Мектеп алды оқУ Әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері



бет10/21
Дата15.04.2024
өлшемі248.14 Kb.
#498768
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Мухамбетамин Ж

Жоғары деңгей: оқушының жұмысқа деген қызығушылығы тұрақты, оқу тапсырмаларын орындауда танымдық қызметінде белсенді, ынталы, ізденімпаздықпен жұмыс істеуге үнемі ұмтылады. Оқу тапсырмаларын өзбетінше орындай алады, қызығып, құлшыныспен талдайды, мақсатын еркін анықтай алады. Мұғалімге үнемі сұрақ қоя біледі. Өз іс-әрекетін қорытындылай біледі, бағалай алады.
Орташа деңгей: оқушының оқу тапсырмаларын орындауға қызығушылығы тұрақсыз. Жұмыста тек жаңалық, әдіс-тәсілдердің ерекшелігі және оқу материалдарының көрнекілігі ғана қызықтырады. Оқу тапсырмаларын орындауға қатынасады, бірақ мұғалімнен үлгіні және тапсырманың орындау жолдарына нұсқау беруді қажетсінеді. Мұғаліммен материалдан тыс сұрақтарды талқыламайды. Өз іс-әрекетін қорытындылауға қиналады, нәтижелерін бағалауда өз пікірін білдіруге асықпайды.
Төмен деңгей: оқу тапсырмаларын орындауға қызығушылығы жоқ, жалпы білімі, дағдысы төмен. Жаңа білімді іздеуге деген ынтасы жоқ, берілген тапсырманы селсоқ орындайды, оның мақсатын түсінбейді. Оқу тапсырмаларын тек мұғалімнің, оқушылардың көмегімен ғана орындайды. Өзбетінше танымдық қызмет жасауға ұмтылысы жоқ.
Кесте 4 – Оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Деңгейлер

Жоғары

Орта

Төмен

Мазмұндық

Тапсырманы талдау, мақсатын сезіну, мақсатқа жетуді көздеу, жоспарын жасау, нәтижелерін салыстыру, нәтижеге қол жеткізу



Оқу тапсырмаларын өзбетінше талдайды, мақсатын еркін анықтай алады. Мұғалімге үнемі сұрақ қоя біледі. Өз іс-әрекетін қорытындылай біледі, бағалай алады.



Оқу тапсырмаларын орындауға қатынасады, бірақ мұғалімнен үлгіні және тапсырманың орындау жолдарына нұсқау беруді қажетсінеді. Мұғаліммен материалдан тыс сұрақтарды талқыламайды.



Оқу тапсырмаларын селсоқ орындайды, оның мақсатын түсінбейді. Оқу тапсырмаларын тек мұғалімнің, оқушылардың көмегімен ғана орындайды. Өзбетінше танымдық қызмет жасауға ұмтылысы жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет