» деп көрсетеді.
Жаттығу ұғымын ғылыми әдебиеттерді зерттегенімізде мынадай түсінік береді. «Жаттығу- оқу жұмысында белгілі білім мен дағдыларды игеру үшін белгілі әрекеттерді ұзақ қайталап орындау»; жаттығу – іс-әрекетті меңгерту. Ақыл-ой немесе іс-әрекеттік, тәжірибелік әрекеттердің жоспарлы түрде ұйымдастырылып, қайталай түрлендіре орындалуы [70].
Жаттығулар оқушылардың іскерлік қабілеті, дағдысы жаттығу жұмыстарының процесінде қалыптасады. Жаттығулардың түрлері: ауызша жаттығулар (ауызша есептер шығару, көбейту кестесін есте сақтау, пәндер бойынша ғылыми анықтамаларды еске түсіру т.б.) жазбаша жаттығулар (тіл, математика т.б.) сыныпта, үй жағдайында орындалады.
Жаттығулар білімді бекітудің іскерлік пен дағдыны игерудің және оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі әдісі. Бұл әдісті жаттығу жұмыстарында тиімді қолдану үшін: біріншіден, жаңа материалды әсіресе ережелерді, анықтамаларды, формулаларды саналықпен меңгеру, есте сақтау, екіншіден алған білімге сүйеніп, тапсырмаларды орындау, жаңа мысалдар мен есептерді шығару тәсілдерін іздестіру дәлелдеу.
Жаттығуларды орындау теориялық білім мен іскерлік, дағдыны және оған қатынасты талап етеді. Ол жаңа білімдердің көзі болуымен қатар өтілген теориялық білімдер мен қалыптасқан іскерлік, дағдыны да қамтиды. Жаттығулардың мазмұны, оны орындау технологиясы жеке тұлғаға бағдарлана орындалуы – бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі Оны орындау «талдау-мақсат-теория- жоспарлау- орындау –тексеру –бағалау – ой елегінен өткізу» кезеңдерін қамтуын тиімді деп есептейміз. Себебі үлгі бойынша орындау танымдық іс-әрекетті талап етпейді. Жаттығуды орындау мақсатын оқушы өз беттерімен анықтаса, онда оқушы танымдық іс-әрекет күйіне енеді. Сонымен қатар, жаттығу құрамында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған сұрақтардың жеткілікті қамтылуына назар аударған дұрыс болар еді.
Жаттығулар негізгі қызмет атқарады. Әрбір сабаққа 6-12 жаттығу мөлшерінде есептелген. Бірақ осы жаттығуды оқушыларға ұсыну, орындату міндетті ме, міндетті емес пе? Оны жүзеге қалай асыру әдістемесі толық ойластырылды ма деген сауал алдан шыға береді.
Демек, жаттығу негізгі қызмет атқарса, оның ұғымы оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады деген сай келеді.
Жаттығудың қолдану аясы әр алуан. «Жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылатыны белгілі. Біз жаттығу терминін тапсырма түрінде қолданамыз. «Есеп» термині жаттығудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Математика пәнінде «есеп», тіл пәндерінде «жаттығулар» логикалық, танымдық, шығармашылық, танымдық қызығушылық сипаттарда болып келуі мүмкін. Ол жаттығу мен есептердің талаптарына байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда жаттығуды, есепті түрлендіру көпішілік жағдайларда сұрақтарға тәуелді болып келеді.
Сұрақ деген не? Бұл сөздің әдеттегі сөйлеу мен ғылыми тілде кең қолданылатыны соншалық, оның мәніне педагогикалық сөздікте: сұрақ1) оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар бір-бірімен қарым қатынас барысында ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау деген түсінік беріледі. С.И.Ожеговтың «Орыс тілінің сөздігінде» [160]: «сұрақ» сөзінің үш мәні беріледі: біріншісі – ойдың сөздік тұжырымы, оның тілдік қауызы; екінші мәнінде шындық болмыстың қандай да бір танылмаған құбылысын білдіретін неғұрлым терең мазмұн тән.
Дәстүрлі жағдайда жаттығуды үлгі бойынша орындайды. Талдау негізінде анықталатын сұрақтарға байланысты, жаттығудың танымдық іс-әрекеттері әр түрлі болып келеді. Олай болса, мақсат талдау нәтижесінде анықталған жаттығу талаптарынан туындайды.
Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, тек қана әрекет жеке тұлға қалыптастырудың алғы шарттарын жасайды, олай болса, белсенді қоғамның жасампаз шығармашылық еңбегіне даярлау жеке тұлғаны қалыптастыру үшін соған сай жеке тұлғаның өз әрекеттерін ұйымдастыруы қажет. Біздің ойымызша, әрекеттерді ұйымдастырумен оқушылардың орындайтын тапсырмалары түрлерінің сәйкестігі қажет, оқушы өзін-өзі реттеуші жүйеге айналуы тиіс. Сонымен қатар, оқу тапсырмаларын (жаттығуды, есепті) оқу әрекеті тұрғысынан қарастырғанда мына жағдайлар ескерілуі қажет:
- басшылыққа алатын құжаттарды терең меңгеру,
- оқу әрекеті, әрекет, жеке тұлға теориясын терең білу;
- оқулықтағы тапсырмаларды терең зерттеу;
- оқу тапсырмаларын өтілген тақырыпқа байланыста орындауда басымырақ рольді бірте-бірті оқушыға жолдау;
- жеке оқушының мүмкіндіктерін ескеру, оқу тапсырмасын соған қарай бағыттау;
- оқушыларды жаттығу, есепті талдауға үйрету,
- жаттығудың құрамымен танысу, оның мәнін түсіну,
- жаттығу, есеп құрастыруға үйрету;
- жаттығудан өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтарды тапқызу;
- жаңа тақырыпты игертуге бағытталған сұрақтарды бірінші кезекте орындату, игерту;
- екінші кезекте өтілген материалға байланысты сұрақтарды еске түсіріп, оны орындату;
- оқулыққа жаңа және өткен материалдарға байланысты жаттығуларды бөлек беру.
Жаттығудың нәтижелі болуы оқушылардың қызығушылығын туғызады, сезімдеріне ықпал етеді. Оқушыны шығармашылыққа бағыттайды. Оқушы нені біледі, нені білмейді, нені орындай алады, нені орындай алмайтынын сезінеді. Сондықтан, қазақ тілі оқу бағдарламасында «жаттығу, оның құрамымен таныстыруды» тақырыбын енгізу қажеттілігі туындайды. Оқушы бірнеше жаттығуды орындайды, ал оның жұмыс түрі ретінде құрамын білмеуін дұрыс деп есептеуге болмайды.
Бастауыш сыныптағы жаңа оқу бағдарламасында оқушыларға «есеп және оның құрамы» туралы түсінік беру талабы қойылып отыр. Бұған дейін орын алмаған еді. Дегенмен де, есеп және оның құрамы туралы оқушылардың ұғымы күңгірт болды. Себебі, оқушылар 1-сыныпта алғашқы кезде мұғалімнің басшылығымен «есеп дегеніміз не?» және оның құрамды бөліктерімен (сұрақ, белгісіз, шарт) танысады. Бұл бағдарлама бойынша 1-сыныптың 1-жартыжылдығында қарастырылады. Кейін бұл 2-сыныпта есеп құрамымен таныстыру жалғасын таппай отыр. Кез келген әрекетке жағымды, жағымсыз қатынастарды қалыптастыруда оның мәніне түсіну қажет. Бұл проблеманы шешуде есеп ұғымы негізгі тірек болып саналады.
Айтылған мәселелерді іс жүзінде тексеру мақсатында қазақ тілі, математика пәндері бойынша оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауға қызығушылығын анықтау мақсатында тапсырмалар берілді. Тапсырмалар мазмұны жалпы білім беретін мектептің 3 сыныбына арналған қазақ тілі, математика оқулықтарынан алынды. Тапсырмалардың мазмұны қазақ тілі, математика пәндерінің мазмұнына сүйене отырып жасалды. Бұл тапсырмалар оқушылардың қазақ тілі және математиканың мазмұнынан шығатын пәндік біліктерді және біліктілікті анықтауға бағытталған. Бұл тапсырмалар бірнеше сабақ бойында берілді. Тапсырмалар жеңілден күрделіге өту принципімен жүргізілді Тапсырмалардың көпшілігі күрделірек болды. Яғни, берілген мәтіннен өтіліп жатқан тақырыпқа байланысты жаттығу құрастыру, белгілі саннан есеп құрастыру сияқты және т.б.
Тапсырмалар мазмұны:
1. Сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жаз. Тапсырманы орындау барысында неге үйренесің?
Астық, қонақ, бөбек, өрнек, құрақ, бұлақ, көлік, білек, жүрек, жарық, одақ, терек.
2. Бүгінгі тақырыпқа байланысты мәтіннен жаттығу құрастыр.
Ерулік
Біздің ауылға біраз үй көшіп келді. Оларды жұрт қуанып қарсы алды. Күн сайын әр үй қонаққа шақырып, ерулік берді. Домбыра тартылды, ән айтылды. Жұрт бір-бірімен әзілдесіп, көңілді отырды. Монғолиядан көшіп келген туыстарды біз осылайша қарсы алдық.
3. Жаңа тақырыпқа байланысты жаттығудан етістікті тап.
Мал өрістен келді. Апам биелерді сауды. Ол биелердің сүтінен қымыз ашытты. Біз қымыз іштік. Қымыз денсаулыққа пайдалы. Қалай таптың? Түсіндір.
4. Сәкен жаздыгүні бәрімізден бұрын тұратын. Үй шаруасына көмектесетін. Ол бізді бұлаққа алып баратын. Әуелі кішкентай қарындастарымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындыратын. Содан кейін өзі жуынатын. Сәкен шаруаға ұқыпты болатын.
Сөйлемнен баяндауышты табу неше амалдан тұрады?
5. Есептің құрамын ата
Көп қабатты бір үйде 64 пәтер бар, ал екінші үйде одан 16 пәтер кем. Осы екі үйде барлығы неше пәтер бар?
6. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу неше амалдан тұрады?
7. Кестені толтыр. Берілген тапсырманы орындай отырып, неге үйренесің?
Берілген тапсырмалардың мақсаты мынадай:
Жаттығу деген не?
Мақсаты: оқушылар есеп туралы ұғымды еке түсіре отырып, жаттығу ұғымын бере ала ма, соны анықтау.
жаттығу неше бөлімнен тұрады.
Мақсаты: жаттығу құрамы туралы білім деңгейін анықтау.
Мәтін берілді, жаттығу құрастыр.
Мақсаты: мәтін арқылы жаттығу құрастыру іскерлігін анықтау.
Сұрақ берілді, жаттығу құрастыр.
Мақсаты сұрақ арқылы жаттығу құрастыру іскерлігін анықтау.
Жаңа материалға байланысты жаттығу құрастыр.
Мақсаты-жаңа материалды қалай меңгергенін жаттығу құрастыу арқылы анықтау.
Осындай бағытта бірнеше тапсырмалар берілді. Тапсырмаларды оқушылар өте баяу орындады. Себебі, мұндай бағыттағы тапсырмалар оқулықта жоқ. Оқулықтағы тапсырмалардың көпшілігі «көшіріп жаз, астын сыз, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой және т.б». Алынған материалдарды талдау негізінде тапсырмаларға жауап берген кейбір оқушылардың жауаптарынан үзінді беріп отырмыз.
Кесте 8- Анықтаушы эксперимент барысында эксперимент және бақылау тобы оқушыларының тапсырмаларға берген жауаптары.
Эксперимент тобы 3-сынып
|
Бақылау тобы 3- сынып
|
1. Негізі зат есімдерге –шы, -ші жұрнақтарын жалғап, туынды зат есім жаса. Күй, өрмек, жылқы, егін, балық, ән, сурет, ойын, бас. Астық, қонақ, бөбек, өрнек, құрақ, бұлақ, көлік, білек, жүрек, жарық, одақ, терек Сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жаз. Тапсырманы орындау барысында неге үйренесің?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |