51
№4 («Қазақ тілі» пәні бойынша)
1. Аты-жөні: Жолдыбаева Думан Спатаевна, еңбек өтілі: 21 жыл, санаты:
педагог-зерттеуші, өңір: Қарағанды
облысы Сәтбаев қаласы, мектеп атауы:
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі.
2. Ж., 5-сынып.
3. Білім алушы үйде оқиды. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
20 қыркүйектегі №469 бұйрығының «Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
алушыларға арналған 5-10 сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)» 72-қосымшасы
бойынша білім алды. Жеңіл әрі қысқа түсіндірген ұнайды. Блум
таксономиясының білу, түсіну деңгейіндегі тапсырмалар берілді.
Сабақты
түсіндіргенде, тапсырманы орындағанда мейірімділікті қажет етіп отырады.
Өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады. Тапсырманы ыждахатпен орындайды.
Қиындау болса ойын ашық айтады. Логикасы жақсы. Әлсіз тұстары ұмытып
қалады. Жасқаншақтау. «Кешіріңіз мұғалім, ұмытып қалдым»
деп көбірек
айтады.
4. Мен үнемі оған жаңа нәрсе айтуға ұмтыламын. Есте сақтау қабілетін
дамыту үшін жаттығулар жасаймыз. Қысқа өлең шумақтарын жаттатқызамын.
Жеңіл тапсырмалар беремін. «Иә, жоқ» әдісі, «Бес жолды тізбек», «Араласып
кеткен оқиғалар», «серіппелі сауал», «Өрмекші торы», «ББҮ» әдісі көп көмегін
тигізеді.
Блум таксономиясының білу, түсіну деңгейіндегі тапсырмалар. Білім
алушы жоғары ойлауды қажет ететін тапсырмаларды орындай алмайды.
5.
Баланың білім, білік, дағдысын ескере отырып тапсырмаларды жеңіл
түрде әзірлеймін. Эссе жазу, мазмұнын жазу дегенге шорқақтау. Денсаулығына
байланысты тез шаршап қалады.
Сондықтан жазылым, айтылым дағдыларын
меңгертуде белгілі бір критерийлерге
сай диктант жазғызамын, мазмұнын
айтқызамын.
6. Баламен жұмыс жасаған сайын әдістерді өзгертуге тырысып отырдым.
Себебі бала тез жалығады.
Оның шаршамауын, сабаққа ынтасын ояту үшін
«Таным әрекеттерін түзету» сабағын қоса өткізіп,
онда дамытушы ойындар,
«Менің көңіл күйім» жаттығуын, графикалық диктант, «Күннің шуағы», «Кімде
қандай қасиет бар?» жаттығуын бірге орындаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: