Мектеп алды оқУ Әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері



бет20/21
Дата15.04.2024
өлшемі248.14 Kb.
#498768
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Мухамбетамин Ж

ҚОРЫТЫНДЫ

Бастауыш мектеп дидактикасының бүгінгі көтерер жүгі салмақтана түсуде. Сонымен қатар, бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр. Сонымен бірге, оқу әрекетін бүгінгі күн талабымен үндес қалыптастыру бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық деңгейінің жоғары болуын талап етуде.


Оқу әрекеті бастауыш сыныптарда жетекші әрекет екені мәлім. Өйткені оқу әрекетін қалыптастыру негізі осы кезеңде басталады. Жоғары сыныптарда одан әрі жетілдіріледі.
«Кез келген әрекет талдаудан басталады» деген тұжырым субьектінің өзіне сыни тұрғыдан қарауға негіз болады.
Демек, жаттығуды, есепті орындауды талдаудан бастасақ, нәтижесінде не істеу керек, не белгілі, не белгісіз екендігі анықталады. Сондай-ақ, оқушы нені біледі, нені білмейді, не түсініксіз екендігін өзі -ақ сезінеді, болашақтағы әрекет бағытын белгілейді.
Негізгі құзіреттіліктер түріндегі күтілген кейбір нәтижелер оқушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, сұрақ қоя отырып ақпарат алуға, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйретеді.
Жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы біздің ұсынған ғылыми болжамымыздың дұрыс екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға мүміндік береді:
1 Оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздерін айқындалды;
2 «Оқу әрекеті барысындағы танымдық қызығушылық», «оқу
тапсырмаларына танымдық қызығушылықты қалыптастыру», «оқу тапсырмаларын талдау және мақсатты анықтау» ұғымдарына анықтама берілді.
3. Оқушылардың танымдық қызығушылығын оқу әрекеті барысында қалыптастырудың құрылымдық моделі дайындалды.
4. Оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.
5. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу әрекетіне танымдық қызығушылығын қалыптастыру» атты арнайы курс бағдарламасы әзірленді.
6. «Оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық негіздері» атты әдістемесі сынақтан өткізілді.
Теориялық материалдар мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының негізінде қорытындылар жасай отырып, мынадай ғылыми негізделген әдістемелік ұсыныстар беріледі:
- оқушыларды талдауға, мақсат қоюға үйрету бастауыш сыныптан басталуы тиіс.
- талдау және оқу тапсырмаларының мақсатын анықтауға үйрету барлық пәнде жүйелі жүргізілуі қажет;
- жоғары сыныптарда ұласымдылығы жүзеге асырылуы керек;

  • әмбебап тәсілдері ретінде оқу тапсырмаларын талдаумен оның мақсатын анықтаудың байланыстылығын сақтау қажет.

  • оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады және кез келген әрекет талдаудан басталады деген тұжырымды ұдайы есте сақтау керек.

  • оқу тапсырмаларын талдау мен мақсатын анықтауды қоғам мақсатымен сабақтастыра жүргізген жөн.

  • оқу тапсырмаларын талдау мен мақсатын анықтау тәсілдерін меңгеру оқушыларды танымдық қызығушылығын және оқу әрекетіне жағымды қатынастарды қалыптастыруға ықпал жасайды.

Зерттеу мәселесі күрделі және сан қырлы болғандықтан оның барлық жағын жан-жақты қарастыру мүмкін емес. Болашақта оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемасын шешуде жалғасын табады деп есептейміз.
Зерттеу мәселесі күрделі және сан қырлы болғандықтан оның барлық жағын жан-жақты қарастыру мүмкін емес. Болашақта оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемасын шешуде жалғасын табады деп есептейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет