Оқу әрекеті барысында танымдық қызығушылықты қалыпастырудың мүмкіндіктері
Үздіксіз білім алуға даярлық пен оқушының тұлға ретінде қалыптасуның бір компоненті – оқу әрекетін меңгеру. Оқу әрекетінің мақсаттылығы оқу әрекетінің қалыптасқандығының бір көрсеткіші. Оқу әрекетінің ортақ тәсілдері. Оқу әрекетінің жоспарлылығы. Оқу әрекетінің тұрақтылығы. Оқу әрекетінің дербестілігі. Оқу әрекетінде танымдық қызығушылықты қалыптастырудың мүмкіндіктері
Әмбебап тәсілдердің оқушы қызығушылығын дамытудағы маңызы
Білім беру үдерісіндегі әмбебап тәсілдердің мәні, ерекшеліктері, маңызы. Талдау және мақсатты анықтау тәсілдері, мәні, мазмұны. Әмбебап тәсілдерді қолдану ерекшеліктері. Талдау тәсілдерінің түрлері. Мақсатты анықтау тәсілдерінің түрлері. Оқу тапсырмаларын орындаудағы әмбебап тәсілдерді қолдану жолдары, тәртібі.
Семинар сабақтарының тақырыптары
Оқу әрекетінің құрылымы, компоненттері, оқу міндеттерінің ара қатынасы
Оқу әрекетін қалыптастыруды қамтамасыз етудің әр түрлі аспектілері
Танымдық қызығушылықтың мәні, мазмұндық ерекшеліктері
Оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылықты қалыптастырудың
педагогикалық мүмкіндіктері
Оқу әрекеті барысындағы танымдық қызығушылықты қалыптастыру
тәсілдері, олардың тиімділігі
Әмбебап тәсілдерді қолдану ерекшеліктері
Білім беру үрдісінде пайдалану тәртібі
Осындай дәріс мен семинар тақырыптарынан тұратын арнайы курсқа барлық мұғалімдер қатысты Дәрістер барысында теориялық мәселелерге байланысты көптеген сұрақтар туындап отырды. Ал семинар сабақтары “дөңгелек үстел” түрінде, пікірталас, әңгімелесу арқылы жүзеге асты. Мұғалімдерге әдістемелік құралдар мен нұсқаулар таратылды. Соңғы семинар сабағында кейбір мұғалімдер көрсетілген әдістеме бойынша сабақ үлгісін көрсетті. Жалпы, арнайы курс, зерттеу жұмыстарының нәтижелері мектептердегі оқыту үрдісіне жаңа серпін әкеледі деп сенеміз, мұндай жұмыстар мұғалімнің теориялық білімін ғана емес, әдістемелік тәжірибесінің жетілуіне, жаңаша идея, шығармашылық бағыттың пайда болуына әсері мол.
Соынмен қатар, жоғарыда аталған мектептедің 3-сыныптарында оқу әрекетіндегі оқушылардың оқу тапсырмаларын орындау барысындағы танымдық қызығушылықты қалыптастыру бағытында бірнеше сабақ түрлері өткізілді. Енді сол жүргізілген сабақтардан ішінара үзінді келтіреміз.
Мінекей осындай ретпен барлық пәндер бойынша есеп ұғымының мәнін ашып, кез келген пәнде орындалатын тапсырма есеп екенін дәлелдеу. Осылайша оқу тапсырмаларын орындау барлық пәнге ортақ екендігін түсіндіруге болады.
Келесі кезекте бастауыш сынып оқушыларын есепті орындауда талдау, мақсатты анықтауды меңгертуге бағытталған тәсілдерге көштік.
Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен қоғамның жеке адаммен жан-жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар болсақ, онда осы байланыстың негізі әмбебап тәсілдер болары анық. Өйткені әмбебап тәсілдер оқушыны қажетті ақпаратты өзбетінше алып үйренуге, проблемаларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіруге, алған білімін сыни тұрғыдан талдай білуге, әрбір тапсырманың мақсатын таба білуге, оған жетудің жоспарын жасауға негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |