Мектеп алды оқУ Әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері


Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі



бет14/21
Дата15.04.2024
өлшемі248.14 Kb.
#498768
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Мухамбетамин Ж

2.2 Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі

Эксперименттің үшінші кезеңі анықтау эксперименті жүргізілген Ақтөбе қаласының №19, 38, Шалқар ауданының №3,6 орта мектептерінде жүргізілді. Эксперименттік сыныптарға 101 және бақылау сыныптарына 99 оқушы қамтылды.


Бұл бөлімде оқу әрекеті барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесі қарастырылды.
Бағыт берер басты құжаттарға талдау, оқу бағдарламаларының талаптары тақырыптың көкейтестілігіне күмән болмайтындығын дәлелдеуге ықпал етті.
Зерттеу жұмысында қойылып отырған мақсат жүзеге асса, оқу әрекетін талдау әрбір пәнде орын алуы ықпал ететіні сөзсіз.
Оқу әрекетімен тікелей, жанама зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектерінің нәтижесінің мектеп тәжірибесінде кең орын алу қажеттілігі де анықталды.
Талдау, мақсат қою іскерлігін қалыптастырудың дәстүрлі емес тәсілдері жүйеге келтірілді, тәжірибеде байқауға ұсынылды. Талдау, мақсат қоюға қандай мәселелерге сүйену қажеттілігі нақтылы берілді.
Кез келген міндетті шешуге бағытталған әрекет талдаудан (анализден) басталатыны белгілі.
Демек, оқушыларды талдауға үйрету – негізгі міндеттерінің бірі. Талдауға үйретуде сан алуан тәсілдерді қолдануға болады. Олар:
- күдік туғызатын тапсырмалар ұсыну;
- күдік туғызатын тапсырмаларды күдік туғызбайтын тапсырмаға айналдыру;
- құрамында артық белгісі бар тапсырмаларды орындау;
- құрамы толық емес тапсырмаларды ұсыну;
- құрамы толық тапсырмаларды орындау;
- жарыс ұйымдастыру;
- әңгімелесу;
- ойын түрінде өткізу ( бір оқушы – белгілі, екінші оқушы белгісіз т.б.)
- сұрақтар қою: ` тапсырманы орындар алдында талдайсың ба; әлде
тапсырманы орындауға бірден кірісесің бе ? егер тапсырманың шартында қате болғанда өзіңе қандай сұрақтар қояр едің? Оқу тапсырмаларын дұрыс талдау жасауға жеке басыңның қандай қасиеттері көмектесті ?
Екінші міндеті оқу тапсырмаларын орындаудағы мақсатты анықтау. Мұнда оқушылардың назарына оқу тапсырмаларының мақсаты болмаса, оның мәні де болмайтындығы айтылды. Сондай-ақ, эксперимент барысында оқушыларға тапсырманың мақсатын анықтау: тақырыптың атауы, өтілген материалды қайталау, тапсырманың мазмұнын анықтау т.б. жұмыстар жүргізілді.
Оқушыларды тапсырманың, сабақтың мақсатын анықтауға үйретуде
әр түрлі әдіс – тәсілдер пайдалануға болады:
- cұрақтар қою: оқу тапсырмаларын орындағанда неге үйренесің ?
- оқу тапсырмаларын орындау іскерлігі саған болашақта керек деп ойлайсың ? бұл іскерлік қайда кездесуі мүмкін ?
- тапсырманың мақсатын мұғалімнің анықтауы.
- тапсырманың мақсатын ұжымымен анықтау.
- тапсырманың мақсатын топпен анықтау.
- тапсырманың мақсатын жұп оқушымен анықтауы
- тапсырманың мақсатын жеке оқушының анықтауы.
- жаттығу құрастырып , мақсатын анықтау.
- үй тапсырмасының мақсатын анықтау.
Сонымен қатар, Ақтөбе аймақтық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арнайы курс жүргізілді. Мұнда мұғалімдер танымдық қызығушылықты оқу әрекетінде қалыптастырудың теориясы мен жолдарын «Оқушылардың оқу әрекетіне танымдық қызығушылығын қалыптастыру проблемалары әдістемесі» деп аталатын 36 сағат көлеміндегі курста оқып-үйренді.

Кесте 12 - «Оқушылардың оқу әрекетіне танымдық қызығушылығын қалыптастыру» арнайы курсының тақырыптық жоспары






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет