Министерство экономики и бюджетного планирования республики казахстан



бет11/14
Дата17.07.2016
өлшемі1.97 Mb.
#204601
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

3.2.2 Экономикаға арналған бюджет


Қазақстан Республикасының бюджет шығыстары құрылымында экономикаға мынадай функционалдық топтар бойынша қаржыландыру бөлінеді:

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

- отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану;

- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары;

- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;

- көлік және коммуникациялар;


Шығыстардың серпіні

Экономикаға жұмсалатын шығыстар өсімінің орташа қарқыны 12%-ды құрады. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығына жұмсалатын шығыстар барынша жедел қарқынмен өсті.



21-сурет. Республикалық бюджеттің 2007-2008 жылдардағы экономика салалары бойынша шығыстарының серпіні



Көлік және коммуникациялар


2008 жылғы республикалық бюджетте көлік және коммуникацияларға барлығы 236 млрд-тан астам теңге көзделді.

Көлік пен коммуникацияларға жұмсалатын шығыстардың ведомстволық құрылымы

Мекеме

Шығыстар, млрд теңге

Көлік және коммуникация министрлігі

230,25

Білім және ғылым министрлігі

0,07

Ұлттық ғарыш агенттігі

2,23

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

4,04

Барлығы:

236,59

Қазақстан Республикасының көлік кешені темір жол, автомобиль, су, авиация, сондай-ақ басқа да көлік түрлерін біріктіреді.

2007 жылы темір жол саласына инвестициялар 139 млрд-тан астам теңгені құрады. 2012 жылға дейін 3000 км магистралдық желіні (жалпы ұзындықтың 21%) жөндеу, 500 бірлік локомотив (2008 жылғы 1 қаңтардағы мүкәммал паркінің 32%-ы) және 23 000 жүк вагондарын (37%) сатып алу жоспарлануда.

Жыл сайынғы тарифтердің өсуін ескергенде 2008 – 2012 жылдардағы инвестициялар

Атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Жиыны

Құны, млрд теңге

Магистральдық желі

69

79

75

76

81

379

Локомотив шаруашылығы

22,3

23,2

26,7

72,1

109,7

254,2

Вагон шаруашылығы

25,3

36,0

45,4

70,5

77,1

254,5

Барлығы

116,7

137,9

146,9

218,3

267,9

887,8

2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін жоспарланатын инвестициялар 267,9 млрд теңгеге дейін біртіндеп ұлғаяды.

2008 жылы автожол саласын дамытуға республикалық бюджеттен 209,4 млрд теңге, оның ішінде облыстық бюджеттерге мақсатты трансферттер есебінен автомобиль жолдарының торын дамытуға 20,4 млрд теңге және Астана, Алматы және Атырау қалаларының әкімдігіне көлік инфрақұрылымын дамытуға 83 млрд теңге көзделді. 4,3 мың км-ді барлық жөндеу түрлерімен қамту жоспарланды (автожолдардың жалпы ұзындығының 3,4%-ы).


22-сурет. 2008 жылы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын қаржыландыру құрылымы
2012 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар автожолдардың 86%-ының және жергілікті желінің 70%-ға жуығының жай-күйі жақсартылатын болады.

Бюджетте сондай-ақ әуе көлігін дамытуға ассигнованиялар көзделді. 2008 жылы тұрақты ішкі тасымалдарды субсидиялауға 668 млн теңге (2007 жылы – 640 млн) бөлінді; 3,3 млрд теңге әуе көлігінің инфрақұрылымына бөлінді. Авиатасымалдардың болжамдық көлемі 3,2-3,5 млн жолаушыны құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда жолаушылар ағынының 17-27%-ға ұлғаюына барабар. Бұдан басқа 2011 жылға қарай 12 әуежай ХААҰ (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) санатын иеленетін болады (2007 жылы мұндай әуежайлар 9 болды).

2008 жылы ұшқыштарды даярлау жөніндегі бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 70 млн-нан астам теңге бөлінді. Су көлігі саласында қазіргі кезде инфрақұрылымды дамыту жөнінде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, оның өткізу қабілетін 23 млн тоннаға дейін жеткізу мақсатында Ақтау порты кеңейтілуде (2007 жылы жүктерді тасымалдау көлемі 11 млн тоннаны құрады). Жобаның жалпы құны – 37,8 млрд теңге. 2009 – 2012 жылдары Теңіз көлігін дамытудың 2006 – 2012 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың екінші кезеңі шеңберінде Баутино портын дамыту жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен бірге Құрық портын кешенді дамыту мақсатында Каспийдің мұнай қайраңындағы теңіз операцияларын қолдау үшін қажетті бірқатар өндірістік объектілерді орналастыру болжануда. Құрық портында инфрақұрылым құру құны 70,3 млрд теңгеге бағаланып отыр.

2008 жылы коммуникация саласын дамытуға республикалық бюджеттен 4 млрд-тан астам теңге бөлінді. Бұл ассигнованиялар екі бюджеттік бағдарламаға бөлінген: радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдарды техникалық сүйемелдеу (153 млн теңге) және ауылдық байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі шығындарын өтеу (3,88 млрд теңге). 2011 жылға қарай әмбебап байланыс қызметтерін алатын абоненттердің саны 2008 жылмен салыстырғанда 38%-ға ұлғаяды (665 мың адамнан 905-ке дейін). Тіркелген байланыс желілері абоненттерінің тығыздығы 2011 жылға қарай 2008 жылмен салыстырғанда екі есеге ұлғаюға тиіс (100 тұрғынға 9 абоненттен 100 тұрғынға 18 абонентке дейін).


Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

Соңғы он жыл көлемінде Қазақстан тұрақты өсім тенденциясын көрсетуде. Соңғы сегіз жылда өнеркәсіп салаларының орташа өсу қарқыны шамамен 9,5%-да құрады. Шикізат ресурстарын ауқымды игеру өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі қазып шығаратын өнеркәсіп секторының үлесі 2003 жылы 57%-дан 2007 жылы 60%-ға дейін артуына алып келді.

Елдің өнеркәсіп секторының алғашқы диверсификациялау белгілері білінгенін атап өту қажет. Осылайша, екі жыл қатар (2006-2007 жылдар) өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқыны тау-кен өндірісіне қарағанда елеулі жоғары болғанын атап өту қажет. 2007 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6,7%-ға артты, ал тау-кен өндірісінде – тек 2,6%-ға ғана.

2007 жылы Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артып, 27 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция 2,7%-ға өсіп, 3 млрд долларын құрады. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің болжамы бойынша өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестицияның өсу қарқыны арта беретін болады (23-сурет).




23-сурет. Өңдеу өнеркәсібіне салынатын инвестицияның өсу қарқыны (ЭБЖМ болжамы бойынша)

Өңдеу саласының негізгі капиталына салынатын инвестицияны қаржыландыру көзінің арасында 2008 жылғы қаңтар-маусым айларында инвесторлардың дербес қаражаты басым болды (жалпы көлемнің 74,5%-ы), қарыз қаражатының үлесі - 21%, шетел – 4,5%, бюджет қаражатының үлесі - 1%-дан кем.





24-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына қаржыландыру көздері бойынша инвестициялау құрылымы

Алайда, технология салаларының негізгі қаражатына салынған инвестиция (2007 жыл ішінде) шикізат саласына салынатын инвестиция пайызының бірлігін мен аз ғана үлесін құрады, бұл шикізат емес салалардың жағдайын одан да қатты қиындатты. Теңгерілген экономикалық құрылымға көшу мәселесін шешу үшін мемлекет экономиканы одан әрі диверсификациялау үшін жағдай жасауға бар күшін шоғырландырды. Осы саясаттың негізгі құралы өңдеу секторын озық дамытуға және осының негізінде шикізат бейімін бірте-бірте жеңуге бағытталған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы болып табылады.

Осы стратегия іске асырылудың екінші кезеңіне өтті (2006-2010 жылдар). Осы кезеңдегі қызметтің маңызды бағыты басым салаларда өңдеу технологиялық өнеркәсібін құру болып табылады. 2009 жылы 150, 2010 жылы – тағы да 180, 2011 жылы – 210 өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны құрылады деп жоспарлануда.

Қазіргі уақытта «Астана – жаңа қала», «Ақтау» теңіз порты», «Ақпараттық технологиялар бағын», «Оңтүстік», «Бурабай» және «Ұлттық мұнай химиялық технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) құрылды. «Астана – жаңа қала» АЭА-ға 2008 жылы 6,8 млрд АҚШ доллары тартылды, оның ішінде 60%-ын жеке инвестициялар құрайды. «Ақтау» теңіз порты» АЭА-да 348 млн доллар сомасына үш зауыт салынды. 2008 жылы «Оңтүстік» АЭА-ның инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен шамамен 2 млрд теңге бөлінді, бұл өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бөлінген қаржының жалпы көлемінің 66,3%-ын құрайды.

Өнеркәсіптің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы табыстың анықтаушы факторы инновациялық қызмет, ғылыми-техникалық және технологиялық потенциалды пайдалану және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндіріс құру болып табылады. Қазақстанның инновациялық өнімінің құрылымында елеулі үлесті (64%) жетілдірілген өнім алады. Жаңадан енгізілген немесе елеулі технологиялық өзгеріске ұшыраған өнімнің үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы келеді.

Инновациялық қызметті жандандыру үшін, бірінші кезекте, қолданбалы ҒЗТКЖ-ді бюджеттік қаржыландыру көлемін арттыру қажет. 2008 жылы технологиялық сипаттағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ға республикалық бюджеттен шамамен 443 млн теңге бөлінді. Қолданбалы ҒЗТКЖ-ді бюджеттік қаржыландыру есебінен инновациялық өнім шығару және инновациялық сипаттағы қызмет үлесі шығарылатын өнімнің жалпы көлемінде 2008 жылы 2,8%-дан 2011 жылы 3,5%-ға артатын болады деп күтілуде.

Инновациялық жүйенің тиімділігі ұлттық инновациялық жүйенің бүкіл құрауыштарын біріктіру арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Болашақта технопарктер, тәжірибелі-конструкторлық бюро, инжинирингтік ұйымдар және т.б. құру жоспарлануда. 2008 жылға дейін 5 технопарк құрылды, 2009-2010 жылдары бес тәжірибелі-конструкторлық бюромен және бір инжинирингтік ұйымын біріктіріп 4 технопарк құру жоспарлануда.

Құрылыс саласының бәсекеге қабілеттілігі мен құрылыс материалдарының өнеркәсібін дамыту және арттыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлемей (қайта өңдемей) және қолданысқа енгізбей мүмкін емес. Бұл құрылыс пен құрылыс материалдары өнеркәсібінің, бұйымы мен конструкциясының нормативтік-техникалық базасын жетілдіру үшін қажет жағдай. 2008 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіруге 298 млн теңге бөлінді.

Бұдан басқа, республикалық бюджетте құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеуге 21 млн теңге мөлшерінде қаражат көзделді. Зерттеулер екі бағыт бойынша жүргізіледі:

- ықтимал жер сілкінісінен болатын сейсмикалық тәуекел мен зиянның төмендеуі;

- құрылыстың тұрақтылығы мен өмірлігін қамтамасыз ету үшін тиімді конструктивтік шешім және технология әзірлеу.

2008 жылы құрылыстың сейсмикалық тұрақтылығы мен ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету жөнінде үш зерттеу жүргізілді (оның бірі 2007 жылы жүргізіліп келесі жылға қалдырылды). 2009 жылы барлық үш зерттеуді аяқтау жоспарлануда.


Отын-энергетикалық кешенін және жер қойнауын пайдалану

«Қазақстан - 2030» стратегиясына сәйкес «Энергетикалық ресурс» бағыты басым бағыттардың бірі болып табылады. Республика Президенті тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлемдік аренада Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті салаларын арттыру үшін отын-энергетикалық кешенді қарқынды дамыту және жер ресурсын пайдалану тиімділігін арттыру маңыздылығын бірнеше рет атап көрсетті.

Соңғы жылдары «Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобы бойынша мемлекеттік шығыс өсімі байқалады.

25-сурет. «Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану» бағыты бойынша республикалық бюджеттің шығыс серпіні


2008 жылы осы бағыт бойынша республикалық бюджеттің шығысы 2007 жылмен салыстырғанда 15,3 млрд теңгеге артып, 53,1 млрд теңгені құрады. Осы қаражаттың 63,3%-ы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне отын энергетикалық жүйесін дамытуға арналған нысаналы трансферттер түрінде беріледі.

Қазақстан үлкен энергетикалық күш пен отын ресурстарының елеулі қорына ие. Әлемдік аренада Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында энергетика саласын және отын-энергетикалық ресурсты өндіру мен қайта өңдеуді қарқынды дамыту қажет.

2006 жылы Халықаралық энергетикалық агенттігінің деректері бойынша энергияның 11 796 МТНЭ (мұнай эквивалентіндегі мегатонна) өндірілген, оның ішінде 130,97 МТНЭ немесе 1,11%-ы Қазақстанның үлесіне келеді. Республика көмірдің барлық түрінің расталған қоры бойынша әлемде 8 орынға ие, олар 150-160 млрд тоннаға бағаланады (жалпы әлемдік көлемнің 4%-ы), оның 62%-ы қара көмірге (бурый), 38%-ы тас көмірге келеді. Растаған мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 15 жетекші елдер санына кіреді.

26-сурет. 2006 жылы әлем елдеріндегі энергия өндірісі


Қазақстанның халық санына энергия мен электр энергиясын пайдалану деңгейі ЕО, АҚШ, Ресей секілді дамыған елдердегіден бірнеше рет төмен болғанымен, орташа әлемдіктен жоғары.

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен геология және жер қойнауын пайдалану саласында геологиялық зерттеулер және жер асты суларының мониторингі, өз бетінше ағатын скважиналарды жою мен консервация қамтамасыз етіледі, пайдалы қазбалар мен көмір су отынының жаңа қоймаларын іздестіру жүргізіледі. Геологиялық зерттеулер жұмыстарын орындау нәтижесінде пайдалы қазбалардың кейбір негізгі түрлері бойынша қор өсімі мынаны құрады: алтын – 50 тонна; мыс – 840 мың тонна; никель – 407 мың тонна; марганец рудасы – 6 млн тонна; темір рудасы – 82 млн тонна; мұнай – 61 млн тонна; газ – 4 млрд текше м. Зерттелген жер ресурстары қорларын арттыру өнеркәсіптің өндіру және қайта өңдеу салаларын дамытуға септігін тигізеді, осы салаға халық шаруашылығы инвестициясының тартымдылығын арттырады. Осылайша, соңғы 12 жылда минералдық-шикізат кешеніне 86 млрд АҚШ доллары тартылды. 2007 жылы инвестиция көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 22,8%-ға артып, 17,8 млрд долларды құрады.

Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің негізін электр энергетикасы, көмір және көмірсутектерін өндіру мен қайта өңдеу саласы құрайды. Соңғы жылдары отын ресурстарының негізгі түрлерін өндіру мен қайта өңдеу көлемінің өсімі байқалады. 2007 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру республикада өткен жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артып, 67,2 млн тоннаны құрады; табиғи және жол-жөнекей газды өндіру – 29,6 млрд текше м., бұл 2006 жыл деңгейін 9,7%-ға артады. Отын-энергетикалық кешені өсімінің тұрақты қарқыны өнеркәсіп кәсіпорындарының да, түпкі тұтынушылардың да энергияға деген өспелі тапшылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2011 жылы мұнай өндіру көлемін 81,7 млн тоннаға жеткізу жоспарлануда (2007 жылмен салыстырғанда 121,4%). Мұнай өңдеу зауытында мұнайды қайта өңдеу көлемі 2007 жылғы қайта өңдеу көлемін 2011 жылы 2 млн тоннаға арттырады (16,3%). Бұдан басқа, 2011 жылы көмір өндіру көлемін 2007 жылмен салыстырғанда 6 млн тоннаға арттыру жоспарлануда.

27-сурет. Қазақстан Республикасында 2007-2011 жылдары көмір өндіру серпіні



28-сурет. 2007-2011 жылдары мұнай өндіру және қайта өңдеу серпіні

Қазақстан халықаралық отын жеткізу саласында басқа мемлекеттермен белсенді ынтымақтастықта, бұл Қазақстан экономикасын әлемдік энергетика кешеніне қарқынды біріктіруге және сауда қарым-қатынасының тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. 2007 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстан Үкіметтері арасында «Каспий маңындағы газ құбырын салу ынтымақтастығы туралы» келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, 2007 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан-Қытай газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 2008 жылы Қазақстан арқылы халықаралық газ транзитін 3,9%-ға арттыру жоспарланды.

Елдің энергетикалық кешенінің тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте отын-энергетикалық кешені, мұнай химиясы және минералды ресурстар аумағында технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге 898,9 млн теңге, отын-энергетикалық кешеніндегі нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге – 99,8 млн теңге мөлшерінде қаражат көзделді. 2007 жылғы 1 наурыздағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев салалық экономиканың энергиялық тиімділік деңгейін арттыру қажеттілігін атап көрсетті. 2008 жылға арналған бюджетте осы мәселені орындауға 200 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлу көзделді. Нәтижесінде, ел бойынша энергия көзінің белгіленген қуатын пайдалану коэффициентін 2008 жылы 68%-дан 2011 жылы 74%-ға дейін жыл сайын 2%-ға өсіру қамтамасыз етіледі.

Жуық арадағы үш жылда экономиканың электр энергиясына өспелі тапшылығын қанағаттандыру бойынша белсенді іс-әрекеттер жүргізілетін болады, бұл 2011 жылы 2007 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіруді 22%-ға арттыруды қамтамасыз етеді.

Отын-энергетикалық кешенін дамытудың ажырамас құрауышы энергияның ұқсас көздерін пайдалануды тарту болып табылады. Осы қатынастағы пилоттық жоба Жоңғар қақпасындағы 5 МВт қуатты жел электр станциясын салу болып табылады.

Көмір сутегі отынының әлемдік нарығының тұрақсыздығы және түрлі өнеркәсіп салаларының да, тұтынушы секторының да энергетикалық ресурсқа деген үнемі өсіп келе жатқан тапшылығы жағдайында атом энергетикасының бәсекеге қабілетті саласын құру аса маңызды рольге ие болуда. Уран рудасының зерттелген қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші мемлекет болып табылады. 2008 жылға арналған бюджетте атом энергетикасын дамыту жөніндегі дайындық жұмыстарына 2,5 млрд теңге, Тоқамақ Қазақстан термоядролық материалдық реакторын құруға - 758 млн теңге мөлшерінде шығыс көзделген.

Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі өзінің алдына уран әлемдік нарығындағы республика үлесін 30%-ға дейін арттыру бойынша мәселе қойып отыр және де 2008 жылы Қазақстан үлесі 20%-ға жетуі тиіс.

Энергетикалық кешенінің атомдық саласының негізі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруда талап етеді. Осы бағыт шеңберінде 2008-2010 жылдары 5 уран рудниктерін және радиациялық қауіпті объектілерді жою жоспарлануда. Сөзсіз, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттыру, пайдалы қазбалар шығаруды арттыру, атом энергетикасының негізі өмір сүру қауіпсіздігі ережесін мүлтіксіз сақтаумен сүйемелденуі тиіс. Осы бағыт негізінде метанның шығуына және жер бетінің қопарылуына жол бермеу үшін Қарағанды көмір бассейнінің тиімсіз шахталарын жабуды жүз пайыз аяқтау да жоспарлануда.

Қазақстанның атом саласының негізін қалау ісіндегі стратегиялық жоба 2012-2017 жылдары Ақтау қаласында АЭС салу болып табылады. Бұл елдің энергетикалық базасын нығайтуға және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса қорғалатын табиғат аймағы, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынасы

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы секторын дамытуға аса назар аударылуда. Осы саладағы бірінші кезектегі мәселе ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің және қайта өңдеудің тұрақты өсімін қамтамасыз ету және ауылдық жерлердің әлеуметтік және экономикалық дамуын ынталандыру болып табылады. Осы мәселелердің шешімі Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді және тұтастай экономиканың дамуына тұрақты база құрады. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік стратегиялық жоспары әзірленді және іске асырылуда, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасы. Бюджет қаражаты ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыру, озық технологияларды енгізу, ауылдықтардың бастамасын ынталандыру жөнінде шаралар жүргізуге беріледі.

Қазақстан жер ресурсына бай. Осы байлықты сақтау және көбейту үшін оны тиімді басқару қажет. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі алдында жер ресурстарын сандық есепке алу және жер сапасының мониторингі мәселелері тұр. Геоботаникалық зерттеудің көпшілік бөлігі – 78,8%-ы – 1990 жылға дейін орындалған, осыған байланысты деректерді елеулі жаңарту талап етіледі. Сондай-ақ, картографиялық және геодезиялық өнімге деген өсіп келе жатқан сұраныс жергілікті жер туралы ақпараттың сапасын арттыруда талап етеді. Көп жағдайда картографиялық өнім заң құжатының ролін ойнайды. Агенттік жасап жатқан бүкіл ауқымдық мемлекеттік топографиялық карталар жергілікті жер туралы толық ақпаратты көрсетеді және республиканың түрлі экономика және қорғаныс салаларында қолданылатын түрлі туынды материалдар жасау үшін негіз болып табылады.

Ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынасы саласындағы бар проблеманы шешу, сондай-ақ осы шаруашылық саласының тұрақты дамуы мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз мүмкін емес. Соңғы бірнеше жылдар көлемінде ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, аса қорғалатын табиғат аймағы, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынасы функционалдық бағыты бойынша бюджет шығысы жыл сайын артып келеді. 2008 жылы ол бойынша республикалық бюджеттің шығыс көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 31,7%-ға артып, 119,6 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және жер қатынасы саласындағы қызмет республикалық та, жергілікті де бюджет қаражатынан қаржыландырылады. 2007 жылы қаражаттың 69%-ы республикалық, 31%-ы жергілікті бюджеттен берілді.



29-сурет. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау функционалдық бағыты бойынша республикалық бюджет шығысының серпіні, млрд.теңгемен


Республиканың ауыл шаруашылығына бюджет қаражатын инвестициялау соңғы жылдары ауылдық елді мекендерде әлеуметтік жағдайдың жақсаруына, саланың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізді. Ауылдық жерлердегі инвестицияның көпшілік бөлігі басым салалардағы ауыл мәселесін шешуге бағытталған: білім беру, денсаулық сақтау және ауыз су. 2008 жылы барлық көздер қаражаты есебінен 255 білім беру объектілерін салуға және қайта жөндеуге шамамен 47 млрд теңге бөлінді, оның 29,1 млрд теңгесі республикалық бюджет қаражаты есебінен. Осы қаражат жалпы сомасы 13,7 млрд теңгеге денсаулық сақтаудың 36 ауылдық объектісін салуға бағытталды, оның ішінде «100 аурухана» жобасы шеңберінде жалпы сомасы 10,9 млрд теңгеге 29 объекті. Осыған қарамастан, мектеп пен аурухананың көптеген ғимараты апатты жағдайда, барлық елді мекендер таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Осы мәселелер жақын арада шешімін табуы тиіс.

Мемлекет алдында тұщы жер асты суының аса тапшылығын сезінетін 1650 ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша күрделі мәселе тұр. 2008 жылы 25% ауыл үшін мәселе шешімін табуы тиіс.

Республикада мал шаруашылығын және егінді дамытуға қолайлы жағдай жасалған, оған агроөнеркәсіп кешеніне салынған мемлекеттік инвестициялар көп көмек көрсетті. Осылайша, бидай өсіру халық санына 2007 жылы 1058 килограмға жетті, бұл өткен жылы осы көрсеткіш бойынша Қазақстанға Австрлияны озып, әлемде 1-ші орынға шығу мүмкіндігін берді. Бидай экспорты бойынша біздің еліміз әлемде 7-ші орынға ие. 2008 жылы ірі қара мал саны 2007 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға, құс – 9,4%-ға артты.

30-сурет. 2005-2007 жылдардағы дән экспортының серпіні


Мал шаруашылығы секторында да өсім байқалады. 2008 жылы мал және құс санының өсімі жоспарлануда, бұл мал шаруашылығы өніміне деген халықтың мұқтажын толық қамтамасыз етуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет