Үшіншіден, қүқықтық мәжбүрлеуді оның ерекше мақсаты айырып көрсетеді — заң нормаларын орындауға мәжбүрлеу қүқықтың үйғарымы арқылы болады.
Төртіншіден,қүқықтықмәжбүрлеуқүқықнормаларынорындауға, заңды, яғни қүқықтық негізде өткізіледі. Заң үйғарымдарын заңсыз орындауға мәжбүрлеу де болады. Мысалы, оны жасауға ешқандай негізі жоқ жауапкершілікті жүктеу.
Бесінші, қүқықтық мәжбүрлеуге белгілі процедуралық нысан-дар тән, сонда орындалуы міндетті, яғни қүқықтық мәжбүрлеу процесі қүқықпен белгіленген. Бүл процедуралық нысандар әртүрлі жағдайға байланысты әртүрлі, өздерінің қиындық деңгей-імен, дамығандығымен, олардың болуы міндетті. Мысалы, қү-қық жүйесінде кейбір түтас салалар бар, олардың тек бір ғана белгілі мақсаты болады — қүқықтық санкцияны іс жүзіне асыру процедурасының тәртібін белгілеу. Бүған процессуалдық қүқық салалары жатады — азаматтық процессуалдық қүқық, қылмыстық процессуалдық қүқық, т.б.
Қүқықтық мәжбүрлеу шарасын түрлергебөлуге болады. Мүны былай бөлуге болады: превептивті (ескертушілік) шаралар, қүқықтық қорғау шарасы және заңды жауапкершілік. Олар, ең алдымен, өздерінің негіздеріне және мақсатына сай белгілепеді (тағайындау).
Превентивті мәжбүрлеудің заңды негізіндегі жағдайларға, орнына келтіруге болмайтын қоғамға зиян келтіру мүмкіндігін болжайтын ең жоғарғы деңгейдегі жағдайлар жатады. Яғни, мүндай жағдайда заңды презумпция қызмет жасайды, олар өмір тәжірибесінің нәтижесіне негізделген, заңдармен және заң ғылымдарымен біріктірілген. Превентивті шаралардың негізіне табиғи қиыншылықтар да жатады (олармен күресуге транспорттарды реквизиялауға мүмкіндігі бар) және қүқыққа сай тәртіпті (үшақтағы жолаушылардың жүктерін тексеру), жеке адамдарға тиімсіз сипаттама беру (аң аулайтын мылтықтарды алу).
Превентивтік шараларды белгілеудің мақсаты, болуы ықтимал, (презюмируемые) жағымсыз оқиғаның алдын алу. Қорғану шарасының негізіне объективті қүқыққа қарсылық және зиян келтірген әрекеттер, бірақ кінәліге жатпайды. Кінәнің жоқтығы — қорғану шарасының белгісінің сипаты. Тағы да сондай шараларда азаматтық қүқық теориясында «кінәлі емес» заңды жауапкершілік деп атайды және олар азаматтық-қүқықтық қорғану шарасына жатады. Себебі, кінәсіз заңды жауапкершілік болмайды және болуы да мүмкін емес. Азаматтық-қүқықтық қорғану шарасының мысалы мәжбүрлеу, яғни виндикциондық талаптың негізінде тәртіпті қабылдаушыдан заттарды алу.
Қорғану шарасының белгісі — бүрынғы дүрыс қүқықтық ережені орнына келтіру, субъектіні мәжбүрлеу арқылы бүрынғы субъектіге жүктелген, бірақ орындалмаған заңды міндеттерді орындату. Қосымша негативті нәтиже субъекті үшін егер ол объективті түрде қүқыққа қарсы әрекет жасаса болады, бірақ ол негізгі емес, ілесуші сипатта.
Заңды жауапкершіліктің негізіне қүқыққа қарсы кінәлі әрекет жатады — қүқықбүзушылық, сондықтан жауапкершілік шарасы қүқықты орнына келтіру функциясымен өте терең мақсатты көздейді — қорғану шарасында жоқ арнайы қүралдарды пайдалану арқылы қүқық бүзушының санасын өнегелі психологиялыққа өзгерту көзделген.
Заңды жауапкершілік: түсінігі және түрлері
Заңды жауапкершілік, бір жағынан, жалпыәлеуметтік жауап-кершіліктің түрі, басқа түрлер басқа әлеуметтік нормалардың негізінде пайда болады—саяси, мораль нормаларының, корпоративті нормалардың, т.с.с.
Басқа жағынан, заңды жауапкершілік қүқықтық мәжбүрлеу шарасының түрі, сонымен бірге, ол көбірек қаттылау түрі, көбірек деңгейде субъектінің қүқықтық жағдайына тиістілігі бар.
Заңды жауапкершіліктің белгілері:
1) Ретроспективті сипатта, яғни алдыда өтіп кеткен тәртіпке деген реакция, өткен тәртіпке (не кейбір созылмалы оқиғада). Субъект алда болатын тәртіптеріне заңды жауапкершілікке тартылмайды.
2) Заңды жауапкершіліктің негізіндегі тәртіп, міндетті түрде ерекше болуы қажет, яғни бойында қүқық бүзудың белгісін үстауы керек. Кінәлі тәртіп болуы керек. Кінәсіз заңды жауапкершілік болуы мүмкін емес. 3) Заңды жауапкершілік қүқық бүзушының тәртібі әр уақытта мемлекеттік және қоғамдық талқылауымен (негативті бағалау) байланысты.
4) Айыпты сипатта болады. Бүл белгінің мәні сонда, қүқық бүзушыда оның жасаған әрекеттеріне байланысты жаңа заңды міндеттер пайда болады (қүқық бүзғанға дейін болмаған). Қүқықбүзушылық заңды факт, ерекше қорғаушылық қүқықтық қатынастардың тууына әсер етеді (қүқық бүзушы мен мемлекеттің арасындағы), сол қалыпта осы міндеттер пайда болады.
5) Заңды жауапкершілік көнтерілік сипатта болады. Қандай да болмасын міндеттілік-ауыртпалық, бірақ қүқық бүзу нәтижесінде ерекше міндеттер пайда болады — өзіне тиісті және басқа бағдарламаларынан айырғанға көтерімділік көрсету (көну).
6) Заңды жауапкершілікті жүктеу тәртібі заңмен белгіленеді, яғни заң бүл процестің белгілі процедуралық нысандарын белгілейді.
Егер айтылған белгілерді есепке алсақ, ондазаңды жауапкершіл ікті қүқықтық қатынаспен саластыруымыз (қорғаушылық) және ерекше заңды міндеттілікпен қарауымыз қажет. Егер қүқықбүзушылық мемлекетпен сезілмесе, не болмаса белгіленбеген болса, не тауып алынбаған қүқық бүзушы ештеңеге жауапты емес, керісінше, ол жасалған қүқық бүзушылықтың игілігімен пайдалануына болады. Сондықтан, заңды жауапкершілік — міндеттілік емес, қорғаушы қүқықтық қатынастағы оны іс жүзіне асыру процесіне қаты-сқандығы.
Заңды жауапкершіл іктің пайда болуы турал ы басқа да көзқарастар бар:
а) ол қорғаушы қүқықтық қатынаспен қүқық бүзғаннан кейін тоқтамай бірге пайда болады;
ә) негізгі қүқықты қолдану актісін шығарғаннан кейін пайда болады (үкім, шешім), онда барлық заңды жауапкершілікке қажетті кездер тіркеледі.
Заңды жауапкершілік айыптылық (қинайтын) және қүқықты орнына келтіру функциясын орындайды. Профессор О. Э. Лейст осы жөнінде екі функция туралы емес, екі кейіптегі заңды жауапкершілікті айтады: айыптау, ол қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікті және қүқықтық тәрбиелеуді (азаматтық қүқықтық және материалдық жауапкершілік) біріктіреді.
Дәстүрлі түрде заңды жауапкершілікті былай бөлеміз: қыл-мыстық-қүқықтық, әкімшілік-қүқықтық, азаматтық-қүқықтық, жүмысшылардың материалдық жауапкершілігі. Мүндағы көңіл аударатынымыз: а) қүқық салаларына қарағанда жауапкершілік түрі аздау;
ә) әртүрлі салалардың нормаларын бүзғандығы үшін жауап-кершіліктің бір ғана түрі пайдаланылады;
б) бір саланың өзінде бірнеше түрдегі жауапкершіліктер болады (мысалы, тәртіптік және еңбек қүқығындағы материалдық).
Сонымен, бүл топтастыру жауапкершілігінің негізінде салалық белгі жатыр. Өйткені, қүқық жүйесінде салаға бөлу реттеуші нормалардың сипатына байланысты, ал жауапкершілік тікелей қорғау нормаларымен байланысты, себебі олардың жеке табиғаты бар және өзінің заңдылығымен әрекет жасайды. Кейде әмбебап сипатта болады.
Заңәдебиеттеріндеретроспективтізаңдыжауапкершіліктен(болған қүқықбүзушылық үшін) басқа перспективті заңды жауапкершіліктің барлығы туралы көзқарастар қорғалып келген — субъектінің болашақтағы тәртібі үшін жауапкершілік. Мүнда оның позитивті сипаты атап көрсетілген — сол мәнде адам туралы айтқанда, оның «жауапкершілікпен» өзінің міндеттеріне қатыстылығы. Дегенмен, бүл көзқарасқа көптеген қүқықтанушылар қолдау көрсетпеді де, мынаған сілтеме жасады, яғни «позитивті» жауапкершілікте шын мәнісінде заңды мазмүн жоқ: бүл көп жағдайда жалпыәлеуметтік, не этикалық бағыттағы жауапкершілік.
Заңды жауапкершіліктің негізі. Кінә және оның нысандары. Казус
Жалпы бағытта айтуға болатыны, заңды жауапкершіліктің негізіне қүқықбүзушылық жатады. Мүндағы негізгі принцип: қү-қықбүзушылық болмай, заңды жауапркершілік жоқ. Дегенмен, толық және нақты қүбылыс ортасын белгілеуге, әрбір нақтылы оқиға бойынша заңды жауапкершіліктің жүктелгенін білу қажет, соған қажетті заңда арнайы конструкция болады — «қүқықбүзушылықтың қүрамы».
Егер заңды конструкцияны түсінуде тек терминологиялық, сөздік белгілеу түрғысынан қарасақ, қүқықбүзушылықтың ішкі жағын ашуға, қүқықбүзушылықтың элементтерін сипаттауға арналған екен деп ойлауға тура келеді. Алайда, егер сол орта қүбылысын талдасақ, ол өзінің элемент ретінде «қүқықбүзушылықтың қүрамын» қамтитындығын байқаймыз, яғни бүл конструкцияның тіптен басқа орны бар, яғни жеткілікті түрде заңды жауапкершілікті жүктейтін қүбылыс ортасын көрсету керек. Яғни, бүл қүқық қолданушының қолындағы сайман ретінде болады және әрбір нақтылы оқиғада субъектінің заңды жауапкершілігін белгілеуге қызмет етеді.
Дәстүрлі түрғыдан қүқықбүзышылықтың қүрамына оның элементтері ретінде мыналар қосылған:
а) Қүқық бүзудың субъектісі; ә) Қүқық бүзудың объектісі;
б) Қүқық бүзудың субъективтік жағы;
в) Қүқық бүзудың объективтік жағы;
Бүл қүрамынан қүқық бүзудың өзінің элементі ретінде тек субъективтікжәне объективтікжақтарын есептеуге болады. Мысалы: қүқық бүзудың объектісіндегі ерекше заңды Конституцияның, қүқық бүзудың қүрамындағы элементі болғандықтан, қүқық бүзудың өзінің элеметіне жатпайды: объект (оны қоғамдық қатынастар ретінде есепке алған) қүқық бүзуға қарсы түрады, сондықтан оның сыртында болады.
Қүқық бүзудың қүрамындағы элементтерінің бірі: «қүқық бүзу субъектісінің» негізінде кінәлі, қоғамға қауіпті қүқыққа қарсы әрекеттер жасаған адамның деликтоқабілеттілігін шешуге болады.
Деликтоқабілеттілік — арнайы әрекеттілік: заңды жауапкер-шілікпен байланысты адамның міндеттерін іс жүзіне асыруға қажет заңды қабілеттілік. Мысалы, азаматтық қүқықта жеке адамның жалпы әрекеттілігінің пайда болуы үшін, әртүрлі қажетті жағдайлар көрсетілген. Ал қылмыстық қүқықта, оның субъектілерінің әре-кеттілігі олардың деликтоқабілеттілігіне жатады.
Қүқық бүзудың объективтік жағы — егер қүқық бүзушылық сырттан болса, оған мыналарды қосады:
а) қүқыққа қарсы әрекет;
ә) оның қоғамға зиянды нәтижелері;
б) әрекетпен болған нәтиженің арасындағы себепті байланысты-лық.
Қүқық бүзудың субъективтік жағына (себебі және мақсатымен қатар) кінә жатады. Кінәсіз қүқықбүзушылық жоқ және болуы да мүмкін емес. Кінәсіз заңды жауапкершілікті жүктеуді объективтікті бүзудепатайды,оныжіберугеболмайды.ҚазақстанРеспубликасының Қылмыстық кодексінің 19-бабы осы туралы былай көрсетеді: «1. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.
2. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. 3. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады...».
Кінә — қүқық бүзушының өзінің қоғамға зиянды қүқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, соған қоса оның нәтижесіне және қүқық бүзушының ой өрісінің ерекше жағдайы, еркі, оның қоғамның бағалылығына деген негативтік қатынасын көрсетеді.
Кінәсін белгілеу, заңды жауапкершіліктің негізін белгілеу арқылы мемлекет субъектінің бостандық еркінен шығады және оның әртүрлі вариантты алу тәртібін анықтайды.
Кінәлі есебінде мойындауға субъектінің ерекше жағдайдағы ой өрісі және еркі қасақаналық түрінде (нысанда), не болмаса абайсыздық болып бөлінеді, олар ой-өрісінің сипаты мен ерікті кездерімен бөлінеді.
Қасақаналық кінәлі нысаны, егер субъект өзінің әрекетіндегі қоғамдық зиянды (қатерлілігін) түсінсе және сондай нәтиженің болуын күтсе (тікелей қасақаналық), не болмаса біле түра оған жол берсе (жанама қасақаналық) болады.
Абайсыздық нысандағы кінәліліктің қасақаналықтан айырма-шылығы сонда, қүқық бүзушы өзінің тәртібіндегі қоғамдық қауіптілікті мойындамайды. Қылмыстық қүқық теориясында абайсыздық нысандағы кінәнің екі түрін бөліп көрсетеді — қылмыстық-менмендік және қылмыстық-немқүрайдылық.
Егер адам өз іс әрекетінің қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бүл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендігімен жасалған қылмысқа жатады. Егер адам қажетті үқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра, өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқүрайдылықпен жасалған қылмыс болып танылады.
Субъект қоғамға қауіпті (зиянды) кінәсіз әрекеттер жасауы мүмкін, мысалы казусқа (оқиғаға) байланысты. Онда, адам өзінің тәртібінің қоғамға зияндылығын алдын ала білмейді және білуге мүмкіндігі де болмайды, яғни істің жағдайына байланысты алдын ала білуге мүмкіндік болуы да мүмкін емес еді. Бүны жеңуге болмайтын күштен айыра білуіміз қажет, ол да себебі қүқық бүзушының кінәсінің жоқтығын дәлелдейді.
Жеңуге болмайтын күш («форс мажор») — сол жағдайға тосқауыл қоюға мүмкіндігі жоқ күштерге тосын оқиғалар жатады (мысалы, стихиялық жағдайлар: су тасуы, жер сілкінуі т.б.).
Пысықтау сұрақтары:
-
Құқық бұзушылық түсініг және түрлері
-
Заңды жауапкерішілк түсінігі және олардың түрлері
27- Заңдылық және құқықтық тәртіп
Мақсаты: Заңдылық және құқықтық тәртіптің басты қызметі мен ролі
1. Заңдылық түсінігі және ұғымы
2. Құқықтық тәртіп түсінігі және ұғымы
1.Заңдылық — заң нормаларын қатал түрде ауытқымай сақтау және орындау қүқықпен қоса пайда болды, қүқықтық реттеудің негізі сол мәніне байланысты қүқықтан шыққан. Дегенмен, заңдылық — тарихи дамитын қүбылыс: ол қүқықпен және қоғаммен бірге дамыды және өзінің ашықтық түрінде қазіргі кезде ол туралы ойларға жауап береді, ал қүқық тең индивидтердің формалды бостандық өлшеміне айналды. Заңдылық бүл кезеңде идея ретінде, конституциялық принцип ретінде және демократиялық қоғамның өмір режимі ретінде қалыптасты. Мүндай сапада заңдылық нақтылы қүқықтық жүйелердің мазмүнын белгілейді, оның қимылы тек қүқықтық заңдармен байланысады және ол қүқықтық заңдылыққа айналады. Заңдылық демократиямен және қүқықтық заңмен соншалықты тығыз және айырылмайтындай жағдайда. Сондықтан, кейбір авторлардың айтуы бойынша, заңдылық осы кезеңде ғана пайда болды, яғни қүқықпен бірге пайда болғанын мойындағысы келмейді деген сөз.
Заңдылық субъектілеріне қатысты адамдар, оның талаптары таралатындар және оның әрекетінің аясы жөнінде әртүрлі ойлар бар. Мысалы, профессор Н. В. Витруктың ойынша, заңдылық тек заңдарды және тек лауазымды адамдардың орындайтынына қатысты деген түжырымды үсынады. Ол кісінің пікірінше, азаматтар мен және басқа адамдармен заңдарды бүзу, заңдылықты бүзу ретінде көрінбейді, олар тек қүқықтық тәртіпті бүзғанға жататындығын айтқан. Бүл көзқарастың жеткілікті түрде негізі бар. Шын мәнісінде, заңдылықты қүқықтың жалпы міндеттілігімен араластыруға болмайды және оның өмір сүруінің мәні, ең алдымен, заңдармен, қоғамдағы көпшілік — қүқықтық орта қатынасымен байланысты. Заңдылықтың өзіне профессор Н. В. Витрук анықтаманы былай береді: «жүйеге (режимге) мемлекеттің заңдарындағы қүқықтың шын көрінісіне, заңды шығармашылықтың өзіне, қосымша заңдар нормалар шығармашылығына талаптар идеясы». Осы түрғыдан қарасақ, заңдылықты бүзушылыққаКонституцияғазаң нормаларына қайшы ведомстволық актілерді қабылдау.
Профессор В. В. Лазаревтің ойынша, заңдылық субъектілерін лауазымды адамдармен шектеу дүрыс емес: заңдылық принципі жалпылама және басқа бірдеңелерді үстамайды. Заңдылық оның ойы бойынша, барлық аяға таралады (жеке—қүқықтықты қосымша) және басқа да нормативтік-қүқықтық актілерге. Сонымен, профессор В. В. Лазарев заңдылыққа және оның әрекет-қимылының аясына басқа көзқарас үсынады, көңіл аударсақ көбірек таралымды. Осы түрғыдан қарасақ, заңдылық былай анықталады: «қоғам өмірінің қүқықтық режимі, заң нормаларын барлық оның қүқықтық әрекеттіліктері бар қатынасушылармен бүлжытпай сақтау» (профессор Л. И. Спи-ридонов).
Заңдылық принциптеріне әдебиетте мыналарды жатқызады:
а) оның талаптарының жалпылығы; ә) заңның үстемдігі;
б) заңдылықтың бірлігі (біркелкілігі);
в) азаматтардың қүқығы мен бостандығының кепілдігі;
г) қүқық бүзғандығы үшін жазаның болмай қоймайтындығы;
ғ) заңдылықты мақсатқа сәйкестікпен ауыстыруға және бір-біріне қарсы қоюға болмайды;
д) заңдылық пен мәдениеттің байланысы;
2.Құқықтық тәртіп — заңдылық әрекетінің конституциялық және қоғам өмірінің қортындысы, нәтижесі ретінде. Ол өзіне қоғамның қалыптасқан қүқықтық қатынастар жүйесін және қүқыққа сай тәртіпті, сонымен бірге, жалпы қүқық қүрылысының қалпындағы қүқықтық субъектілік туралы нормалар мен белгіленген қүқыққа сай тәртіп актілерін қосып алады.
Құқықтық тәртіп дегеніміз — қоғамдық тәртіптің бір бөлігі, қоғамдық қатынастардың түрақты жүйесі ретінде, тек қүқықтың ғана емес барлық әлеуметтік реттеушілердің әрекетімен қалыптасқан. Қоғамдық тәртіпті қысқа түсінуге болмайды, яғни қоғамдық орындағы қатынастар тәртібі ретінде. Профессор В. В. Лазарев қоғамдық тәртіпті «қоғамдық қатынас жүйесінің сапасы (қасиеті), олар сондай әлеуметтік тәртіптіліктер байланысында, қоғам өмірінің біркелкілігін, келісімділікті қамтамасыз етеді, қоғамдық қатынастар қатынасушыларының кедергісіз, өздерінің қүқығы мен міндеттерінің орындалуына және олардың негізделген ықыласын қорғауға және қоғамдық жеке адамның тыныштығын сақтау көзделген».
Конституциялық заңдылық дегеніміз, шын мәнінде әрекет ететін конституциянализм жүйесі, түтасымен қүқықтық Конституцияны қамтамасыз етуші (профессор Н. В. Витрук).
Конституциялық заңдылықтың болжамы:
а) мемлекеттің негізгі заңы ретінде. Конституцияның өзінің қүқықтық сипаты;
ә) қүқықтық жүйедегі Конституцияның үстемдігі;
б) мемлекеттің барлық аумағындағы Конституцияның үстемдігі. Қазақстанда Конституциялық Кеңес қүрылды, оның алдында
түрған мақсаттары жөнінде Қазақстан Республикасының Кон-ституциясының 72-бабында: «I. 1) дау туған жағдайда Республика Президентінің Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің д үрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;
2) Парламент қабылдаған заңдардың РеспубликаКонституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзде-лген реттерде қорытындылар береді...».
Пысықтау сұрақтары:
1. Заңдылық түсінігі және ұғымы
2. Құқықтық тәртіп түсінігі және ұғымы
28-тақырып. Құқықты реттеу тетіктері
Мақсаты: Бұл тақырып құқықта кездесетін кемтіктерді жою үшін оның жолдарны ашу
1. Құқықтағы кемтік түсінігі және ұғымы
1.Құқықтық негізді қалыптастыру сатысында, қүқықты қолдану процесінде заңдардағы ақтаңдақтардың болуына байланысты кідіріс болуы мүмкін, себебі, фактілер негізіндегі жағдайларға қатысты, қүқықтық реттеу аясындағы нақтылы нормативтік үйғарымның жоқтығынан. Қүқықтағы жетіспеушілікті әлеуметтік ая толығымен реттелмегендіктен, айыра білу қажет, ондай оқиға тек қүқықтық-шығармашылық арқылы жойылуы мүмкін.
Қүқықтағы ақтаңдақтықтың айырылу ерекшелігі сонда, фактілі жағдайларға байланысты нақтылы нормативтік үйғарымның болмауы, жалпы және түтасымен қүқықпен реттелген, заң шығарушы өзінің еркін үқсас жағдайлар арқылы көрсетеді, жалпы қүқық нормалары мен жалпысалалық қүқық принциптері арқылы. Сонымен, ақтаңдақтық — бүл өзінше қүқықтық кеңістіктегі, «жетімсіздік» яғни заң нормаларының ішіндегі, ондай жетімсіздік принципті түрде әлеуметтік аяны қүқықтық реттеудегі жалпы жолдан алынып тасталуы керек.
Заңдардағы жетіспеушіліктің пайда болу себептері туралы көзқарастар бойынша олардың басталуы (первоначальный) және жалғасы (последующий) болып бөлінеді.
Басталуы — тек сонда орын алады, егер қүқықтық реттеуді талап ететін жағдайлар бүрын болса, бірақ заң шығарушы оны сол күйінде жіберіп, нормативтік-қүқықтық актімен қамтыған болса ғана.
Жалғасы—сол уақытта орын алады, егер әлеуметтік аяны реттеу процесінде, пәндегі реттелмеген жаңа қатынастардың пайда болуына байланысты, яғни заң шығарушы ол аяға өз еркін білдіріп қойған. Сонымен, заңдардағы жетіспеушіліктің болуы — заңды қүбылыс, бірақ мүндай жағдайда қүқықтық болжау толық мөлшерде өз жүмысын орындауы қажет.
Принципті түрде, қүқықтағы жетіспеушілік, толық қүқықтық реттелмеушілік ретінде, заң шығарушымен көрінген сайын орнына келтірілуі міндетті. Бірақ, қүқықтың жүйелігіне байланысты, қүқық жүйесінің элементтерінің бір-бірімен тығыз келіскендігіне сай қүқықтағы жетімсіздікті қүқықты іске асыру процесінде де орнына келтіруге мүмкіндік бар, яғни — қүқықты қолдану процесінде.
Профессор С. С. Алексеев осы туралы былай жазады—қүқықтағы жетімсіздікті толтыру—бүл әрекеттегі қүқықты қолданудың арнайы нысаны (әдісі), онда заң шығарушының еркіне сай, заңды істер шешіледі, себебі, олар нақтылы заңның үйғарымында қамтылмаған.
Юриспруденцияда дәстүрлі жолмен қүқықтағы жетімсіздікті толтырудың екі жолы көрсетілген — заң аналогиясы және қүқық аналогиясы. Кейбір авторлар тағы бір жолдың орнына қүқықты субсидиарлық қолдануды үсынады.
Заң аналогиясы (бүл жағдайда, қүқық нормасының аналогиясы деп атау жөн сияқты) көптеген жағдайларды сақтауды көздейді:
а) сол оқиғаның жалпы реттеушілігінің болуы; ә) бара-бар заң нормаларының жоқтығы;
б) үқсас нормалардың барлығы, яғни сол нормалар гипотеза-сындағы жағдайлары көрсетілген, қүқық қолданушының түйіскен жағдайларына үқсас.
Заңды фактілердің үқсастығы сондай нормалардың әрекет жасауына мүмкіндік береді.
Қүқық аналогиясы дегеніміз, аналогия туралы заңды істі шешуде аздаулығын көрсетеді және мынандай жағдайларды сақтауды көздейді:
а) жалпы сол оқиғаның реттелгендігі;
ә) бара-бар заңды нормалардың жоқтығы;
б) үқсас нормалардың жоқтығы.
Әдебиетте көрсетілгендей, мүндай кезде қүқық қолданушы заңды істі шешкенде басынан бастап заңдардың мәнін түсінуі қажет. Тәжірибеде мүны принциптерді (қағидаларды) пайдалану деп атайды — жалпы, салааралық, салалық, институттар принциптерін, олар қүқықта бекітілген, қалай болғанда да пәннің заңдылығын және қүқықтық реттеу тетігін көрсетеді.
Үқсас нормалардың барында үқсастықты пайдалану және үқсас нормалардың барында бара-барлықты пайдалану — қүқықты қолданушының қателігі. Қүқықты субсидиарлық пайдалану («зиЪзісііит» — көмек) — ол сол қүқық нормасының үқсастығы (заң аналогиясы), бірақ басқаға қатысты — туысқан қүқық саласына. Мүндай мүмкіндік, мысалы, азаматтық қүқық нормалары мен отбасы, әкімшілік және қаржы қүқықтарының арасында болады. Түсініктісі сол, субсидиарлық қолданудың мәні болмайды, егер үқсас нормалар сол қүқық саласында болса.
Халықаралық қүқық нормалары бойынша, қылмыстық қүқық аясында аналогияны қолдануға рүқсат етілмейді.
Пысықтау сұрақтары:
1. Құқықтағы кемтік
2. Құқықтағы кемтіктерді жою
29-Тақырып.Қазіргі кездегі құқық жүйесі және заңдар жүйесі
Мақсаты: қоғамдағы құқық пен заңдар жүйесі орны мен маңызы
1. Құқық және заң жүйесі
1. 1980 жылдардың басында қүқықтық ойларды синтездеу қажеттігі туды, яғни жиналған білімдерді біріктіріп, түтас күйіндегі қүқықтық реттеу жүйесін қүру қажеттігі пайда болды.
Көтерілген проблеманы ғылыми шешу тек жалпы жүйе тео-риясының негізінде ғана мүмкін. «Құқық жүйесі» түсінігі барлық қүқық шындығының жалғыз ғана объектісіне жүйелік келуінің нәтижесі ретінде, қүқықтық шындыққа, ең алдымен «жүйе» түсінігінің жүйелік категорияның проекциялық категорияға сай нәтижесі. Қорыта келіп, қажет емес қүқық қатынасының шын-дығынан артық компоненттерді алып тастаумыз міндетті және қажеті жоқ қүрылымның жүйелік табиғатына жауап беретін қажетті жаңасын қалыптастыруымыз керек. Қүқықтық жүйеге элементтерді таңдап алу белгісіндегі оның тікелей мақсаты — тәртіпті қүқықтық реттеу.
«Құқықтық жүйе» түсінігі заңда өте кең мынандай түсініктер қатарына (категориясына) жатады: «қүқықтың үстіндегі қондырма» (правовая надстройка); «қүқықтық шындық (шындық)», т.б. Осы бағытта қүқық жүйесін жүйелі қүқықтан айыруға болады. «Жүйелі қүқық» түсінігі объективтік қүқықтың ішкі жағын, оның қүрамын (элементтерін) сипаттауға және қүрылысын (элементтердің арасындағы тиімді байланысты) ашуға арналған. Біз қүқықтық жүйе туралы айтқанда, объективтік қүқық, ерекшелігі болса да оның элементі ретінде кіреді.
Құқықтық жүйенің элементтеріне және қүқықтық реттеу процесіне не қажет болса, соның бәрі жатады. Дегенмен, авторлар қүқықтық жүйе элементтерінің ортасын кей кезде негізсіз кеңейтеді. Мысалы, профессор Бабаевтың ойы бойынша, қүқықтық жүйеге кіретіндер (заңды) бояуы барлығының бәр. Заңды бояуы (яғни қүқыққа қатынастар) барларға қүқықтық қатынастар жатады. Дегенмен, оны қүқықбүзушылық емес (оның ішінде қылмыстық), қүқықтық жүйенің элементтеріне жатқызуға болады. Объектінің ішіндегінің бәрі бірдей оның элементіне жатпайды. Элемент — бүл қажетті функционалды жүйенің бірі. Ал қажетті жүйенің жеткілікті элементтерінің жиынтығы оның қүрылымы деп аталады.
Көңіл аударатынымыз сол, қүқықтық түсінікті және заң ғылымын түтасымен қүқықтық жүйенің элементтеріне жатқызуға негіз жоқ. Қүқықтық жүйе ғылым үшін көрсету объектісі ретінде, яғни оның сыртында болады. Қүқық жүйесінің элементтерін, бірін қалдырмай санап шығу өте қиын, оған ерекше қажеттілік жоқ. Мүндағы маңыздысы, қүқықтық жүйені таңдап алу принципінің өзі. Оған міндетті түрде кіретіндер қүқық қүбылыстарынан шығатындар және қүқықтық реттеу процесінің жөнді жүмысына қажеттілер. Қүқықтық жүйе — тәртіпті қүқықтық реттеуге қажетті және жеткілікті бір-бірімен байланыстағы қүқықтық қүралдардың жиынтығы. Әрине, бүл — қүқық нормалары, қүқықтық қатынастар, заңды фактілер, қүқықтық актілер (нормативті және жекелеген), заңдылық, қүқықтық сана, қүқықтық мәдениет, қүқықтық субъектілік, қүқықтық мәжбүрлеу шаралары, т.б.
Қүрылым мен қатар (қажетті және жеткілікті элементтердің жиынтығы) қүқықтық жүйенің басқа жағына оның қүрылысы жатады — элементтер арасындағы тиімді келісімдер, өйткені олар
элементтердің бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы өзін көрсетеді. Отандықюриспруденциядақүқықтықреттеукартинасынжүйеліккелу негізінде жасаған түсінік — «қүқықтық жүйе» компаративистикада (салыстырмалы қүқық ғылымында) пайдаланылған, яғни жеке-леген мемлекеттердің қүқықтық реттеуіндегі жалпылықты және ерекшелікті зерттеп, үлттық қүқық жүйесін салыстыру үшін белгілі жақтары алынған (параметрлер) — қүқықтың қайнар көзі, объективтік қүқықты қүру ерекшелігі (қүқықтың қүрылысы), қүқықтық идеология және заңды тәжірибе. Осыған байланысты кейбір біздің қүқықтанушылар отандық қүқық жүйесін жасаған кезде, осы айтылған қүбылыстарға қүқықтық жүйенің (қүрылым) барлық жиынтық элементтерін жатқызған, әрине бүл дүрыс емес. Мүнда, байланысты болса даәртүрлі проблемалардың араласып кетуі болды. Үлттық қүқықтық жүйені және қүқықтық реттеу жүйесінің теориясын жасау проблемасын салыстыру (қүқықтық жүйенің) — бүл әртүрлі проблемалар.
Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 200-дей үлттық қүқықтық жүйелер бар. Үлттық, яғни әрбір мемлекеттің жекелеген қүқықтық жүйелері бар, олар қүқықтық жанүяға бірігеді — жалпы қүқық, роман-германдық, күнделікті — дәстүрлі, мүсылмандық, үндістік. Кейде славяндық қүқықтық жанүя бөлініп шығады. Сол, не басқа қүқықтық жанүяның қалпында қүқықтық жүйе тобы бөлініп шығуы мүмкін.
Роман-германдық қүқықтық жанүяда романдық қүқықты бөліп шығарады (Франция, Италия, Белгия, Испания, Швейцария, Португалия, Румыния, Латын Америкасы елдерінің қүқығы, каноникалық не шіркеу-католиктік қүқық) және герман топтарының қүқығы (ФРГ, Австрия, Венгрия, Скандинавия елдері, т.б.). Англо-саксондық қүқықтық жанүяда англия қүқықтық жүйесін, АҚШ-тың қүқықтық жүйесін және бүрынғы ағылшын тіліндегі колониялардағы Үлыбритания қүқықтарын бөліп айтады.
Классикалық қүқықтық жанүяға жалпы қүқық жанүясы және роман-германдық (континентальдық) қүқық жатады.
Жалпы қүқықтық жанүяда қүқықтың қайнар көзі ретінде сот прецеденттері көбірек пайдаланылады және кодификацияға түспеген салалар тән болады. Бүл қүқықтың негізгі принциптері Англияда XIII ғасырда қүрылып, осы уақытқа дейін сақталған.
Роман-германдық қүқықтық жанүяның тарихи түбірі Рим қүқығына жатады. Негізгі қайнар көздеріне жазылған қүқықтар пайдаланылады, яғни заңды жолдар (нормалар) мемлекеттің заңды актілерінде қалыптастырылған. Дәстүрлі қүқық жүйелері әдет-ғүрып қүқығымен қүрылған (Жапония, Тропикалық Африка мемлекеттері).
Діни қүқықтық жүйелер — мүсылмандық және Үндістік қү-қықтық ой бастаулары. Діни қүқықтық жүйенің негізінде белгілі сенім ілімдері бар. Мысалы, мүсылман қүқығының қайнар көзіне Қүран жатады (исламның ең қасиетті кітабі, онда Мұхаммед пайғамбардың сөздерінен үзінді бар), Сунна (қасиетті Құдайдың өмірі туралы айтылады) және иджма (исламды түсіндіруші, ол талқылаушыларымен қүрылған).
Достарыңызбен бөлісу: |