33. Менеджмент және ұйымдастырушылық даму
Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңі басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны "тейлоризм" деген ағыммен байланысты екені айтылады. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерек Тейлор (1856-1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты.
34. Бейресми ұйымдарды басқару
Бейресми ұйымдар – әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы.
Бейресми ұйымдарға адамдардың топтасуының себептері:
1. қатысушылық немесе достық сезім
2. өзара көмек
3. өзара қорғау, адамдар күшінің бірігуі.
4. өзара ортақ қызығушылықтар мен мүдделер.
35. Ұйымдағы күш пен әсер
36. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы
Стратегиялық менеджмент бизнестің сыртқы ортасының динамизмінің өсуіне жауап ретінде пайда болған басқару тәжірибесі мен теориясының бір бөлігі болып табылады.
37. Стратегиялық менеджменттің әдіснамалық негіздері
38. Стратегиялық менеджментке жүйелі көзқарас
39. Стратегиялық басқару принциптері
Дамыту тәсілдерін ұйымдастыру, бәсеке қабілеті болу,
40. Стратегиялықe басқару жүйесі
Стратегиялық басқару– берілген мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін өз ресурстарын басқаруы. Стратегиялық басқару берілген мекеменің мақсаттарын анықтау, бәсекелестік орта мен ішкі ұйымдастыруды талдау, стратегияларды бағалау және олардың барлық мекемеге жайылғанын қамтиды.
41. Стратегияны қалыптастыру процесінің стратегиялық сипаттамалары мен қағидалары
42. Басқару жүйелерінің эволюциясы
Басқару өте ежелгі тәжірибе болып саналады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп, өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келді. Дегенмен, басқару-қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым мен зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |