1991ж. 8 желтоқсанда Минск қаласының маңындағы Беловежьеде Рессей, Белоруссия, Украйна басшылары бас қосып КСРО мемлекетінің таратылғанын жариялады. 13 желтоқсанда болған Қазақстан және орта Азия Республикалары жетекшілерінің кездесуінде” Беловежье” келісіміне қолдау көрсетілді. Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Грузия, Қазақстан. Қырғызстан, Молдава, Рессей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан республикаларының жетекшілері 21 желтоқсанда Алматы бас қосып, тәуелсіз мемлекеттер достастығые (ТМД) құру туралы қол қойды.
1992ж. наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) мүшелікке алынып, оны дүнме жүзі қауымдығы таныды.
Қазақстан Республикасының конститутциясы.
1993ж. қаңтар айында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Уақыт өткен сайын, реформалар тереңдеген сайын бұл Конституцияның әлсіз жақтары сезіле бастады. Сондықтан 1995ж. 30 тамызда болған бүкіл халықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Оның ең бірінші бабында Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылды,оның ең жоғарғы құндылығы адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары деп атап көсетілген. Қазақстан унитарлық мемлекет болып табылады,яғни оның территориясында басқа ұлттық құрылымдарға жол берілмейді. Мемлекеттік тілі қазақ тілі. Орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылды.
Басқару формасы жағынан Қазақстан Президенттік Респулика болып табылады. Президент - мемлекет басшысы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі және мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет етуін қамтамассыз етеді. Президент 7 жылға сайланады. Республиканың Жоғарғы Заң шығарушы органы Парламент болып табылады. Ол екі палатадан – Сенат және Мәжілістен тұрады. Атқарушы билік қызметін Республика Үкіметі атқарады. Сот билігін сот органдары атқарады.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты.
1992ж. наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып қабылданып, оны дүние жүзлік
қауымдастық тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде таныды. Қазақстан сыртқы саясатының ең басты мақсаты тәуелсіздікті сақтау. Сондықтан да Қазақстан дүние жүзінің барлық елдерімен де достық қатынастар орнатып, олармен саяси, экономикалық мәдени байланыстарды дамыту.
Ең жақын көршілеріміз Ресей, Қытай, Орта Азия республикаларымен достық қатынастардың маңызы зор. Таяу және
Орта Шығыс елдерімен де байланыстар дамуда. Әсірісе ірі демократиялық өнеркәсіпті елдермен байланыстарды нығайту аса қажет. АҚШ бастаған бұл елдер Қазақстанның тәуелсіз болуы өздерінің ұлттық мүддесіне сай келетіндігін түсіне бастады. Олар республикамызға көптен инвестиция әкелуде.
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халқаралық валюта қоры, дүние жүзлік банк, Азия банкі, Ислам банкі сияқты халқа - ралық ұйымдардың да қолдануына сүйенуде.
Достарыңызбен бөлісу: |