1.3 Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі және дидактикалық негіздері
Қазіргі педагогика адамзаттың мұқтаждықтарына жауап беретін білім беру мақсаттарына сәйкес қоғамды қайта құру мен прогрессивті дамытудың әлеуметтік рөліне көңіл бөлуде. Сондықтан әлеуметтік ортаның өркениетті дамуы білім берудің мәртебесі мен абырой-беделін арттырғанда ғана мүмкін болмақ. Білім берудің және мақсатқа сай оқытудың арқасында адамның жеке тұлғасы қалыптасады.
Соған орай білім беру сапасы оқушылардың түрлі құзыреттер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілігі түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі.
Ал, білім беру мазмұнының негізгі мақсаты –оның жан-жақты әрі тұтас тұлғаны тәрбиелеудің құралы ретінде оқушылардың оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға, іс-әрекет субьектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы білім берудің жаһандық мақсаты болып табылады.
Қазіргі бастауыш мектептерде қалыптасқан білім беру ісі оқушының бойына дайын білім мазмұнын беруді көздейді. Оқу бағдарламалары, оқулықтар мен әдістемелердің көпшілігі оқушылардың бүгінгі ғылымның әдістері арқылы нақты шындықтағыны меңгеруіне емес, әлі де болса бұрынғысынша пән бойынша дайын ақпарат алуына сүйенеді деген ғалым А.Е.Әбілқасымованың пікірін қолдауға болады. Шынымен де, оқулықтардағы оқу тапсырмалары «көшіріп жаз», «қарамен жазылған сөздердің астын сыз», «көп нүктенің орына тиісті әріпті қой» секілді дайын ақпараттардан тұруда.
Демек, бастауыш сынып мұғалімдері жоғарыда айтылған олқылықтарды болдырмас үшін, оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауға танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әмбебап әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет деп санаймыз.
Оқу тапсырмаларын орындаудағы әмбебап тәсілдердің бұл түрлері білім алушының өзіндік тәжірибесі мен өзбетінше білім алуға жәрдемдеседі. Оқушылар жеке білім алу өрісін құруға, мақсатын қоюға, өзіндік білім алуды жобалауға қатысуға мүмкіндігі бар өз білімінің субьектісі ретінде көрінеді.
Осы айтылған талаптарға сай зерттеу жұмысының бұл бөлімінде оқушылардың оқу тапсырмаларына танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құрылымдық моделі және дидактикалық негіздері баяндалады.
Модель және дидактикалық негіздерге тоқталмас бұрын «оқу тапсырмаларын» ұғымының мәнін ашуға тырыстық.
Тапсырма – танымдық, ізденушілік және шығармашылық үрдістердің бастамасы, алғашқы буыны. Ең бірінші ойдың оянуына, пайда болуына түрткі болатын себеп – осы тапсырмалар. Бірақ мектеп оқулықтарында көп жағдайда оқушыларға репродуктивтік тапсырмалар берумен шектелу басым, ал ондай тапсырмалар оқушының ойлау әрекетін дамытпайды, тек бір мағыналы жауаптарға бағыттайды. Тапсырмалардың аз ғана пайызы оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық қызығушылығын дамытуды көздейді.
Қысқаша педагогикалық сөздікте, оқу тапсырмасы – кез келген білім беру мекемелеріндегі оқыту процесінің құрамды бөлігі деген анықтама беріледі. Оқу тапсырмалары – мазмұны мен көлемі жөнінен әр алуан, оқытушының нұсқауымен орындалатын өзіндік жұмыстың түрлері, оқу үрдісінің ажырамас бөлігі және оны белсендіру құралы.
Оқу тапсырмасы – қандай да бір оқу амалдарын (теориялық немесе практикалық) орындау жөнінде мұғалімнің оқушыға берген тапсырмасының кез келген түрі.
Оқу тапсырмасы – бұл тек қана оқушыға сабақта, не үйде орындауға берілген тапсырма емес, бұл оқушыға проблема түрінде берілген әрекетету, мақсатқа жетудің тәсілдерін меңгеруге қойылған мақсат. Оқу тапсырмасының нақты практикалық тапсырмалардан айырмашылығысол, оның бірінші мақсаты берілген тапсырманы шешеуде оқушының жалпы тәсілдерді меңгеруі, екіншіден нәтиже-жауап алу болып табылады.
Кесте 2- 3-сыныптың математика оқулығына салыстырмалы талдау
Оқулық атауы, авторлары
|
Оқулық атауы, авторлары
|
Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық
Т.К. Оспанов, Ш.Х. Құрманалина, Ж.Т. Қайыңбаев, Б.М. Қосанов, Қ.Ә. Ерешова. Математика
|
Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған оқулық
А.Е. Әбілқасымова, Т.Қ. оспанов, Ә.С. Кенеш, Ж.Қ. Астамбаева
Математика 3 сынып.
|
Барлығы - 1294
|
Барлығы - 713
|
Тарау (тақырыпша) 7
|
Тарау (тақырыпша)-26
|
Қызыл түс –жаңа ұғым және онымен байланысты жаттығу--205
|
Қызыл түс –жаңа ұғым және жаңа ұғыммен байланысты жаттығу--221
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |