Боқжама. Боқша. Бойра. Майды қарынмен ірімшік – құртты боғжамасымен әкеліп, бұларды ас-су, тамақтан тарықтырмапты (М-Ж., 57).
Боқ + жама екі сөздің қосындысынан жасалған сөз сияқты. Илмь.: богжама – род чемодана щерстяной, жаjма – простыня. Букин.: бойра – циновка, қол сандық – шкатулка, сут саут – молочник; КРС: бестик шам- пятилинейный – лампа, стекло для лампы, öрели кійиз –длинная кошма, сандық қап – чехол для сундуков из кошмы. Боғжама түсіндірме сөздікте «қолдан тігілген (матадан, киізден т.б. боқша, дорба)» ретінде берілген. Демек, Ильминский сөздігіндегі атаудың тілімізде барлығы расталған. Айырмашылығы – тоқылатындығында. Боқжама: теңқап (мешок для одежды); Бұқжама: боқжама (сумка для домашних вешей) (С. Аманжолов, 1959: 364, 367 б.).
Боқша. Шешем берген боқшасы, Шашылыңқы көрінді (М-Ж., 2 т. – Б. 201, Ауыз әдебиеті үлгісі); – Бойдаққа жарылмаған қарбыз, ашылмаған боқша бір жас қыз алып бер! – деп, Айдақ оған: (М-Ж., 6т. – Б. 109). Боқша әйелдер ердің қасына іліп қойып ішіне зат, бұйым салатын қаптың түрі болып табылады. Боқша – сумка, портфель. Талдықорған облысында сумка, партфель, папканы революциядан кейінгі жылдардың өзінде де құранқап, әптиекқап деп атаған (Диалек, 1960: 94). В. В. Радлов боkша [Kir.] мъшокъ, которая женщины кладуть себъ на сдло – Beutel, Sack, den die Frauen sich üder den Sattel legen–дейді [17, б.1647] Боғу – түйін, буын (В. Радлов) қазақ, қарақалпақ, башқұрт, өзбек сияқты тілдерде бау, боғ-байлам, егінді, пішенді баулап байлау дегенді білдіреді. Көне түркі тілдерінің ескерткіштерінде ба/бағ; бағла-байлау (Малов, пам. Др. Письм.). Қазақстанның кейбір аудандарында жам – ыдыс – аяқ, бұйым (Досқараев. Қаз. Тілі. Жер. Ерек.). Сонда, боғжама екі түбірден құралған түркі халқының сөзі болып шығады. Бірінші сыңары – боғ (а) – қыз жасауы түйілетін орамал, байланатын баулық, екіншісі – жам дүние, мүлік, ыдыс-аяқ (ҚТҚЭС, 1966: 62). Қоқыр-соқыр заттарды боқтықты жинамай лақтыр – деп жатады. Ақжайма қазіргі қазақша-орысша сөздігімізде бар. П. жам 1) чаша, каз. жам аяқ деревянная чаша, бадьянъ; въ уйг. жам или жам блюдо, миска, жама посуда, соссудъ для питья, су жама (аб жама – Будагов) аб – су (абжылан – А.Қ.) для воды, алтұн су жама золотая фляжка, фляжка изъ камня ядэ. 2) зеркало, стекло, зеркало представляющее отражающее свть (рассказывають, что Алекс. Макед. И персид. Царь Джемшидъ имли также зеркало) (Будагов, 428).
Бойра Жамбыл, Шымкент, Алматы төңірегінде «қамыстан тоқылған тоқыма» есебінде белгілі (ҚТДС, 68). О. Нақысбеков бойраны оңтүстік говорлар тобына ортақ лексикалық ерекшеліктерге жатқызады (Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы, 78).
Бүктеме: Бүктемеде бұ сөздің көбі кетті, Әр жасында біртүрлі тамаша етті (М-Ж., 64); Боқжама <>боқша > дорба>бүктеме.
Аяқ. Табақ. Қонақтар қымыз құйған аяқ ұстап (М-Ж., 313); Дүкеннен жаңа шыққан мысалды боп, Ләззатпен пәк шыныаяқ берер шайын (М-Ж., 157); Алдына бір шыны аяқ шай құйғызып ап, Жамалға шымылдықтағы ұсынды енді (М-Ж., 313); Итаяқ. Ит ас ішетұғын итаяқ алып кел, мен соған жылы су төгейін (М-Ж., 11 т. 11 б.). Ыдыс – аяқ: екінші сыңары аяқ // жалақ // йалақ (иттің ыдысы). Йалақ. 1. Посуда для кормления собак, собачья миска, кормушка, деревянное блюдо, собачье блюдо, т.б. көптеген мағынасы бар (ЭСТЯ: 90). Л. З. Будагов предполагал, что йалағ является производным от глагола йаламақ `лизить` (Буд. 362). Аjak – чашка, горшокъ – чайная чашка, шыны аjak, форфоровая чашка – глинная чашка, сапты аяқ, қамыс аяқ, кымыз аяқ; адаk, азаk, аjақ (В. Радлов, 1 том. Часть 1, 1893: 201, 474). Ильм.: аjак – каб – круглый короб, сделанный из драничек, сверху и снизу укрепленных обручами; сапт аjак – чашка с рукояткою, зерең – большая чашка, саб` аjак – деревянная подставка, в которую устанавливается саба. КРС: без айак – желтые деревянные чашки для кумыса, бастык – турсук для солн, сÿсöк – круглая корзина из тальника для соли, тас – табак – тарелки, тас айак – чайные чашки, бал касык – чайная ложка [77, б.18-19]. Тавақ `деревянный поднос`; `лоток, блюдце`; хакасск.: табан. РСл., III, 961. Подгорбунский, 13. таван `пятка`; хакасск.: табан. РСл., III, 966. (Малов. ЯЖУ, 109).
Саптыаяқ – сап шығарып, ағаштан ойып жасаған ыдыстың бір түрі. Жолдыаяқ – жолымыз болсын, бар сапар, жорық сәтті аяқталсын деген мағынада (Ш. Уәлиханов, 186).
Табақ. Ас салып жейтін деп пе ең қылып табақ? (М-Ж., 6). Қонақ қонса үйіңе табағына ішек-қарын салмаңыз (М-Ж., 26); Аспаннан күмісті табақ балымен түсті, Табақтың ішінде күміс қасық бар екен (М-Ж., 154).
Табак – блюдо, порядокъ, этажъ, деревянная чашка (Будагов, 734). Табақ ~ ялагъ, чашка, употреблямая нищими черепокъ, посуды, на которомъ дають пищу собакамъ и кошкамъ. Какъ кажется, это слова происходить оть корня тур. таламқ (Буд. 362). Будагов тағы бір тікне деген ыдысты атайды 1) деревянная посуда изъ одного куска: чашка, лахань, корыто и пр. 2) родовое названіе корблей, суднеъ, и потому готовятъ: эта эскадра изъ сколькихъ короблей состоить? (Буд. 369). Жалақ > табақ > аяқ > итаяқ >тостаған (ағаш ыдыс).
Тостаған – ковшикъ, посуда которою черпаютъ кумысъ, дж (Будагов, 394). Шелек түгіл, тостаған аяқ алма? (М-Ж., 9). Будагов сөздігінде: қаз. шөміш - шөмч, шөмче, қыр. шөмші ковишъ, ковшикъ, чумичка, уполовникъ у сибир. и нижегород. татаръ называется (д ) тостаған дустаганъ. – деп берген (Буд. 500).
Ожау. Үкілі піспек болғанда, күміс ожау (М-Ж., 90); Жаулау – ковыш (Көшербаев). Жаулау – большой ковшик из железа для варки (Рсл); Тостаған, ожау ағаштан, т.б. жасалатын ыдыс.
Құман. Домалап от басында құман жатқан (М-Ж., 87); Құманға жолдас болмай, қатын оңбас, Ісіне нас ұрғашы көңілің толмас (М-Ж., 158). Құман мен құмған, құмыраның түбір тұлғасы құм. Будагов: тур. тат. құм – песокъ (у кирг. назвнія родовъ песку крупный песокъ съ камушками, песчаникъ, тат. кумакъ песок неводный, въ кир. песачный бугоръ, исеръ – полупесчаный т.б. (Буд, 92). Ад. قومغان кумганъ, к. Сл. قمغه қмға комга (افتابه ақтане) кувшинъ, рукомойникъ (у кирг. чугун. или мдн. рукомойникъ бухарскаго издлья (Будагов, 93). Кумган – чугунный или медный кувшин (Потанин, 81). Құм: балшықтан күйдіріліп істелген ыдыс (С. Аманжолов, 1959: 434). Су қайнататын «тас құмған» ертеректе тастан ойылып жасалды да кейіннен шойыннан құйылғаны базарда сатылған. Оның аты да «тас құмған» деп аталады (С.М. – Б. 106).
Құмыраша. Бір құмыраша суменен далаға апарып тастайды екен (М-Ж., 1907: 2); Құмыраша аяқ, білезік сырға, ат тұрмандар шығып жүрді (М-Ж., 1907: 2); Кир. قومرا кумра, глиняный горшокъ. тур.قومرال кумралъ. (Будагов, 93).
Түйін. Құмалақ, құмай, құйысқан, құма сөздерінің түбір тұлғасы ұқсас болғанымен талдап отырған лексемамен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл аталған лексемалар – ұмаймен тығыз байланысты. (Ұмай, Құйысқан бөлімдерін қараңыз, сөздік мағынасы мифке апарады).
Кесе. Кесесін ішіп бала қайтып берді (Мәшһүр-Жүсіп., 200); Қыз Гүлшат алтын кесемен сусын берді (М-Ж., 112); Қыз Гүлшат алтын кесе қолға берді (М-Ж., 70); Кесені қолыма алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп (С. Торайғыров). Қырғыз тілінде құмның бір түрін есер деп атайтынын Будагов жазды. Құмды жел еседі. Бәлкім, осы мағынасына байланысты есер деп аталуы мүмкін. Есер мен кесерді нендей жағдай жақындатуы мүмкін.
Кесе лексемасының шығу тегі қандай? Мына түсініктерге көңіл бөлсек: п. касэ чаша, чашка. Въ каз. Плоская чашка, въ кир. Полоскательная чашка, (Будагов, 1871: 109). Кесе п. Кассе – шай ішуге арналған ыдыс, шыны, пияла (ҚТАПС, 89). Кесе – п. كاسه чаша, чашка, бокал, большая шашка (Рүстемов, 140); Кес көне түркі тілінде жасау «формаға, қалыпқа» келтіру, кесу деген мағына берген сияқты. Қ. Жұбанов: Ол заманда сөздердің бірінің орнына бірі жүре беретіндігін, келе-келе мағыналарымен бірге сол сөздердің өзі де лайықты түр тапқандығын аңғарамыз (ор, піш, пыш, кес, тес, біз, піс о баста мағыналары бір болғандығын дәлелдейді – А.Қ.) (58, б.120-121).
Түйін. Құмыраша, кесе, құмған, құман барлығы да құмнан жасалған ыдыс-аяқтар. Құм түбірінен өрбіген атаулар деп санауға болады. Құм > құмнан жасалатын ыдыс. Кес (е) (құмды кес). Кесе (кесір – жолын кес) түбірлес сияқты.
Қазан. Қасық (қазық). Қазанның қақпағы жыртық келіп, Құманның қақпағы болар тесік (М-Ж., 86); Есенаман, Жарқын Есенаманы бұл күнге шейін бір ауыл, Жарқыннан – Бақыр, қазан, Мұрынбай (М-Ж., 60).
Тур. тат. قازان қазан – казанъ قزان,غزان монг. Хайсунъ 1) котель; соб имя города Казани. 2) названіе полка бывшихъ янчаръ; قازانجي котельник, кашеваръ, алт., кухарка, поварь, кир.,قازان قاب қазан, қап мшокъ, въ который кладутъ котелъ قازان بوكمهسي (Будагов, 14). Жан қазан – жорыққа алатын қазан (ШУ, 286).
Бақыр. Шұңқырға бақыр қазан қайнатып (М-Ж., 47); Самауырды қайнатып, бақыр асып (М-Ж, 108); Жарқыннан Бақыр, Қазан, Мұрынбай (М-Ж., 60-61); Букин: бақыр қазан – кастрюля, бақыр шелек – ведро, сапты аяқ – чашка, служащая для меры. Г. Турабева: Это слово относится к числу редко употребительных в современном казахском языке. Между тем в других современных тюркских языках и в письменных памятниках оно является названием меди, бронзы. Когда-то это слово выступало как определение наименований всех предметов, изготовленных из меди или бронзы: монет (разных достоинств), чеканок (у разных тюркоязычных народов) и сосудов разного назначения: қара бақыр `черная медь, медные монеты`, бақыр тиын `медная монета или металлическая монета (достоинством от одной до пяти копеек)`, бақыр шелек `медное ведро`, бақыр ожау, бақыраш `медный ковш, медный черпак` и др.
Дальнейшее семантическое развитие этих сочетаний привело к тому, что определямые (основные) части в них постепенно отпали. Такое функционально-семантическое замещение – перенос основной номинативной нагрузки на определительный компонент привело к сдвигу в его семантике. Отсюда бақыр в одних случаях выражало не собственно металл, а монету или ее достоинство воовще, а в других – свойство или качество предмета, а сам предмет. Например: узб. пакир `ведро`, кирг. бакыр `металлическое ведро`, тат. бакраш `железный ковш, половник`, туркм. бакъыр `кастрюля` и.др. В этом отношении любопытен факт употребления в казахском языке варианта указанной выше пословицы: бәлен жерде бақыр бар, барсаң, бақыр тұрмақ шелек те жоқ. Здесь бақыр – `медное ведро`. Во всех остальных приведенных выше пословицах бақыр выступает как выразитель не достоинства монет, изготовленных из меди, а как ценности вообще и противопоставляется в одном случае понятию алтын `золото`, а в другом – понятию шақа `более мелкие монеты, груши`– дейді (ПЭТЯ, 1990: – С. 153-154). Ерте заманнан ас пісіруге арналған ыдыс – бақыр (С.М. – Б. 106).
Аспаннан күмісті табақ балымен түсті, Табақтың ішінде күміс қасық бар екен (М-Ж., 154). Сүт пісіргенде алтауының алдында алтын аяқ, алтауының қолында алты қасық (М-Ж., 36); Жер-суды ап кетті ғой қазық қағып (М-Ж., 34); Ат арқандар қазығым Балаларға азығым (М-Ж., 38); Бал қасық – чайная ложка (Будагов, 235). Қасық пен қазық шығу тегі бір сияқты. -Ық жұрнағы туралы «тобышақ» – деген бөлімде жазылды: тобық сөзі тоб+ық түбір мен жұрнақтың бірігуінен шыққан. -ық жұрнағы туралы Қ. Жұбанов: Қасық дегендегі -ық қазық дегендегі -ық сияқты, бұл да қазудан алынған – дейді [12, б.121]. Ж. Манкеева докторық диссертациясында ыдыс-аяқтардың түрлерін: қазан, шөміш, шөншік, таба т.б. атап өтеді (1997: 45).
И. Исмайылов дашқазан лексемасы өзбек сөздігінде `үлкен шойын котел` (Узбекско-русский словарь. М., 1959. С. 132), уйғыр тілінде – `үлкен котел (Наджип Э. Уйгурско – русский словарь. – М., 1968. С. 435), қырғыз тілінде `үлкен котел` (Юдахин К. Киргизско-русский словарь. М., 1965. С. 188). Исмайлов дашқазан сөзін үш компонентке да+аш+қазан деп қарастырады, ал, `үлкен` деген мағынаны бірінші компоненті да береді дейді. Қытай және дунган тілінде да `үлкен` мағынасын білдіреді. Түркі тілінде да (та) `үлкен` мағынасын білдіреді. Біздің ойымызша дамолда `үлкен молда` деген сөздің құрамындағы да «үлкен» деген мағынаны береді (А.Қ.). Екінші компоненттегі ш аш//ас `тағам, палау` мағынасын білдіретін сөзден қысқарған. Бұдан келіп: да `үлкен` + аш `түстік, тағам`+ қазан >да (а) ш қазан > дашқазан (тасқазан – А. Қ.) деп семантикалық өрісін көрсетеді (ПЭТЯ, 93).
В современных тюркоязычных регионах бытуют слова қазан, қасқан, кашик, қача. В Древнетюркском словаре зарегистрировано слово qа (ДТС 399) в значении `вообще посуда, сосуд`. Если qа – ` посуда вообще`, то значит, в процессе длительного развития языка оно могло стать источником образования слов қазан, қасқан, қашиқ, қача. В «Диване» Махмута Кашкари есть слова kazїz, обозначающее деревянную посуду (МҚ., 363). И. Исмайлов qа (қа) `ыдыс` -зан, -сқан, -шиқ, -ча т.б. сөз тудырушы жұрнақ деп қарастырады [9, б.94]. Біздің ойымызша, жоғарыда айтылғандай, қасық, қазан, қазық т.б. қаз (қазу) жерді қазу етістігімен тығыз байланысты сияқты. Алғаш оны «жер ошақ» аталатын қазылған шұңқырға орнатқан. Одан кейін қазан үш сирақты темір (мосыға) ошаққа асылды. (С.М., – Б. 106).
Қасық//қазық//қазан (сазан, азан, озан, тоған, боран, бөген) -ан аффикстері арқылы жасалған сөздерінің шығу тегі бір деп ойлаймыз. Қазанды жерді қазып, орнатқандықтан заттың аты пайда болған сияқты. Бақыр мен бақыр қазанның қолданылу аясы бір сияқты. Жалпы осы сөздер қаз түбір сөзінен өрбіген. Қаз > қазан <> қазық > қасық.
Ат-әбзелдері лексикасы
Ауыздық. Ауыздықпен су ішкен аттай болдық (М-Ж, 140). Батыр Сайын саспашы, Ауыздығын боз ат шайнайын (М-Ж., 208);
Ауыздық – ліг. Иүгенлігі – жүгеннің ауыздығы (Қашқари, 201); Л.Будагов: 3) въ названіяхъ членовъ тла, означаеть предметь надваемый на нихъ: كوزلك көзілдірік (отьكوز глазъ) очки,اوزلق аузлыкъ ( اوزротъ) уздцы [20, б.190]. Ауыздық – удила барлық түсініктерде: (Сыздықова мен Хусаин – 88 бет; Махмұдов пен Мұсабаев – 49 бет; Ожегов – 734; М. Фасмер, IV том-149 бет; В.И. Даль, ТСРя – 669 бет соңғылар ауыздықты удила деп аударып алып этимологиясын басқаша айтады. Ауыздықтың бірнеше мағынасын көрсетеді (ҚТС: 1999, 57; ҚТТС: 1974, 489 бет).
Ауыздық сөзін (ау+ыз+дық) түбір мен қосымшаға бөліп қарастырамыз. Ауыз сөзінің түбір тұлғасы балық ұстайтын ау мен салыстырамыз. Бұл сөздердің семантикалық мағынасы жуық. -Ыз (ы+з) құрамы туралы әртүрлі пікірлер бар. М. Қашқари (136), С.Е. Малов (ПДТП: 51–52) -з-ны көптік мағыналы қосымша деп көрсетеді. Мысалы: меңіз (65-бет), көкүз (көкірек), ағыз (ауыз) фактілерді келтіреді. Бұл орайда, А. М. Щерба мен А.Н. Кононовтың пікірі басқаша (Томанов, 63-бет). М. Томанов: ғ дыбысы көне түркі тілінде дауыстылармен бір тіркесте жұмсалған: -аға-бағыр ~ бауыр, ағыр ~ ауыз; ағыр ~ ауыр, ағыл ~ ауыл [109, б.76]. Ахс `рот`, `уста`; ахсы `(< ағызы)`рот`, `уста` (С. Малов, 19). -Дық зат есімнен туынды түбір жасайтын жұрнақ (Н. Оралбай, 2002: – 116 бет; Ысқақов, 117- бет).
Түйін. Ауыздық>ау>ыз (ы+з) -дық=ауыздық. Ауыз>уыз жасалу моделі бір сияқты. А (ауызды ашу ) уыз (алғашқы) деп қарастыруға да болады.
Өмілдірік. Қоңыраулы жүген, күмбезді өмілдірікті көп жасадым (Жұлдыз; 1978). Өмілдірік сары алтын, күлікке тақса болар сол (М-Ж., 25). Жабу сыртынан өмілдіріктеп, құйысқандап күміс ер-тоқым ерттепті (Әуезов, 1987).
Кÿмÿльдÿрÿкъ – тур. كملدرك тоб., كرمولتريك күмүлтрйк хомут; ошейникъ съ кораллами, надваемый на шею лошадей и верблюдовъ (Вамб.) (Будагов, 1871: 2 том. 137). «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» өмілдірік сөзінің шығуына монғол тіліндегі эмээл//емел (ер) сөзі әсер еткені айтылады (1966: 156). Є.Н±рмаѓамбетов: -өмілдірік (өм+ілдірік) іл етістігімен байланысты қарастырады (Бес жүз бес сөз, 1994: 224). Біздің ойымызша -дірік емес, -ілдірік. М±ныњ алѓашќы т‰бірі «іл» (ілу) етістігімен байланысты болуы м‰мкін (кµз+ілдірік, тµбе+ілдірік, саѓа+ілдірік>саѓалдырыќ>саѓалдырыќ. «¤мілдірік» сµзініњ жасалу жолы да осылай ќарастырылѓаны лазым (Бес жүз бес сөз, 1994: 224). Сағалдырық сөзі бас киімге қатысты қолданылған; өмілдірік (өм-іл-дірік) (Жанпейісов, 133). Әйелдердің төсін омырау (омырау таңғыш)-дейді. Л.З. Будагов: алт. كلتكاي اومرو öмÿрÿ – поперечный, боковой подоль (шубы, платья) деп түсіндіреді (Будагов, 133). В.В. Радлов: омраулýк [Кіr., von омрау+лык ] нагрудникъ лошади – der Brustriemen des Pferdes - дейді (1893: 1170). Кµз+ілдірік: аттыњ кµзін саќтау ‰шін ќылдан тоќып ілдірік ілген. Махмуд Ќашќари: Кµзулдурку – жылќыныњ ќылынан арнайы тоќылып, ауырѓан, ќарлыќќан кµзге ќалќалап байлап ќоятын кµзілдірік – дейді (МҚ, 186 бет.). Тµбе+ілдірік = ілдірік: сєукеленіњ ±шар бетіне ќадалѓан єшекейленген, бедері бар зат. Тµлеуов: табалдырыќ, кекілдірік деген сµздегі -ылдырыќ//-ілдірік туынды зат есімніњ ж±рнаѓы ретінде ќарастырѓан (Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. 1973. 77, 76 б.). Өмілдірік сөзі де осы жолмен омырауға қатысты туған болуы керек. Жоғарыда Л. Будагов ат-әбзелдері атқа қатысты туғандығын айтқан еді. Ауыздық бөлімін қараңыз. Өм>ом>омырау>өңірі>ем (емшек)>өмір шығу тегі бір сөздер сияқты. Г. Смағұлова ем (у) түбір тұлғасы тура Э. Севортян пікіріне сүйеніп:>емешесі, емшегі, емесесі, еметайы (құру), езілу (үзілу)-деген тұлғалық өзгерістермен айтылатын тіркестер бар – дейді (Фразеологизмдердің варианттылығы, – Алматы, Санат. 1996: 85 б.). Академик Ә. Қайдар омраз, омуроу, омырағ, амар, омра формаларында қолданылып, негізінен «төс», «көкірек», «бұғана» сияқты мағынаны білдіреді. Ал, монғол тілінде омруд – «бұғана», бурят тілінде оморюу(н) – «аттың төсі», қалмақ тілінде омруһ//омру – «төс», «көкірек тұсы» сияқты мағыналарда қолданылатынын жазады (Түркітануға кіріспе, 2004: 118 б.).
Түйін. Сол сияқты еме > меме > мама > ене > түбірлес сөздер. Демек, ем > өм > өмілдірік болуы мүмкін.
Жүген. Сонан соң жеті жасар Желкілдек өзі жүгендеймін деп ұмтылған екен, тай бүлк етпейді. Жүгенің кеңсірігіме батып барады, құйысқаның құйрығыма батып барады (М-Ж., 158-159); Орнатқан гауһар құйысқан Сауырына сыртылдатып (М-Ж., 232); Кішкене жүген – КҮУҮЧ. КҮWҮЧ . Кууч иүгүн. Кішкене жүген (М.Қ. 3 т. 1997: 225).
Жүген ~ юген, алт. Уйгенъ, ÿгенъ, узда, уздечка; оброть (надваемый на голову лошади), алт. взнуздать, обуздать, ему стало три года пока онъ его (жеребенка) взнуздывалъ (Будагов, 380). Сіб. Тат. тін тінъ, узда, поводъ дейді (Будагов, 398). Жүген мен жүгір сөздерін салыстыру арқылы түбір тұлғаны табуға болатын сияқты. Түркі тілдерінің көне жазба ескерткіштерінде jügür, jürit, jürüg формаларымен қатар сөздің jügür, jügüs, jügrük (аt) формалары да кездеседі (Малов. Пам. Др. Письм., 390-391). Көне jüri сөзінің әр дәуірдегі әртүрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырауының нәтижесінде жүр > жүг > жүй тіліміздегі жүр, жүрек, жүрдек, жүгіру, жүгірту, жүйрік, жүйтку сөздерінің шығуына себеп болған сияқты (ҚТҚЭС: 96). Йүген `узда` (Севортян: 258). Йугын `узда` (Малов, 43). Л. Будагов: Ь) тур. كيم гіемъ, كمіемъ, удила, уздцы (1871: II т. 181). Мінген атты еркіне көндіру, оның басын қалаған жаққа бұру үшін қолданылатын тұрман – жүген (С.М., – Б. 119).
Түйін. Олай болса – жүген (кіс+ен, түм+ен, бүй+ен) жүг (жүр // жүй) +ен қосымшасы арқылы жасалған сөз демекшіміз. Ал, түбірі йік // йек болуы да мүмкін.
Айыл. Айылын тартып алғанда, Адамдай тұрып сайрайды, – Батыр Сайын саспашы, Ауыздығын боз ат шайнайды (М-Ж., 208); Айылды ағытады. – Алдыңғы айылымды бос тарт, артқы айылымды берік тарт, – деді (М-Ж., 159). Айыл – қайыс тартпа (ҚТТС, 23; ҚТДС, 26; Шаңырақ, 39; Подпруга, подбрюшник – Қ – О сөз. 2001: 33; широкий ремень седла или седел – Ожегов, 1963; – М. Фасмер под және пруга деп қарастырады, 1932: 300; ремень, широкая тесьма для перетяги – В. И. Даль, 2001: 492). Айыл – ер тоқым, ершік, ашамай, ыңыршақ қыр арқадан ауып кетпес үшін көлік малының бауырын орай тартатын жіңішке тартпа (ҚҰЭ, 1998: 153). Айыл – подпруга Қ. Бектаев, 2001: 34; Айыл – жалпақ қайыс ҚТС, 199, 23; Айыл сөзінің құрамын ажыратсақ түбірі айы, -л жұрнақ болады. Мысалы: Жалғандықтың айы өтті тіркесінің құрамында айы сөзі сақталған. Айы сөзі жеке тұрып ешқандай мағынаға ие бола алмайды. Орхон-Енесей ескерткішінде: айын-қорқу, қауіптену мағынасында сақталған (ДТС, 1969: 29). Қазіргі түрік тілділердің ішінен туваларда: айыылдыг – қауіпті, ал айыыл – қауіп деген мағыналарда қолданылады (Рус.-тув. Сл., 1980). Монғол тілдерінде айх – қорқу, елегізу, шошыну болып түсіндіріледі (Мон.-қаз. Сөз. 1954). -Л (-ыл, -іл, -л) көнерген жұрнақ жаңа сөздердің құрамынан кездеспейді. Жасыл (қызыл) йаш (жас, көк; көк шөп) сөзімен салыстыруға болады. Сол сияқты, бат, жең, -л аффикстері арқылы жасалғаны айқын. Сын есім жасайтын жұрнақтар актив қолданылған. Бұл келтірілген фактілер -л қосымшасы етістік түбірімен бірігіп тұтасқаны, сөйтіп, бүкіл негіз есім түрінде ұғынылғанын дәлелдейді (Томанов, 187 қараңыз.). Н.А. Баскаков бұл жұрнақтық тегін -гъыл, -геел, -гъал, -гел тұлғаларынан шығарады. М. Хабичев: -къал, -гъыл, -уул, -геуюл жұрнағынан туған деп есептейді. Ф. А. Ганиев -ғыл/-гел, -қыл/-кел жұрнағын -ыл, -ел, -л жұрнағынан бөлек алып қарайды. Э.В. Севортиян -л жұрнағын әрі есім әрі етістік негізінен есімдер тудыратын синкретизм деп есептейді. Бұл орайда, Ғ. Қалиевтің «Қазақ говорындағы диалектілік сөз тудыру» еңбегін атаймыз (қараңыз: 1985, 172). Сонымен, -л әрі есім, әрі етістік тудыратын жұрнақ болып табылады. Адарғы сөзінің айырғы мағынасында болғандығы айтылады (Қ. Жұбанов, 122). Қырғыздар – аил (айыл) (Ш.У. 244). Томанов: айыр, ажыра (ағаш қақ айырылды, бірі-бірінен ажырады), МҚ: адзышты – айрылысты, адзырылды – айырылыды, адзры – екі айырылды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі бұл етістіктер бір түбірдің екі вариантының негізінде қалыптасқан. Варианттардың шығуы – аффрикат дыбыстардың екіге жарылуының нәтижесі. Бірақ, бастапқы түбір қай мағынада – оны ашып айту қиын – дейді (Томанов, 2002: 146). И. Абдулвалиев аүїl `загон для скота` деген терминді генетикалық жағынан айыл `кольцо катура, подпруга` (каз) салыстырады (ПЭТЯ, 1990: – С. 264). Бұл туралы үй (ев) бөлімінен оқи аласыздар. Екі айылдан (тартпадан) атқа көбірек бататыны – қарнынан тартылатын шап – айыл. Тас айыл үнемі қатты тартылады, өйткені ол қаусыратын тұста тынысты қорғайтын төс сүйек бар (С.М., 119). Төс айылдың, батқанын иесі емес ат білер, Ағайынның қадірін жақыны емес, жат білер... – деген мысал осындайдан шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: |