Қазақстан Республикасы соңғы алты жыл көлемінде экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын көрсетуде. 2000-2007 жылдары жылына орта есеппен 10,1%-ды құрайтын республиканың жалпы ішкі өнімінің тұрақты өсуі байқалды.
Әлемдік нарықтағы мұнайға деген жоғары баға және көмірсутектер экспорты, 2000-2007 жылдарда мұнай компанияларының үлкен табысы бюджет табысының рекордпен өсуін, халықтың табысының артуын және экономикалық өсімді қамтамасыз етті.
Алайда, әлемдік тәжірибе шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізе алмай, әлемдік тауар шикізат нарығындағы бағаның өзгеруіне қатты тәуелді болатынын көрсетеді.
Сонымен қатар, табиғи ресурстарды экспорттаудың үлкен үлесіне ие және пайдалы қазбалар қорына бай – Австралия, Канада, Норвегия, АҚШ секілді дамыған елдердің де мысалы бар.
Қазақстан экспортының негізгі тауары мұнай және металл болып табылады. Зерттелген мұнай қорлары бойынша Қазақстан әлемде Ресейден кейін (7-ші орын) 8-ші орынға ие, Венесуэла мен араб елдеріне ғана жол беріп.
Мұнайға бай елдер рейтингі 2004 жылдың басына
|
Ел
|
Мұнай қоры, млн баррель
|
Бір жанға резерв, млн баррель/адам.
|
R&P,
жыл
|
Мұнай экспортының үлесі, %
|
1
|
Сауд Аравиясы
|
262,7
|
10,18
|
73
|
72
|
2
|
Иран
|
130,7
|
1,89
|
93
|
82
|
3
|
Ирак
|
115
|
4,53
|
139
|
96
|
4
|
БАӘ
|
97,8
|
38,75
|
131
|
92
|
5
|
Кувейт
|
96,5
|
38,23
|
135
|
91
|
6
|
Венесуэла
|
78
|
3,07
|
72
|
86
|
7
|
Ресей
|
69,1
|
0,48
|
22
|
42
|
8
|
Қазақстан
|
36,9
|
2,44
|
91
|
56
|
9
|
Ливия
|
36,0
|
6,39
|
66
|
92
|
10
|
Нигерия
|
34,3
|
0,25
|
43
|
91
|
11
|
АҚШ
|
30,7
|
0,1
|
11
|
2
|
12
|
Қытай
|
23,7
|
0,01
|
19
|
2
|
13
|
Мексика
|
16
|
0,15
|
12
|
11
|
14
|
Катар
|
15,2
|
18,1
|
46
|
90
|
15
|
Алжир
|
11,3
|
0,31
|
17
|
97
|
16
|
Норвегия
|
10,1
|
2,21
|
9
|
46
|
Көзі: DH Statistical Review of World Energy, June 2006
|
Ресурспен қамтамасыз етілудің маңызды көрсеткіші резервтің ағымдағы өндіру деңгейіне қатынасы болып табылады. Ол зерттелген қорлардың осы өндіру деңгейін сақтай отырып, жаңа кен орындарын ашпастан қаншаға жететінін көрсетеді. Мұнай өндіру қарқынын 2003 жылғы деңгейде сақтай отырып, Қазақстанның қоры жуық арадағы 91 жылға жетеді. ҚР ЭБЖМ болжамы бойынша республикада мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2008 жылы 67,3 млн.тоннадан 2013 жылы 83,7 млн.тоннаға дейін артады.
41-сурет. Қазақстанда мұнай өндіру және экспорттау
Қазақстан экономикасының әлемдік нарықтағы бағаға тәуелді болуы салдарынан Қазақстанның шикізат ресурсынан түсетін табысты тиімді басқару және осы тәуелділікті төмендету мәселесі өзекті болып отыр.
Мұнай секторынан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің үлес салмағы жалпы түсімнің 30%-ын құрайды. Елдің жалпы экспортында мұнай және газ конденсатын экспорттау үлесі артуда.
42-сурет. Қазақстан экспортындағы мұнай экспорты және үлесі
Бұл «голланд ауруына» алып келуі мүмкін. Экспорт өсуі жағдайда, сауда жағдайы жақсартылады, бұл болса, импорттың өсуіне және капиталдың әкетілуінің артуына алып келеді. Бірінші жағдайда ұлттық валюта нығаяды және осыдан, басқа экспорт тауарларының бәсекеге қабілеттілігі түседі және өндіріс қысқарады. Екінші жағдайда, елден капитал шетке шығарылады.
2007 жыл қорытындысы бойынша «голланд ауруының» даму белгілері байқалды, экономика құрылымында мұнай газ секторының немесе мұнай сататын сектор үлесінің арту дисбалансы артты. Қазақстанның негізгі сауда серіктес елдері валютасына теңгенің айналым бағамының нығаю тенденциясы байқалды, бұл экономиканың щикізат емес саласының бәсекеге қабілеттілігін төмендетуге септігін тигізді.
ҚР Ұлттық банкі ұлттық валютаны нығайтуды ұстап тұру үшін ақша массасының көлемін арттырды. Соңғы жылдары экономикада үрей тудыратын тенденция байқалуда: 2005 жылы өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны екі еседен астам – 4,6%-ға дейін төмендеді, оның ішінде тау-кен өндірісінде – 3,2%, қайта өңдеуде – 6,0%, 2002 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғанда инфляция 5,9 дан 7,6%-ға дейін өсті, 2006 жылы 8,6%-ды, 2007 жылы – 10,8%-ды құрады.
Осыған байланысты, ақша-несие саясатының негізгі мақсаты елде инфляцияны ұстап тұру болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі инфляцияның монетарлық факторымен күресу мақсатында ақша-несиені реттеу құралын пайдаланады. Олар баршаға белгілі – бұл Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасын арттыру, банктерге қойылатын резервтік талаптар нормаларын арттыру, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуын шектеу және т.б.
Қазақстан Үкіметі инфляцияның монетарлық емес факторларымен күресу үшін елдегі инфляцияның өсуіне жол беретін қазақстандық экономикасының шикізат ресурсына және мұнай долларына тәуелді болуын төмендету бойынша шаралар кешенін әзірлеуде. Инфляциялық қысымды ұстап тұру тәсілінің бірі тұрақты қор құру және экономикадан ресурстың бір бөлігін алу болып табылады.
ҚР Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, болашақ ұрпақ үшін қаржы қаражатын жинақтау, қолайсыз сыртқы факторларға экономиканың әсерін төмендету мақсатында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» 2000 жылғы 23 тамыздағы Жарғысын шығарды. Қойылған мақсатқа сәйкес ҚР Ұлттық қоры екі функция атқарады:
-
республикалық бюджеттің әлемдік бағалар коньюктурасына әсерін төмендетуді жүзеге асыратын тұрақтандыру функциясын;
-
болашақ ұрпаққа жинақ ақша қалыптастыру арқылы жүзеге асырылатын жинақтау функциясы.
ҚР Ұлттық қорының қызметі Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Жарлығымен, ҚР Бюджет кодексімен, ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасымен, ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережемен, ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану ережесімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңымен реттеледі.
ҚР Ұлттық қорының қызметіне қойылатын негізгі талаптар Ұлттық қор табысын қалыптастыру тетігінің айқындығында және қаражатын елдің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесіне тиімді пайдалануға негізделген.
ҚР Ұлттық қоры туралы ақпарат ашық, оны Интернет арқылы ҚР Қаржы министрлігінің сайтынан «Мемлекеттік бюджет және Ұлттық қор» бөлімінен алуға болады, онда Ұлттық қордың ай сайынғы түсімі мен шығысы туралы мәлімет сақталады.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы күшіне енді, ол Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды қалыптастыру тәртібін өзгертті.
Осы Тұжырымдамаға сәйкес ҚР Ұлттық қорын қалыптастырудың негізгі көзі мыналар болып табылады:
- мұнай секторынан түсетін тікелей салық (жергілікті бюджетке есептелетін салықты қоспағанда), оған корпоративтік табыс салығы, асыра табысқа салынатын салық, роялти, бонус, өнім бөлігі бойынша үлес, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық жатады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы төлейтін салықтың басқа түрлері тиісті бюджетке есептеуге жатады. Бұл ретте, мұнай секторының кәсіпорындарына шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және (немесе) сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатады;
- республикалық меншіктегі және тау-кен өндірісі мен қайта өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
- ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де түсімдер мен табыс.
Ұлттық қорға төлеуші ретінде 6 компания анықталатын ҚР Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану ережесіне қарағанда, Тұжырымдамада мұнай секторының кәсіпорындарына шикі мұнай мен газ конденсатын өндірумен және сатумен айналысатын барлық заңды тұлғалар жатқызылған, ал бұл «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қосымшада келтірілген 55 компания. Бұдан әрі, Бюджет кодексінде «мұнай табысына» берілген түсінік кеңейтілген, оған енді шикі мұнай мен газ конденсатын зерттеу, өндіру және сату жөніндегі жұмысты қоса алғанда мұнай операциясынан түсетін барлық түсімдер жатады. Осыған байланысты, ҚР Ұлттық қорына төлеуші-кәсіпорындар саны 81-ге жетті, демек, ол білдіретін қоғам бюджетті бекіте отырып, ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру процесіне тартылған.
Бюджет кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес ҚР Ұлттық қорына сондай-ақ мыналар жатқызылады:
- шикізат секторының кәсіпорындары жасаған басқа операциядан түсетін ықтимал түсімдер;
- Өнім бөлімі туралы келісім бойынша төлем, ол Қазақстан Республикасының үлесі бойынша түсім сомасы келісім-шартта берілген мәннен төмен болса.
Үкімет жүргізген бюджеттік реформаға сәйкес барлық мұнай табысы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қорға түседі, бұл мұнайға деген жоғары бағаның арқасында ғана қаржыландырылатын бюджет шығысының ақталмаған өсімін ұстап тұруды қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібі 43-суретте келтірілген.
.
Мұнай секторынан түсетін тікелей салық (жергілікті бюджетке есептелетін салықты қоспағанда), оның ішінде: корпоративтік табыс салығы, үстеме пайдаға салық, роялти, бонус, өнім бөлімі бойынша үлес, Шикі мұнайға салынатын салық, газ конденсаты.
Мұнай операциясынан, оның ішінде мерзімін ауыстырғаны және мұнай өндіру технологиясын бұзғаны үшін
Республикалық меншіктегі және тау-кен және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсім
Ауыл шаруашылығын пайдалануға арналған жер учаскелерін сатудан учаскелерін сатудан түсім сельскохозяйственного назначения
Қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыс
Өзге түсімдер мен табыс
43-сурет. ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану көзі
44-сурет. ҚР Ұлттық қорының табыс баптарының ара қатынасы
ҚР Ұлттық қоры жұмыс істеген уақытта табыс құрылымының қалай өзгергені суретте көрініп тұр. Бірінші жылы табыстың көпшілік бөлігі заңнамада тиым салынбаған өзге түсім - 50%, корпоративтік табыс салығы - 34%, роялти - 10%, инвестициялық табыс - 5% есебінен қалыптастырылды. 2002-2004 жылдары өзге түсім үлесі 45-тен 13%-ға, 2007 жылы - 0%-ға қысқарды. 2007 жылы Ұлттық қорға түскен түсімнің негізгі көзі корпоративтік табыс салығы – 60,8%, роялти - 15%, инвесттабыс - 8% және үстеме пайдаға салынатын елеулі салық – 10,2% болып табылды.
Егер, үстеме пайдаға салынатын салық бойынша түсім серпінін зерттесек, онда 2008 жылғы 9 айда оның үлесі екінші тоқсанда - 27%-ды, үшінші тоқсанда - 14%-ды құрады.
45-сурет. Табыс баптары бойынша ай сайынғы түсімдер, 2008 жылы
Ұлттық қорға бағаның жоғары коньюктурасымен туындаған қосымша түсімдер шоғырландырылғандықтан, ҚР Ұлттық қорының жинақ ақшасының өсімі байқалады: 2001-2007 жылдары қорға шамамен 21,5% ЖІӨ жинақталған.
ҚР Ұлттық қорының қаражаты (жылдың соңына)
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
ЖІӨ, млрд теңге
|
3250,6
|
3776,3
|
4612
|
5870,1
|
7590,6
|
10139,5
|
12726
|
ҚР ҰҚ қаражаты
|
млрд теңге
|
189,2
|
299,1
|
528,2
|
667
|
1080
|
1853,4
|
2733,4
|
% ЖІӨ-ге
|
5,8
|
7,9
|
11,5
|
11,4
|
14,2
|
18,3
|
21,5
|
Тұжырымдамаға сәйкес Ұлттық қордың ең үлкен мөлшері шектелмейді. Бұдан басқа, Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшін кемітілмеген қалдық белгіленеді.
Тұжырымдаманы қабылдау ҚР Ұлттық қоры қаражатының жұмсалу тәртібіне де өзгеріс енгізді: кепілдік берілген трансферт болашақ ұрпақ та пайдаланатын жобаларды инвестициялауды көздейтін бюджеттік даму бағдарламаларының шығысын қаржыландыруға ғана бағытталуы тиіс.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналға шығыс республикалық бюджетке экономиканың мұнай секторынан аударылатын аудару есебінен қаржыландырылады, бұл ретте бюджеттің белгілі шығыс бөлігі белгіленген шектеулер шеңберінде қарыз алу (сыртқы және ішкі) есебінен де жабыла алады.
46-сурет. ҚР Ұлттық қорының қаражатын пайдалану
2001-2002 жылдары қаражаттың көпшілік бөлігі бюджет ысырабын өтеуге, ал 2003-2006 жылдары – қорды басқарумен және аудит жүргізумен байланысты шығысты жабуға бағытталғаны суреттен көрініп тұр.
ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт мөлшері бөлек алынған кезеңде алдағы жылдардағы жинақтау мөлшеріне байланысты. ҚР Ұлттық қорына түскен түсімдер республикалық бюджетке бағытталған сомаға әсер етпейді. ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке трансферттер көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
ҚР Ұлттық қорының таусылуына жол бермеу мақсатында кепілдік берілген трансферт мөлшері қор активінің үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Егер де, кепілдік берілген трансферт мөлшері осы шектен шықса, онда ҚР Ұлттық қорынан алынатын ең үлкен сома тиісті жылдың басына қор активінің үштен бір бөлігінің эквивалентін, ал қалған үштен екі бөлігі болашақ ұрпақ қоры ретінде жинақталады, бұл ҚР Ұлттық қорының басты мақсатының біріне сәйкес келеді.
ҚР Ұлттық қорының орта мерзімге кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері (2007-2009 жж.)
|
2007
|
2008
|
2009
|
Кепілдік берілген трансферт
|
|
|
|
млрд теңге
|
301,7
|
461,4
|
337,0
|
% ЖІӨ
|
2,37
|
2,89
|
1,88
|
Көзі: 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 25 қарашадағы № 189 Заңы, 2) Қазақстан Республикасының 2009-2013 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлер болжамы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы 2008 жылғы 26 тамыздағы № 32 хаттама
|
Осылайша, мұнайдан түскен табысты сауатты басқару мемлекеттің қауіпсіздігін анықтайтын қол сұғылмайтын қорының болуын қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақстан - 2030» Даму стратегиясы
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына Жолдауы – Казахстанская правда, 2008
3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы// Қазақстан Республикасының ПҮКЖ, 2007 ж., № 10, 115-бап; 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 54 «Казахстанская правда» (25299)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекiту туралы» 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығы
5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV ҚРЗ//www.minplan.kz
6. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 602 Заңы
7. «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5 Заңы
8. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмді перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 1641 Жарлығы
9. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтар № 543 Жарлығы.
10. «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 194 Заңы
11. «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанындағы № 96-IV Заңы
12. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасы //www.minplan.kz
13. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған 2008 жылғы 26 тамыздағы № 32 хаттамасы.// www.minplan.kz
14. Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен //www.minplan.kz
15. С.М. Өмірбаев. Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Астана: «Сарыарқа» ЖҚ, 2007.-488с.
16. Ресей бюджеті бойынша нұсқаулық- 2006. В.В. Вагин, О.К. Ястребова, Ю.В. Автономов, А.В. Горшенин, М.В. Грачева, С.Ю. Иванов, А.А. Парфенов, Е.В. Пономаренко, А.В. Цветкова. Москва. ЗАО "Агентство прикладных коммуникаций", АНО "Центр социального проектирования "Возрождение", 2006. - 104с.
17. Открытый бюджет России, 2004 - 2007. Бюджет: мифы и реальность. - М.: АПРИКОМ, 2007. - 144 с.
18. ҚР Ұлттық банкінің 2001-2008 жж. жылдық және ай сайынғы есебі http://www.nationalbank.kz
19. «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасының Заңына 1-қосымша
20. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты //www.minzdrav.kz
21. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайты.//www.edu.gov.kz
22. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі сайты //www.memr.gov.kz
23. Мемлекеттік бюджет туралы заңдарға қосымша 2006, 2007, 2008 жылдар //www.minfin.kz
24. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. Астана, 2008 жыл.
25. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары. Астана, 2008 жыл.
26. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі. 2008 жылғы 25 шілдедегі экспресс-ақпарат № 4-3б/16. «Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар туралы».
27. Key World Energy Statistics 2008, IEA
28. Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі туралы ақпараттық бюллетені, 3-шығарылым (2008 жылғы 3-тоқсан)
29. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің статистикалық бюллетені
Достарыңызбен бөлісу: |