Министерство экономики и бюджетного планирования республики казахстан



бет9/14
Дата17.07.2016
өлшемі1.97 Mb.
#204601
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

3.2.1 Әлеуметтік бюджет

Білім беру


Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабы әрбір азаматқа мемлекеттік мекемелерде міндетті орта білім алу құқығына және конкурстық негізде мемлекеттік жоғары оқу орнында тегін жоғары білім алу құқығына кепілдік береді. Алайда, білім беру – бұл әрбір азаматтың жеке басы мен жеке ерекшелігін дамытуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігіне де әсер ететін сала. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің миссиясы бәсекеге қабілеттілікті және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асырудан тұрады.

Мемлекет осы бағыттың маңыздылығын ескере отырып, білім беруге жыл сайынғы бюджеттік ассигнованиялар бөлуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім берудің әрбір үлгісі және түрі бойынша бір білім алушыға, тәрбиеленушіге есебімен айқындалатын қаржыландыру нормативтерінің негізінде республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарын қаржыландыру нормативтерінің мөлшері инфляцияның қарқынына сәйкес тұрақты түрде индекстеледі және оны жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


15-сурет. 2006-2007 жж. Білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығыстар, млрд теңге.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша мемлекеттің білім беруге жұмсаған шығыстары 455,8 млрд теңгені құрады, бұл 2006 жылға қарағанда 128 млрд-қа көп.

Білім беруге арналған мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-дегі үлесі 3,6%-ды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға ұлғайды.

Республикалық бюджет қаражатынан білім беруді қаржыландыру үлесі жыл сайын артуда және 2007 жылы барлық шығыстардың 27%-ын құрады. Сол уақытта білім беру жүйесін негізгі қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі (білім беруге жұмсалған барлық шығындардың 73%-ы).

2003 жылдан бастап білім беруді қаржыландыру еліміз бойынша орта есеппен 3,2 есеге ұлғайды. Қаржыландырудың – 4,8 есеге барынша ұлғаюы оқулықтар әзірлеумен және олармен қамтамасыз етуге, ақпараттандыруға, білім беру ұйымдарын әдіснамалық қамтамасыз етуге, мектептен тыс іс-шаралар жүргізуге, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға және басқаларға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға – 4,5 есе жұмсалатын шығындармен сипатталады. Жоғары және орта кәсіптік білім беруге жұмсалатын шығыстар 2003 жылдан бастап 3,7 есе өсті. Орта және бастауыш кәсіптік білім беруді қаржыландыру 2,7 есе ұлғайды.


Білім беру деңгейі бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарының құрылымы, млн теңге


Жылдар

2005

2006

2007

Барлығы

261208

327768

455776

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

9589



3,7%

12937



3,9%

20645



4,5%

Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім

167624



64,1%

202915



61,9%

275367



60,4%

Бастауыш кәсіптік білім

8789



3,4%

10119



3,1%

14236



3,1%

Орта кәсіптік білім

9124



3,5%

11050



3,4%

14957



3,3%

Жоғары және ЖОО-нан кейінгі кәсіптік білім

33755



12,9%

48296



14,7%

61160



13,4%

Өзге де шығыстар

32327



12,4%

42451



13,0%

69411



15,3%

Білім берудің қол жетімділігі

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту коэффициенті 32,8%-ды құрады және Алматы облысындағы 8,7%-дан Қостанай облысындағы 84,3%-ға дейінгі аралықта өзгеріп отырды.

Мектепке дейінгі білім берумен қамту коэффициенті әлемнің көптеген елдерімен, оның ішінде ТМД елдерімен салыстырғанда әлі де өте төмен болып қалуда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша жыл ішінде мектеп алдындағы даярлықпен қамту 2007 – 2008 оқу жылында 79%-ды құрап, 2%-ға ұлғайды (10 айдан аз жұмыс істейтіндерді қоса алғанда барлық мектепке дейінгі ұйымдардың мектеп алды топтарына, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердегі мектеп алды сыныптарына баратын балаларды ескергенде).


Жалпы орта білім беру

2007 жылы республика бойынша жалпы орта білім берудің бастауыш және негізгі басқыштарымен қамту коэффициенттері (түзету ұйымдарында оқитындарсыз) тиісінше 99,6% және 99,9%-ды құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға ұлғайды. Жалпы орта білім берумен қамту коэффициенті тұтастай алғанда 2007 жылы 99,4%-ға жетіп, 0,2%-ға өсті.

Бұл ретте жалпы орта білім берудің жоғары басқышымен қамту коэффициенті жыл сайын төмендеп отыр (2007 жылы ол 2006 жылғы 84,1%-бен салыстырғанда 81,4%-ды құрады), бұл негізгі орта білім беру базасында оқитындарды бастауыш және орта кәсіптік білім берумен қамтудың тиісінше ұлғаюымен түсіндіріледі.

Бастауыш кәсіптік білім беру

Соңғы жылдары Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласынан басқа Қазақстанның барлық өңірлерінде бастауыш кәсіптік білім беру деңгейіндегі студенттердің санының ұлғаюы, және тиісінше оқушыларды қамту коэффициенті мәнінің артуы байқалады. 2007 – 2008 оқу жылында осы көрсеткіштің мәні 5,5%-ды құрады, бұл өткен оқу жылының көрсеткіші мәнінен 1,3%-ға жоғары.



Орта кәсіптік білім беру

Халықты осы білім беру деңгейімен қамту коэффициентінің Қазақстанның көптеген өңірлері бойынша жыл сайынғы өсуі негізінен ақылы оқыту нысанымен түсіндіріледі. Оқушыларды орта кәсіптік білім берумен қамту коэффициенті республика бойынша 2006 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға ұлғайып, 16,4%-ды құрады. Барынша көп өсім Алматы және Астана қалаларында болды: 31,1 және 27,1% тиісінше 27,4 және 23,1%-ға қарсы.



Білім берудің сапасы

Мемлекеттік білім беру стандарттары

Жаңа редакциядағы «Білім беру туралы» Заңға сәйкес 12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі жұмыс заңнамалық қамтамасыз ету алды.

2002-2003 оқу жылында басталған 12 жылдық білім беру жүйесін енгізу жөніндегі эксперимент 7452 оқушыны қамти отырып, 2-5 сыныптарда жалғастырылды. Эксперименттік мектептердің оқуын ұстауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін оқулықтар (10 атау) мен оқу-әдістемелік кешендер (17 атау) әзірленді.

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

Бастауыш кәсіптік білім беру ұйымдарында бір оқушыға есептегенде оқулықтар мен ғылыми әдебиеттің саны 2007 жылы 43,8 бірлікті құрады. Республиканың барлық өңірлерінде бір оқушыға есептегендегі әдебиеттің қоры нормаға сәйкес келеді немесе одан асады.

Орта кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханаларындағы оқулықтар мен ғылыми әдебиеттің саны 2007 жылы республика бойынша басылымдардың 40 бірлігі нормасы кезінде орта есеппен бір оқушыға 39 бірлікті құрады.

Оқу кабинеттері

Пәндік кабинеттерді жарақтандыру жөніндегі жағдайды жақсарту мақсатында 2007 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жабдықтың толық жиынтығымен 853 физика кабинеті, 353 лингофондық және мультимедиялық кабинет сатып алынды.

Мектептердің оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілушілігінің барынша жоғары деңгейі информатика бойынша – 97,6%, қазақ тілі – 76,1%, ең аз деңгейі – тарих бойынша – 57,6% байқалады.

Білім беруді ақпараттандыру

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2007 жылы 5 оқу пәні бойынша республиканың 1000 мектебі интерактивтік тақталармен, проекторлармен, компьютерлермен, физика, химия және биология бойынша ғылыми зертханалық жабдықпен жабдықталған кабинеттермен жарақтандырылды.

2007 жылы бір компьютерге есептегенде оқушылардың саны республика бойынша орта есеппен 1 компьютерге 23 оқушыны құрады. Бұл көрсеткіш өңірлер бойынша Қарағанды облысындағы 13 оқушыдан Оңтүстік Қазақстан облысындағы 33-ке дейін құбылады.

Қазіргі кезде мектептердің 77,4%-ы жаңа үлгідегі компьютерлермен жарақтандырылған, 95,1%-ы, оның ішінде ауылдық мектептердің 79%-ы телефондандырылған. 96,6%-ы, оның ішінде ауылдық мектептердің 93,5%-ы Интернетке қосылған.



Оқу үдерісін ұйымдастыру нысандары, оқытудың тілі

Республикадағы жалпы білім беретін мектептердің жалпы санының 47,6% – қазақ тілінде оқытады, 22,9% – орыс тілінде, 26,6% – қазақ және орыс тілдерінде және 1,1%-ы – басқа тілдерде (ұйғыр, өзбек, тәжік) оқытады.

2007 жылдан бастап 31 мектепте оқыту үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) жүргізіледі.

Жыл сайын мемлекеттік тілде орта білім (51,1%) және жоғары (46,7%) кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі ұлғайып келеді.



Оқушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыру

2007 жылдың ішінде қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі 21,5%-ды құрап, 10,5%-ға ұлғайды, бұл мұндай білім беру нысанының жоғары қажеттілігі туралы куәландырады.


Қандай нәтижелерге қол жеткізілетін болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын жоспарлау мен болжау жөнінде ауқымды жұмыс жүргізуде. Министрлік қызметінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары мыналар болып табылады:



– сапалы білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету;

– экономика мен әлеуметтік саланың базалық салаларын ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;

– балалар мен жастарды дамыту, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін жағдайлар жасау;

– білім беру жүйесі мен ғылымды басқару мен қаржыландыру тиімділігін арттыру.

Сапалы білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету

Осы стратегиялық бағыттағы маңызды мақсат мектепке дейінгі білім беруге тең қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. 2008 жылы білім беру ұйымдарында балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту 32,8%-ды құрады. 2009, 2010 және 2011 жылдары бұл цифрларды тиісінше 39,4%, 43,3% және 47,6%-ға ұлғайту жоспарлануда. Балаларды білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі дайындықпен қамтуға келетін болсақ, 2008 жылы бұл индикатор 78%-ды құрады, 2011 жылға қарай 100% деңгейге жету жоспарланып отыр.

Интерактивтік жабдықты пайдаланатын білім беру ұйымдарының саны 2008 жылы 721-ді құрады, 2009 жылы 1721, 2010 жылы – 2721, 2011 жылы – 3318 күтілуде.

Білім берудегі жалпы әлемдік үрдістерді ескергенде, білім беру жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету және педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру маңызды міндеттер болып табылады. Мәселен, 12 жылдық білім беру технологиясы бойынша біліктілікті арттырудан өткен педагогикалық кадрлардың педагогтардың жалпы санындағы үлесі 2008 жылы 50% деңгейінде болжануда, 2011 жылға қарай 100% деңгейге қол жеткізу жоспарланып отыр.

Қосымша білім беру қол жетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілуде. Мектеп оқушыларының жалпы санындағы қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесін 2009 жылы 22,4%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. 2008 жылы бұл мән 21,9%-ды құрады.

Түзету ұйымдарында, балалар бақшаларының арнайы топтарында және жалпы білім беретін мектептердің арнайы сыныптарында білім берудің арнайы оқу бағдарламаларымен қамтылған балалардың 2008 жылы анықталғандардан үлесі 27%-ды құрады, 2009 жылы бұл көрсеткішті 30%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Экономика салаларының білікті мамандарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы үшін маңызды фактор болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы алған мамандығы бойынша еңбекке орналасқан бітірушілердің үлесі 2008 жылы 70%-ға жетеді деп күтілуде, ал одан әрі бұл көрсеткішті 2011 жылы 85% деңгейіне жеткізу үшін жылына 5%-ға ұлғайту жоспарлануда.

Техникалық және кәсіптік білім берудің қол жетімділігін кеңейту, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру тұтастай білім беру жүйесін дамыту үшін маңызды міндеттер болып табылады. Мәселен, біліктілікті арттыру мен қайта даярлықтан өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары инженерлік-педагогикалық кадрларының үлесі 2008 жылы 5,2%-ды құрады, 2009 жылы бұл көрсеткішті 7,8%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Қазақстанның ішкі еңбек нарығының қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілігі жоғары кәсіптік және ғылыми кадрларды даярлау оның жетістігіне елдің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігі тәуелді болатын маңызды мақсат болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспары ЖОО-нын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мамандығы бойынша еңбекке орналасқан түлектердің үлесі 2011 жылға қарай мемлекеттік тапсырыс бойынша ЖОО бітірген түлектердің жалпы санының 70%-ын құрайды.

Министрліктің маңызды міндеттерінің бірі жоғары және ЖОО-дан кейінгі біліммен қамтуды ұлғайту болып табылады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған студенттердің саны 2010 жылы 3,4%-ға, ал 2011 жылы – тағы да 3,3%-ға ұлғаяды. Мемлекеттік тапсырыс негізінде магистратура бағдарламалары бойынша оқуға қабылданған оқушылардың саны 2010 жылы 57%-ға, ал 2011 жылы – тағы да 18%-ға ұлғаяды.

Экономиканың базалық салалары мен әлеуметтік саланы ғылыми және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету Қазақстанның білім беру жүйесін табысты дамыту үшін ажырамас шарт болып табылады.

Елдің тұрақты инновациялық дамуы үшін талап етілетін білімдерді алуды, генерациялауды және беруді қамтамасыз ететін ғылым жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен теңгерімділігін «Инновациялық даму» көрсеткіштері жөніндегі Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бағалайды. Қазақстан өз позицияларын ұлғайтуды және 2009 жылға қарай 75-ші орынға дейін, 2010 жылға қарай 73-ші орынға дейін, 2011 жылға қарай 72-ші орынға дейін көтерілуді жоспарлап отыр.

Шетелдік ғалымдарды тарту Қазақстандағы білім беруді инновациялық дамытуға ықпал етеді. Тартылатын шетелдік ғалымдар мен сарапшылардың жоспарланып отырған саны 2009 жылға қарай – 50 адам, 2010 жылға қарай – 55 адам, 2011 жылға қарай – 60 адам болады.

Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету мемлекетті дамыту үшін қажет. Жастар ұйымдарын қолдау мен дамытудың ресурстық орталықтарының желісі кеңейтілетін болады, 2009 жылға қарай олардың санын 12-ге дейін жеткізу жоспарлануда.

Білім беру мен ғылым жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді. Білім беру ұйымдарындағы менеджменттің сапасын арттыру көрсеткіші осы кәсіпорындардың қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру болып табылады. Мәселен, аттестациядан өткен білім беру ұйымдары басшыларының үлесі жыл сайын 2011 жылға дейін 20%-ға арттырылуға тиіс. Және тәуелсіз тестілеу мен аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің үлесі де жыл сайын 20%-ға арттырылуға тиіс. Бұл ұйымдарды қаржылық қамтамасыз ету олардың тиімді жұмыс істеуі үшін аса маңызды фактор болып табылады. 2011 жылға қарай білім беруге жұмсалатын шығыстарды ЖІӨ-нің 6%-ына дейін ұлғайту жоспарлануда. 2008 жылы бұл көрсеткіш 3,6%-ды құрады. Сондай-ақ 2011 жылға қарай ғылымға жұмсалатын шығыстар үлесін ұлғайту жоспарында ЖІӨ-нің 2,5%-ына дейін ұлғайту бар.
Денсаулық сақтау

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға заңда белгіленген көлемде тегін медициналық көмек алу құқығына кепілдік береді. Республика азаматтарының денсаулығы мен әл-ауқаты «Қазақстан-2030» стратегиясының аса маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі ретінде бөлінеді. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қамтамасыз ету мемлекеттік бюджет, медициналық сақтандыру қаражаты, ақылы негізде медициналық қызметтер көрсеткені үшін алған қаражат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

2001 жылы республикада міндетті сақтандыру жүйесі таратылғаннан кейін іс жүзінде қаржыландырудың үш көзі қалды: мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет және мемлекеттік қызметтерді алушының төлеуге қатысуы.

90-шы жылдардың және одан кейінгі бір қатар жылдар бойына денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету едәуір төменгі деңгейде болды. Оның себептері: КСРО бюджетінен қаржылық қолдаудың тоқтатылуы, инфляцияның жоғарғы қарқыны, салықтар жинаудың тиімді емес жүйесі және басқа да факторлар болды. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға бөлінген қаражаттың барынша аз көлемі 2002 жылы тіркелді: шығыстар Қазақстан Республикасы ЖІӨ-нің бар-жоғы 1,93% пайызын құрады. 2005 жылға қарай қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің 2,4%-ын құрады, және бұл да шегі емес: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылға қарай денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көлемін ЖІӨ-нің 4%-ға дейін біртіндеп арттыруды көздейді.

16-сурет. Республикалық бюджет пен ҚР облыстарының шоғырландырылған бюджеттерінің денсаулық сақтауға арналған жиынтық мемлекеттік шығыстарындағы қатынасы (2008 ж. 1 қазандағы деректер)

Суреттен көрініп тұрғанындай, денсаулық сақтауға жұмсалатын негізгі шығыстар 2008 жылы облыстардың шоғырландырылған бюджеттеріне келеді. Республикалық бюджет шығыстарының 2008 жылы денсаулық сақтауға арналған үлесі 26,1%-ды құрайды.

Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы функцияларының ауқымды бөлігін мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары алады. Олардың құзыретіне «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде азаматтарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, мемлекеттік медицина ұйымдарын қажетті жабдықпен жарақтандыру кіреді.

2005 жылдан бастап Қазақстанда Денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде осы бағдарламаны іске асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. 2008 жылғы қаңтарда Үкімет ауылдық және қалалық бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыруға 1561,3 млн теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлді. Жергілікті атқарушы органдар жылдық қаржыландыру жоспарының 55,9%-ын игерді. Бастапқы көмек ұйымдары 510 бірліктен астам медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізуге шарттар жасасты.

2008 жылы азаматтардың жекелеген санаттарын жеңілдікті шарттарда дәрілік қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды орындау жалғасуда. Осы мақсаттарға жергілікті бюджет қаражатынан 1424,9 млн теңге бөлінді, жыл басынан бастап 591,7 млн теңге сомасына шарттар жасалынды, бұл жылдық қаржыландыру жоспарының 41,5%-ын құрайды. 2008 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде жеңілдік шарттарында дәрілік заттармен 229,6 мың адам қамтамасыз етілді, яғни бұл болжанатын аурулар санының 59,1%-ы.

Жедел және шұғыл медициналық көмек қызметтерін санитарлық автокөлікпен одан әрі қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілуде. Бұл мақсаттарға 2008 жылы 588,4 млн теңге көзделді, бұл жылдық қаржыландыру жоспарының 34,5%-ын құрайды.

2005-2007 жылдары Денсаулық сақтау жүйесін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру, млн теңге


Бюджет

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

Республикалық бюджет

32 065,5

53278,4

54966,0

Жергілікті бюджет

10 116,4

11471,3

13653,1

Барлығы

42 181,9

64749,7

68619,1

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауылдық денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жөндеу жүргізілуде. 2008 жылға 3,3 млрд теңге сомасына 342 ауылдық денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу жүргізілуде.

Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджет қаражатынан 2,3 млрд теңге бөлінді.

Мамандандырылған медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру мақсатында ауылдық денсаулық сақтауға телемедицинаны енгізу жалғасты. 2008 жылы Жамбыл облысының 8 ауданында, Ақтөбенің жеті ауданында және Маңғыстау облысының 4 ауданында телемедицинаны енгізу жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар кейінгі жылдары да жалғасатын болады.

Денсаулық сақтаудың жаңа объектілерін салу мен іске қосу жоғары және орта білікті медициналық кадрларға қажеттіліктің өсуін талап етеді. 2009 – 2011 жылдары мамандардың ауылдық елді мекендердің денсаулық сақтау мекемелерінде орнығуына бағытталған: жұмыс орнына көшу мен жүктерін тасымалдауға жұмсалатын шығындарды өтеу, тұрғын үй сатып алу, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін бір жолғы ақшалай жәрдемақы беру іс-шараларын іске асыру жоспарлануда. Осы мақсаттарды іске асыруға 5,8 млрд теңге талап етіледі. Бұдан басқа, мамандардың жалпы санының 2007 жылғы 1,75%-ымен салыстырғанда 2011 жылы 6,9%-ға дейін аса тапшы мамандықтар бойынша басым даярлығы бар мамандарды шетелдерден тарта отырып, шетелде оқыған медициналық және фармацевтикалық кадрлардың үлесін арттыру жоспарланып отыр.

2008 жылы дәрігерлердің саны 2007 жылғы 10 мың адамға шаққандағы 29,9 бірлікпен салыстырғанда 30,6 бірлікке жетті, орта медициналық персоналдың саны 10 мың адамға 70-тен 72,5 бірлікке дейін ұлғайды. Аурухана ұйымдарында емделіп шыққан науқастардың саны 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта 1 363 627 адамды құрады, сол уақытта 2007 жылы бұл көрсеткіш 1 358 191 адам деңгейінде болды.

Кез келген ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған жеңіл. Осыған байланысты әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алуға және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Осы іс-шараларды іске асыру «Салауатты өмір салты» кешендік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Оның басты мақсаттары: халықты сауықтыру, азаматтарда салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру және мінез-құлықтық қатер факторларының (темекі шегу, алкоголді шектен тыс тұтыну, есірткі тұтыну, сапасыз және ұтымды емес тамақтану, төменгі дене белсенділігі) алдын алу, орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту. Халықтың өмірінің ұзақтығына тікелей әсер ететін мінез-құлықтық қатер факторларының таралуын азайту бағдарламаны іске асыру нәтижелері болады:


    • денесінің артық салмағы бар халықтың үлесі 2011 жылға қарай 33,7%-ға дейін төмендейді;

    • темекі шегетін халықтың үлесі 2007 жылғы 22,8%-дан 2011 жылға қарай 18,6%-ға дейін азаяды.

2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жалпы шығындар 2,4 млрд теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 219 млн теңгені, жергілікті бюджеттерден 2,2 млрд теңгені құрайды.

Өңірлерде кейіннен серпінді қадағалау және сауықтырумен 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық медициналық қарау жүргізу жалғасуда. 2008 жылдың басынан бастап профилактикалық медициналық қараумен балалардың 52,9%-ы қамтылды.


17-сурет. 2002-2007 жылдардағы халықтың табиғи өсімі (1000 тұрғынға шаққандағы адам)


Сондай-ақ әйелдерді сүт безі рагы мен жатыр мойыны рагын анықтауға тексеру жүргізілді. 2008 жылдың 6 айының ішінде 3152 жүктілерге, бала туатындарға және бала туғандарға жоғары мамандандырылған көмек көрсетілді; 4710 балаға жоғары мамандандырылған педиатриялық көмек көрсетілді, оның ішінде 98 нейрохирургиялық операциялар жасалды. Көрсетілген іс-шараларды жүргізудің нәтижесінде 2011 жылы аналар өлімі деңгейін азайту 100 000 тірі туған нәрестелерге шаққанда 38-ге дейін күтілуде.


18-сурет. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің негізгі көрсеткіштері

19-сурет. 2002-2007 жылдарда туберкулезбен науқастану деңгейі, 100 000 адамға


Бүгінгі күні туберкулезбен науқастанудың жоғары деңгейі де маңызды проблема болып қалып отыр: 2007 жылы бұл көрсеткіш 100 000 адамға шаққанда 126,4-ті құрады. 2008 жылғы сәуірде Ведомствоаралық деңгейде туберкулезге қарсы күрес жөніндегі 2008 – 2012 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспары бекітілді, оның шеңберінде хоспистер құра отырып. Туберкулезге қарсы мекемелердің төсек қорын кезең-кезеңімен қайта ұйымдастыру басталды. Симптоматикалық емдеуді қажет ететін созылмалы туберкулез нысандарымен ауыратындар үшін 5 мамандандырылған бөлімшелер ашылды. Нысаналы трансферттермен туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. 2011 жылға қарай туберкулезден қайтыс болушылық деңгейін 100 000 тұрғынға шаққанда 15,6 оқиғаға дейін төмендету жоспарлануда.

Нашақорлық пен АҚТҚ-инфекциялану толық шешілмеген проблема болып қалып отыр. Қазақстан Республикасында 2008 жылғы 1 шілдеге өспелі қорытындымен 10 601 АҚТҚ-инфекциялану тіркелді, олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 256 бала бар. ДДҰ-ның деректері бойынша Қазақстан халқының 0,2%-ының АҚТҚ/ЖҚТҚ диагнозы бар (1,1% әлемдік орташа көрсеткіш кезінде).

2007 жылғы мамырда Есірткіге қарсы насихат жүргізу, алдын алу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу мен оңалту жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бірлескен жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

2008 жылы диабетке қарсы препараттарды орталықтандырылған сатып алуға арналған шығыстарды ұлғайту жоспарланды, бұл инсулинге тәуелді науқастар санының өсуімен (2007 жылы диабетпен науқастанушылық деңгейі 100 мың адамға 129,2-ні құрады, сол уақытта 2011 жылы бұл мәнді 162,1-ге дейін арттыру күтілуде), инсулин препараттарының неғұрлым сапалы нысандарын және жеткізу құралдарын таңдаумен түсіндіріледі. 2008 жылы диабетке қарсы препараттарды сатып алуға 2 764,5 млн теңге бөлінді.

2009-2011 жылдары денсаулық сақтау саласын тұрақты қаржыландыру сапалы медициналық қызметтер көрсетуге, аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және кадр әлеуетін дамытуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет