39
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу
мәнері арқылы алған әсеріңізді жұпта талқылаңыз. Мәтіннің дамуы мен
аяқталуын болжап айтыңыз, негізгі ойды анықтаңыз. Негізгі ойды
екі сөйлем
көлемінде мысал арқылы келтіріңіз. Берілген проблемалық 2 сұраққа жазбаша
жауап беріңіз. Сөйлесімде оқшау сөздерді қолданыңыз.
2. Өз жұбыңызбен талқылап, мәтінге ат қойыңыз.
[10]
1-мәтін
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды.
Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды.
Оңай келмеген жеңісте ерен
ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған
жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр
қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз.
Қазір қазақ елді мекендерінде көптеген көшелер,
ғимараттар, оқу
орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де
берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар
өз ата-апаларының
ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Қазіргі кезде
сол
батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар – біздің
мақтанышымыз!
9 мамыр – бұл мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы.
Біздің
парызымыз – бұл күнді ешқашан ұмытпай есте сақтау!
Биыл Ұлы Отан соғысының жеңісіне 74 жыл толуына орай еліміздің әрбір
жерінде әр түрлі іс-шаралар, мерекелік кештер өткізілуде. Соғыс ардагерлеріне
құрмет көрсетіліп, қошемет жасалуда. Әрине, олардың
орасан зор еңбегін еш
уақытта өтеу мүмкін емес. Соғыс ардагерлеріне тағзым ете отырып, келешек
еліміздің ертеңі жақсы болса екен деп тілеймін. Әрбір қазақ баласы өз Отанын
анасындай сүюі қажет.
Тәуелсіз еліміз өркендеп, өсе берсін. Еліміздің көк
аспанында бейбітшіліктің,
тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей
берсін! (177 сөз)
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/27839
Достарыңызбен бөлісу: