Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет23/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65
МҚТ КІТАПША

Корпоративті нормаларға корпоративтік және коммерциялық ұйымдарының жарғыларындағы, ерікті қоғамдар, кәсіподақтар, партиялар құжаттары мен жарғыларындағы нормалар жатады. Құқық нормалары сияқты корпоративтік нормалар арнаулы актілерде көрсетіледі. Олардың айырмашылығы корпоративті нормалар ұйымдарға жататын мүшелердің ғана
мүддесін қорғайды, ал құқық жалпыға тән. Корпоративті нормаларды бұзушыларға ұйымдар жарғысында көрсетілгендей шаралар қолданылады.
Техникалық нормалар дегеніміз адамдардың табиғи заттар мен еңбек құралдарына ұтымды түрде қарау ережелері.
Техникалық нормалардың сапалылығы ретінде құрылыс жұмыстарын орындау ережелерін, шикізатты пайдалану нормаларын, мемлекеттік стандарттарды, техникалық жағдайларды айтамыз.

Техникалық нормалардың мынадай ерекшеліктері бар:


а) реттеу пәні тек әлеуметтік тұрғыдан көрінеді;
ә) «субъективті» құрамы адамдармен ғана емес, сыртқы ортамен, табиғатпен, техникамен байланысты.
Әлеуметтік және техникалық нормалар бір–бірімен тығыз байланысты. Қоғам үшін техникалық нормалардың маңызы зор. Соған байланысты техникалық нормаларды мемлекет және құқық қолдап отырады. Бекітілген техникалық – заңды мінез-құлық ережелері жалпыға міндетті. Техникалық нормаларды бұзу заңды жауапкершілікке тартылумен аяқталады. Мысалы, өндірісте құрылыс жұмыстары қауіпсіздік ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілікгі қылмыстық заңмен қаралады.
Адамдардың бірлескен өмірлік қызметіндегі нормалар халықаралық келісімдерде (конвенцияларда); конституцияларда; әртүрлі партиялардың, ұйымдардың жарғыларында; кодекстерде; заңдарда; моральдық талаптарда; діни салттарда; мәдени дәстүрлерде;саяси міндеттемелерде көрсетілген. Осы нормалардың көмегімен адам өміріндегі барлық қатынастарды реттеп отырады. Әлеуметтік нормалар туылғаннан бастап, қайтыс болғанға дейінгі аралықта қызмет етеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет