Мектеп алды оқУ Әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері



бет2/21
Дата15.04.2024
өлшемі248.14 Kb.
#498768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Мухамбетамин Ж

Зерттеудің мақсаты: оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыруды теориялық және дидактикалық тұрғыдан негіздеу және ғылыми негізделген әдістеменің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу обьектісі: бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеті
Зерттеу пәні: оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушылар оқу тапсырмаларын орындаудың әмбебап тәсілдерін (талдау, мақсатты анықтау) саналы түрде меңгерсе, мәніне түсінсе, танымдық қызығушылықтың тиімділігін қамтамасыз ететін дидактикалық негіздері анықталса, ғылыми негізделген әдістемесі дайындалса, онда оқушылардың ынтасы, белсенділігі артып, оқу әрекетіне танымдық қызығушылығын қалыптастыруға болар еді.
Зерттеу міндеттері:
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін айқындау;
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау;
- оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесін дайындау;
-оқушылардың танымдық қызығушылығын оқу әрекетінде қалыптастырудың дидактикалық негіздерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және оның негізінде әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру – оқушының тұлғалық өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға ықпал етеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері таным теориясы, педагогикалық үрдістегі тұлғаның қалыптасу теориясы, әрекет теориясы, оқу әрекеті теориясы, үздіксіз білім алу тұжырымдамасы.
Зерттеудің көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері; Қазақстан Республикасының ресми материалдары (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; нормативтік құжаттар) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламалары 1-4 сыныптар; ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар, мектеп мұғалімдерінің озық тәжірибелері, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік іс- тәжірибесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет