Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Бүгінгі таңдағы әдістемелік қызметтің басты міндеттері



бет5/61
Дата26.01.2023
өлшемі0.74 Mb.
#468782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Мектептегі дістемелік ж мысты мазм ны мен оны жоспарлау

Бүгінгі таңдағы әдістемелік қызметтің басты міндеттері

  • білім беру және әдістемелік жүйенің даму стратегиясын белгілеу;

  • қоғамның интеллектуалды және рухани әлеуетін жетілдіретін шығармашыл тұлға ретінде педагогты дамытатын ғылыми негізделген, соның ішінде әдістемелік қызметтің жүйесін жасау;

  • білім беру мазмұны мен әдістері аясында педагогтардың шығармашылық қызметінің теориялық негіздері мен нәтижелері бойынша мәліметтер қорын құру;

  • білім беруді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуын әдістемелік жағынан қамтамасыз ету;

  • білім берудің өзекті мәселелері және оны жүзеге асырудың әдістемесі бойынша педагогтар мен басшы кадрларға ғылыми-әдістемелік көмек беру;

  • инновациялық қызметтің дамуына түрткі болу;

  • оқу-тәрбиелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың жеке бағыттары бойынша эксперимент алаңдарын, авторлық шеберханалар желісін құру және соның негізінде білім беру мазмұны мен оны жүзеге асыруда сапаға жету мақсатында олардың іс-әрекетіне басшылық жасау, үйлестіру, кеңес беру.

Әдістемелік қызметтің басты идеясы

Бұдан әдістемелік қызмет үлгісі бойынша іс-әрекет көпшілікке арналғанымен де, оның негізі дифференциалдық көзқарасқа негізделгені анықталып тұр.
Яғни, педагогтарға ғылым жетістіктері бойынша хабардар ету үрдісімен қатар әдістемелік қызметтің іс-әрекетінің жаңа бір бағыты –олардың өздігінен білім алу арқылы өз іс-әрекетін жобалау, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және педагогикалық шығармашылығын дамытуда жаңа құзыреттілікті қалыптастыру болып табылады.
Осыдан әдістемелік қызметтің ғылыми жетістіктеріне, педагогикалық тәжірибеге, өзара байланысты білім беру үрдісі мен жүйесінің нақты талдауына негізделген және әрбір педагогтың біліктілігін жан-жақты арттыруға бағытталған біртұтас жүйе екендігін көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет