Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



бет72/89
Дата23.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#487655
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Жырдың құрылысы, тілі
Басқа жырлармен салыстырғанда «Алпамыстың» өзіне тән бір ерекшелігі – оқиғаны шегініспен қатар, диалог арқылы баяндауында деуге болады. Басқа жырларда сирек кездесетін бұл әдіс «Алпамыстың» композициялық ерекшелігі болып табылады.
«Алпамыс» жырында бір оқиғаны әңгімелеп келе жатады да, оны бітірместен екіншісіне көшеді. Осы ретпен жырдың көптеген әңгімелері баяндалады. Кейде оқиғаның неден туғандығы, қандай себептері барлығы бірден айтылмайды, оған соңынан оралады. Гүлбаршынға таласқан хан мен Қаражан әңгімесін немесе Алпамыстың жеті жылдан кейін еліне оралған жайын алайық. Бұл оқиғалардың бәрі шегініс арқылы әңгімеленген. Жырдың жалпы желісін бұзбай, оқиғаны шегініс арқылы баяндаудың композициялық мәні өте зор. Жыршы-ақын тыңдаушы көпшілікті өзіне тартып, жыр оқиғасына қызықтырып отыру үшін шегініс әдісін әдейі жиі қолданған секілді. Белгілі бір оқиғаны шарықтау шегіне жете бергенде үзіп тастап, екінші әңгімеге көшу арқылы тыңдаушыны ынтықтыра түседі; алғашқы оқиғаның немен аяқталарына құмарлық күшейеді.
«Алпамыста» жыр оқиғасы көбінесе диалог арқылы дамып отыратындығын жоғарыда айттық. Диалог түрінде көптеген оқиғалар, адамдардың күйініш-сүйініштері суреттеледі. Жырдың екінші бөлімінде баяндалатын оқиғалар түгелдей дерлік (баласынан айрылған ата-ана, сүйікті жар, аяулы қарындас зары т.б.) диалог түріне құрылған, диалог арқылы сипатталған. Жыр оқиғасын осылай баяндау – «Алпамыстың» өзіне тән ерекшеліктерінің бірі. «Алпамыс» – тіл, өлең құрылысы жағынан да бірсыпыра өзгешеліктері бар жыр. Ең алдымен жырдың сөздігінде қазіргі күнде мағынасы ескірген немесе қолданудан шығып бара жатқан сөздер көп кездеседі. «Апаң сенің шырайыңнан айналсын», «Айналсын сенен шорыңыз» болмаса «Байсары байдың үйіне жүріс қылды» деген тіркестердегі «шырайыңнан», «шорыңыз», «жүріс қылды» дегендер - қазіргі күнде ескірген сөздер.
«Алпамыс» жыры өлең құрылысы жағынан біркелкі емес. Мұнда оқиғаны біресе өлең түрінде, біресе қара сөзбен жырлау мол орын алады. Ал, өлең түрінің өзі кейде жеті-сегіз буынды, кейде он бір, кейде он буынды болып келеді. Басқа жырларда батырлық, ерлік істер көбінесе өлеңнің жыр түрі арқылы суреттелсе, «Алпамыста» оны қара сөзбен, не он-он бір буынды, кейде жеті-сегіз буынды өлеңмен баяндайды. Мұның мәнісі – «Алпамыстың» қазақ өлең құрылысына жыр түрінің енуінен бұрын туғандығында болу керек. Екіншіден, «Алпамыс» – бірнеше халыққа ортақ жыр. Мұның да жырдың қазақ вариантына әсері тигендігі сөзсіз. Өзбектің өлең құрылысындағы он буынды өлеңнің қазақтағы «Алпамыс» жырына әсері тигендігін көреміз. Қорыта келгенде, «Алпамыс» жыры да халқымыздың ертеден келе жатқан мәдени мұрасының бірі.
***
Біз жоғарыда қазақтың батырлар жыры, мөлшермен алғанда, қай кезде туғандығын және қалай дамығандығын қарастырдық. Ерте кезде шығарылған жырлардың ішінен төрт жырды жеке алып талдадық. Ал енді XIX ғасырдан бергі жерде батырлар жырының хал-жайы қандай болғандығын аздап шолып өтелік. Қазақстанда феодалдық қатынастар ыдыраған және капиталистік элементтер ене бастаған дәуірде де батырлар жыры даму процесінде болғандығы байқалады. Бұл кездегі қоғамдық жағдайларға, таптық тілектерге сәйкес батырлар жырының идеялық бағыттарына, тақырыптарына көптеген жаңалықтар енеді. Осы негізде батырлар жырының жаңа түрлері туады, ал ертеден келе жатқан жырлар әр алуан өзгерістерге ұшырайды. Бұлардың қайсысы болса да екі бағытта, атап айтқанда: халықтық және халық мүддесіне жат кертартпа бағытта қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет