Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет37/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
кезегімен Абайға иіліп ілтипат білдіреді. Соған 
орай, олармен араласа жүре, ой-пікір алыса 
жүре, Абай да өзінің табиғи даналығын, білім 
деңгейінің өскендігін көз алдарында танытып 
отырады. Романда Абайдың азаматтық, адам-
гершілік бейнесінің ерекше жарқырап, жайнай 
көрінетін данышпандық тұлғасының, ақындық 
дарынын ерекше кемелденген тұстары көп-ақ. 
Оның Михаэлиске еріп, Ұлытауға баруы, сол 
үшін əкімшілік орындарына сезікті көрініп
Омбыға апарылуы, онда губерниялық сот 
мəжілісінде небір маңғазданған қасқалар мен 
жайсаңдар алдында көсіле сөйлеп, бəрінен 
мойын оздыруы, сөйтіп, өзін ақтап шығу үстіне 
билік орнындағы əкімдерден құрметке бөленуі, 
Əз Тəукенің «Жеті жарғысы» мен Шоқанның 
«Сот реформасы» негізінде қазақ даласында 
басқарудың тұтас бір жүйесін жасап беруі т.б. 
оқиғалар – ел алдында, жоғары əкімшілік 
орындары алдында Абай беделінің асқақтап 
көтерілуіне айқын айғақтар болып көрінеді. Бұл 
туынды қазіргі қазақ əдебиетіне қосылған сүбелі 
үлес.
Р.Нұрғалидың «Жүз жазушы – жүз роман» 
еңбегінде жазушы Р.Тоқтаровтың шығар-
масына: «...Жазушының бұл романы көркемдік 
дəрежесі жоғары, мазмұны бай, ұлы Абай 
бейнесін өз заманының мəнді оқи-ғаларымен, 
көкейкесті проблемаларымен табиғи бай-
ланыстыра отырып, шынайы суреткер шеберлі-
гімен сомдаған бағалы туынды. 
Рамазанның тіл байлығы, суреттеу шебер-
лігі, кейіпкер бейнесін сомдау машығы оқыр-
манды ерекше тəнті етеді. Сондықтан бұл ірі 
шығармаға Абай атындағы мемлекеттік сый-
лықтың берілуі өте орынды болды...» деп баға 
беріліпті. Асылы, Абай біз үшін ұлы ұстаз, ке-
меңгер ақын, данышпан ойшыл. Халқы-мыздың 
рухани көсемі. Оның өзі де, сөзі де, өситі де 
мəңгілік. Қазақ қазақ болып тұрғанда, Абай аты 
өшпейді. Абай сөзі өлмейді. 
ƏДЕБИЕТ 
1. Бердібаев Р. Қазақ романы.. - Алматы, 1975. 
2. Бердібаев Р. Шындық жəне шеберлік // Социалистік 
Қазақстан. - 18 маусым. -1970. 
3. Рахымжанов Т. Қазіргі қазақ романының 
поэтикасы. Филология ғылымдарының докторы 
ғылыми дəрежесін алу үшін жазылған диссертация -
.Алматы, 1993. 
4. Турабаева Л. Қазақ прозасындағы өнерпаз 
тұлғасының бейнеленуі (19601980). Филология 
ғылымдарының кандидаты… авторефераты: 10.01.02. 
- Алматы, 2006.
5. Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы 
//Астана, 2005. 
6. Əбдезұлы Қ. Т.Əлімқұлов жөне қазақ прозасы: 
зерттеу.- Алматы, 2000. 
7. Əдібаев X. Көкжиек. Сын.-Алматы.Жазушы, 
1978. 
8. Абай шығармалары. Алматы, 1995. - П том. - 
7, 18, 19, 31, 25, 38, 41 карасөздері. 
9. Л.Əуезова, М. Мырзахметұлы. Абайтану 
дəрістері. Алматы, 1994. 
10. Оразбекова З. Мұсабек Байзақұлының 
ақындық мұрасы. - Түркістан, 2005. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет