Қатар қойылған заттардың арасынан алақаны және тізесімен еңбектеу (заттардың арасындағы арақашықтығы1 м, қатардың арақашықтығы 6 м).
Мақсаты: Нық тепе-теңдікті сақтап, гимнастикалық орындық бойымен тапсырманы орындап жүруге үйрету. Заттардың арасынан алақан және табанмен еңбектеуде заттарға тигізбей қол мен аяқтың жұмысын үйлестіре білуді бекіту.
Ойын: «Балапандар».
Өздерінің әрекеттерін басқа балалардың әрекеттерімен үйлестіру.
|
1
|
27
|
Негізгі қимылдар:
Қатар қойылған заттарды айнала «жыланша» жүгіру
(заттардың арасында арақашықтық 1 м, қатар ұзындығы 6 м).
Қолдары белдерінде гимнастикалық орындық бойымен жүру, қолдарын екі жаққа жайып ортасында отыру. (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см).
Мақсаты: Адымдау тактісіне қолдың жай қимылын үйлестіре, қысқа адыммен заттардың арасынан «жыланша» жүгіруге үйрету.
Жоғары тіреуіште тапсырма орындағанда нық тепе-теңдік сақтауға және басты дұрыс күйде ұстауға жаттықтыру. Допты алға-жоғары лақтыруға, оны саусақтарымен өзіне қыспай қағып ала білуді жетілдіру.
Ойын: «Бірінші бол».
Саптізбекте бір-бірден жүру, жүргізуші бола білу.
|
1
|
28
|
Негізгі қимылдар:
2 м арақашықтыққа қос аяқпен алға қарай секіру
Қатар қойылған заттарды айнала «жыланша» жүгіру (заттардың арасында арақашықтық 1 м, қатар ұзындығы 6 м), аяқтың ұшымен, қолдарын белдеріне қою. Қатарда тұрып бір-біріне фитбол домалату (арақашықтығы 2,5 м).
Мақсаты: Екі аяғымен бір мезгілде екпінмен итеріліп алдыға қарай қос аяқпен секіру және жартылай бүгілген аяқтың ұшымен жерге түсуді үйрету. Заттарды айнала оларды қағып кетпей жүгіруді бекіту (майтабанды алдын ала емдеу — жалпы табанды мықтылау). Бір-біріне фитболды домалатып жаттығу, көз өлшемін дамыту.
Ойын «Қамбадағы тышқандар». Барлық топтың қимылын үйлестіру.
|
1
|
29
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |