Мемлекет пен құқық өркениеттің аса зор жетістігі, оның адамзат тарихындағы мәні айрықша


Лекция «Қоғам мен мемлекет» - 2 сағат



бет4/18
Дата26.10.2022
өлшемі213.2 Kb.
#463429
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
darister

3 Лекция «Қоғам мен мемлекет» - 2 сағат


Қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының дамуы процесіндегі олардың бір-бірінен алшақтау үрдісінің нәтижесінде қоғам мен мемлекеттің бастапқы салыстырмалы түрде алғандағы қайшылықты дамуы біртіндеп ығыстырыла бастайды. Мұндай алшақтауға мемлекет ашық немесе жасырын түрде бастамашы болып табылады. Оның қоғамды менсінбей, биіктен қарауы көбінесе соңғысының объективті уағдаласылған мүдделеріне қарамастан, қоғамға жаппай үстемдік етуге ұмтылуынан байқала бастайды. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның идеялары мен қағидаттары осы үрдісті еңсеруге бағытталған. Бұл әлеуметтік институттар дамып келе жатқан демократия жағдайында мемлекет пен қоғамның бір-бірінен алшақтау үрдісінің жағымсыз салдарларын толық көлемде жоймаса да, азайтады.


Мемлекеттің қоғамнан алшақтауы.
Қоғамдық санада, әсіресе оның әдеттегі деңгейінде мемлекет қашан да қоғамның үстінде тұрған институт болып табылады. Мемлекеттің өзі күнделікті қызметінде өзінің рөлі туралы осы бір бұрыс түсінікке мақсатты түрде немесе саналы түрде ойланбастан, байқамай қолдау көрсетеді. Әсіресе мұнда монархиялық және авторитарлық басқару режимін ұстанған мемлекеттер табысқа жетеді. Ал осы кезде қоғамдағы мемлекетке объективті түрде халық агентінің рөлі, қоғамдағы биліктің шынайы көзі – халық қолындағы құралдың рөлі бөлінген.
Алайда пайда болған мемлекет өзі бұл рөлге әрең ене отырып, одан бөлініп шығуға, бастапқыда салыстырмалы түрде, ал кейін мүлдем дербес болуға ұмтылады. Бұған оның бастапқы мақсаты итермелейді, ол дегеніміз – тініне мемлекет қоса өрілген немесе құрылуы қажет болып табылатын қоғамдық жүйені сақтау. Ал қоғамдық өмір қашан да қозғалыста, онда және мемлекеттің өзінде қандай да бір өзгерістер болып жатады, бұл өзгерістер олардың реформаларына сәйкес келуді талап етеді. Бұл мемлекет қоғамдағы аз ғана өзгерістерге өзінің органдарын іштей қайта құру және қызметінің бағыттары мен әдістерін қайта құру арқылы жауап беруі тиіс. Бірақ бұл объективті қажетті процесс мемлекеттің қалыптасып үлгерген құрылымдарының, оларда жұмыс істейтін қызметкерлердің қарсылық көрсетуіне байланысты тежеле бастайды. Бұқараның мемлекетке тигізетін ауытқу ықпалы болмашы болған жағдайда, ол өзін-өзі сақтау мақсатында (ал бұл дегеніміз – ұмтылыс, әрине, тек мемлекет үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген биологиялық және әлеуметтік жүйелер үшін) өзінің әлеуметтік негізі – халықтан алшақтай бастағанын байқап, қоғамға сақтағыш ықпалын тигізе отырып, оған жоғарыдан қарай бастайды. Мұндай мемлекеттік менмендік әсіресе Еуропада шығыстың қатал озбырлығы мен феодалдық абсолюттік кезеңдерінде айқын байқалды. Қазіргі әлем де мемлекеттің қоғамға қатысты демократияға қарсы авторитарлық және тоталитарлық жүйелер кезінде таралған мұндай қарым-қатынасының мысалдарын көптеп біледі.
Өз дамуының белгілі бір сатысындағы қоғамның өнімі ретіндегі мемлекет қалыптасқан немесе дамушы қоғамдық қатынастар жүйесіне сәйкес қалыптасады. Бұл қатынастар жүйесі мемлекеттік биліктің шарты және сонымен бірге объектісі болып табылады. Ол мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажет. Бұл мағынада мемлекет бүтіннің, яғни қоғамның бөлшегі болып табылады. Бұл тұрғыда оның біртұтас әлеуметтік организмнің бөлігі ретінде өзін-өзі дамыту немесе өзін-өзі қирату үшін ішкі импульсы жоқ. Бұл заңдылық өзін-өзі реттейтін биологиялық жүйелер үшін де тән. Тірі организмнің кез келген органы өмір сүреді және биологиялық біртұтас организмнің тіршілік ету процесіне қатыса отырып, өзін шыңдайды.
Мемлекет қоғамның төл туындысы болып табылатындықтан, қоғамның өзі оның дамуына немесе жойылуына түрткі болады. Сондықтан қоғам өзінің демократиялық әлеуетінің арқасында мемлекетке үздіксіз және нәтижелі ықпал ету мүмкіндігін сақтап қалатын жерде ол өзінің ішкі құрылымын, нормативтік негіздерін, бүкіл басқару қызметінің бағыттары мен тәсілдерін жүйелі түрде жаңартуға, өзгертуге мәжбүр. Қоғам өзінің дамымауының, бөлшек-бөлшек болған қайшылықтарының салдарынан бұдан айрылған жерде қисынға қайшы келетін «мемлекет – қоғам» қатынасының орын алуы сөзсіз. «Қоғамда саяси алшақтаудың белгілі бір деңгейінің орын алуы табиғи әрі сөзсіз. Саясаттығы алшақтаудың байқалуын мейлінше азайтуға ғана болады, бірақ оны мүлдем жоқ етуге болмайды».6 Сондықтан бұл алшақтау идеологиялық және ұйымдастырушылық тұрғыдан жасырылып, бүркемеленеді.
Мұндай бүркемелеудің феодалдық монархия жағдайында мүлдем қажеті болмады. Ол кезде қоғамдық сананың дамымауы адамдардың мемлекеттің агент ретіндегі шынайы рөлін түсінуіне мүмкіндік бермеді, сондықтан қоғамның мемлекетке тигізетін жағымды ауытқуының ықпалы болмашы ғана болды.
Мемлекеттің қоғамда атқаратын шынайы рөлін кеңінен түсінген сайын қалыптасып отырған мемлекеттің халықтан алшақтау процесін еңсеру және оны қоғамдық прогрестің қисыны бойынша өзіне ұйғарылған орынға қайтып алып келу талабы өсе түсуде. Мұндай жағдайларда басқарушы топ пайда болады, мемлекеттік идеология мемлекеттің қоғамдық базадан алшақтауының қалыптасқан немесе оған айналатын фактісін бүркемелеуді ойлап алаңдайды. Бірақ жасырып, бүркемелеу дегеніміз әлі де болса алшақтауды жеңу дегенді білдірмейді.
Мемлекеттің қоғамнан алшақтауының кейбір формаларын С.Ф. Ударцев дұрыс атап көрсеткен. Бұлар мыналар – 1) «Адамдардың елеулі бөлігінің мемлекеттік билікпен, оның саясатымен арадағы қақтығыстарының және саяси шиеленісінің өсуі; 2) қоғамдық пікірдің билікке қатысты жағымды пікірден жағымсызға айтарлықтай ығысқан көзқарасын бағалау шкаласы бойынша қоғамдық сананың өзгеруі; 3) жұмыс істеп жатқан саяси және мемлекеттік институттарға күн санап өсіп отырған өзгерістерді күтумен бірге халық наразылығының өсуі; 4) пісіп-жетілген саяси-құқықтық проблемалардың ұзақ уақыт бойы шешілмеуіне ықпалы тиюі мүмкін шегі жоқ тұрақсыздық және біршама кешіккен саяси-құқықтық шараларды мәжбүрліктен қабылдау; 5) мемлекеттік биліктің заңдылығындағы халыққа қарсы тұру әрекеттерінен байқалатын оқиғалардың, қақтығыстардың, коррупциялық және өзге жанжалдардың тұтас серияларымен байланысты дамып отырған дағдарыс (бейбіт шеруге митингілерге шыққандарды қатаң жасазау, қоғамдық маңызы зор мәселелер бойынша жұртшылықпен байыпты сұхбат құрудан бас тарту және т.б.».
Диктаторлық режим үстемдік құрған елдердің мысалдарына қарасақ, қоғамға және халыққа қарсы қолданылған мемлекеттік билік өзінің әлеуметтік негізіне ойсырата соққы беретінін көруге болады, бұл кейде экономикалық, саяси және рухани құндылықтардың орны толмас шығынға ұшырауына алып келеді. Бірақ, бұған қарамастан, авторитарлық және тоталитарлық режим қашан да атқарушы билікті нығайтуға, қоғамдық процестерді қатаң шеңберге қоюға, ал демократия, керісінше, осы билікті қоғамның қазіргі жай-күйіне даму келешегіне сәйкес реформалауға ұмтылады.
Атқарушы билік екі диаметрлі қарама-қарсы бағыттарда іске асырылуы мүмкін әлеуетті ішінде сақтайды. Ол бұзып – қиратушы күш те болуы мүмкін, сондай-ақ жасампаз күш те болуы мүмкін. Оның бәрі де атқарушы билік қай мемлекеттің жүйесінде және қандай қоғамдық-саяси жүйенің аясында іске асырылатынына байланысты.
Сондықтан қоғамдық санада биліктің бөліну идеясы кездейсоқ туындамайды, оның пректикалық мәні мемлекеттің халықтан алшақтау фактісіне айналған мемлекет пен қоғамның бөлшектенуіне қарсы бағытталуында. Биліктің бөліну мәселелеріне көп көңіл бөлген Монтескье, біртұтас мемлекеттік биліктің үш тармаққа бөлінуі мемлекеттің қоғамға тұтастай билік жүргізуіне тосқауыл қояды деп болжады. Белгілі бір жағдайларда билікті бөлудегі сөзсіз сақталатын қағидат мемлекеттік биліктің қоғамнан алшақтау үрдісі жолында айтарлықтай кедергі болуы мүмкін екенін қоса айтсақ та болады. Мұның үстіне биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары бұл үрдіске әрқалай ықпал етеді.
Мейлінше ашық, адамдардың көңіл-күйлері мен үміттерімен тығыз байланысты билік тармағы – заң билігі, оның ішінде – парламент. Парламентті тікелей немесе белгілі бір деңгейде жанама түрде халық құрайды, осы тұрғыдан алғанда, ол халықтың мүддесін білдіреді. Осыған байланысты Парламент өзінің заң шығару қызметінде сайлаушылардың өзіне үнемі қызығушылықпен қарайтынын сезінеді. Сондықтан олар қабылдайтын заңдарда қашан да қоғамдық сананың болжалдары мен талаптары көрініс табады.Бұл жағдай кейде популистік сипат алады.Сол кезде шынайы, объективті мұқтаждықтарға қарамастан, бір сәттік сұраныстарды қанағаттандыратын, бірақ қоғамның нақты перспективаларына қарамастан қолданылатын жағдаяттық заңдар қабылдануы мүмкін.
Бірақ кез келген жағдайда парламенттің объективті рөлі мемлекеттің қоғамнан алшақтауы үрдісіне қарсы тұруда. Әрине, парламенттің қызметі қоғамның ғылыми тұрғыдан танылған объективті заңнамаларына негізделуі тиіс. Әйтпесе қандай жағдай болмасын қоғамдағы барлық таралып жатқан тілектерді, түрлі жіктердің ұсынатын талаптарын ескеруге қатысты әрекеттер заң шығармашылығы саласында бейберекеттікке, ауқымды заңнамалық массивті құруға, бір-біріне қайшы келетін нормативтік актілердің параллель іс-қимылына алып келеді. Сондықтан қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы ерікті мамандардан ғана тұрмайтын кәсіби парламент қажет. Мұндай депутаттық корпус қоғамның түрлі топтарының әлеуметтік талпыныстары мен мүдделерін зерттей отырып, оларды салыстырып көрау арқылы оларға барабар заңдарды қабылдай алар еді.
Парламентарийлер қызметінің мерзімдік сипаты (яғни белгілі бір мерзімге сайлау) оларда корпоративтік немесе «цехтық» мүдделердің пайда болуына кедергі келтіреді. Олар үшін, түптеп келгенде, қызметтері мемлекеттің қоғамнан алшақтауына қарсы бағытталатындай жағдайлар жасалған. Кертартпалық пен соқыр тәуекелшілдік парламент қызметінен де орын алуы мүмкінг. Бірақ бұл парламентке тән заңдылық емес, парламенттің сапалық құрамымен, сайлаушылардың қоғамдық санасы мен саяси мәдениетінің деңгейімен түсіндірілетін ерекше жағдай. Демократиялық институттар дамымаған, ақпараттық алаң тежелген, тоқыраған, бұқара саяси енжер болған жағдайларда депутаттардың өзімшілдік мүдделері мен партиялардың әділетсіз бұрмалаушылықтары парламенттің шынайы мақсаттары мен міндеттерін екінші орынға – кейінге ысырып тастауы мүмкін.
Биліктің келесі тармағы, сот билігі, халықпен біршама өзгеше тікелей қарым-қатынаста болады. Сот органдарының негізгі міндеті – түрлі әлеуметтік субъектілер (адамдар, ұйымдар, мекемелер және т.б.) арасындағы дау-дамайларды заң негізінде шешу. Құқықтық дауларды қарай отырып, ал бұл процесс қашан да дау-дамай тараптарының қатысуымен өтеді, сот өз қызметін бақыланатын етеді. Бұл қызметтің өзінің мақсаты – субъектілердің мүдделерін қорғау, Істі алаламай, әділ қарау, түптеп келгенде, тапталған құқықты қалпына келтіруге және қысым көрген мүддені қанағаттандыруға алып келеді. Сот процесі тікелей, ашық әрі тартысты өтетіндіктен, соттың субъектілердің құқықтары мен мүдделерін елеп-ескермеуге тырысуы бірден айқын болады. Онсыз сот болмайды. Егер заңдық дау-дамай өзге қағидаттар бойынша қаралатын болса, онда бұл сот қарауы, сот немесе сот билігі емес.
Осылайша, мемлекеттік биліктің осы тармағының халықтан алшақтау үрдісі ең болмағанда осы себептерге байланысты дамуды үйрете алмайды. Оның үстіне сот тек өзіне бағынатын мәжбүрлеу аппаратына иелік етпейді. Оның халыққа жүргізетін мәжбүрлеу ықпалы тек шешім қабылдаумен шектеледі.
Әрине, әңгіме биліктің бөліну мәні мен рухына папа-пар келетін нағыз сот билігі мен нағыз сот жүйесі туралы болып отыр. Сот атаған және сырттай жұмыс істейтін сотты еске түсіретін, ал іс жүзінде авторитарлық мемлекеттік режимнің қолшоқпары немесе құралы болып табылатын органның сот деп аталуы мүмкін емес, мұндай бассыздыққа жол беретін «соттың» ең дәл атауы – репрессия құралы.


Қалыпты сотты жалған сотқа айналдыру мынадай екі жағдай сәйкес келген кезде: мемлекеттік режим осыны талап еткенде, ал халық, процеске қатысушы, сот билігінің осындай құбылуымен үнсіз келісіп, жым-жырт қалғанда мүмкін болады. Мұндай жағдайда сот билігі әлсіреп, КСРО кезіндегідей, атқарушы биліктің бір түріне айналады.
Сөйтіп, мемлекеттік биліктің екі тармағы – заң шығарушы және сот билігі мемлекеттің халықтан алшақтауы үрдісі аясында өзін әлсіз етіп көрсетеді, яғни ол бұл үрдіске мейлінше аз ұшырайды. Бұл оған өзінің ұйымдастырушылық табиғатына, қызметінің сипатына қарай біршама бақылауда болатын халықпен тығыз байланысты талаптардың қойылуымен байланысты.
Атқарушы билік бұл орайда, мемлекет басшысы болсын немесе үкімет басшысы болсын – кім басқарса да, бәрібір, басқа жағдайда болады. Оның бірде-бір органы халықтың тікелей бақылауында болмайды. Бұл – объективті шартталған факт. Орындалатын жұмыстардың көлемі, олардың бағыты, нысаны, әдістері соншалықты, адамдарға тек атқарушы биліктің жұмысының нәтижелері ғана белгілі болады. Бұл жерде басқаша болуы мүмкін емес. Қоғамдық өмірдің түрлі талаптарының өзекті мәселелеріне жасалатын алдын ала талдау, заңдарды орындау үшін басқару шешімдерін дайындап, қабылдау, нақты шаралар қабылдау және оларды орындау бойынша іс-шараларды іске асыру – ұйымдастыру қызметінің осы барлық компоненттерін білікті мамандар жүзеге асыруы тиіс. Бұл жерде халықпен үнқатысу, қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу орынсыз, өйткені үйреншікті сана мамандарға пайдалы қызмет көрсете алмайды.
Халықтан бұлайша оқшау, қашықта болу атқарушы биліктің табиғатында халықтан алшақтау үрдісін туғызады. Атқарушы билік тағы да бір қуатты құралға ие, мұны ол осы үрдісті күшейту үшін пайдалануы мүмкін. Әңгіме атқарушы органдардың нормативтік актілер шығару құқығы туралы болып отыр. Алшақтау үрдісінің өсуі атқару аппаратының санының артуымен және төрешілдікпен сөзсіз қатар жүреді. Бұл - барынша түсінікті жайт.
Жоғарыда айтылып кеткендей, сонымен қатар, атқарушы биліктің жұмысы қоғамдық бақылаудан жабық болған және бұқаралық ақпарат құралдарында пікірлерді ашық түрде елемеген жағдайларда, биліктің өзінің негізгі көзінен алшақтау процесі оны халық мүддесіне бүкіл әлем болып қамқорлық жасау туралы ұрандармен бүркемелеу қажеттігін тудырады.
Тікелей халық осындай жағымсыз жағдайлардың барлығының да алдын алып немесе жоя алмайды.
Сондықтан бұл мәселені шешуде парламент маңызды рөл атқарады. Парламент атқарушы биліктің аясын заңдарды орындау қажеттілігімен шектейді. Атқарушы органдардың қызметін жүргізу және оның бағыттарының мәні қолданыстағы заңдардың жиынтығымен анықталады және оның аясынан шығуға құқығы жоқ.
Атқарушы биліктің жоғарғы органы парламенттің бақылауында болуы тиіс. Оның үстіне бақылау процесінің өзі атқарушы органдардың күнделікті жедел-басқару қызметіне нұқсан келтіріп, бұзбауы тиіс. Бақылау атқарушы биліктің салыстырмалы түрдегі дербестігін бұзуды білдірмейді, керісінше, билік тармақтарының арасындағы тежеу және тепе-теңдік жүйесінің элементі болып табылады. Сондықтан ол: біріншіден, атқарушы органдардың қызметінің заңдарға сәйкестігі; екіншіден, бұл органдардың заңдардың орындалу барысын қамтамасыз етуі арқылы жүзеге асырылады.
Мұнда сонымен қатар мынаны да атап өту қажет: парламент қабылдағаннан кейін заңдар өз өмірімен өмір сүре, яғни парламентке тәуелсіз өмір сүре бастайды. Оларды жүзеге асыруға жауапкершілік атқарушы биліктің міндетіне толықтай өтеді. Сондықтан заң шығарушы орган тарапынан белгілі бір құқық субъектілерінің заңдарды орындауына қатысты тікелей бақылау емес, тұтастай алғанда, атқарушы биліктің қызметіне парламенттік бақылау жүргізілуі тиіс.
Конституциялық негізде қолданылатын парламенттің тепе-теңдігі атқарушы биліктің қоғамнан алшақтау үрдісін тежейтін фактор болып табылады.
Бұл үрдіске қарсы тұра алатын тағы бір фактор сот билігі болып табылады. Сот органдары атқарушы құрылымдардың заңсыз шешімдерін жоя отырып, жиналып келгенде, мемлекеттің қоғамнан алшақтау үрдісінің дамуы үшін нақты база құруы мүмкін жағымсыз фактілерді болдырмайды.
Тұрақты саяси-құқықтық және экономикалық жағдай орныққан қоғамда атқарушы билік өзіне заң шығарушы және сот билігі белгілеп берген шектеулер аясында жақсы жұмыс істей алады.
Қоғамдық өмір өткір саяси және әлеуметтік-экономикалық қайшылықтармен өзгеріске түскен жағдайда, тұрақсыздандырушы факторлардың табиғаты мен мөлшері баршаға түсінікті болған жағдайда іс басқа. Бұл жағдайларда атқарушы билік өндірістік және өзге қатынастарда қарапайым тәртіп орнықтыру, азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың мүдделерін қамтамасыз ету, қоғамдағы құқықтық тәртіпті қолдау үшін бұл қаншалықты қажет болса, соншалықты бекуі тиіс.


Литература


1.Колесников А.В.Политическое отчуждение, политика, и государство //Политические проблемы теории государства.-М, 1993, с. 86-96
2. Отчуждение. – В .кн.:Политология: Энциклопедический словарь/ Общ.ред. и сост.: Ю.И. Аверьянов.-М.: Изд-во Моск.коммерч. ун-та, 1993, с. 234-235
3.Отчуждение. – В кн.: Казахстанская политическая энциклопедия.- Алматы, 1998, с. 239-240
4.Ударцев С.Ф. Конституция и эволюцияобщества ( вопросы теории и философии права) – СПб.: Университетский издательский консорциум, 2015. -388 с.
5. Шихлинский С.О. Отчуждение государственных служащих: причины, специфика и пути преодоления.// Автореферат кан. Дисс. –М., 1997


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет