Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
28
дəл қамтыған шығармада ерекше ықшамдылық
лаконизмі бар. Қазақ елінің ежелгі бəр дəстүрі,
арғы замандарда басталған, тіпті шариғаттың өзі
де мұртын бұза алмаған белгілі адамға ас беру,
жылы өткенше өліктің артын күту, азалы үй тігіп,
ат тұлдап, қаралы көш жүргізу, дауыс айтып,
көрісу дəстүрі Бөжей өлімі тұсында кеңінен бей-
неленеді.
Əуезовтің үлкен суреткерлік шеберлігінің
терең ашылып көрінетін айқын тұсы адам кес-
кіндерін бейнелейтін шақ. Кейіпкер алғаш əрекет
сахнасына шыққан бетте автор оның келбетінің
есте каларлық сипат-белгілерін суреттеп береді.
Адамның жалпы тұрпаты, бойы, дене бітімі,
қимыл-қозғалысы, əсіресе, бас бітімі, бет пішіні,
көзі, мұрны, ерні, тісі атамалап көрсетілмей, бір-
бірімен байланыста, əрекет, қимыл үстінде, жанды
- тірі қалыпта, сан алуан көңіл-күйімен толқыған,
тебіренген, ренжіген, қуанған, жек көрген сəтін-
де бой көрсетеді. Жазушының қырағы көзі əр
түрлі нəсілді, сан алуан əулетті дəл көріп, қапы-
сыз танытады. Суретші қалам бір-біріне ұқсамай-
тын ондаған адамның реалистік портретін жасай-
ды, олар тұтас көрмелерді толтыруға жетіп жатыр.
Əуезов құдіретімен жаратылған əйелдер бейнелері
бірінен-бірі өткендей сұлу, нұрлы, əсем: Тоғжан,
Қуандық, Салтанат, Əйгерім, Үмітей, Керімбала,
Нұрғаным, Мағыш, Мəкен. Атпал азаматтар,
батыр жігіттер қандай: Базаралы, Балағыз,
Оспан, Дəрмен, Əбіш, қыртысты билер, қат-қабат
жуандар: Бөжей, Оразбай, Əзімбай. Осынау қалың
шоғырдың бір тұғырында Құнанбай, бір
тұғырында Абай. Екеуінің де үй-ішінде, көпшілік
ортасында, далада, шұрай топ алдында, отырған,
жүрген, ат үстінде, ойға батқан, ашуға мінген
шақтардағы, əр кездердегі шешім қабылдап, билік
айтқандағы кескін-келбеті барша бояуымен көз
алдыңызға келеді. Бірі қаттылықтың, зорлық-
зомбылықтың, екіншісі адамгершіліктің, əділет-
мархабаттың бейнесіндей. Жазушы кейіпкер кел-
бетін сомдау үшін авторлық баяндау, персонаж-
дың өткен күндерін еске түсіру, өзіндік сөздік
сипаттама, басқалардың берген бағасы, психо-
логиялык саралау, ой ағымы, диалог, монолог,
полилог секілді көркемдік құралдарды қолда-
нады. Қаһарман оңаша күйде, екеуара, топ орта-
сында, мəжіліс үстінде, əрекет-күрес басында,
қолма-қол шайқаста, бір куаныш, бір қайғыда,
барлық болмысымен толық ашылып, оқырман
назарына түседі. Əрбір кейіпкердің мойнына
жүктелген керкемдік мақсат, идеялық салмақ бар.
Əлем əдебиеті қазынасына ерекше қымбат
көркемдік-эстетикалық игілік болып қосылған
"Абай жолы" эпопеясының шығар-машылық
тарихында, жазушының ұстаханалық баянында
бірнеше оқшау белгілі қасиет-сапа бар. Қалам-
гердің болашақ роман қаһармандары, олардың
ұрпақ-нəсілдері орта-сында туып, алаңсыз сəби-
лік, бақытты балалық, бозбалалық күндерін,
солар кешкен қат-қабат əлеуметтік-психология-
лық, тұрмыстық-этнографиялық, табиғи-эко-
логиялық
қоршауда,
қаймағы
бұзылмаған
көшпелілер мəдениеті құшағында өткізуі бір олжа
болса, екінші сəттілік Құнанбай Əуез, Абай
Омархан əулеті өзара қыз беріп, қыз алысқан,
нағашылы-жиендік
орайда
туысып,
ортақ
қуаныш, ортақ қайғы бөліскен, сүйек-шатысты,
жүз жылдық күйеулік, мыңжылдық құдалық
рəсімін берік ұстанған жақын, бауыр адамдар
екендігінде жатыр. М.Əуезов өнер адамы мен
халық тағдырын тұтас бірлікке көрсететін зор
реалистік шығарма жазудың жаңа көркемдік
мектебін ашты. Осы еңбегі арқылы М.Əуезов
өзін де, Абайды да бүкіл дүние жүзіне таныта
білді.
М.Əуезов баға жетпес «Абай жолы»
шығармасында Абай өмірін ұрпақтарына адам
ретінде көрсете білсе, Дүкенбай Досжан
Абайдың ішкі жан дүниесін ақын ретінде
көрсетті. Д. Досжан шығармашылығындағы
«Абай айнасы» (1994) романында тұрмыстық,
тарихи, əлеуметтік жəне экзистенциалдық
жақтар көркем суреттелген. Қазақтың ұлы
ақыны, ойшылының 150 жылдығы қарсаңында
жарық
көрген
«Абай
айнасы»
кітабы
жазушылық зерттеу талантымен, ашық, жаңа
тақырыбымен,
Абайдың
ақындық
жəне
философиялық əлеміне өзіндік көзқарасы жəне
ой ұшқырлығымен ерекшеленеді. Осы кітаптың
он бес бөлімі – ғылыми зерттеулері мен бос
беллетристикалық бейнелеудің орга-никалық
түрде біріккен он бес эссе. Д.Досжан Андре
Моруа, Стефан Цвейг стиліндегі өмір бейнесін
ойлап тапты. «Абай айнасы» романында ұлы
қазақтың ақындық жəне адамдық негізі түрлі
көзқарастар мен бағаның, танымал жəне таныс
емес құжаттар деректерінен алынған. Суретші
романда өмір қарбаласында ұмыт қалған
күнделіктер мен тіпті Абайдың тірі ұрпақтарына
да орын берді. Романның құжаттық негізі
ретінде Тұрағұлдың қызы, 80 жастағы Мəкен
апаның естеліктері тірек болды. Абайдың ұлы,
Джек Лондон мен Горькийдің шығармаларын
аударған Тұрағұл уайымнан өлген кезде
ешбіреуі көмек көрсете алмаған. Архивтен
сирек кездесетін құжат – Пе-тербургте 1909
жылы Абайдың өлеңдер жи-нағын алғаш рет
баспаға берген, оның ағайын інісі Кəкітай
Ысқақов ақынның күнделігі табылады. Абайды
«адами əлсіздіктері, «дақтары» бар айна»
ретінде де көрсетуі романның тағы бір
ерекшелігі. Осыдан оның адамгершілігі одан əрі
арта түсті. Д.Досжан архивтік құжаттарының
ішінен бұдан бұрын еш жерде басылымға
|