Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру



бет22/61
Дата26.01.2023
өлшемі0.74 Mb.
#468782
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
Мектептегі дістемелік ж мысты мазм ны мен оны жоспарлау

Шығармашылық топ жұмысын ұйымдастыру

Оқу- әдістемелік кешенді шығаруға, зерттелетін материалды жинау мен оған талдау жасауға, эксперимент пен тәжірибені жүйелеу мен қорытындылау мәселелерімен мектеп бойынша не бір әдістемелік бірлестік аясында шығармашылық топ (ШТ) жұмыс жасайды.


Белгілі проблемаға байланысты ШТ уақытша құрылады. Оның құрамына осы мәселеге байланысты қызығушылық танытқан ұжым мүшесі енеді. ШТ жұмысын ұйымдастыру үшін беделді, бірінші, не жоғары санаты /категориясы/ бар мұғалімнен басшы тағайындалады. ШТ құрамы ғылыми-зерттеу жұмысына бейімділігі бар, тәжірибелі ұстаздардан құрылады. Сонымен қатар шығармашылықпен жұмыс істейтін жас ұстаздар да құрамда бола алады. Бір оқу жылында ШТ –тың 4 рет отырысы өтеді.
ШТ жұмысының негізгі формасы

  1. Жоба жұмысын қорғау.

  2. Тәжірибелік семинарлар.

  3. Зерттеу лабораториясы.

  4. Ғылыми-әдістемелік конференция.

  5. Ғылыми-педагогикалық фестиваль.

  6. «Жыл мұғалімі» сайысы.

  7. Іскерлік ойын.

  8. «Миға шабуыл».

  9. Дөңгелек стол.

  10. Эксперименттік топтар.

11. Озық тәжірибелі мектеп.
12. Шебер басқару мектебі.


Шығармашылық топ жұмысы мазмұнының үлгісі

  • Қолданылған инновациялық әдіс пен технология негізінде ұжымның педагогикалық тәжірибесінің жетілуі, қалыптасуы, дамуы;

  • Зерттеу, эксперименттік тәжірибе және ғылыми - әдістемелік жұмыстардың міндеттерін анықтау;

  • Зерттеу, эксперименттік тәжірибе жүйесін жобалау және оны іс жүзіне асыру үшін тиімді форманы таңдау;

  • Шығармашылық топтың жоспары мен бағдарламасын білім беру мекеменің ғылыми-әдістемелік, ғылыми – зерттеудің жалпы тұжырымдамасымен келісу, алынған инновациялық нәтиженің білім беру үдерісіне енгізу;

  • ШТ мүшелерімен ғылыми-әдістемелік кеңес және зерттелетін проблемманың әдіснамалық, ғылыми - теориялық негізін меңгеруге кездесулер ұйымдастырып өткізу.

  • Мұғалімдердің танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігін ескеріп, оларға жеке өздігінен білім алу бағдарламасын жасау;

  • ШТ жұмысының нәтижесін анықтауға зерттеу мониторингін жүргізу, алынған материалға /өнімге/ сараптамалық баға беру;

  • Аудандық, қалалық білім беру мекемелеріне, мектепке тәжірибе жұмысын насихаттау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет