Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет35/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
29 
шықпаған Абай туралы қызықты айғақтар 
тапты. Жазушыны адам қасиеттерін зерттеу 
қызықтырады. Осы жайт жазушының ақын жан 
дүниесіне еніп, сырт көзгеден таса оның күрделі 
рухани жан драмасын ашуға жол берді. «1880 
жыл; Екі кісі болып бөлінген Абай», «1904 жыл; 
Отырып 
ауырған 
адам», «1898 жыл; 
Қастандық» бөлімдері өмір қызығынан бас 
тартқан ақынның ішкі тартысын ашық көр-
сетеді. Абай мен Байронның рухани, шығарма-
шылық жағынан жақындығына арналған бөлім 
ерекше ықы-ласқа бөленген. Автор ақындардың 
өлең жолдарын салыстыра отырып, екі ұлы 
адамның ақындық əлемдерінінің біріккенін та-
бады. Тағы бір назар аударатын жай – «Евгений 
Онегин» аудармасына Абайдың өзінің қосқан 
толық-тыруларынан көрінетін, Пушкин шығар-
машылығымен жақындығы. Дегенмен Дүкенбай 
Досжан ұлы адамның əлсіздігі мен ерекше 
қасиеттеріне жай ғана қызықпайды. Абай Абай 
болып қала береді, сондықтан да біз оның 
Лермонтов тəрізді өз халқына деген «ерекше 
сүйіспеншілігіне» ие болғанын түсінеміз. Ол 
өзінің «Қара сөздерін» («Ғаклия») ащы, шын-
дықпен жазған. Ұлы ақын мен ойшыл Абайдың 
көркемдік бейнесі мен оның заманы əде-
биетшінің ойына сай келді, Дүкенбай Досжан 
Абайдың адам бақыты үшін адам жасаған 
ерліктер мен əлемдік үндестік сезімін жеткізе 
білді. 
Абай, 
Пушкин, 
Лермонтов 
жəне 
Байронның ақындық жүректерінің жақындығын 
болмыс мəнін түсіну тілегі байланыстырады
олар əдемілік күшін ұғудағы шексіз уайымы да 
ортақ.
Алып тұлғалар туралы романдар өрке-
ниеттің күрделі дамуындағы ой-сана дағ-
дарысы, уақыты сияқты жаңа заманды түсінуге 
көмектеседі. Адам тарихындағы дағдарыс 
себебін іздеу «Абай айнасы» жəне «Алыптың 
азабы» романдарының атауларында жатыр. 
Басты мəселе ретінде жеке тұлға мен заман, 
əлеуметтік 
қарама-қайшылықтар 
мəселесі 
қойылды. Адамның рухани күші мен əлсіздік 
мəселесі жазушының шынайы көзқарасымен 
ашылған. Автор таза жанды тұлғаның басты 
рөлі туралы идеясын анық жеткізді. Тұлға жағ-
дайын түсіну жолдарының бірі ашылады: осы 
жағдайды заман дүрбелеңдеріндегі жан суретін 
өзінше түсіру. Осы міндетке ақын өмірінің 
хронологиялық кезеңі қызмет етеді. Он бес бө-
лімнің əрбіреуі өз тақырыбына сай айрықша 
тұлғаның тағы бір жағын ашты. Адамның бар 
өмірі өзгерістер тізбесін еске түсірсе, олар 
сыртынан ерекше, кездейсоқ, уақытша көрін-
генмен, тізбе аралықтары қатты біріккен. 
Абайдың трагедиялық жалғыздық сезімі кітап-
тың сезіледі. Абайдың халық мəдениетіне, 
бəрінен де сөз мəдениетіне, поэзиялық дəстүрге 
өзгеріс енгізуі оның мəтін мысалдарында 
көрсетілген. Абай өз шығармашылығымен Ба-
тыс пен Шығыстың рухани тəжірибелерін 
қазақтың дəстүрлі мəдениетіне енгізуге зор 
үлесін қосты. Бұл үрдісті Абайды үлгі тұтқан 
ақындарымыздың 
шығармашылығынан 
да 
байқауға болады. ХІХ ғасырдың екінші 
жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ 
əдебиеті ауқымында өзіндік орны бар ақын-
дардың бірі Мұсабек Байзақұлының (Молда 
Мұса) шығармашылығынан екі ғасыр тоғы-
сындағы əдебиетімізге тəн басты ерек-
шеліктерді тануға болады. Ол - Шығыс поэзия-
сының көптеген інжу-маржан шығармаларын 
оқып-білген, қазақтың өлең-өрнегіне жаңаша 
ағын қосқан суреткер. Мысалы, «Тышқан мен 
түйе», «Жолбарыс пен түлкі», «Түзу терек», 
«Семірген есек», «Адалдық пен арамдық», 
«Опасыз жар» секілді шығармаларын айтуға 
болады, сонымен қатар, Молда Мұсаның «Ағаш 
пен маймыл» атты мысалы мен «Кəлилə мен 
Димна» арасындағы ұқсас сарын кездеседі, 
аталмыш 
шығарманың 
«Дəрігер 
Барзуя 
туралы» деген тарауын ақын өлеңге айнал-
дырған. Сонымен қатар: 
Адамға ғылым, өнер қамшы деген, 
Жүйрікпін арабыға парсыменен, - 
дейді ақын, ал оның: 
Ақындыққа қазақтың алдындаймын, 
Еш жүйрікке алдымды шалдырмаймын. 
Арабы, парсы, түркі – бəрі бірдей, 
Тек тұрмай орысша да былдырлаймын,
-
деген əзіл өлеңі орыс əдебиетімен таныс 
болғанын байқатса, 
Шекспир, Бальзак, Гете, Пушкиніңнен 
Кеммін деп жүргенім жоқ ешкіміңнен...- 
деген екі жолдық бəйіт өлеңі осы түйінді 
мəселеге саңылау түсіре алады.
«Əр дəуір, заман талабы оның ғарышты 
кезген өз уақытының мерейі үстем Абайын 
сомдай береріне шүбə келтіріп болмас», - деген 
ұстанымымен Рамазан Тоқтаров «Абайдың 
жұмбағы» 
деген 
шығармасын 
оқырман 
қауымның əділқазылық алқасына алып келді. 
Заман өзгереді, заманмен бірге оқырманның да 
талғамы жетіле түсуде. Оның ғылым-білімі, ой-
санасы, өмір салты өседі. Жаңа сапаға көшеді, 
жаңа сатыға көтеріледі. Сонда, жаңағы 
Тоқтаровша айтқанда, əрдайым мерейі үстем 
болып қала беретін Абайы да өзгеруі керек қой. 
Тіпті Абайдың өзі мен сөзі өзгермесе де, өскен, 
өзгерген қазақтың оны ұғынуы, түсінуі жаңаша 
болмай ма? Демек, Абай оларға əрдайым жаңа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет