Мемлекет пен құқық өркениеттің аса зор жетістігі, оның адамзат тарихындағы мәні айрықша



бет3/18
Дата26.10.2022
өлшемі213.2 Kb.
#463429
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
darister

Литература



  1. Афанасьев В.Г. Человек в управлении обществом. – М ., Политиздат, 1977. 382 с.

  2. Власть. – в кн.: Казахстанская политологическая энциклопедия. – Алматы, 1998, с. 49-51

  3. Власть. – в кн.: Политология: Энциклопедический словарь/ Общ. Ред. И сост.: Ю.И. Аверьянов – М.: Изд-во Моск. Коммерческого ун-та, 1993, с. 40-45

  4. Грин Роберт. 48 законов власти. / Пер. с англ. Е.Я. Негизовой – М.: Рипол классик, 2003. – 768с.

  5. Халипов В.Ф. М.: Технологическая школа бизнеса, 1995,-640с.

Философия власти: Гаджиев К.С.,Ильин В.В., Панарин А.С., Рябов А.В. /Под ред. В.В. Ильина.-М.: Изд-во МГУ, 1993. -271с.


Билікті күшейту
Адамдар қауымдастығының сандық жағынан өсуіне және соған орай әлеуметтік байланыстардың қиындауына, еңсеру оңайға түспейтін алауыздықтар мен қайшылықтардың туындауына байланысты ортақ мүддені білдіре отырып, қоғамдық өмірді пәрменді түрде реттей алатын арнайы құрал әзірлеуге аса қажеттілік туады. Мұндай қажеттілік билік, ру ақсақалдары, тайпа көсемдері, әр түрлі билеушілер (князьдер, шахтар, әмірлер, сұлтандар, герцогтар және т.б.) ретіндегі бұрынғы реттегіштер қол астындағыларының қоғамдық өмірін реттеу міндеттерін атқара алмай, оларды жат халықтың қолсұғушылығынан қорғай алмайтын жағдай туған кезде және жерде пайда болады. Қоғамда бірте-бірте басқарудың ескі нысандарын оның өмірін жаңа қағидаларға сәйкес ұйымдастыруға қабілетті, түбегейлі жаңа органмен ауыстыру қажеттігі туралы түсінік пісіп-жетіледі. Мұның үстіне ол барлығын да қанағаттандыруы тиіс және оны барлығы сақтауы қажет. Ал оны сақтаудан бас тартқан жағдайда бұл орган оны күш қолдану арқылы сақтауға қол жеткізе алады. Қауымның аумақтық шекараларының кеңеюіне және санының өсуіне байланысты князьдар, шахтың нөкерлеріне бұл міндетті атқару оңайға соқпады.
Тарихи алаңдағы мұндай жағдайларда түрлі халықтарда түрлі уақытта мемлекет секілді осындай әлеуметтік-саяси ұйым пайда болады. Ол дамудың тиісті сатысының жемісі бола отырып, қоғамда арнайы белгілі бір тәртіп орнатуға, қайшылықтар мен қақтығыстарды реттеуге, өздері тықпалайтын қағидаларды сақтауға күшпен көндіруге, қоғамдық мұқтаждықтарға, оның ішінде осы органдарды қамтамасыз етуге, халықтың тұрып жатқан аумағын күзетуді қамтамасыз ету үшін қаражат өндіріп алуға арналған органдардың тармақталған жүйесі ретінде сипатталады.
Тікелей іске асырылатын қоғамдық билік дәрменсіз болды, сондықтан жалпы қоғамның өмір сүру қажеттілігі қысымымен оны мемлекеттік билікке өзгерту мақсаты қойылды. Ол ру-тайпалық ұйымдар деңгейлерінде ерекшеленетін түрлі халықтарда түрліше жүзеге асырылды. Бірақ сонымен бірге қоғамды мемлекеттік басқару жүйесіне көшірудің жалпы заңдылығы пайда болды. Осылайша қоғамдық биліктің рөлі күшейтілді, яғни ол мемлекеттендірілді. Бұл процесс «озбырлық саясаты мен тәжірибесін және мемлекеттің қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени өміріне, ғылыми және басқа қызметіне шексіз араласуын, мықты мемлекеттің жоғары құндылығын және қоғамдық даму мақсатының тар екенін мойындауды» білдіреді.3
Қоғамдық өмірді күшейтуде алуан түрлі этносаралық, конфессияаралық, тапаралық және өзге де әлеуметтік қайшылықтар негізгі рөлге ие. Осыдан мемлекет нысанындағы жария биліктің шығу теориясының әралуандығы келіп шығады. Сөйтіп, шарттық теорияға сәйкес, адамдар қоғамда өз мүдделерін келісу және қорғау үшін қажетті құрал ретінде мемлекет құру туралы келіседі. Патриархалдық теория мемлекетті адамдардың көзі үйренген үлкен патриархалдық отбасының өмір сүру салтынан алып шығады, ал мемлекет осы отбасының басшысына, патриархқа ұқсайды. Маркстік теория мемлекеттің шығу төркінін таптарды ұстап тұруды қажет ететін ымырасыз қарама-қайшылығымен түсіндіреді. Психологиялық теория мемлекет адамға тән бағынышты болу мен күштінің қорғауына ұмтылыстан туындайтынын айтады.
Осы және басқа теориялардың қай-қайсысы да бірегей әрі әмбебап бола алмайды. Бірақ жинақтап алғанда биліктің рөлін күшейту себептерінің әралуандығын және ең басты мәселені түсінуге көмектеседі, барлық себептер белгілі бір немесе мемлекет құрушы этностың даму ерекшеліктеріне байланысты.
Басқарудың кез келген түрі адамдар қауымдастығы шеңберінде ғана қажет әрі мүмкін болады. Тарихи тұрғыдан алғанда ол – ру, тайпа, ұлыс. Ру ақсақалының немесе тайпа көсемінің билігі бастапқыда белгіленбейді, оны туыстар мен аталастар мойындап, таниды. Билеушілер жеке басының қасиеттерінің арқасында билеу құқығына ие болады және тоқырап, басқару қызметіне ақыл-ой немесе физикалық тұрғыдан қабілетсіз болған жағдайда билікті жоғалтуы мүмкін. Қызметті әу бастан өзінің руы мен тайпасының игілігіне бағыттау, әсіресе олардың саны аз болған жағдайда, сөзсіз әрі жаппай қолдау алып отырды, сол арқылы ру және тайпа басшылары билігінің халық билігімен сәйкестігін қамтамасыз етті. Шағын қауымдастықтар мен халқы аз қалаларда мәселе оңай шешілді – тұрғындардың тікелей еріктерін білдіру арқылы. Сонымен қатар, халық билігінің ең күрделі мәселелерінің бірі – халықтың бірыңғай ортақ мүддесі мен жалпыға бірдей еркін қалыптастыру және білдіру туралы мәселе ешбір қиындықсыз шешілді.
Ру, тайпа, ұлыс өкілдерінің бір жерде, барлығына ортақ шаруашылық құрылыста, ешбір қысымсыз өмірдің материалдық қамтамасыз етілуін жақсартуға ұмтыла отырып, бірлесіп тұрумен байланысты бірлігі оларды алуан түрлі критерийлері: жасы, өндірістік қызметі, әл-ауқаты, дін ұстануы және т.б. бойынша құрылымдауды теріске шығармайды. Бұл айырмашылықтар жалпы алғанда, қоғамның мүдделерімен сәйкес келмейтін топтық мүдделермен шарттасады, өз кезегінде, әлеуметтік байланыстардың күрделенуіне алып келеді. Нәтижесінде осы қоғамның ішінде бүткіл қоғам болып өктем шешім қабылдау қиындайды. Техникалық жағынан бөлек, мұндай шешім қабылдау мүдделер мен көзқарастардың көпқырлылығын білдіретін қоғамның әлеуметтік құрылымымен күрделене түседі.
Осылайша, адамзат өркениетінің ерте кезеңдерінде өзін тиімді саяси қағидат ретінде көрсеткен тікелей демократияның (халық билігінің) оның неғұрлым кейінгі кезеңдері үшін аса жарамды болмай қалды. «Тікелей демократияның нысандарын кеңінен түсіндіруді тар әлеуметтік кеңістікте ғана іске асыруға болады» .
Нағыз демократияның жойылуы ру-тайпалық басқарушыларды дәріптеумен байланысты жүріп отырды. Олардың билігі демократияны ығыстыра отырып, ұйымдасқан түрде жүрді. Ол бірте-бірте егемендік, жария билік, аумақтық басқару ұйымы секілді мемлекеттік атрибуттармен күшейе түсті. Нәтижесінде бұл жалғыз мемлекетті қоспағанда (Ежелгі Греция – республика), монархия үстемдік құрған мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Осылайша, мемлекет бұрынғы билеушілерімен ру-тайпалық ұйым өзін құртып тынған монархия түріндегі және биліктің полистік жүйесі қалалық (полистік) өзін-өзі басқару міндеттерін атқара алмаған аристократтық республикалар түріндегі қоғамға байланып қалды. Екі жағдайда да қоғамды басқарудың тарихи жаңа институтының қалыптасу мәселелерін, құрылымын, қызмет аясын қарапайым халық шешкен жоқ. Мемлекеттің қызметімен байланысты осы және басқа мәселелерді бұрынғы билеушілер, олардың айналасы, ықпалды шонжарлар, ақсүйектер шешіп отырды. Олар өздерінің ой-пиғылдарын мемлекеттік билік арқылы жүзеге асырды.
Ал халыққа олардың мүдделерін мемлекеттік қорғау деген желеумен ой-пікірін тікелей білдіруге іс жүзінде рұқсат бермеді. Қоғамдық санаға ашық немесе жасырын түрде бір қытай ойшылының «Билеуші халыққа қызмет етеді, ал халық оған бағынады» деген ойы тықпаланып, сіңірілді. Ғасырлар бойы мемлекеттің қызметі осы ғибраттан ауытқымады. Халық билеушілерге бағынып қана қойған жоқ, кейбір жағдайларда мемлекетке белсенді түрде қолдау көрсетті (елді қорғау, басқыншылық соғыстар, халық жауларымен күрес).
Десек те «мемлекет-қоғам» ара қатысы, шынтуайтына келгенде, халықтың белгілі бір төзім шегіне дейін мемлекетке бағынуына және мемлекеттің өз басқаруындағы халықтан барынша алшақтап, рөлі төмендеген жағдайында халықтың табиғи, ажырамас құқығын пайдалануына әкеп саяды. Көптеген бүліктер, көтерілістер, төңкерістер – осының мысалы.
Бұл құқық мына себептен табиғи болып табылады: адамзат өркениеті шеңберінде қандай да бір қоғам дамуының белгілі бір күйінде ол объективті түрде биліктің рөлін күшейтуге мұқтаж болады, демек, қоғамның ішкі өмірін реттеу және сыртқы талаптардан қорғау арқылы осы қоғамды қорғайтын мемлекетте мұқтаж болады5.
Егер әлеуметтік билік немесе төңкеріс бірте-бірте өзгеріске ұшыраған жағдайда тарихи майданда халықтың болжалдарына, үмітіне жауап беретін мемлекет пайда болады, ондай жағдайда халықтың еркін іске асыру, соған сәйкес, халық билігінің көрінісі ретіндегі демократия туралы айтуға болады. Ол халықтың жалпыға бірдей еркін тұтастай алғанда қоғамға, оның институттарына, жеке адамға таңуға міндеттенеді. Мемлекет мемлекеттік билікке айналатын халық билігінің қаруына, құралы мен тасымалдаушысына айналады.
Бұл сапада ол қоғамдық биліктің бұрынғы тиімсіз түрлерін ығыстырып шығарады немесе шектейді. Кейбір жағдайларда оларға мемлекеттік билік түрін бере отырып, оларды жұтып қояды. Түрлі салалардағы қоғамдық қатынастардың тініне өріле отырып, мемлекет оларға өз көзқарасы тұрғысынан оңтайлы болып табылатын адамдардың өзара қарым-қатынастарының қағидаларын белгілейді.Осындай жолмен басталған биліктің күшеюі тарихи даму шамасына қарай өсіп отыратын үрдіс бойынша қоғамдық қатынастарды қамтиды.
Ол қоғамдық бақылау арқылы іске асырылатын кезге дейін қоғамның өсіп-өркендеуіне ықпал етеді, оны ішкі және сыртқы қатерлерден қорғайды, бұл билік қоғаммен келісіп жұмыс жасайды. Қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынасындағы мұндай идиллия тек Інжіл патшасы Сүлейменнің патшалық құрған кезеңімен және кейбір дереккөздер бойынша Қазақ хандығының «алтын ғасыры» аталған Тәуке ханның басқарған кезеңімен көрсетілуі мүмкін.
Әдетте, қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынастарындағы идиллия – қол жеткізу мүлдем қиын болатын дүние, өйткені көз жетер келешекте мемлекеттің қоғамнан айырылуы екіталай. Оның себебі көп әрі бұл осы құбылыстың көпқырлылығына, құрылымының күрделілілігіне, қарқынына байланысты, өйткені бұл құбылыстардың адамдарға, олардың қызығушылықтары мен сұраныстарына, жеке және қоғамдық саналарының салаларына тең күшпен әсер етпейді және ықпалы да әр түрлі.
Мемлекет жалпыға бірдей биліктің қаруы мен құралы ретінде белгілі бір елдің аясында дін, партиялар, қаржы және өнеркәсіптік магнаттар, бюрократтар, сондай-ақ жай ғана биліксүйгіш адам үшін тартымды бола бастайды. Бұлардың қайсысы мемлекетке басқару режимін таңа алуына байланысты ол өзінің демократиялық сипатын жоғалта отырып, теократиялық, бір партия үстемдік құрған кезде партократиялық, олигархтық, бюрократтық, авторитарлық және т.б. айналады. Бұл кезде қоғамдық өмірдің түрлі сегменттеріндегі қарым-қатынастардың кең көлемін қамтитын билік рөлінің күшеюі еселене түседі.
Халық саяси билік субъектісінен мемлекеттік билік көзінің мәртебесін жоғалта отырып, оның объектісіне айналады. Соған сәйкес, бұрын бүкіл халықтың билігі дегенді білдіретін «жария билік» ұғымының мазмұны да өзгереді, қазіргі кезде ол халықтың алдында тұрған билік деп түсініледі.
Демократия жалпыға бірдей ерікті, соған сәйкес, жалпыға бірдей билікті егжей-тегжейлі анықтау үшін шешуі қиын міндеттерге үнемі алаңдаушылық танытатын, құрылымдануы мен ұтқырлығы мейлінше аз құбылыс ретінде мемлекет үшін шайқаста жиі жеңіліс тауып отырды. Ғасырдың ортасында болған төңкерістер кезінде осылай болды. Халық қолымен деспоттық режимді құлатудың өзі демократиялық режимді орната алмаған бұрынғы ғасырларда да солай болды.Таяу арадағы тарихта болған Кеңес билігінің жеңісі партократиялық мемлекетті құруға алып келді.
Мемлекет өз халқына шамадан тыс қысым жасаған кезде, халық тек демократиялық режим орнатамын (Париж Коммунасы) деген үмітпен құлатты, бірақ мемлекеттік билікті қолында ұзақ ұстап тұруға шамалары жетпеді. Мұндай әрекеттер нағыз демократияның орнына өкілді демократияның қағидаттары енгізіле бастамайынша осы кезге дейін сәтті болмады.Олардың мәні мемлекетте айқындаушы рөлге саяси партияларға біріккен халықтың өкілдері және саяси партияларға біріккен басқа бірлестіктер мен өзге де бірлестіктер ие болуы тиіс екендігінде. Дұрысында, түрлі жіктер мен халықтың әр алуан топтарының мүдделерін білдіретін бұл өкілдер секілді ешкім де халықтың жалпыға бірдей мүдделерін тұжырымдауға және соған сәйкес, мемлекеттің қызметін бағыттауға қабілетті емес деп болжанды.
Түрлі елдердің саяси тәжірибесіндегі қоғам мен мемлекеттің арасындағы тиісті өзара қарым-қатынастың бұл мінсіз әрі әмбебап теориялық сызбасы үнемі толық және бірдей болып іске асырылған жоқ. Шаруашылық жүргізудің қалыптасқан тұрмыс салтынан (көшпелі мал шаруашылығы, отырықшылық, қолөнер, сауда және т.б.) бастап мемлекетке дейінгіжәне мемлекеттік басқарудың тарихи тәжірибесіне, қалыптасқан әрі қолданыстағы мінез-құлық нормаларына (діни, дәстүрлі, мемлекеттік және адамгершілік) дейін оның көптеген себептері болды. Халықтың түрлі мүдделерін білдіретін өкілді мекемелер атымен болмаған абсолютті монархия үстемдік құрған кезде де билеушілер өздерінің династиялық биліктерін құдайдай көріп, өз халқының игілігі мен бақыты үшін жұмыс істеп жатырмыз деп салтанатты түрде ресми мәлімдеді. Осы игілік пен бақыттың кейінге ысырылғаны соншалықты, ол сағымға айналып, оларды тіпті толғандырмады да. Ең басты мақсат – мемлекеттік биліктің объектісі – халықты өзінің уысында ұстау болды. Ондай үстемдік болмаса, биліктің өзі де болмас еді.
Монархия тұсында пайда болып, бастапқыда кеңес беруші және ұсыныстық рөл атқарған кеңестер, алқалар, хан сарайы өкілді мекемелер бірте-бірте Құрылтай жиналыстары, парламенттер секілді өз алдына дербес органдарға айналды. Олар монархпен келісім бойынша немесе оның келісімінсіз де (әр елде әр түрлі) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындайды, сонымен бірге халықтың жалпыға бірдей еркін білдірушісіне айналады. Олардың рөлі әсіресе демократиялық республика жағдайында маңызға ие болады. Қоғам жалпыға бірдей ерікті заңды түрде білдіру мәселелерін шешу, соған сәйкес, қоғамдық өмірдің рөлін күшейтудің ақылға сыйымды шектерін анықтау үшін мүмкіндік алады.
Бірақ бұл да өкілдік демократияның өз халқын түрлі радикал немесе керітартпа күштердің, қаржылық немесе діншіл әлеуетті топтардың, этникалық және дәстүрлі танымдық көзқарастардың, түрлі таптар мен өзге де таптық бөліктердің, партиялар мен қозғалыстардың ықпалынан қорғауға кепілдік бере алмауы себепті бірқатар мемлекеттердің басынан өткерген тағдыры іспеттес мінсіз нұсқа. Олардың жалпыхалықтық игілік туралы сөз жүзінде ғана қам жеген еліктірер ұрандары өздерінің белсенді авторлары мен жақтастарының өкілді органдарға сайлануын қамтамасыз етті, бірақ олардың шынайы ниеттері жария және жаппай декламацияланған іс-әрекеттерімен үнемі (немесе үнемі дерлік) сәйкес келіп отырған жоқ. Нәтижесінде халық нақты биліктен айрылып, айлы-шарғыны шеберлікпен қолданған жағдайда мемлекеттің өкілді органдарының құрамындағы саяси құрылымдардың нағыз шынайы мақсаттарын бүркемелеген өкілді демократияны ғана місе тұтты. Ал мемлекет, тұтастай алғанда, оны басқа саяси партиялардан түбегейлі ерекшелеп тұратын егемендік секілді басты сапасына, негізгі белгісіне барынша көрінбейтін өзгеріске түсіретін әсерді басынан өткізді. Нәтижесінде мемлекеттік билік өзінің ел ішіндегі үстемдігі мен сыртқы қатынастардағы тәуелсіздігін жоғалтады. Қызметтің негізгі бағыттарын, оның әдістері мен тәсілдерін, мәні мен шектерін, әлеуметтік бағдары мен басқа да параметрлерін жоғарыда аталған және халықтан билікті тартып алған басқа қоғамдық-саяси институттар белгілейді. Мұндай жағдайларда рөлі күшейген билік өзінің шынайы мәнін жоғалтып, жеке-дара көшбасшы (авторитаризм) партиясының (партократия), экономикалық қуатты адамдар тобының (олигархат), белгілі бір конфессияның (теократия) билікті іске асыру құралына айналады.
Биліктің рөлін ақылға қонатындай шекте күшейту – қоғамдық қажеттілік. Барлық мәселе осы шектерді белгілеуде. Заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын өкілді органдар ғана емес, сонымен қатар заңға тәуелді құқықтық актілерді қабылдайтын барлық мемлекеттік органдардың ең басты міндеттердің бірі осында.


Литература



  1. Баймаханов М. Проблемы этатизма и ориентация на преимущественной использование правовых ценностей // Правовая реформа в Казахстане. 1999, – № 3, с. 5-8

  2. Вайсберг Л.М. Идея правового государства и проблемы этатизма// Известия Академии наук Каз.ССР. Серия общественных наук.- № 1989, № 5, с. 20-26

  3. Гегель. Политические произведения. М.: Изд-во « Наука», 1978 – 438с.

  4. Нерсесянц В.С. Филосовия права. – М. : Издат. группа Норма-инфра. М. – 1998-310с.

  5. Поппер Карл Раймунд. Открытое общество и его враги. Т.2 Время лжепророков: Гегель, Маркс и другие оракулы. / Перевод с англ. языка под общей редакцией В.Н. Садовского. – М.: Феникс, международный фонд «Культурная инициатива», 1992 – 528 с.

  6. Скрынникова Т.Д. Харизма и власть в эпоху Чингиз-хана. Издание 2-ое переработанное, дополненное и исправленное – СЧПб: Евразия, 2013. – 384с.

  7. Таукелев А.Н., Сапаргалиев Г.С. Государственно-правовые взгляды аль-Фараби. Алма-Ата, Изд-во «Наука» Казахской ССР, 1975. – 102с.

  8. Этатизм. – Казахстанская политологическая энциклопедия. – Алматы, 1998, с. 394-395

  9. Этатизации. – Политология: Энциклопедический словарь (Общ. Ред. И сос.: Ю.И. Аверьянов. – М.: Изд-во Московского коммерческого университета. 1993. С. 405-408



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет