Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
36
С.Жусанбаева
КӨРКЕМ МƏТІН ТУРАЛЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер.Көркем мəтін табиғаты.Көркем мəтінге тəн
басты белгілер. Мəтіннің құрылымдық байланыстылығы мен мазмұндық тұтастығы. Мəтін жəне
дискурс.
Тірек сөздер: көркем мəтін, құрылымдық, байланыс, мазмұндық, тұтастық, дискурс.
С.Жусанбаева
О ХУДОЖЕСТВЕННОМ ТЕКСТЕ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Природа художественного текста. Основные
признаки художественного текста. Структурная связанность и содержательная цельность
текста. Текст и дискурс.
Ключевые слова: художественный текст, структура, связность, содержание, цельность, дискурс.
S.Zhusanbaeva
ABOUT THE LITERARY TEXT
Abstract. The issues dealt in this article. The nature of a literary text. The main features of a literary text.
The structural connectivity and unity of content of the text. Text and discourse.
Keywords: literary text, structure, connectiv ity, content, integrity, discourse.
Кез келген басқа мəтін секілді көркем мəтін
де мəтін лингвистикасының, тіл заңды-
лықтарына тəн өлшемдер жүйесінің талап-
тарына сəйкес сипатталады. Бұл ретте мəтіннің
мағыналық жəне
құрылымдық бөліктерінің
өзара байланыстылығы, тұтастығы, коммуни-
кативтігі жағынан толымдылығы, аяқтал-
ғандығы секілді ерекшеліктер маңызды. Бұл
белгілер өзара тығыз байланысты болғандықтан,
оларды бір-бірінен ажыратып,
бөліп бағалау
үлкен қиындық туғызады. Бірақ оларды шартты
түрде болса да бөлу, даралау, жеке қарастыру
көркем мəтінді лингвистикалық тұрғыдан тал-
дауға мүмкіндік береді. Мұның өзі лингвис-
тикалық талдау əдісі талаптары тұрғысынан да
қолайлы жəне орынды болып табылады. Əуелі
мəтіннің осы белгілерін анықтап алып,
содан
кейін ғана көркем мəтіннің құрамдас бөлік-
терінің өзара семантикалық байланыстылығы
мен əдеби тіл нормасына сəйкестігі туралы
мəселені тиянақты қарастыруға болады.
Мəтін
байланыстылығы
оны
түзетін
элементтердің өзара бір-біріне тəуелділігі,
сабақтастығы деген ұғымды білдіреді. Ол тілдік
жүйенің əр түрлі деңгейінде жүзеге асырылады.
Бұл орайда мəтіннің фонетикалық, лексикалық,
морфологиялық, синтаксистік,
семантикалық,
стилистикалық сипаттағы байланыстары туралы
айтуға болады. Фонетикалық жəне стилис-
тикалық сипаттағы байланыстылықтың көркем
мəтін үшін мəні үлкен. Бүл байланыстың құры-
лымында дыбыстық үндестік пен үйлесімділік
көркем мəтін элементтерінің өзара семан-
тикалық үндестігі мен үйлесімділігін де қам-
тамасыз ете алады жəне олардың ерекшелігін
сипаттайды. Өлең мəтінінің тілдік бірліктерін
дыбыстық жəне
стилистикалық тұрғыдан
талдаудың нəтижесінде өлең мəтіні құрылы-
мында оны құрастырушы, байланыстырушы
компонент ретінде қызмет атқаратын дыбыстық
жəне стильдік тізбектер қатары түзіледі.
Көркем мəтіннің тілдік жүйесінде стильдік
деңгейдің болуын немесе болмауын тү-бегейлі
қарастыру біздің міндетімізге жатпайды. Оның
үстіне бұл өте күрделі жəне аса ірі мəсе-
лелердің қатарынан орын алады. Ескеретін
жағдай – көркем мəтінді семантикалық тұр-
ғыдан талдағанда
ғана оның құрылымындағы
стильдік деңгейді анықтау жəне соған сəйкес
байланыстылықтың стильдік реңкі мен стиль
түзуші қызметін көрсету орынды.
Байланыстылықтың əр алуан түрлерінің
өзара қызметі арқылы мəтіннің ерекше бір
қасиеті көрініс табады. Ол - тұтастық. Байла-
ныстылық - əдетте тұтастықтың көрінуінің
шарты болып табылады, бірақ тұтастықтың өзі
мəтін элементтерінің
байланыстары арқылы
үнемі анықтала бермеуі мүмкін. Лукин В.А.
мəтіннің тұтастығы туралы былай дейді: «Цель-
ность текста – это такое его свойство, которое
объединяет текст с другими сложными систе-
мами независимо от природы. Его суть в том,
что текст как целое всегда "больше" суммы
своих частей. Причем, поскольку цельность яв-
ляется
чисто содержательным свойством, сле-
дует уточнить: содержание текста не равно
простой сумме смыслов, из которых он
строится» [5,41]. Сонымен, тұтастық мəтіннің
жалпы жəне басты сипаты түрінде ой мен сөздің
жүйесіне бағыт беріп отырса, байланыстылық
сол тұтастықтың жүзеге асуының тəсілі ретінде
дараланады.