«мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»


Қүрылымдық қатынас элементтерді жүйеге жинайды, бірақ өздері оларды үстамайды



бет8/11
Дата11.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#128400
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қүрылымдық қатынас элементтерді жүйеге жинайды, бірақ өздері оларды үстамайды.

Бірінші және маңызды қоғамдық қатынастар, қатынастардың жалпылама түрі — адамдардың арасындағы қатынастар (олардың бірліктері). Адамдар, бір жағынан жалпы қасиетке ие, ал екінші жағынан олардың психофизикалық және әлеуметтік қасиеттерінде өзгешеліктер бар. Әлеуметтік жақтар субъектілерінің қасиеттерін іс жүзіне асыру, адамдардың қалай болғанда да қоғамсыз өмір сүре алмайтындығына байланысты алдын-ала белгіленген, өйткені ол әлеуметтік түрмыстың қажетті нысаны.

Бкіпші, маңызды қоғамдық қатынастардың — олардың тығыз түрдегі адамдардың қызметімен диалектикалық байланысы. Бүл байланыс генетикалық, бірін-бірі туғызатын сипатта болады.

Қоғамдық қатынастар және әлеуметтік ерекшеліктер бір-бірімен байланыста болып, екеуінің де пайда болуын және дамуын қамтамасыз етеді. Бір жағынан, қоғамдық қатынастар адамдардың ерекшелігінен пайда болады, олардың тәртіптерінен туындайды. Ал екінші жағынан, қоғамдық қатынастар өз субъектілерінің тәртіптерін белгілейді, қүрайды. «Дегенмен, К. Маркс жазғандай, жеке адамдардың және билік өкілдіктерінің әрекетін белгілейтін қатынастар бар, олар тыныс алу жолдары сияқты бір-бірінен тәуелсіз болады». Бүл сөзден мынандай қорытынды шығаруға болады:

а) қоғамдық қатынастар тәртіп жағынан қарасақ, еркін қүбылыс, себебі олар әрекетті белгілейді;

ә) қоғамдық қатынастар және әрекеттер бір-бірімен байланыстағы қүбылысты көрсетеді.

Көбірек, нақтылы қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік әрекеттің байланыс тетігін (механизмін) мынадан байқауға болады.

Қоғамдық қатынастардың болуы және өмір сүруі, ең алдымен, адам баласының көптік жағдайларына байланысты болуы мүмкін. Өйкені, бүл жағдайда бір адамның қасиетін басқа адамның әлеуметтік қасиеті арқылы өткізуге болады. Дегенмен, адамдардың қасиеттерінің өзекті болуы, кейбір әлеуметтік алдағы қажетті әрекеттердің пайда болуының нәтижесінде, барлық әлеуметтік қасиеттердің жиынтығында бөлініп шығады, бүл өзекті қасиет адамдардың арасындағы қатынасты байланыстырады. Олардың сипаты адамдардағы шын мәніндегі сапаның, қасиеттің, сол әрекетке қабілеттіліктің болуына тікелей байланысты.

Қажетті әрекет аясы белгілі игіліктің керектігімен белгіленеді. Бүл процесс қысқаша былай: белгілі игілікке мүқтаждық — соған сай қажетті әрекет — адамдардың осы әрекетке қажет қасиетін белсепдіру — қоғамдық қатынастар шын мәніндегі әрекеттер — жеткеп игілік.

Қоғамдық қатынастардан шыққан және олармен қамтамасыз етілген, өз жағынан субъектілердің бірлескен әрекеттеріндегі жаңа қатынастардың пайда болуының негізі болу қызметін атқарады. Осы жайында дәлірек айтқан В. М. Соковнин: «Адамды қоғамдық қатынастармен толтыру, былайша айтқанда, сол тетіктің арқасында болуы міндетті, ол сол қоғамдық қатынастарды іске асырады, бүл басқа еш нәрсе емес, адамның өзінің әрекеті» деген болатын. Бүл заңдылық қүқықтық аяда өте анық көрінеді. Әсіресе, заңды маңызы бар тәртіп актілері қүқықтық қатынастардың пайда болуын қамтамасыз еткенде, ал соңғылары, өз жағынан, қүқыққа сай тәртіпті қүрайды. Сонымен, қоғамдық қатынастар маңызды жағдайдағы қаты-настардың түрі ретінде бөлінеді, яғни:

а) адамдар арасындағы қатынастар;

ә) адамдардың әрекеттері арқылы тығыз байланыста болады.

Бірақ, біз қызыққан бағытта олардың жалпы қатынастардан айырмасы жоқ: барлық қатынастардағыдан; қоғамдық қатынастардың ішінде ешқандай элементтер жоқ, соған қоса тәртіптер де. Қатынастың өзі элемент деп айтылуы мүмкін, ондай жағдай қиын әлеуметтік қүрылысты жүйелі талдау кезінде болады. Бірақ, мүндай оқиға, біріншіден, кейінгі көрсетілген жағдайда қатынас ретінде қаралмаған, тек жүйе ретінде қаралған (қатынастар жүйесі, онда оның меншікті қүрылымында, қатынастар арасындағы қатынастар болады); екіншіден, бүл жүйенің элементтерінің аса қиын еместері болады, не болмаса жекелеген қатынастар болады, яғни тағы да солай қатынастар, қалай болса сондай жекелеген объектілер (заттар) емес. Сондықтан да, әлеуметтік байланысты қатал түсінуді, қоғамдағы жалпы қүрылымды философиядағы элементтерге жатқызып, қоғамдық қатынастардың түрі есебінде есепке алу, олардың қоғам өмірінің аясындағы негізін көрсету.

Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың түрлеріне жатады, сондықтан қүқықтық қатынастар қайсысы болмасын қоғамдық қатынастар ретінде (және жалпы қатынастар) өз ішінде ешқандай компоненттерді үстай алмайды. Деғенмен, қүрылым көзқарасына байланысты қүқықтық танымда жекелегендерді талдау дағдыға айналған, жекелеген қүқықтық қатынастар, соның өзінен әртүрлі элементтерді бөлу көзделген. Сондықтан, «қүқықтық қатынастар» деп заңтануда оның меншігіндегі, қүрылым мәніндегі шын мәнісінде қатынастарды түсінеді, қүқықтық қатынастардың элементтері ретінде қүқықтық байланысты емес, сол байланыстың қүқықтық қатынастар түрінде белгіленген қүбылыстың бірлігін айтуға болады.

Басқа сөзбен айтқанда, ол заңдар ғылымы бір түрлі түтастық ретінде өз қүрамына және өзінің қүрылымына ие болады.

Қүқықтық қатынастардың қүрылымын зерттеу, қүқық тео-риясының ішкі жағына талдау жасау, дәстүрлі жолмен «нысан» және «мазмүн» негізінде жүргізіледі. Бүл категориялардың мето-дологиялық мүмкіндігі, шын мәнінде, айқындауға және көптеген маңызды қүбылыстардың заңдылықтарын есте қалдыруға бекітуге мүмкіндік береді. Дегенмен, мүндай жағдайлар:

а) бүл категорияда тек екі көрсеткіш бар: «нысан» және «мазмұн» және қамтамасыз етілген философиялық мағынадағы көп-маңыздылық бар;

ә)қүқықтыққатынастардакөпмаңыздылықсаладағы зерттеудіжәне сипаттауды қажет ететін аспектілер, жақтар қүқық зерттеушілерінің көзқарастарында қүқықтық қатынастардың қүрылымдарына оның нысаны мен мазмүнына сәйкес маңызды қарама-қайшылық пайда болды. Әсер еткен «нысан» мен «мазмүнның» тек жалпы байланыстары және қүбылыстағы заңдыл ықтар, ал нақты түбіне дейін зерттеуде олардың тиімділігі аздау болады. Қүқықтық қатынастарды бөлшектеп зерттеуге көп деңгейде жауап беретін жүйелік жол, жеткілікті мөлшерде категориялық аппараты бар, жүйе түсінігі; элементтердің, қүрылымы, қүрылысы, функциясы, қызыметтендіру мақсаты көрсетілген. Қүқықтық қатынастарды сипаттауға көп уақыттан бері «элемент», «қүрам», «қүрылыс» категориялары пайдаланылады, себебі, қүқықтық қатынастардың кейбір жақтарын бөліп алып, оның нысаны мен мазмүнына толықтырулар жасалады, бүл жалпы философиялық жағынан дұрыс емес. Өйткені, нысан мен мазмүн қүбылысты толығымен қамтиды және одан басқа ол қүбылыста ештеңе жоқ. Элементтер мен нысандар сырттан емес, ішкі бірліктегі нысан мен мазмүндардан ізделуі қажет. Сонымен бірге, жүйелі категориялар оларды бірлікте іс жүзіне асырғанда ғана эффективті болады, яғни жекелеген түрде емес, жүйенің қалпында.



Пысықтау сұрақтары:

1.Құқықтық қатынас түсінігі және ұғымы

2. Құқықтық қатынастың элементтері
20-тақырып. Құқықты жүзеге асыру және оның түрлері

Мақсаты: Құқықты жүзеге асыру орны мен маңызы


  1. Құқықты жүзеге асыру

  2. Құқықты жүзеге асыру жолдары

1.Құқықтық нормаларды басып шығару оңай нәрсе емес. Петр I айтқандай: «Все законы писати, когда их не исполняти».

Іс жүзіне асыру дегеніміз — қүбылысты басқа сапаға айналдыру процесі, оның сапасын қабылдау процесі, белгілі нәтижеге жету мақсатындағы қасиеттер. Бүл процесті қүқыққа қатысты айтсақ: қүқыққа сай тәртіпті сапаға айналдыру, әлеуметтік пайдалы нәтижеге жетудегі қүқықтың қасиетін пайдалану. Қүқықты іс жүзіне асыру процесінің мақсаты — тиімді, ешқандай ауытқымай (заңдылық режимде) қүқық нормаларының үйғарымымен қүқықтық тәртіпке ауыстыру, максималды толық түрде қүқықпен белгіленген мүмкіндікті іске асыру және оның талабын аяғына дейін орындау. Сонымен, қүқықтық нормалар, егер ол шын мәнінде субъектінің қүқықтық тәртібіне кірсе ғана іске асырылады. Сонымен бірге, бүл тезис тікелей тек өкілетті — міндеттеушілік нормаларға қатысты, олар заң нормаларының негізін қүрған болса да, тікелей тәртіпті реттейді. Арнайы (не мамандандырылған) нормалар (декларативтік, дефинитивтік, оперативтік, т.б.) тікелей тәртіппен іс жүзіне асырылады, олар өзінің арнауын жүйелік байланыс өкілетті — міндеттеушілік нормалар арқылы іске асырады, оларға тәртіпті реттеуге көмектеседі.



Құқықты іске асырушы субъектілер — адамдар, қүқықты өзінің әрекет аясына алатындар, яғни қүқық субъектілері. Іске асыру объектісіне заңдар жүйесі, нормативтік-қүқықтық актілер массиві (көлемі) жатады. Профессор Л. С. Явич былай деген: «Қүқықты іске асыру әр кезде тәжірибелік және теориялық проблема емес, ол өркенниеттің алғашқы кезіндегі нағыз қатынастарды күшпен қорғаған кезде де қүқық болмаған, ол болмайды, себебі ол кездегі үстемдікте дәстүрлі қүқық және сот прецеденті болған. Қүқықты іс жүзіне асыру үлкен маңыздылыққа дамыған заң нысандары кезінде ие болды, кең заңдардың жағдайында».

Егер қүқық нормалары қандай болмасын, әлеуметтік нәтижеге жетудің қажеттігін көрсетсе (мысалы, белгілі сападағы өкімді дайындау), ондай нормаларды іс жүзіне асыруға тек субъектінің әрекеті ғана кірмейді, оған сол нәтижеге жету фактілері де кіреді.

Қүқық жүйесін екі блоққа бөлуге болады — қүқықтық шығармашылық және қүқықты іске асырушы. Осыған қоса, қүқықты іске асырушы процестер қүқықтық-шығармашылық

блогында, себебі қүқықтық-шығармашылық әрекеттер де қүқықпен белгіленеді.

Негізінен қүқық нормалары нақтылы қүқықтық қатынастар арқылы іс жүзіне асырылады. Дегенмен, олар қүқықтық қаты-настардың сыртында да іске асырылады: жалпы қүқықтық қүры-лыстың қалпында, нормамен белгіленген қүқықтық субъектілік, себебі, соған байланысты бүл адамдар қүқықтың субъектісі және белгілі қүқықтық жағдайда түр. Мүндай іске асырушылық тек сол оқиғада кездеседі, егер субъектілер өзінің тәртібінде сол заңды фактіні «айналып өтсе», керек емес қүқықтық нәтижелер туғызуы мүмкін және сол субъектілерге заңды міндеттерімен тиімсіз нақтылы қүқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін. Мүнда іске асыру нысаны тыйым салатын нормаларға сай, бірақ онда міндеттеуші қүқық нормаларын іске асыруға мүмкіндік жоқ.

2.Құқықты іске асыру нысандарын әдебиетте дәстүрлі жолмен былай бөледі: пайдалану, орындау (атқару) және сақтау (әдет, не ординарлы нысандар) және іске асырудың ерекше нысанына қүқық нормаларын қолдануды жатқызады.

Пайдалану, атқару және сақтау іске асырылатын нормалардың түрлеріне қарай және қүқықты іске асыратын әрекеттердің сипатына байланысты бөлінеді.

Пайдалану нысанында өкілеттік басқару нормалары іс жүзіне асырылады. Мүнда өкілетті басқарушы іске асыру процесінен өзіне қажетті қасиетті, игілікті алады да, өз мүддесін қанағаттандырады. Пайдалану белсенді, не пассивті тәртіппен орындалуы мүмкін.

Атқару нысанында міндеттеуші нормалар іс жүзіне асырылады, себебі оларды іске асыру белсенділік тәртіпті әрекетті талап етеді.

Сақтау нысанында тыйым салушы нормалар іс жүзіне асы-рылады, олар пассивті тәртіпті (әрекеттен бас тарту) талап етеді.

Құқықты қолдану дегеніміз — арнайы өкілеттік берілген субъектілердің билік әрекеті және ол ерекше нысан ретінде қара-лады.

Қүқықты іс жүзіне асыру әдістері (жолдары) туралы проблемалар — азаматтарда, лауазымды адамдарда, үйымдарда заң нормаларын орындауға, сақтауға деген дәлел қалыптастыру проблемалары.

Пайдалануды іске асырудың нысаны өте күшті қызықтыру-шылықпен қамтамасыз етіледі, мүдде ретінде, өкілеттілік басқару нормаларды мен субъективтік заңды қүқықты үстайды. Дегенмен, мүнда мемлекет міндетті түрде қатынасусыз қалмайды: ол қүқықты пайдалануға жағдайлар жасап, оның қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті. Кеңес үкіметі кезіндегі юриспруденция дәстүрлі жолмен қүқықты іс жүзіне асырудың екі әдісін көрсетті: сендіру әдісі және мәжбүрлеу әдісі. Бүл Лениннің мына сөзіне байланысты: «Прежде всего мы должны убедить, а потом принудить» (Алдымен сендіру керек, сондан кейін мәжбүрлеу керек).

Жалпы айтсақ, қүқыққа мәжбүрлеу қасиеті тән, сондықтан да көпшілік субектілер қүқықтық үйғарымдарды өз еркімен іске асырады, ол сол қасиетін әр уақытта жоғалтпайды. Сонымен бірге, мемлекеттік билік талаптың өз мәнінде орындалуы үшін және сақталуы үшін, мемлекеттің заң нормаларын шығаруы қажет, ол нормалар барлық түрғындардың және оның бөліктерінің мүддесіне сай болуы міндетті. Мүндай жағдай, мемлекеттік ерік пен қүқық субъектісінің еріктерінің арасындағы принципті сай келушілік және қүқықтық тәртіптің сенімді фундаменті болып табылады. Сонымен қатар, мүндай оқиғада мемлекет жағынан қүқыққа сай тәртіпке ояну қажеттілігі сақталады (сонымен қоса мәжбүрлеу), себебі, субъектілердің жекелеген мүдделерімен қоғамдық мүдделердің арасында қарама-қайшылық сақталады.

Қоғам тарихы қүқық субъектілерінің екі классикалық ояну жо-лын біледі — награда беруге сендіру және мәжбүрлеу шарасын қолдануға мүмкіндігін көрсету арқылы қорқыту. Профессор В. В. Лазарев айтқандай, қүқықтық тыйым салу көп жағдайда жағымсыз нәтижелердің болуымен қорқыту арқылы іске асырылады, ал міндеттеу нормалары, адам күшін жүмсауды талап етеді, мем-лекеттік белгілі өтемақыны төлеуге сөз береді.



Пысықтау сұрақтары:

1.Құқықты жүзеге асыру түрлері және түсінігі


21-Тақырып. Құқық нормаларын жүзеге асыру

Мақсаты: Құқық нормаларын қолдану ерекшелігі

1Құқық нормаларын қолдаун түсінігі

2. Құқық нормаларын қолдану белгілері

1.Құқықты қолдану — қүқықты іске асырудың ерекше нысаны. Құқықты қолдану нысанында мемлекет жағы да (нормативтік-құқықтық актілерді шығарғаннан кейін) қүқықтық реттеу процесіне билікпен қосылады.

Қүқықты қолдану тек сол кезде болады, егер заңды нормалар мемлекет органдарының билік ықпалынсыз іске асырылуы мүмкін болмаса.

Осындай оқиғаға мыналарды жатқызуға болады:

а) заңды, маңызы бар жағдайларды арнайы белгілеу қажеттігі (азаматтың сот арқылы өлгені, не хабарсыз кеткені жөнінде ше-шім шығару); ә) диспозиция нормалары жалпы алғанда мемлекеттік-билік үйғарымының жекелеген нүсқауынсыз іс жүзіне асырылмайды (зейнетақыға қүқығы);

б) әңгіме санкцияның іске асырылуы.

2.Құқықты қолдану белгілері:

1) Ерекше субьект — арнайы ерік берілген мемлекеттік орган (лауазымды адам). Тәртіптен бөлектеу бүл қоғамдық орган болуы мүмкін (мысалы, мемлекеттің ерік беруі бойынша кәсіподақтар кейбір еңбек заңдарының нормаларын қолданады). Азаматтар қүқық нормаларын қолдана алмайды, оған қарсы, керісінше көзқарас бар (профессор П. Е. Недбайло);

2) мемлекеттік билік сипаты бар;

3) жекелеген — нақтылы үйғарымдар шығарудағы әрекеттер болады;

4) мемлекет қызметіндегі басқарушылық нысанымен көрінуі;

5) белгілі процедуралық нысанда жасалады: қүқықты қолдану тәртібі арнайы (процедуралық) заңды нормалармен белгіленген. Қүқық жүйесінде түтас процедуралық салалар бар— азаматтық-процессуалдық қүқық және қылмыстық-процессуалдық қүқық;

6) қиын, кезеңді процесс болып көрінеді;

7) шығармашылық сипатта болады;

8) қүқықты қолданудың нәтижесі жекелеген заңды актімен дайындалады — қүқықты қолдану актісімен.

Аталған белгілерді есепке ала отырып, қүқықты қолдануды мемлекеттік билік әрекеті ретінде анықтауға болады, белгілі процедуралық нысандағы хабардар субьектілермен жасалған және заң нормаларын іске асыруға және жекелеген нақтылы шешімдер шығару арқылы ықпал жасауға бағытталған.

Қүқықты қолдану белгілі процесс ретінде бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Жалпы кезең — қандай болмасын процестің кесіндісі (бөлігі), олардыңаралық мақсаты болады, соның күшіне байланысты салыстырмалы бостандықта және біткендікке ие болады.

Негізгілердің есебінде үш кезеңге бөлуге болады:

1) істің факті негізіндегі жағдайын белгілеу;

2) істің заңды негізін қалыптастыру;

3) істі шешу.

Қосымша кезеңдердің орнына қүқықты қолдану актісінің мем-лекеттік мәжбүрлеу арқылы іске асырылуы көрінуі мүмкін.

Бірінші екі кезеңдер дайындалу сипатта болады және олардың бөлінуі жеткілікті түрде шартты. Нағыз өмірде, тәжірибеде оның бәрі қатарласып, бір мезгілде өтеді және қүқық қолданушыға, істің

фактілік жағына, заңдылық жағына баруға тура келеді, яғни біртін-деп, біресе бір жағын, біресе екінші жағын қалыптастырады

Азаматтық-процессуалдық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерде осындай «шындық» кезеңдер көрсетілген.

Фактілер негізіндегі сатының қалыптасуы процесс ретінде дәлелдің барлығын, не заңды маңызы бар жағдайлардың жоқтығы туралы (дәлелдеу пәнін қүрушылардың) фактілер—дәлелдемелердің көмегі арқылы көрсетіліп өтеді. Сондықтан, барлығын дәлелдеу теориясының немен ісі барлығы түсінудің қүқықты қолдану сатысына тікелей қатысы бар.

Екінші саты (істің заңды негізінің қалыптасуы) өзіне мынандай қүқықты қолдану әрекетін қосып алады:

а) қолдануға жататын заң нормаларын таңдау;

ә) нормалардың дүрыстығын тексеру және оның уақытта, кеңістікте және адамдар арасындағы әрекетін білу («жоғарғы» сынау);

б) нормативтік-қүқықтық актінің дүрыстығын тексеру («төменгі» сынау);

в) қүқық нормасының мазмүнын түсіну (талқылау арқылы). Үшіпші саты (заңды істі шешу) бүл бір мезгілдік акт емес, онда

белгілі процесс, ол формальды-логикалық ретінде және мемлекеттік биліктік ретінде болуы мүмкін.

Қүқықты қолдану нәтижесі қүқықты қолдану актісіне сай шы-ғарылады — арнайы міндетті органның актісі — қүжаты, онда жекелеген мемлекеттік биліктің қүқықты қолдану үйғарымы болады.

Барлық қүқықтық актілерді екі үлкен топқа бөлуге болады — нормативтік және жекешелепгеп. Басқа жекеленген актілерден (мысалы, Азаматтық қүқықтағы келісім) қүқықты қолдану актілері мемлекеттік билік сипатымен ерекшеленеді.

Қүқықты қолдану актілерінің нормативтік-қүқықтық актілермен келісімділігі бар:

а) жазбаша акті — қүжаттар екенін көрсетеді; ә) мемлекеттен шығады;

б) заңды күші бар (қүқықтық нәтижелер туғызады, мемлекетпен қорғалады).

Сонымен бірге, олардың маңызды айырмашылығы бар. Егер нормативтік-қүқықтық актілерде мемлекеттік биліктегі жалпы сипаттағы үйғарымдары болса, қүқықты қолдану актілері жеке-шеленген (субъектілеріне сай, олардың қүқықтары мен міндеттері нақтыланған) билік үйғарымы болып саналады.

Қүқықты қолданудың екі тұрі бар — позитивтік және юрисдикциялық.

Позитивтік қүқық қолдану — бүл бүзылғандығы үшін іске асырылмайды, кейбір реттелетін нормалардың міндетті түрдегі өз жөніндегі іске асырылуға қажетті жағдайы. Позитивті түрде қүқық қолдануға мысал болатын, зейнетақы тағайындау, түрғын үйді айырбастау, жер бөлігін беру. Басқаша айтсақ, позитивтік қолдану — бүл қүқық нормаларының диспозициясын қолдану.

Юрисдикциялық қүқық қолдану — бүл санкцияны қолдану (яғни, қорғаушы нормалар), егер диспозиция бүзылса (реттеуші нормалар).

Сонымен бірге, позитивті нормалар әр уақытта болады, бірақ барлық нормаларға емес, ал юрисдикциялық кез келген заң нормаларына қатысы бар, тек ол бұзылса.



Пысықтау сұрақтары:

1. Құқық нормаларын қолданутүрлері

2. Құқық нормаларын қолдану түрлері
22- Тақырып. Нормативтік құқықтық актілерді талқылау

Мақсаты: Нормативтік құқықтық актілерді талқылау ерекшелігі

1.Нормативтік құқықтық актілердің талқылау мақсаты



2. Нормативтік құқықтық актілерді талқылау түрлері

1.Талқылаудың мақсаты — нормативтік-қүқықтық актілерде көрсетілген заңды жолдың нақты мәнін қүқықтық үйғарыммен анықтау болып табылады. Талқылау — бүл нормативтік-қүқықтық үйғарымдардың мазмүнын белгілеп, тәжірибеде олардың іс жүзіне асырылуына қажет әрекеттер.

Белгілеуге мемлекеттік ерік керек, ол объективтік көрінуді және бекітілуді нормативтік-қүқықтық актілердің мәтінінен байқауға болады. Талқылаудың объектісі — заңды нормативтік актілер, жазбаша актілер — қүжаттар, онда қүқық нормалары бар және бүл арадағы қажеттілікке объектінің нысаны арқылы оның мазмүны мен негізіне өту болып табылады.

Талқылаудың стратегиялық мақсаты — қүқық үйғарымдарын қатал заңдылық режимінде тиімді іс жүзіне асыру, яғни ол қүқық нормаларын тәжірибеде іске асыруға қызмет етеді. Нормативтік-қүқықтық актілерді талқылаудың қүқықты қолданудағы, қүқықты іске асыру нысанында ерекше маңызы бар. Сонымен бірге, мем-лекеттік органдардың әрекетіндегі нормативтік-қүқықтық актілерді шығаруға және жүйелеуге тигізетін үлкен маңызы бар.

Қандай оқиғада болмасын, талқылау процесі қалай болмасын, әрекеттегі заң нормаларын өзгертуге, не болмаса жаңасын қүруға қүқық берілмеген. Талқылау интеллектуалды-ойлау процесі, заң нормаларын білуге (тануға) бағытталған, түсіну деп аталады. Түсіну — бүл «өзің үшін» талқылау. Егер талқылау субъектісі әртүрлі нысанда басқа адам үшін түсінудің нәтижесін көрсететін болса, оны түсіндіру деп атайды.

Талқылау бір түсінумен межеленуі де мүмкін, бірақ ондай оқиғада түсіндіру іске асырылады, ал процесс түсіну бірінші саты ретінде нормативтік-қүқықтық актіні талқылаудың жалпы процесіне жатады. Заң нормаларының мәнін дәл түсінуге оның жолында көптеген кедергілер бар, олар арнайы жолдар арқылы күшін жояды — талқылау жолдары.

Негізгі талқылау — түсіну жолдарына мыналар жатады: І.Грамматикалық—филологияныңдеректеріментілтәртіптерінің негізіне сүйене отырып, мәтіннің мәнін түсінуге бағытталған арнайы жолдардың (приемдар) жиынтығы.

2. Логикалық — формальды логиканың заңдары мен жолына негізделген арнайы жолдардың жиынтығы;

3. Арнайы заңдық — заң біліміне негізделген арнайы жолдардың жиынтығы (заңдық түсініктер, атаулар, заңды конструкциялар, қүқықтық реттеу заңдылығы, заңды техниканың жолдары, т.б.).

4. Жүйелік — қүқықтың жүйелілігімен, заңдармен қамтамасыз етілген және талқыланып жатқан нормативтік ережені басқа қүқық жүйесімен заңдар жүйесінің байланысын талдауға бағытталған арнайы жолдардың қосындысы.

5. Тарихи-саяси нормативтік-қүқықтық актілердің шығарылу мақсатын түсінуге, тарихи жағдайларға, әлеуметтік-экономикалық және саяси факторларға талдау жасап, оның шығарылуын қамтамасыз етіп, заң шығарушының еркіне ықпал жасаған арнайы жолдардың жиынтығы. Айтылған талқылау жолдарынан көретініміз, нормативтік-қүқықтық актінің мәтініндегі үйғарымдардың шын мәнін белгілеу, әртүрлі білімділікті талап етеді. Австриялық заңгер М. Дэвистің сөзімен, «Правовой текст значит больше для того, кто больше значит».



2.Талқылаудың түрлері туралы айта отырып, есепке алатынымыз, әңгіме екі түрі туралы, бірақ әртүрлі қүбылыстағы:

а) нәтижелерді түсіну туралы түрлер;

ә) түсіндіру туралы түрлер.

Талқылау — түсіну нәтижесі өзінің көлеміне байланысты нақты шектеуші және таратушы болып бөлінеді. Әдеттегідей, талқылау нәтижесі міндетті түрде нақты болуы қажет, шын мәніндегі нормативтік актілердің мәні (заң шығарушының еркі) және нақты мәтін бір-бірімен толық сәйкес келсе, яғни талқылау жолдарын барлық жиынтығында пайдаланғандық, тәжірибеде сол нәтижені береді, яғни алғашқы заңның грамматикалық мәтінін талқылау.

Шектеуші талқылау сонда орын алады, егер шын мәніндегі норманың мазмүны мәтіндегі дайындалғанымен сәйкес келсе, яғни оқығандағы түсіну нәтижесі көлемдеріне байланысты грамматикал ық талқылауға жатады.

Таратушы талқылау — ақырғы талқылау нәтижесі көлеміне қарай кең нақты мәтіннен (заң шығарушының шын мәніндегі еркі).

Талқылау-түсіндіру субъектіге байланысты сол түсініктерді беретін түрлерге бөлінеді. Сол белгілер бойынша арнайы және арнайы емес болып бөлінеді. Арнайы талқылау:

а) өкілеттік берілген органмен беріледі; ә) арнайы актіде қүрылады;

б) талқыланатын нормалар белгілі орындағы орындаушыларға формаларды, міндеттерді жүктейді.

Арнайы түсіндіру нормативті және казуальды болып бөлінеді.

Нормативті талқылау — түсіндіру нақтылы оқығанмен байланысты емес, талқылайтын нормада көрсетілгендей, барлық оқыл-ғандарға таралады. Нормативті түсіндіруде, жаңа заңды нормалар болмауы міндетті: ол тек қана әрекеттегі нормалардың мәнін түсіндіреді. Нормативті түсіндірмеудің аса маңызы жоқ және толығымен талқыланатын актілердің жағдайын қолдайды: оны тоқтатуы не өзгертуі міндеті, әдеттегідей тоқтатуға, не соған сай арнайы нормативтік түсіндіруге әкеледі.

Егер арнайы нормативтік талқылау-түсіндіру сол актіні шығарған органмен берілсе, онда ол аутентикалық болады (алғашқы шығару көздеріне негізделген, авторлық). Қазақстан Республикасында ондай түсініктемелерді Жоғарғы сот, Парламент, басқа арнайы қүқық қорғау органдары береді.

Егер арнайы нормативтік түсініктеме, оған өкілеттілік берілген органмен берілсе, оны легальды деп айтады (рүқсат етілген, өкілеттіліктегі). Ондай жағдай міндетті органның қалпында өтуі міндетті, яғни түсіндірме берушінің (жүргізушінің). Қазақстан Республикасында арнайы түсініктемені Жоғарғы сот береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет