Түйін. Айыл > айы + л. Айыл, айыр, айырғы түбірлес сөздер болуы мүмкін.
Тізгін. Мұсылман баласына тиді тізгін (М-Ж., 56). Екі де тізгін, бір айыл, «Бір өзім» деп салысты (М-Ж., 34); Жәрдем – тізгін тәңірімнен тисе қолға, Не бар қарап тұратын оң мен солға? (М-Ж., 137).
Тізгін: тіз+гін түбір мен қосымшадан тұрады. Губная форма корневого гласного – результат смешения глагола диз- с глаголом дүз- `приводить порядок`. Выстраивать цепочкой, ставить в рят т.б. А.М. Щербак представляет в виде *тіс- `нанизывать`. Tez=tyz `писать, чертить` (Севортян: 218). Дізгін вожжи (Радлов, III том. 1773). Мүмкін тіс (тістің қатарлануынан) тіз болуы. Тіз – колено (часть тела) (Малов, 118). Ауыздықпен ат айдаушының қолын жалғастыратын бау – «тізгін» аталады (С.М., – Б. 120).
Түйін. Өмілдірік өм>ома>омыраулық//өмілдірік (сағалдырық, көзілдірік, ауыздық т.б.) осы ат-әбзелі сияқты дүз > диз > тес > түс > тіс > тізгін (тіз+гін) пайда болуы әбден мүмкін. Тіс>тізгін.
Делбе Тұрады топты көрсем бүйірім қызып, Делебем айғай шықса, кетер қозып (М-Ж., 125). Делбеңді тарт қара сорға енді түстік, арбаның тегершігін қойшы қысып (М-Ж., 465).
Делбе (вожжи) атты айдау мен делебе (делебесі қозып) мағыналық жақындық байқалады. (Бож): божы, делбе (вожжи). ЖуЖо. (С. Аманжолов, 1959: 364 б.). Делбе сөзі якутша «дэлбэргэ» (Э. Пек., СЯЯ, I 1958: 688), кейде «дэлбиргэ» (Як.-рус.сл., 1972: 122); Л. Будагов каз. دلبه дилбэ, дж. تيلبا, تلبه (=тур. دلي) сумасбордный, глупый, дуракъ دلبلك(1869: 564). Тур. іелве – грива лошади (п. жал) конскій волосъ. (Будагов, 365). Дел түбірі тува. – чел, якут – сиэл, монғол – дэл, қалмақша – дел. Нұрмағамбетов дел бір буынды түбір о баста жал болған дейді. Біздің қосарымыз, М. Фасмер бұл сөзді добычи, вожжи, тау шыңы деген мағынасы барлығын славян тілдерімен салыстыра қарастырады (ЭСРЯ). Дел – балық аулайтын сүзектің кереге көзінің жібі (нитки в решетках рыболовной сети). Тур. КО. Делбе: в литературном языке оно значает «бешенство», а здесь: божы (от русск. «вожжи») (С. Аманжолов, 1959: 370). Ә. Қайдар: делебе > деле көптеген түркі тілінде тели // телі//теле//тилү//тили//дели//дилбә//телбә//делі//телік т.б. «ақылсыз, онша ақылды емес, мисыз», «жынды», «жармес» (қар. ҚТҚЭС, 66-67). Қазақ тілінде делебе `жылқы ауруы – вертячка` немесе делі - құлы `жынды`; телі – тентек `бузотеры, жанжал шығарғыш` *делі//*деле//*телі түбірінен шығатынын айтады. Ал, туынды *делебе тұрақты тіркес делебесі қозу мағынасында қолданылатынын тіліне тиек қылған (Қайдар, 2003: 96). Ә. Құрышжанов делебе сөзінің көбіне түркі тілдерінде ауысқан, ессіз, мисыз, жынды деген мағынасы барлығын айтады (Қазақстан мектебі. 1973: № 12). Аякөз маңында делебе - деп атты керекті бағытына бағындыратын «божыны» айтады. Делбе жылқы ауруы мен делебе сөздерінің мағынасы бір болуы мүмкін. Будаговта қаз. делбе (длбе, дилбе) тур. сумасбродный, глупый, дуракъ деген де мағынасын көрсетеді (564). Осы делебе бірлігі атты айдайтын делбе (божы) сөзінің тууына себеп болмады ма екен деген ой туады. Өйткені, аттың да делебесі қозып, қатты жүріске салатыны бар.
Түйін. Делбе (вожжи) түріктің төл сөзі болуы мүмкін. Жал>дел>делбе>делебе болуы да мүмкін. Дел > туынды сөз делебе > жал (жалбақай).
Үзеңгі. Бұрынғы заманда соло бадан Тоқтамыстың үзеңгісін тауып алғандар болып, үзеңгінің кеңдігі бұл заманның атының басы сыйып кететұғын деген екен (М-Ж., 81).Сүйді ол үзеңгісін жетіп барып (М-Ж., 167); ...үзеңгісіне шірене тұрып сауыт бұзар жебесін қақ маңдайдан қарыс сүйем кіргізді (І. Есенберлин. 1986: 18).
Үзеңгі сөзінің мағынасын моңғолдарда «дөрөө» (Қаз. -қал. Сл., 1964, 689) тұлғалары ұғындырады. Сондай-ақ, монғолдар мен қалмақтарда «баспалдақ» мағынасында, біріншісінде – «даруулга», екіншісінде – «дөрә» дыбысы құрамындағы сөздер бере алады (Мон. –қаз.сөз., 1954, 76; Рус.қал., 1964, 269). Осыған қарағанда, өте ерте заманда «үзеңгі» сөзі қазақтарда да «таралға» қалпында аталуы мүмкін. Кейін тілімізге парсы тілінен ауысқан «зинэ» лстница, ступеньки лстницы (Баб. Стр. 390); Бурх. См. Слово ұаы -2). (баспалдақ) сөзі (Л. Буд., Срав..., I, 610) біздің тілімізде «үзеңгі» қалпына дейін өзгерумен бірге «таралғының» бұрынғы мағынасын иеленіп, соңғысының (таралғының) қайыс бауға атау болуын белгілеген. Келтірілген тілдік деректер «таралғы» сөзінің төркіні – монғол тілдері, ал тұңғыш мағынасы «үзеңгі», одан кейін сол тілдерде «баспалдақты» қоса иемденіп, қазақ тілінде ер мен үзеңгіні жалғастыратын қайыс бау ұғымын беретін болып қалыптасқанын дәлелдейді. Ерге отырғанда аяқты тірейтінді «үзеңгі», «үзеңгіні» ерге жалғастыратын қайысты «таралғы» деп атайды (С.М., – Б. 119). Таралғы. Үзеңгіні ерге жалғастыратын, айылбасы бар қайыс бау (Нұрмағамбетов: 265). Үзеңгі сөзімен зеңгі (Зеңгі баба) мағынасы бір болуы мүмкін. Жас баланың басына Зеңгілер гүрзі салады (М-Ж., 258); Балаға батыр зәңгі қадам басты (М-Ж., 155); Зеңгілер сонда ақырып, Қақпаға жетіп барады (М-Ж., 241). Дегенмен, осы мәселеге қатысты материалдың жеткіліксіздігі байқалады. Үзеңгі – стремя (Қ. Бектаев, 2001; Үзеңгі – үзеңгі І. Кеңесбаев, 1977: 547; Стремя – Ожегов, 1963; Үзеңгі – Қалиев, ҚТТС, 9 т. 1986: 524; Стремя, стремено – часть верховой конской сбруи: для упора ног всадника – В. Даль. Тс, 1882: IV т. 338; Стремя – славян тілдерімен салыстыра зерттеген М. Фасмер. ЭСРЯ: 1964, III т. 775; Кейбір батыс говорларда кездесетін әдеби тілде айтылатын жерде к айтылуы (үзеңгі – үзеңкі) қазақ тілінде сақталып қалған оғуз тілдерінің негізгі белгілері болып табылады Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. 1991: 24). -Қы, -кі (-қу, -кү, -ғү, -гү) табынғу, йүкүнгү табыну, жүгіну. Кеску (кескіш), сыбыртқы, сүңгү (сүңгі), уйуқу (ұйқы) -қу аффиксі көне ескерткіштер тілінде зат есім де, сын есім де жасаған. Қазіргі қазақ тіліндегі: бұрғы, шапқы, сүзгі, дәңгі т.б. сөздер құрамында сақталған. Мән-мағынасы жағынан -қ аффиксімен синонимдес. Қашқари көрсеткен бычғу (быч – кесу) кей жерде пышқы (ара – А. Қ.) сөзіндегі -ғу аффиксі арқылы емес, -қ аффиксімен қалыптасқан. Тілде екі вариантта: еріндікпен де, езулікпен де жарыса қолданылған -қы аффиксімен келген сөздердің басым көпшілігі істің істеу құралын, орындалу затын білдіреді. Э. Севортян кейбір түркі тілдерінде осы мағынаның негізінде аффикстің грамматикаланған процессі болғандығын көрсетеді (Томанов, 2002: 209-210). С. Е. Малов: уз (< ұс-) `отрывать, рвать` деген мағынасын көрсетеді (128 бет). Үз түбірі қазақ тілінде де сақталған. Үзеңгі // зөңгі болып та айтылады. Үзең // зөң (үзең + гі) деп қарастыруға да болатын сияқты. Біздің ойымызша, үзік ~ үзеңгі генетикалық жағынан байланысты. Бұлардың байланысы туралы тарихи лексикологияда бірнеше ой-болжамдар бар. Мысалы, Э.В. Севортян бұл жөнінде өз ойын былай жазды: «В. Банг анализировал üzängü как отглогольное существительное на -үи от производного глагола с производящей именной основой üz `верхняя часть` + ä -п» (ЭСТЯ, I, с. 624). В. Банг здесь выдвигает идею о связи семантики үзеңги со значением `верх` (üs, ös), что в дальнейшем было поддержано рядом тюркологов, в том числе и самим Э.В. Севортяном. Как нам представляется, эта же связь прослеживается и между семантикой үзік ~ үзүк и значением `верх`. Интересно в этом плане отметить, что Э.В. Севортян үзе / üzе, үзер / üzеr, үзери / üzеrі, үзере / üzеrе `вверху, наверху, на, над` и (МК) üzlän `подниматься` возводить к üz (ЭСТЯ – I, с. 623). Не меньший интерес представляет сравнение, особенно с глоголом üzlän, и үзеңгі / үзеңңі. В этой связи уместно также сопоставить жүзік `кольцо` < жүз `сустав` + ік аффикс (который выражает значение приспособления, предназначенного для данного органа) и үзік `кошма, покрываюшая верх (унины) юрты` < `верх, поверхность` + ік (тот же аффикс, что и в жүзік). Точно такую же аналогию можно провести и между тебінгі – тебіңгі / «тäпінгу `кожаная подкладка под седлом по бокам лощади`; `кожаная подкладка под седлом по бокам лошади`; `кожаные щитки, висящие по сторонам седла, которых касаются пятками, когда пришпоривают лощадь`» (РСл. III с. 119) < теп `лягать, бить ногой` + ін афф. Возвратного залога + гÿ словообр. Афф. И үзенгі / үзеңгі `стермя` < үз + е > үзе отыменный глагол +н +ги (подробнее см.: ЭСТЯ – I, с. 623 – 635). Сонымен: үзік ~ үзүк ~ үзик және үзенгі ~ үзеңгі ~ үзеңңи ~ үзеңңе сөздерін үз `жоғары, жоғары жақ` деген мағынаға апаруға болады. Ал, үзік ~ үзүк ~ үзик сөздерін `не нәрсе қажет жоғарыға қарай (киіз үйдің жоғарғы бөлігі үшін)` деп ұғынсақ, ал, үзеңгі ~ үзенгі - `сол нәрсе `қару- жарақ, құрал` деп, ненің көмегімен жоғары шығады (өрлейді) жоғары, жоғарғы жағы` дегенді üзgü (< üz – gü) `саты (басқыш) демек, бір нәрсемен жоғары шығады` дегенмен салыстырыңыз (ЭСТЯ – I, с. 624) (Жанпейісов, 34); 5 – 6 жасар баланың аяғы үзеңгіге жетпейтін болған соң арнайы тепкіншек тіккен. п.زينه зинъ, съдло زين зинъ, лъстница, ступеньки лъстницы (Баб. Стр. 390; Бурх. См. Слова -2) (Будагов, 610).
Түйін.Үзеңгі > саты (басқыш) жерден үзіліп, жоғары (көкке) ұмтылу. Үзіктің осы мағыналық жағынан жақындығы бар. Үзеңгі мен Зеңгі баба мифкке дейін көтерілуінде бір мән бар. Үзеңгі >тебінгі>тепкіншек.
Тебінгі мен тепкіншек сөздері бір түбірден өрбіген. Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей (М-Ж., 180. Ауыз әдебиеті үлгісінен); Қайтып келіп еліңе, тебінгіден тер келіп, Қабырғадан қан кетіп (М-Ж., 80);
Будагов: тэбенекъ – кожаная часть сдла, стремена, кожаныя полы сдла, табингу-чапракъ, кожаныя накладки подъ сдломъ, по обимь бокамъ лощади (1863: 341). Тебинги – кожи небольшого размера, накладываемой сверх потника для предохранения брюк, обуви наездника от пота и др. загрязнений (Ә. Қайдар, 2003: 34). Тепінді, тебінді. Бір нәрсені аяғымен тебінгенді, қимылдатып жиі – жиі ақырын тепкенде осы сөзді қолданады. Тебінер – тебінбек (МҚ: 1997, 2 том, 195). Қазақ – тепкі (тянақ нәрсе), монғол – тепке>тэбек; тэбк (тепкі) (Б. Базылхан. Қазақ моңғол тілдіренің салыстырмалы тарихи грамм. 1999: 111). Тебäңгí пахви, кожаная подкладка подъ съдломъ по бокамъ лощади (Радлов, 1119). Тебиг < ремень в лошадиной сбруе > только др. – русс табгечь (М. Фасмер. ЭСРЯ, Изд. Прогресс, М, 1973, 3; В. Даль. ТСЖВРЯ, 4 том, 39; И. Жеменей, 1994: 176-177; С.И.Ожегов, СРЯ, М., 1984, 703). Тепкішек – ступень, уступ, возвышенное или пониженное по отвесу. Шаг. С том, тупень, ступенка лестница, крыльца (В. И. Даль. Толковый словарь живого великорусского языка. IV том, Москва 1982, 632). Ступень – один из выступов, составляющих лестницу, а также поперечная плита, доска, на которую ступают при подъеме или спуске. Подняться на две ступени (М. Фасмер. ЭСРЯ III. Москва, 1971: 788). Сондай-ақ, тебінгенде өкше мен үзеңгі ат қабырғасына қатты соқпас үшін тоқымның үзеңгімен таралғы тұсына қайыс тігеді. Оны «тебінгі» деп атайды (С.М., – Б. 119).
Түйін. Теп (тепкіншек) // ем-емшек (келіншек) дериваты табиғаты, сырт қалпы, құрылысына қарап, етістікке -шек жұрнағы жалғану арқылы жасалған деуге болады. Үзеңгі >тебінгі>тепкіншек қолданылуы жағынан мағынасы бір сөздер.
Терлік. В. И. Рассадин: Так, др. – тюрк. terlik `потник` (др. –тюрк. ter `пот`, ср. каз. терлік, кирг., узб., терлик, уйг. тәрлик `потник`), попав в монгольские языки, адаптировалось в них со занчением `летний халат`: ср. саромонг. terliq, tereliq `халат, подбитый хлопком`, монг. тэрлэг, бур. тэрлиг `летний халат`, калм. терлег `женское национальное платье без рукавов`, в диалектах Внутренней Монголии тэрлэг `летний халат`. Это монгольское слово было заимствовано алтайским и тувинским языками: алт. дерлиг `летний тувинский халат`. В то же время в этих языках есть лексемы: алт. терлик, тув. Дерлик `потник`, которые следует рассматривать особо, как развитие др. – тюрк. terlik `потник`. Таким образом, с точки зрения происхождения этих слов в алтайском и тувинском языках одно из них со значением `летний халат` является монгольским заимствованием, другое же, означающее `потник`, – свое тюркское слово. Представленное же в современном турецком языке слово terlik `комнатные туфли, тапочки, ермолка, тюбетейка из тонкой белой материи`, означающее в турецких диалектах также `вид легкой женской накидки`, и указанное В.В. Радловым (РСл III 1072) крымско-татарское tärlik `туфли`, взятое, по всей вероятности, из османского языка, в общем – то не меняют картины происхождения алтайских и тувинских слов, поскольку в турецком языке развитие отмеченных выше значений могло произойти независимо от монгольских языков. Более того, мы можем даже предположить, что возникновение значения `летний халат` у древнего тюркского слова terlik `потник` осуществлялось не без влияния древних тюркских языков типа огузских, в которых к моменту заимствования этого слова монгольскими языками уже было представлено значение, связанное с каким-либо летним одеянием, предназначенным для впитывания пота. Турецкий язык мог сохранить что-либо из этих значений (Проб. Этим. Тюрк. язык. 223-224). Ер аттың арқасына батпас үшін оның астына «терлік» және «жона» қалың киізден жасалып, былғары немесе терімен қаптайтын «тоқым» салынады (С.М., – Б. 119).
Кежім. В. И. Рассадин: Гораздо больше оказывется случаев, когда монгольский древний тюркизм в монгольской адаптации возвращется в тюркские языки. Это положение можно проиллюстрировать рядом примеров из тюркских языков. Каз. кежім `вышитая орнаментированная конская попна`, кирг. кежим, кээжим `дорогая попна`, хак. кичім `кожаный чепрак`, алт. кедьим `чепрак`, осм. (РСл, II, 1151). кäізм `род военной одежды, латы, надеваемые на людей, слонов и лошадей`, як. кычым `седельные тебеньки` прдставляют собой заимствование средневековой монгольской словоформы kejm `чепрак`; ср. старомонг. kejm, монг. хэжим, бур. хэжэм, калм. кежм `кожаный орнаментированный чепрак, кожаная подстилка под седло`. Сама же монгольская форма является заимствованием и адаптацией древним монгольским языком древней тюркской словоформы kedim `т.б. На монгольское происхождение тюркского кежим чепрак` указывает также Г. И. Рамстедт и М. Рясянен (Проб. Этим. Тюрк. Яз. 222). Кежеге сөзінің қаншалықты қатысы бары анықталмады. Кежеге – қараңыз: Қайдар, 174-175. Кежеге қараңыз: қыр. кеçіде – желек, жүгеннің желкедегі бөлігі (ҚТҚЭС, 101).
Таға – доға. Жер таға шегедей мұз боп қалып, Атымды ақша беріп тағалаттым (М-Ж., 215); Белбеудің айылбасы, белбеудің доғасы - тоқу. Тоқи (белдік, доға сөздеріне қатысты) (М.Қ. 3 т. 1997: 308). Қаһарлы Жанақ доғал оқ Жанақ атаныпты (М-Ж., 22). Доға кир. – (о) тат. доға – дуга; пряжка (Будагов, 398). Тоға – железная бляха, при помощи которой соединяются и закрепляются концы ремней, кожаных поясов, конских подпруг и др. предметов (Қайдар, 2003: 89). Доға Торғ., Жанг., Аман., Жамб. Обл. Қорғалжын ауд. Мерке ауд; Луговой ауд., Шу. Айылбас деген мағынадағы доға (ҚТДС, 1999: 169). Доғал мен доға түбірлес сөздер.
Доға сөзін фонетикалық жағынан талдасақ, көне түркі тілінде д, з, л, п, р дыбыстарынан сөз басталмаған. Қазіргі қазақ тіліндегі осы аталған дыбыстардан басталатын сөздің бірсыпырасы шеттен енген сөздер екенін (замат, зирек, зейін), енді бірсыпырасы т – д сәйкестігінің нәтижесі екенін (тирмен-дирмен) көруге болады (М. Томанов, 62 бет). «Сөздің абсолют басындағы қатаң дауыссыздардың ұяңдауы орта ғасырларда-ақ орныққан құбылыс. Оған дәлел М. Қашқари сөздігі» – дейді М. Томанов (55). С. Аманжолов д//т дыбыстарының алмасуын көрсетеді (тоғару вм доғару, тайындау вм. Дайындау, тұзақ вм. Дұзақ и.т.д.) д//т солтүстік–диалектісі мен әдеби тілінде доға, оңтүстік диалектісінде доға, шығыс диалектісінде тоға (1959: 123, 183). Доға сөзінің орысша аудармасы дуга (Қ. Бектаев, 147). М. Қашқари доға сөзіне қатысты: тоқилады тоқұлады: тоғалады, доғалады; Еr tоқиlаdы. Ер қадзыш тоқұлады – Адам қайысты тоғылады; яғни Адам қайысқа айылын тақты мысалды келтіреді (1998: III т. 436). Доға сөзінің түбір тұлғасы то болуы мүмкін. Өйткені, көне түркі тілінде сөз ұяң дауыссыздарынан басталмаған. Ал, -ға деген қосымшаның көне түркі -ғұ (ғу) болуы мүмкін. М. Қашқари етістіктерге әуелі -ғ кейін у,ұ (ғу) қосылып құрал-сайман аттары құралады. Бұл түрік тілінің бәріне тән қағида. Осы жолмен етістіктер есімге айналып, құрал-жабдықтың атын білдіреді. Рышdы (пышды) деген кесті, пішті мағынасындағы етістіктің түбіріне -ғу қосылып жасалған бір нәрсені кесіп-пішетін аспапты білдіретін пышқы пышқи (пышғу) – пышақ сөзі соның мысалы (I том: 38-39). Қ. Жұбанов (121); Томанов осы ойды қостайды (55 бет). Доға–дуга//радуга - деп түсіндіреді (М. Фасмер, 1964: 549) ҚТТС-де доға сөзінің бірнеше мағыналары берілген (1999: 155). Доға: в литературном языке оно означает «дуга», а здесь: айлбас (бляха). Тур.КО.(С. Аманжолов, 1959: 371).
Доға сөзімен тағаны салыстыруға болады. Нәл тақалы көк етік, Мықшыңдап біраз басыпты (Манас) Таға (тғал) – монғ., нәл (на` лъ) подошва башмака, обувь всякаго рода, оберегающая ноги людей и животныхъ, подкова, т.б. мағыналары бар (Будагов, 287). Таға түркі сөзі болуы керек, қазақ тілінде тағу етістігі ілу, затты тағу сияқты мағына береді. Ш. Аюпов таға көне жазба ескерткішінде туюғ (С. Малов. Памят. Древ. Тюрк. Писм. 1951: 80) түрінде ұшырасатынын айта келіп, Ұйғыр тіліндегі таға түрлеріне тоқталады (1997: 16).
Түйін. Таға: в литературном языке оно озночает «подкова», а здесь: нағашы (родственник по линии матери) (Аманжолов, 410). Таға. Нағашы (Қаз. Диалек. 65). Бұл екеуі сыртқы тұлғасы жағынан да шығу тегі жағынан да бір болуы мүмкін.
Құйысқан. – А, ием, түс үстімнен, айылың бауырыма батып барады. Жүгенің кеңсірігіме батып барады, құйысқаның құйрығыма батып барады (М-Ж., 28) .
ҚИDRИҚ құдрұқ: құйрық мал, жануарлардың құйрығы, қой құйрығы – қоj қиdrиқы, ат құйрығы – ағ қиdrиқы (МҚ. 1997: 532). Куйрукъ-хвостъ животныхъ; куюмчакъ-кость между хвостомъ и курдюкомъ барана (Будагов, 1871: 98-99). Ердің артын құйрық түбімен жалғастырып тартып тұратын «құйысқан» – деген (С.М., – Б. 119). Құйрық-құйрық (Жеменей, ПҚС, 1994: 122). Ж. Манкеева малға қатысты қолданылатын құрал-жабдықтарды атап өткен (1997: 45). Құйрық-бауыр деген ұлттық тағамның бір түрі. Құдаларға асатын тағам. Оның мән-мағынасы тереңде жатыр. Құй-құдық, алдын ала дайындалған шұңқырға су құйып, толтыру. Құй – деп қабырғаны да атаған. Төбеңе құй қаздым ба? Құймаң қышып отыр ма? – деген тіркес бар. Бұл орайда құйысқанға қыстырылу фразеологизмі туралы таратып жазған Ә. Қайдарды қараңыз: 2003: 227. Ә. Нұрмағамбетов түркі., қудичақ, қаз., құйымшақ., чув., хыдж біздегі «арт», «бөксе» сөздерінің орына жүреді, құд//құй болып өзгергенін жазады (1990: 27)., құяң ауруы туралы як., кый, тува., хыйланыр тұлғала сөздер біздің тіліміздегі «сырқырау, сыздау» мағыналарында қолданылады құяң (кый+аң) түбір сөзбен қосымша арқылы жасалған сөз екендігін дәлелдейді (Нұрм., 1994, 189). Біздің ойымызша, қый (қойдың қиы) және құя (құй) бәрі бір түбір сөз, тек қана фонетикалық өзгерістерге ұшырағандығы байқалады.
А. Ысқақовтың пікірінше: ««Төбеңе құй қаздым ба?» деген сөйлемдегі құй деген сөз көне түркі және монғол тілдерінде құд-құды-құйы-құй болып келетін, қазіргі қазақ тіліндегі құдық деген мағынада қолданылатын (қазіргі татар тіліндегі құйы сөзі, қазіргі қалмақ тіліндегі худағ сөзін салыстырыңыз) сөзімен төркіндес, демек, құй сөзі жоғарыда айтылып өткен көне түбірінің бір түрі болуға тиіс» (Ысқақов, Қаз. тілі этим. сөздігін жасау мәс., 90). Будагов: көтакъ 1) умъ, хитрость 2) кутакъ – хвостъ; мужской дтородн. членъ (1871: 2 т. 70); түр. Сікъ – дтородн. членъ, мужской, гл. имть сообщеніе (Будагов, 1869: 629). Тур. ад. дасақ, дшақ, к. сл. тасақ – ядра дтордн. членовъ (= жмие) дасақам мет. мужественный, храбрый (Будагов, 1869: 726). А. М. Щербак іңäк не обладает видовым значением и относится только к самке и имеет одинаковое происхождение с іңэн `верблюдица` (каз. іңген), інчэк `самка собаки`, тат. диал. энäк қуй овца-самка`, образованными от основы іна, энä `матушка` (каз. ене) (Щерб. 1961: - С.97) (ПЭТЯ, 1990: -С. 189-190). Біз інген бөлімінде інген жалпы ұрғашы мал атауы болғанын айтқанбыз. Ұлы сөзде ұяттық жоқ. Ін > ен > ене > е...к > (амин//а...+ін) > құй > құйрық > ұмай > ұма > а.... бір-бірімен мифтік жағынан және де бір заманда мағыналық жағынан да тығыз байланысты болғаны байқалады. Амін > терең философиясы этнографиялық көрініспен «бетті сипаумен» бекітілген бұл көрініс ислам дінімен ешқандай қатысы жоқ, тәңірлік діннің жұрнағы. Оны Абай бергі жұртқа түсінікті болу үшін: Дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең – деп мағынасын жақындата түскен. Ал, бұл сөздің арасында қаншама мән мен мағына барын түркі халқы бір ауыз сөз амінге сыйдырған.
Демек, құй > худағ > қ...қ // к...т > х...й (құй) түбірлес сөздер. Құд [-ық] ~ құй ~ құйы сөздеріндегі д мен й дыбыстарының алмасып келуі түркі тілдерінде бар құбылыс. (салыстыр: айақ ~ адақ ~ айғыр ~ адғыр т.б.) Құдық -ық жұрнағы етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ (ҚТҚЭС, 1966: 132).
Құйрық бауыр асату дәстүрі осы – құйрықпен одан әрі ұма (ұмаймен) байланысып, мифтік қарым-қатынасқа түседі. Ал, тұл (қысқа) жыныс мүшелері т... қ (тасаттық) өмір... өру (еру) .... да бір-бірімен тығыз байланысып мифтік қарым-қатынасқа түседі. Демек, біз ойлағандай жыныс мүшелері тек қана мүше емес, олардың мәні өте тереңде жатыр. Бір жағы адалдық, тазалықпен, адам ұрпағымен мың жасайды дегенмен тығыз байланысты (бөрі//ит бөлімін, тұл бөлімін т.б. қараңыз).
Түйін. Құйысқан мен құйрық шығу тегі бір сияқты. Түбірі құй болуы мүмкін. Құй > бір заттың негізі, бастамасы сияқты. Жалпы, құй мен ұмай > құма мен құмалақ байланысты болуы мүмкін. Құй > орысша (х...й) қи>құй (тезек) жалпы жыныс мүшесінің аты болған сияқты. Ат әбзелі: құйысқан (құй+ыс+қан) құй >к..т>қот...қ>с..к>т..қ>тыл..қ жалпы жыныс мүшелерін атаған түбірлес сөздер екендігі байқалады, -ыс жұрнақ, қан (қажалудан шыққан қан). Құйысқан, құйрық, құйқа, құйымшақ, құй// хуй, құйма (зат) сөздерінің шығу тегі бір сияқты. Тур. тас...қ – ядро, дтородн. членовь. тасақам. мет. ужественный, храбрый (Будагов, 1869: 726). Сұқ- чÿкъ мужск. дтородн. членъ, каз. чÿгяй тоже у младенцевъ. (Будагов, 497). Тылақ – потòчка, язычекъ (анат.) (Будагов, 755). Бұл туралы тасаттық бөлімін қараңыз > өмір > тіршілік > қозғалыс. Тұл > тылақ (т...қ) шолақ > қозғалыс > ұрпақ. Тұл (өлім – қысқа) > өмір...,....шексіз жалғаса береді. Жалпы, тереңдете зерттесе, құй (ұма) мифтік байланысы бар. Өмір > өлім > шексіздік (қозғалыс) < өлім ...
Достарыңызбен бөлісу: |