Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны



бет21/61
Дата26.01.2023
өлшемі0.74 Mb.
#468782
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Мектептегі дістемелік ж мысты мазм ны мен оны жоспарлау

Нұсқаулық бөлім
Бұл бөлімге мұғалімнің өз қызметіне қажетті оқу-тәрбие үдерісіне байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары (№19,502,570, т.б.) мен әртүрлі жаднамалар кіреді.


Әдістемелік бөлім

  1. Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы, мақсаты мен міндеті. Тақырып жалпы мектеп тақырыбымен байланысты болу керек, бұл әр мұғалім мен бірлестіктің бірігіп қойылған мақсатына жетуге мүмкіндік береді.

  2. Әдістемелік бірлестік құрамындағы мұғалімдер туралы мәлімет.

  3. Әдістемелік бірлестіктің жоспары. Осы тарауға отырысты өткізу күні, теориялық және тәжирибелік сұрақтар, жауапты адамдар енгізіледі. Мұнда әртүрлі сұрақтар деген де бөлім бар. Онда қосымша сұрақтар жазылады, олар да отырыстарда қаралады.

  4. Әдістемелік бірлестік жұмысының секция аралық жоспары /айлармен/ бірлестік жұмыс жоспарынан алып толтырылады. Бөлімдерде: айы, өткізілетін шараның тақырыбы, жауапты, орындалуы туралы мағлұмат бар. Бұл бірлестіктегі мұғалімдердің жұмысын үйлестіріп, әркімнің шығармашылық үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

  5. Оқу жылы бойы әдістемелік бірлестікте қарастырылып, оқылатын нұсқаулардың тізімі. Бұл дер кезінде нормативті құжаттарды, нұсқаулар мен бұйрықтарды оқып-танысуға мүмкіндік береді.

  6. Мұғалімнің жеке жұмыс жоспары. Мұнда әр мұғалімге өз жұмысын нақты жоспарлауға мүмкіндік беріледі. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі мұғалімнің жетістігі мен әлсіз жағын білгендіктен кемшілігін жою үшін оған тақырып пен әдебиет таңдауға көмектеседі. Мұнда №3 кесте (ашық сабақ, бақылау жұмысының қорытындысы, сыныптан тыс шаралар), №4 кесте (мұғалімнің қызметі туралы қосымша мәліметтер), №5 кесте (оқу кабинетінің жұмыс жоспары). Бұл жоспар пән мұғалімнің барлық жұмысын талдауға мүмкіндік береді.

  7. Пән аталығын өткізудің графигі. Бұл графикте өткізілетін орын, уақыт, әр күндегі өткізілетін шаралардың тақырыбы жазылады.

  8. Оқушыны олимпиадаға дайындаудың графигі. Бұл мұғалім жұмысына сипаттама беретін маңызды бөлім.

  9. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды өткізудің графигі (жылдық жоспардан алынып жасалады).

  10. Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс.

Талдау бөлімі

  1. Сыныптағы, топтағы оқушылар туралы мәлімет.

  2. Қатысқан сабақтарға талдау. Мұнда сабаққа қатысқанды толық жазып, қорытынды мен ұсыныс та болу керек.

  3. Жылдық, тоқсандық бақылау жұмысының бағалары. Бұл жалпы үлгерім мен сапаның өзгерісін қадағалау үшін керек.

  4. Емтихан нәтижесі. Бұл кестеге оқушының аты, фамилиасы, сыныбы, билет номері, алған бағасы, мұғалімнің фамилиясы.

  5. Кабинет байқауының қорытындысы. Кабинет байқауы екі жылда бір рет өткізілуі керек (мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық). Бұл кестеге тексеру күні, мұғалімнің фамилиясы, комиссияның қойған балдары, мазмұны деген бөлімге барлық айтылған кемшіліктер жазылады.

  6. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмысына талдау. Талдау нақты болуы керек. Орындалмаған міндеттер болса оның себебі жазылады, оны жоюдың жолы көрсетіледі. Әдістемелік бірлестік жұмысының талдауынан және мектептің жылдық жоспарындағы жалпы міндеттерге сай жаңа оқу жылына жаңа міндеттер қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет