«мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»


-тақырып .Құқық ұғымына түсінік, белгілері және қызметтері



бет5/11
Дата11.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#128400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

13-тақырып .Құқық ұғымына түсінік, белгілері және қызметтері


Мақсаты: «Құқық» түсінігі ұғымын, оның белгілері мен қызметтері туралы жекелеген анықтау беру,қоғамдығы маңызын ашу

1.Құқық ұғымы, түсінігі

2.Құқық белгілері

3.Құқық қызметі

1. “Құқық” терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде қызмет бабында қолданылады. Кең мағынасы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандайда пікір қалыптасатыны сөзсіз. Заң ғылымында “Құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады: “Құқық” ресми түрде танылған және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы: адамдардың еңбек етуі, білім алу меншікке ие болу тағы басқа заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайда “Құқық” түсінігі субъект (тұлғалар) мағынасында қолданылады Субъективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мысалы: әр адамның оқып, білім алуға құқығы бар. Сол оқу орынның ішкі тәртібіне бағынуға тиісті..Екіншіден “Құқық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективті мағынада құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен объективтік мағынадағы құқық және нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. “Құқық” туралы Конституцияда былай делінген: Қазақстан Республикасында қолданатын құқық қазақстанның, соған сәйкес заңдардың, өзгеде нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықтық шарттық және өзгеде міндеттерінің сондай -ақ Республика Конституциялық Кеңесінің Жоғарғы Соты

Үшіншіден “Құқық” термині оқу пәнін білдіретін ретінде қолданады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: Конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек , отбасы, азаматтық, қылмыстық құқық тағы басқа. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалардың жиынтығы. Мысалы: азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық нормалар жиынтығы. Қылмыстық құқық – қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Төртіншіден “Құқық” термині тұлғалық құқық пен объективті құқық ретінде қолданады. Осыған байланысты “Құқық жүйесі” деген түсінік бар. Мысалы қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда. Сонымен құқық дегеніміз –мемлекет белгілеген санкциялаған жалпыға бірдей нормалардың жиынтығ



2.Жүйелігі. Құқық бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құбылыс. Оның бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұнда адаммен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік құқық талаптарымен анықталады. Мысалы: адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қаазқстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: “Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ”. Құқықтық жүйенің екінші бөлігі мемлекеттегі қолданатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі субъективтік құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен – бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы: тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асыруы қамтамасыз етілмесе, адамның өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі белгіленіп аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қойған болар еді.

Адамның әлеуметтік құқықтық талаптарының мағынасы оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.

Нормативтік сипаты – құқық негізгі белгілерінің бірі құқық қағидалардан, ережелерден рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез – құлықтары туралы ереже. Сондықтан құқықтық нормалары – тұлғалардың іс - әрекетінің, мінез құлқының үлгісі. Мысалы: әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға, қай дінге жататынын өзі анықтауға, оны көрсетпеуге – көрсетуге хақылы (19 бап).

Формальды анықтамалығы құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқық- оны құрайтын заңдарды, басқада нормативті актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң – ережелер жиынтығы.

Құқықтың ендігі бір белгісі мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемелекет қағидалық жүзеге асырылуына, дұрыс қолдануын қамтамасыз етпесе, солар тек қағаз бетінде ғана жазылып қойылған болар еді. Мемлекет оның органдары тұлғалардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемді жағдай жасайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі. Егерде адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұқса, мемлекет оларды қорғайды.

Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіру. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы халық. Халық билікті тікелей республикалық референдуммен еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай - ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3 бап).

Адам қажеттіліктері сай алуан болуы яғни, байланыстар туындайды. Осы қажеттіліктерді реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз – мінез – құлықтар, жүріс тұрыстың мөлшері, үлгісі.

Мінез –құлық үлгісінің эталоны



3.Құқықтың реттеу фунциясы-нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс –тәсілмен орындалу жолдарын,бағыттарын анықтап отыру. Бұл қызмет екі әдіс –тәсілмен орындалады:біріншісі –құқықтық нормада қатынастын орындалу жолдарын, бағытын көрсету,екіншісі –нормативтік актіде субьектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.

Құқықтың қорғау функциясы –нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Бұл функция әдіс-тәсілдері

-қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау

-құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету

-жауапкершіліктің түрін көрсету

-жасаған қателіктер үшін субьектілерді жауапқа тарту

Құқықтың функциясы дегеніміз- адамдардың іс әрекетіне, мінезіне, тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқылы қатынастардың дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

Құқықтың мазмұнына, нысанына, белгі –нышандарына,функцияларына, қағидаларына жан-жақты түсінік беруді аяқтап, енді құқықтың қоғамдағы құндылығына қысқаша тоқтала кетейік. Құқықсыз қоғам дұрыс емес, прогрестік жолмен жақсы дами алмайды. Құқық пен мемлекет қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, дұрыс басқарып, дамытып келеді.Бұл обьективтік процесс.Құқықтың әлеуметтік құндылығы.



Пысықтама сауалдары:

1.құқық ұғымы ,оның қоғамдағы маңызы

2.құқықтың белгілері

3.нормативтік сипаты

4. формальды анықтылығы

5.құқықтың қызметі

6.құқықтың қызметі түрлер
14- Тақырып. Құқық нормалары

1. Құқық нормасы түсінігі және ұғымы

2. Құқық нормалары түрлері

1.Құқық нормасы — бүл шығу элементі, былайша айтқанда «кірпіш», одан барлық қүқық қүрылған. Объективтік қүқық және қүқық нормалары қатынаста болып, оның толығымен түтас бір-бір бөлігін қүрайды, ал анығырақ—жүйе және оның элементі. Бүл жерде, әрине қүқық қасиеттерімен түтас оның элементтерінің арасына — қүқық нормаларына бірдейлік қоюға болмайды (мысалы, үйдің қасиеті мен сапасын элементтердің өздерінің қүрылған қасиетімен салыстыруға болмайтын сияқты).

Құқық нормаларының қасиеті екі жағдайға байланысты белгі-ленеді:

а) қүқық нормаларының әлеуметтік нормаларға қатыстылығымен;

ә) қүқық нормаларының заңдық табиғатына байланысты. Әлеуметтік нормаларға қатыстылығы — заң нормаларының мынандай сапасын қамтамасыз етеді:

1) ол қоғамдағы адамдардың тәртібін білдіреді;

2) нормативтік қасиеті бар — тәртіптің кейіптік (типтік) өлшемі (эталон; үлгі);

а) адамдардың ортасы кейіптік белгілермен (жасы, есі дүры-стығымен) белгіленген, т.с.с;

ә) тежеусіз сандағы бір кейіпті (типті) оқиғаға есептелген;

б) кезеңдерге байланысты әрекетке кіріседі (әр уақытта, оқиға пайда болғанда, гипотезада көрсетілгендей).

Қүқық нормаларының заңды табиғаттары олардың мынандай арнайы белгілерін белгілейді:

1. Құқық нормасы тікелей мемлекеттеп шығады, не болмаса онымен санкция беріледі.

2. Ол мемлекеттік биліктің нүсқауы.

3. Мемлекеттің күшімен қорғалады, мемлекеттік мәжбүрлеудің мүмкіндігімен іске асырылады.

4. Қүқық нормасы — жалпыға бірдей тәртіп жолы (ол адамдардың бәріне бірдей міндетті, өзіне қатынасы бар адамдардың қоғамдық жағдайларына, заңды үйғарымдарға деген қатынастарынан тәуел-сіз).

5. Қүқық нормаларының формальды белгілігі бар:

а) ішкі үйымдастыру жағынан (ішкі нысандағы) ол дәл болуы қажет және анық үйғарымдарға сай болады;

ә) сыртқы нысандарына байланысты ол қүқықтың арнайы қайнар көзі де болуы керек (нысанда) және нормативтік-қүқықтық актілерде.

6. Ол тәртіптің интеллектуалды еріктегі реттеушісі ретінде әрекет етеді. Мүнда екі жағдайды ескеруіміз керек. Біріншісі, қүқық нормаларының әрекетітетігінің өзімен байланысты.Құқық нормалары адамдардың тәртібін, тек олардың түсінігіне (интеллектуалды сәт) және олардың еркіне өзінің билікті мазмүнымен ықпал ету арқылы реттей алады (ерікті сәт). Екіншісі, құқық нормалары ерікті сипаттан түрады, ол түтасымен қүқық сияқты мемлекеттік ерікті көрсетеді.

7. Құқық нормалары, тәртіпті тікелей реттеуде (ондай нормалар өте көп) рұқсат беру — міндеттеу сипатында болады, яғни қүқық субъектілеріне заңдылық қүқықты беру және оларға заңды мін-деттерді жүктеу арқылы әрекет етеді.

2.Құқық нормалары әртүрлі негіздерге байланысты тұрлерге боліпеді. Бірінші және көбірек белгілі топтастыру — қүқық

нормаларының қай қүқық саласына сәйкестігіне байланысты: азаматтық-қүқықтық нормалар, әкімшілік-қүқықтық нормалар, еңбек қүқығы нормалары.

Заңды нормаларды қүқықтың фукнциясына байланысты реттеушіге және қорғаушыға бөлуге болады. Реттеуші нормалар тәртіпті реттеудің позитивті жағын қамтамасыз етеді, ал қорғаушы — оларды бүзылған кезде қорғайды.

Нормативтік-қүқықтық актідегі жазылу сипатына байланысты заңды басқаруға, міндеттеушіге және тыйым салушыға бөлінеді. Бүл бөлу, жеткілікті түрде шартты, себебі қай норма болмасын, тікелей реттелетін тәртіп, заңды басқару — міндеттеуші сипатта болады. Қүқық жүйесінен арнайы нормалардың тобын бөлуге мүмкіндік бар. Олар өздері тәртіпті тікелей реттемейді, бірақ оларға қүқық жүйесінің байланысы арқылы көмектеседі. Ондай нормаларға мыналар жатады:

а) жалпы нормалар (мысалы, міндетті орындауға жалпы жағдайды жасау, қүқықтық субъектілік нормалар);

ә) дефинитивті (дефиниция нормалары), түсініктерді заңды түрде қүрушы (қылмыстың түсінігі, заңды түлғаның түсінігі, т.б.);

б) декларативтік (принциптер нормалары);

в) оперативтік — қүқық нормаларын жояды, оның әрекетін басқа аяға жаяды, олардың әрекетін созады, т.б.

г) коллизиондық — нормалар арасындағы «коллизиялық» соқтығысуды шешеді, яғни нормалар арасындағы келісімділікті реттейді.

Заң нормалары өздерінің әрекет жасайтын аясына (ортасына) байланысты жалпылық және уақытша болып бөлінеді.

Әрекеттерінің уақытына байланысты — жалпылық (белгісіз уақытқа белгіленген) және уақытша (белгілі уақытта ғана әрекет етуге).

Адамдардың бостандық деңгейіне байлапысты императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.

Біріншісінің мүлдемдік үйғарымы бар, яғни жақтардың ойлануына орын берілмейді. Екіншісі, өз еркімен әрекет жасайды, себебі, жақтардың келісімдері бойынша басқа ештеңе көрсетілмеген.

Заңдылық күшіне байланысты заң нормалары және қосымша актілердің нормалары болып бөлінеді.

Заң нормаларының қүрылысы туралы мәселе — оның қүрылымы туралы. «Құрылыс» — жүйелі келу категориясына жатады және оны жүйенің элементтерінің арасындағы тиімді байланыс ретінде түсінеміз. Дегенмен, қүрылыммен қоса? қандай да болмасын жүйеде оның басқа жағы болады — құрамы, яғни қажетті және жеткілікті элементтер жиынтығы (қүрылыс оларды соған сай байланыстырады). Сондықтан? қандай да болмасын түтас объектінің қүрылымын (жүйені) ашу үшін, оның қүрылысы (элементтердің объектідегі байланыс жолдары) туралы және оның қүрамы — элементтердің өзі туралы айту керек. Алайда, дәстүрлі заң әдебиеттерінде қүқық нормаларының қүрылымы туралы мәселеде тек оның «қүрылысы» туралы сөз болады.

Заң нормалары қүқық жүйесінен шыққандықтан (элемент) өз жағынан жүйе ретінде көрсетеді (мини-жүйе), онда өзінің элементтері мен элементтер арасындағы байланысты табады.

Көңіл аударатын нәрсе, қүқық нормаларының қүрылымы мәселесі, шын мәнісінде, тек тікелей тәртіпті реттейтін нормаларға жатады, яғни өкілетті міндеттеушілерге. Әдебиетте көрсетілгендей, бүл сәт есепке кірмейді. Ал қүқық жүйесінде басқа нормалардың түрлері бар. Мысалы, дефиниция нормалары, принципті нормалар, т.б.

Ертедегі дәстүр бойынша, қүқық нормасынан үш элементті бөліп көрсетеді, оларды «гипотеза», «диспозиция» және «санкция» деп атайды. Гипотезага нормалардың әрекетке араласатын жағдайын көрсететін нормалар бөлігі кіреді (заңды фактілерді сипаттайды).



Диспозиция «нормалардың тәртіп жолының мазмүнын көрсететін, яғни субъектілерде пайда болатын заңды қүқықтар мен міндеттерді көрсетеді» (С. С. Алексеев). Сапкция нормалардың қүқықтық мәжбүрлеу шараларының мөлшерін көрсететін бөлігі, яғни диспозицияны бүзғандығы үшін және ондай келудің сөз схемасы былай көрінеді «егер..., онда..., ал қарсылық жағдайда...».

Құқық өзінің өмірі үшін, заң нормаларының қүрылымына басқаша да келуді қажет етеді. Қүқықтық қатынастардың пайда болуы үшін (өзгерді, тоқтады) екі элемент жеткілікті:

а) белгілі маңызы бар заңды жағдайларға нүсқау;

ә) сол жағдайларды туғызатын қүқықтық нәтижелерге нүсқау;

Сондықтан, егер нормативтік-қүқықтық актілердің сараптау мақсаты қүқықтық нәтижелерді түсіндіру болса, яғни әртүрлі заңды фактілерді түғызса, онда қүқықтық норманың екі элементтен түратын конструкциясы схема бойынша жеткілікті: «егер..., онда...».

Екінші жағынан, үш бөліктен түратын нормалардың қүрылымын анықтап қарасақ, онда тағы да бір элементтің жоқтығын байқауға болады, ол — санкцияның әрекетіне жасалатын жағдай туралы нүсқау. Өйткені, құқықтық қатынастар диспозиция негізінде қалай туса (позитивтік, реттеу қүқықтық қатынастары), тура солай санкцияның негізінде де туады (қорғаушылық, күзетушілік қүқықтық қатынастары). Ал қүқықтық қатынастар пайда болуы үшін, жоғарыда көрсеткендей, кемінде екі элемент қажет. Сондықтан, қүқық нормаларының заңды түтастығы үш емес, төрт элементтен түрады, ал анығырақ айтсақ — нормативтік-қүқықтық үйғарымның схема бойынша екі элементінен түрады: «егер..., солай..., ал егер..., солай...». Бірінші үйғарым бүл схемада реттеуші (позитивті) сипатта, ал екінші — күзетуші (қорғаушы, қамтамасыз етуші). Сондықтан, егер норманың деңгейіне логикалық-заңдық қарау керек болса, онда тек реттеу нормасын ғана емес, соған қоса оның заңды үйғарымды қамтамасыз етуін табамыз, яғни сол үшін норманың екі элементтігіндегі конструкциясын (қүрылымын) пайдаланған жөн.

Мұнда екі, үш, төрт элементтердің конструкцияларын бірін-біріне қарама-қарсы қоймайд ы және соның ішіндегі тек біреуі ғана д үрыс. Заң нормаларының қүрылымы туралы көптеген үмтылыстар бар, оларға үлгінің жиыны ретінде қарап, нормативтік-қүқықтық актілердің мәтініне сараптама жасайтын қүрал деп білеміз, олардың әрқайсысы сол сараптаудағы өз рөлдерін атқаруы тиіс. Көңіл аударатын жағдай, салалық заң ғылымындағы қүқық нормаларының жалпытеориялық конструкциясын (қүрылымын) іске асыру мәселесі туралы көптеген даулар бар. Мысалы, қылмыстық қүқық теориясында, бүл сәт терминологиялық жағынан қүқық нормаларының элементтерін атаумен байланысты, табиғи түрде олардың мазмүндарының мәніне сай. Терминдер: «гипотеза», «диспозиция» және «санкция» екі элементті нормаларды атауға жарамайды, себебі, олар үш бөлікті элементтердің логикалық байланысына сай есептелген. Егер «гипотеза» атауының салыстырмалы мәнді мазмүны болып, екі элементті нормаларды белгілеуге пайдалануға мүмкіндігі болса және оның әрекетінің жағдайын көрсетсе, онда «диспозицияның» және «санкцияның» түсініктеме мазмүны әртүрлі мәнді фрагменттерден қүралады. Диспозиция — бұл:

а) екінші (гипотезадан кейінгі) элемент;

ә) позитивтік қүқықтық нәтижені, позитивті қүқықты және міндетті көрсетуші (тәртіп жөнінің өзін!) элемент;

б) санкциямен қамтамасыз етуді қажет етуші элемент; Ал санкция — бүл:

а) қүқық нормасының «үшінші» элементі;

ә) оның мазмүнында негативті қүқықтық нәтиже бар, яғни мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары;

б) диспозицияның жөнді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған элемент;

в) әрекетке тек бүзылған кезде кіріседі.

Сонымен,нормативтіқүрылымныңбөлігібір-бірімен«байланыста» және әр элементтің мәнді мазмүнын түсіну мүмкін емес, егер олардың басқа элементтермен қарым-қатынасын түсінбесек. Сондықтан, қылмыстық-қүқықтық нормалардың екі элементті бөлігіндегі тыйым салу нормасын «гипотеза және санкция» ретінде қараудың негізі жоқ. Егер көрсетілген жауапкершілік мөлшерін диспозиция есебінде қабылдасақ, неге ол негативті сипатта және сол диспозицияның іске асырылуын қамтамасыз ететін санкциясы қайда? Егер ол санкция болса, онда неге гипотезадан кейін әрекетке, диспозиция жоқ болса, санкция кірісуі керек және оның бүзылуына да байланысты? Тағы да негізге азырақ қана жататын тыйым салу нормасының элементтерін диспозицияға және санкцияға жатқызу, себебі гипотеза қүқық нормаларының міндетті компонеті (бөлігі).

Сондықтан, заңды нормалардың екі элементті қүрылымынан гипотезаны, диспозицияны, не санкцияны іздемей, сол жағдайлардың заңды маңызы бар жағдайларды көрсететін элементті іздеу керек және сол жағдайларды тартқанына байланысты пайда болған қүқықтық нәтижелерді көрсететін элементтерді іздеу қажет.

Ең қызығы элементтің санкция әрекетінің жағдайын көр-сететін үш бөлікті конструкциясының (қүрылымының) жоқтығына байланысты, ол соған сай ешқандай атаумен белгіленбеген. Тәуелсіз қорғау нормаларында, мысалы Қылмыстық кодекстің баптарында ол элемент орнына келтірілген (қылмыстық қүқық санкциясының әрекет ету жағдайы). Осыған байланысты мынандай қорытындыға келуге болады: қүқық нормаларының үш бөлікті конструкциясындағы элементтердің біреуі де оған сай келмейді. Санкцияның әрекет ету жағдайы туралы жәй айту керек, не болмаса жаңа атау кіргізу қажет.

Пысықтау сұрақтары:


  1. Құқық нормалары түрлері және түсінігі

  2. Құқық нормалары белгілері

  3. Ќұќыќ нормаларының ќұрылымы


15- Құқықтың қайнар көздері

Мақсаты: Құқықтың бастауы оның маңызы

  1. Құқықтың қайнар көзі және оның жіктелуі

Құқықтың әлеуметтік реттеуші ретіндегі объективтік қасиетіне формальды белгілік (определенность), яғни нысандағы белгілік жатады. Қүқықтық нормалар міндетті түрде объективті болуы керек, сырттан көрініп, әртүрлі нысандардың мазмүнында болуы тиіс, себебі өмір сүрудің жолы, өмірдің нысандары. Онсыз қүқық нормаларының барлығының жекелігін мойындауға болмайды, олар сырттай объектіленбесе, өзінің тәртіпті реттеу мақсатын орындай алмайтындығы айтпасақ та түсінікті.

Мәселені осылай қойсақ, табиғи қүқықтың барлығына, адам қүқығының бөлінбейтіндігіне қарсы шыққандық болып түсінілуі мүмкін, себебі ондай жағдай, бүрыннан позитивті (жазба) қүқыққа қарсы қойылған. Бірақ, дүниежүзілік тәжірибеде адам қүқығының дамуы мен толық қандылығы олардың жазба қүқығында бекітіліп, нормативтік-қүқықтық актілер арқылы іске асырылу мүмкіндігі көрсетілген. Профессор А. Б. Венгеровтың айтуы бойынша, XX ғасырда қүқықтың белгісіне байланысты табиғи-қүқықтық ережелер мен адамның өмір сүруінен шығатын (оның негізгі қүқығы мен бостандығы) және басқа қүқықтық ережелердің арасындағы өзгешелік жоғалады. Барлық қүқық аясындағы нысан біреу ғана, яғни болады — объективті бекіту барлық тәртіп қүқығының актілерінде және басқа қайнар көздерде көрінетін болады.

Бүрынғы табиғи қүқық аталатын жағдай қазіргі көзқарасқа, ойларға сай қүқықтың объективтік негізін, қоғамның қүқықтық талабын қүрады. Ал мемлекеттің міндеті — бүл мазмүнды ресми актілерге кіргізу.

Құқықты сырттан объективтікке айналдыру проблемасымен көптеген түсініктер және терминдердің байланыстылығына сай соны талдап білу қажет. Мысалы, «қүқық нысаны» мен «қүқықтық нысанды» айыра білу қажет. Құқықтық нысан деп негізінен қүқықтық қүралды атайды (егер олар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жанама түрде пайдаланылса). Мысалы, экономиканы қүқықтық реттеу нысаны.

Қүқықты объективтілікке айналдыру нысанымен, қатар (бұл кезде оны сыртқы нысан деп атайды), құқықтың ішкі нысанын және үйымдастырылуын түсініп, элементтердің байланысу жолдарын (жүйелі келу теориясындағы қүрылымды) зерттейміз.

Қүқық нормаларының сыртқы көрінісін қүқықтың қайнар көзі

деп атайды. Бірақ, бүл термин көп мағынада болады. Қүқықтың қайнар көзін формальды мағынада (қүқық нысаны) былай бөледі:

а) материалды мағынада (қоғамның өмірінің материалдық жағдайы, әр уақытта объективті түрде, қүқықтың пайда болуын, қүқықтық реттеудің қажеттілігін талап етеді);

ә) қүқықтың ғылыми қайнар көзіне өткен доуірдегі заңдардың мәтіндері, жылнамалары, тарихи хроникалары жатады;

б қүқықтың қайнар көзі идеологиялық мағынада — қоғамның қүқықтық санасы, көзқарастар, идеялар, заңды доктриналар.

Тарихи бірінші қүқық нысанына (қүқықтың қайнар көзі формальды мағынада) қүқықтық дәстүр — мемлекет санкция берген дәстүр жатады. Мазмүны бойынша ол шын мәніндегі тәртіптердің жолы, бірақ мемлекеттің — қыстау арқылы іске асыратын мүмкіндігімен пайдаланады: егер үйреншікті күш жүмыс істемесе, оған мемлекет араласады. Әдет-ғүрыптарға мемлекеттік санкция беру екі жолмен жүргізіледі:

а) нормативтік-қүқықтық актіде (әдетке сілтеу) әдет-ғүрыптың негізгі нормаларын бекіту арқылы;

ә) әдет-ғүрыпты сот шешімдерінің нормативтік негізі ретінде пайдалану арқылы. Егер, норма (тәртіп) әдет-ғүрып түгелімен нормативтік-қүқықтық актінің мәтінінде толығымен қайталанса, қүқықтың қайнар көзі (қүқықтық әдет) әдет-ғүрып дербестік қасиеттілікті қабылдамайды: әдет-ғүрып нормалары қазірде нормативті заңды нысанда не сот преценденті ретінде өмір сүреді.

Әдет-ғүрып құқығы ерте кездегі құқық жүйесінің даму мкезеңдерінде үстемдік етті. Дегенмен, ол қазіргі кездегі АҚШ-тың, Англияның, ФРГ-ның қүқықтық жүйелерінде және мүсылман қүқығында пайдаланылады. Әдет-ғүрыптың маңызы Азияның, Африканың және Мұхиттағы даму үстіндегі елдерде жоғары бағаланады. Әдет-ғүрып халықаралық қүқықтың қайнар көзі ретінде БҮҮ-ның 1980 жылғы Тауарларды халықаралық алып-сату конвенциясында мойындалған.

Құқықтың қайнар көзінің екінші түрі — сот прецеденті. Сот прецеденті қүқықтың қайнар көзі ретінде көне Римде (преторлық қүқық) мойындалған. Ондай мойындау орта ғасырда да болған. Қүқықтың қайнар көзі — сот прецеденті қазіргі кезде англо-саксондық жалпы қүқыққа да таралды (Англия, АҚШ, Канада, Австралия). Барлық елдерде сот есебі жарияланады, одан прецеденттер туралы ақпарат алуға болады. Прецедентті қүқықтың қайнар көзі ретінде мойындау — соттағы қүқықтық шығармашылық функцияны мойындау, мүндай жағдайда шын мәнінде жоғарғы қүқықтық мәдениет, сот жүйесі сияқты дамыған қүқықтық сана, демократиялық дәстүр жөніндегі ақпарат жүйесі және әлеуметтік бақылаудың нәтижелері болып табылады.

Соттар прецедентті «тудырмайды», оларды жасап шығармайды. Прецеденттердің көмегімен соттар қоғамда бүрын қүрылған нор-маларды бекітеді. Сот прецедентті қажетті заңның жоқтығынан не сол сияқты бар кезде де қүрады.

Прецеденттер барлық соттармен жасалмайды, тек жоғарғы инстанциядағы соттармен белгіленеді. Англияда ондай ин-стан-циядағы соттарғаЖоғарғы, аппеляциялық және лордтар палатасының соттары жатады.

Ресейдің қүқықтық жүйесінде сот прецеденті арнайы түрде қүқықтың қайнар көзі ретінде мойындалмаған.

Мемлекеттің басқару аясының қызметінде қүқықтың қайнар көзі әкімшілік прецедепт болуы мүмкін.

Сонымен, заң прецеденті (сот не әкімшілік) — сот және әкімшілік шешімдері мүндай жүмыстарды қарағанда үлгі (эталон, үлгі алатын) ретінде пайдаланылды және заңды тәртіпке айналды. Сот прецеденті — бүл соттың шешімі, онда сот ізденіп өз жүмысын шешу үшін жаңа заң нормаларын табады және пайдаланады, яғни прецедент болып аталуы үшін бірегей ғана сот шешімі болуы қажет. Сонымен қатар, «жалпы қүқық» елдерінде прецедент бірнеше соттардың шешімімен қүрылады.

Қүқық нормаларының қайнар коздеріпіц бірілетіпде, яғни үшіншісі ретінде нормативтік-құқықтық келісімді атауға болады.

Барлық қүқықтық жүйелерде келісімдердің маңызы қүқық белгілеуші ретінде мойындалады. Бірақ, оны қүқықтың қайнар көзі ретінде басқа қүқықтық келісімдерден, жекелеген заңды актілерден (мысалы, азаматтық қүқықтағы сату-сатып алу келісімі) айыра білу керек. Себебі, оларда заңды тәртіпті белгілемейді, тек нақты субъектілердің нақты қүқықтары мен міндеттерін белгілейді. Нормативтік-құқықтық келісімдер ретінде субъектілердің өзара сөз байласулары көрінеді, өйткені онда жаңа заң тәртіптері бар. Келісімнің қүқықтың қайнар көзі ретіндегі маңызы халықаралық және конституциялық қүқықтар үшін көбірек қажет, себебі, нарықтық қатынастардың дамуына байланысты азаматтық және еңбек қүқықтарының аясында таралады. Жалпы алғанда, нормативтік-қүқықтық келісімдердің заң нормаларының қайнар көзі ретінде үлкен болашағы бар.

Құқықтың төртінші (ең маңызды)қайнар көзіне нормативті актілер жатады.

Заңды доктриналар (қүқықтық теориялар, қүқық туралы ілімдер) қүқықтың төртінші (ең маңызды) қайнар көзіне жатады. Оның үлкен маңыздылығы Ежелгі Рим қүқығына әсер етті. Белгілі Рим юристеріне соттарға міндетті түсініктеме беруге қүқық берілген. Қазіргі кезде заңды доктриналар мүсылман қүқығының шығу көздеріне айналды. Англиядағы соттар өздерінің кейбір шешімдерін ғалымдардың жүмыстарынан табады, соған сүйенуге тырысады.

Көп елдердегі континентальдық және жалпы қүқықтардың қайнар көздеріне қүқықтың жалпы припциптері (қағидалары) жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет