ҚР Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдер көлемінің 2009 – 2013 жылдарға арналған болжамы мұнайға қойылатын әлемдік бағаның төмендеуінің ағымдағы үрдісін ескере отырып, 2009 жылы мұнайдың әр баррелі үшін 40 АҚШ доллары және 2010-2013 жылдары 50 АҚШ долларымен есептеді. 3.2 Бюджеттің шығыстары
Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығындары 2008 жылы 2 716 млрд теңгені құрады. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 31,3%-ға көп. Бюджеттің шығыстары ЖІӨ-ге қатысы бойынша 2008 жылы (19,3%) 2007 жылдың деңгейінде сақталды. Қазақстанның республикалық бюджеті шығыстарының жалпы көлемінің өсу серпіні 14-суретте ұсынылған.
14-сурет. Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті шығыстарының жалпы көлемі.
Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының функционалдық жіктемесі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде республикалық бюджеттің шығыстары үшін мынадай функционалдық топтар бойынша жіктеме көзделген:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;
- қорғаныс;
- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі;
- білім беру:
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;
- отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану;
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары;
- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;
- көлік және коммуникациялар;
- өзгелері;
- борышқа қызмет көрсету;
- трансферттер.
Әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің жалпы шығындардағы үлестері
Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің шығындары жергілікті бюджеттердің, республикалық бюджеттің шығындарынан және Ұлттық қордың шығыстарынан тұрады. Көптеген функционалдық топтар бойынша шығыстар жергілікті және республикалық бюджеттен жүзеге асырылады, сол уақытта Ұлттық қордан республикалық бюджетке ҚР Президенті айқындайтын мақсаттарға нысаналы трансферттерді қаржыландыру жүзеге асырылады.
Әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің жалпы шығындардағы үлестері, 2007 жыл, %
|
Республикалық
|
Жергілікті
|
Ұлттық қор
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
|
73,2
|
26,8
|
0,0
|
Қорғаныс
|
95,7
|
4,3
|
0,0
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
81,4
|
18,6
|
0,0
|
Білім беру
|
28,6
|
71,4
|
0,0
|
Денсаулық сақтау
|
27,7
|
72,3
|
0,0
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету
|
91,2
|
8,8
|
0,0
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
26,6
|
73,4
|
0,0
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
|
46,0
|
54,0
|
0,0
|
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
|
60,1
|
39,9
|
0,0
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
|
68,7
|
31,3
|
0,0
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
|
40,4
|
59,6
|
0,0
|
Көлік және коммуникациялар
|
58,1
|
41,9
|
0,0
|
Нысаналы трансферттер
|
12,4
|
0,8
|
86,8
|
Борышқа қызмет көрсету
|
98,0
|
2,0
|
0,0
|
Трансферттер
|
53,4
|
46,6
|
0,0
|
Барлығы:
|
45,2
|
32,1
|
22,8
|
Кестеден көрініп отырғанындай, республикалық бюджеттің рөлі қорғанысқа, борышқа қызмет көрсетуге, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге арналған шығыстарды қаржыландыру үшін ерекше маңызды. Өңірлік және жергілікті бюджеттер ТКШ, денсаулық сақтау және білім беру сияқты функционалдық топтар бойынша шығыстардың негізгі көлемін жүзеге асырады.
Қазақстан республикалық бюджетінің функционалдық топтар бойынша шығыстарының серпіні
2008 жылы республикалық бюджеттің функционалдық топтардың көпшілігі бойынша шығыстары ұлғайды, бұл соңғы бірнеше жыл ішінде республикалық бюджет шығыстары ұлғаюының жалпы серпініне сәйкес келеді. Республикалық бюджет шығындарының жалпы көлемі 812,1 млрд теңгеге немесе ЖІӨ-нің 2,13 пайыздық тармағына өсті.
Қазақстан республикалық бюджетінің функционалдық топтар бойынша шығыстары, млрд теңге
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
|
83,3
|
91,6
|
124,3
|
137,6
|
Қорғаныс
|
71,7
|
95,3
|
160,9
|
158,7
|
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
125,1
|
146,4
|
196,7
|
218,5
|
Білім беру
|
70,5
|
101,9
|
149,0
|
193,2
|
Денсаулық сақтау
|
56,3
|
80,0
|
100,8
|
147,9
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету
|
314,7
|
390,2
|
462,7
|
569,8
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
80,3
|
89,3
|
117,6
|
128,0
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
|
27,9
|
42,4
|
66,5
|
82,2
|
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
|
30,2
|
32,7
|
84,6
|
68,4
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
|
88,4
|
97,4
|
121,4
|
151,4
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
|
1,3
|
6,4
|
5,5
|
3,0
|
Көлік және коммуникациялар
|
101,0
|
137,0
|
235,9
|
241,3
|
Өзгелері
|
119,0
|
138,9
|
424,2
|
457,1
|
Борышқа қызмет көрсету
|
29,6
|
28,2
|
33,7
|
57,7
|
Трансферттер
|
146,7
|
163,8
|
192,8
|
449,1
|
Бюджет шығыстарының төмендеуі 2008 жылы отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану, қорғаныс пен өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі функционалдық топтары бойынша тиісінше 16,2; 2,2, және 2,5 млрд теңгеге болды.
Қазақстанның республикалық бюджеті шығыстарының «Қазақстан-2030» стратегиясының басымдықтарына сәйкестігі
Республикалық бюджет «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың құралы болып табылады. Сондықтан республикалық бюджет шығындарының стратегияның қандай да бір басымдықтарына әсерін бағалау үшін шығыстардың функционалдық топтарын «Қазақстан-2030» стратегиясының басымдықтарымен қатыстыруға болады. Бұл қатынас кестеде ұсынылған.
Қазақстанның республикалық бюджеті шығындарының функционалдық тобы
|
«Қазақстан-2030»
стратегиясының басымдықтары
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
|
Кәсіби мемлекет
|
Қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі
|
Ұлттық қауіпсіздік
|
Білім беру
|
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты
|
Денсаулық сақтау
|
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету
|
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
|
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
|
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты
|
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
|
Энергетикалық ресурстар
|
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
|
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
|
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі
|
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
|
Көлік және коммуникациялар
|
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс
|
Борышқа қызмет көрсету
|
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
|
«Өзгелері» функционалдық тобы «Кәсіби мемлекет» басымдығына жатқызылған, өйткені осы топтың шеңберіндегі шығындар әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың арасында бөлінеді және олардың қызметін басқа топтарда ескерілмеген бағыттар бойынша қамтамасыз етуге арналған, бұл түпкі қорытындысында биліктің атқарушы органдары қызметінің кәсіпқойлығына әсер етеді.
«Борышқа қызмет көрсету» және «Трансферттер» функционалдық топтары «Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу» басымдығына жатқызылған, өйткені осы топтардың шеңберіндегі шығындар бірінші кезекте ел ішіндегі ресурстардың әділ бөлінуін және мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді.
Осындай бөлуге сәйкес «Қазақстан-2030» стратегиясының басымдықтары бойынша республикалық бюджеттің шығыстарының көлемі кестеде ұсынылған.
Қазақстан Республикасы республикалық бюджеті шығыстарының «Қазақстан-2030» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтары бойынша шығыстарының көлемі, млрд теңге
|
2005 жыл
|
2006 жыл
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
Кәсіби мемлекет
|
148,7
|
183,8
|
281,7
|
405,2
|
Ұлттық қауіпсіздік
|
197,6
|
245,1
|
347,6
|
377,2
|
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты
|
499,6
|
670,1
|
845,1
|
1 081,7
|
Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
|
241,0
|
267,0
|
325,3
|
629,4
|
Энергетикалық ресурстар
|
24,1
|
29,7
|
37,8
|
53,1
|
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс
|
90,9
|
124,5
|
161,4
|
236,1
|
Орта мерзімді кезеңде жүргізіліп жатқан мемлекеттік шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етуге, әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлау сапасын жақсарту және өнімді емес шығыстарды қысқарту есебінен оларды түпкі нәтижелерге бағдарлай отырып, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
2009 – 2011 жылдары мемлекеттік бюджеттің шығыстары басымдықты тәртіппен:
- әлеуметтік саланы және адами капиталға инвестицияларды дамытуға;
- индустриялық-инновациялық дамытуға және серпінді жобаларды іске асыруға;
- аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесуге;
- стратегиялық инфрақұрылымды дамытуға;
- экономикалық өсудің өңірлік орталықтарын қалыптастыруға бағытталатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |