Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері әр түрлі құрауыштардан қалыптастырылады, олардың ішінде салықтық және салықтық емес түсімдер, трансферттер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және т.б. Бұл құрауыштар бюджеттің құрылымына арналған бөлімде неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылады. Барынша елеулі үлесті, әрине, салықтық құрауыш енгізеді.
Салықтар – бұл заңды және жеке тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу – мемлекетпен бірге дүниеге келген аса ежелгі экономикалық тетіктердің бірі. Өзінің әскері жоқ мемлекеттер бар, бірақ салықсыз мемлекет жоқ. Салықтар туралы мәселе қоғамның барлық жіктерінің мүдделерін қозғайды және сондықтан да тоқталмайтын пікірталастардың нысанасы болып табылады. Даулар салық салудың жалпы деңгейі туралы, салықтардың әр түрінің қатынастары туралы, оларды жинау тәсілдері туралы жүреді. Қорытындысында салықтар жүйесі қоғамның, сондай-ақ тұтастай алғанда, елдің және оның жекелеген өңірлерінің арасындағы бітімгершілік болып табылады.
Салықтардың көмегімен мемлекет елде өндірілетін өнімнің бір бөлігін жинайды, және содан соң оны мемлекеттік шығыстар арқылы қайта бөледі. Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші жоғары болған сайын бюджеттің мүмкін болатын жиынтық кірістері мен шығыстары да жоғары болады. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) сөйтіп, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттерін қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
ЖІӨ пайдаланылған өндіріс факторларының ұлттық тиістілігіне қарамастан, мемлекеттің аумағындағы экономиканың барлық салаларында бір жыл ішінде тұтыну, экспортқа шығару және жинақтау үшін өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің (яғни түпкілікті тұтынуға арналған) нарықтық құнын білдіреді. Бүгінгі күні ЖІӨ ұлттық экономиканың басты индикаторы болып табылады. Қазақстан Республикасының ішкі жалпы өнімі абсолюттік шамасы бойынша салыстырмалы түрде жоғары емес, алайда даму қарқыны әсер алуға тұрарлық.
Бүгінгі күні экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші жан басына шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дамыған елдердің көпшілігінен артта қалып тұрғанымен, алайда Қытай мен Бразилияны қоса алғанда, көптеген дамушы елдерді басып озады.
7-сурет. Сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ, 2008 жыл
Бюджеттік үдерісті көрсететін тағы бір маңызды экономикалық көрсеткіш елдің экономикасына фискальдық жүктеме болып табылады. Экономикаға іс жүзіндегі салық жүктемесі деп мемлекеттің пайдасына елдің ЖІӨ-сіне шынайы түрде төленген міндетті төлемдердің үлесі түсініледі, басқаша айтқанда, бұл мемлекеттің салық алымдарынан түсетін кірістері шамасының ішкі жалпы өнімнің шамасына қатынасы. Фискальдық жүктеменің шамасы жоғары болған сайын пайданың елеусіздігіне байланысты экономикаға инвестиция құюға деген ынталылық та төмен. Басқа жағынан алғанда, жүктеменің жоғары емес көрсеткіші мемлекеттің жеткілікті дәрежедегі күшті әлеуметтік саясатты жүргізе алмайтындығы туралы айтады.
Қазақстан Республикасының кеңейтілген үкіметі бюджетінің кірістері Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 2006 жылы ЖІӨ мөлшерінің 22,4 %-ын құрады. Бұл шамамен алғанда Еуропа Одағының елдері немесе Украина бойынша орта есеппен екі есеге аз, алайда бірқатар дамушы елдерге қарағанда біршама жоғары. Осындай көрсеткіштер Қазақстанның экономикасына салыстырмалы түрдегі көп емес фискальдық жүктеме және тиісінше республика экономикасының қаражатты инвестициялау үшін жеткілікті жоғары тартымдылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Және бір мезгілде азаматтардың салыстырмалы түрдегі төменгі мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етілуі туралы куәландырады.
8-сурет. Кеңейтілген үкімет бюджетінің кірістері, ЖІӨ-нің %-ы, 2006 жыл
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджеті, өкінішке орай, талдамалық құрал ретінде салыстырмалы түрде жақында енгізілді, сондықтан оның мысалында бюджеттің кірістері өзгерістерінің серпінін қадағалау біршама қиын. Соған қарамастан неғұрлым толық мағлұмат алу үшін біз 2006 – 2007 жыл ішіндегі түсімдер мөлшерінің өзгеруі мен шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы деректер келтірейік.
2006 жылдан бастап шоғырландырылған бюджеттің кірістері елеулі түрде ұлғайды: 3 375,8 млрд теңгеден (ЖІӨ-нің 33,1%-ы) 4 789,3 млрд теңгеге дейін (ЖІӨ-нің 37,3%-ы).
9-сурет. Шоғырландырылған бюджеттің кірістері
Егер шоғырландырылған бюджеттің құрылымы туралы айтар болсақ, онда жергілікті бюджет рөлінің біршама күшейгенін (оның үлесі 2%-ға ұлғайды) және Ұлттық қор рөлінің елеулі түрде күшейгенін (оның үлесі 7%-ға ұлғайды) атап өту қажет.
10-сурет. Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы
Бюджетке түсетін қаражат түсімдеріне қатысты мемлекеттік және республикалық бюджеттер жөніндегі деректер неғұрлым көрнекі болып табылады. Жыл өткен сайын бюджет кірістерінің тұрақты өсімі байқалады. 2006 жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 2 338,0 млрд теңгеден 2 887,8 млрд теңгеге дейін өсті. Егер ЖІӨ-ге қатысты кірістерді қарастыратын болсақ, онда мынадай серпінді байқауға болады: 2004 жылдан бастап елеулі өсім болды – көрсеткіш 5,7%-ға өсті; 2005 жылдан бастап көрсеткіш төмендей бастайды, әйтсе де 2006 жыл мен 2007 жыл арасындағы өзгеріс елеулі емес және бар-жоғы 0,3% пайызды құрайды.
11-сурет. Мемлекеттік бюджеттің кірістері
Республикалық бюджетке келетін болсақ, оның түсімдерінің серпіні жалпы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджеттің серпінін қайталайды: кірістердің тұрақты өсуі байқалады, атап айтқанда, 2006 жылғы 1 847,2 млрд теңгеден 2007 жылы 2 221,5 млрд теңгеге дейін. ЖІӨ-дегі кірістердің үлесі де 2005 жылдан бастап төмендейді, бірақ 2006 жыл мен 2007 жыл арасындағы өзгеріс бар-жоғы 0,8%-ды құрайды.
12-сурет. Республикалық бюджеттің кірістері
Көздер бойынша бюджеттің құрылымы
13-сурет. Мемлекеттік бюджет кірістерінің құрылымы
2007 жылы мемлекеттік бюджеттің жиынтық кірісі 2 887,8 млрд теңгені құрады, оның 80%-дан астамы (2 356 млрд теңге) салық түсімдеріне келеді.
Түсімдердің ең көп үлесі (34%) корпоративтік салықтан (758,3 млрд теңге) тұратын табыс салығына келеді – бұл ұйымдардың, және жеке (221 млрд теңге) кірістері – жеке тұлғалардың пайдасы.
Түсімдердің көлемі (29%) бойынша екінші орынды тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар алады. Оның ішінде барынша көп кірісті қосылған құн салығы (629,3 млрд теңге), акциздер (58,8 млрд) және табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер (132,2 млрд теңге) алады. Қосылған құн салығы (ҚҚС) – бұл кәсіпорынның (фирманың) ол өндіретін тауардың немесе қызметтің нарықтық құндылығына қосқан үлесіне салынатын салық. Қазақстанда ҚҚС-тан түсетін кірістің ауқымды бөлігін республиканың аумағына импортталатын тауарлардан алынатын салық құрайды. Акциз – елдің ішінде негізінен жаппай тұтынатын заттарға (темекі, шарап және т.б.) белгіленетін жанама салық түрлерінің бірі. Олардың ішінде республика бюджетіне барынша көп кірісті алкоголдік ішімдіктерге, темекіге және бензинге қойылатын акциздер әкеледі. Ресурстарды пайдаланғаны үшін алынатын түсімдердің ішінде барынша ауқымды үлесті қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем әкеледі.
Пайдалылығы жөнінен үшінші орында әлеуметтік салық (барлық түсімдердің 10%-ы), ол 295,7 млрд теңге пайда әкеледі. Оған азаматтардың (заңды тұлғалардың де, жеке тұлғалардың да) мүлкіне салынатын салықтар, көлік құралдарына салынатын салықтар, жер салығы кіреді.
Төртінші орында жергілікті бюджеттерден және Қазақстанның Ұлттық қорынан трансферттер есебінен алынған кірістер. Олар 258 млрд теңгені құрайды.
Тағы 6%-ды салықтық емес түсімдер әкеледі. Олар мемлекеттік меншіктің кірістерін (63,9 млрд теңге), айыппұлдардан, өсімпұлдардан, алымдардан (11, 5 млрд теңге) түсетін кірістерді және басқа да кірістерді қамтиды.
Қалған 9% халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға, мемлекеттік бажға салынатын салықтарға, консулдық алымға және басқаларға келеді.
Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға, мемлекеттік бажға салынатын салықтар, консулдық алым және басқа да салықтар
Кірістің бабы
|
млрд теңге
|
Табыс салығы
|
979,3
|
Әлеуметтік салық
|
295,7
|
Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ішкі салықтар
|
827,6
|
Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салықтар
|
150,4
|
Қалған салықтар
|
103,1
|
Салықтық емес түсімдер
|
181,0
|
Трансферттер түсімдері
|
258,0
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
92,7
|
Жиыны:
|
2 887,8
|
2009 – 2013 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі экономиканың шикізаттық емес секторына салық жүктемесін төмендетуді көздейтін жаңа Салық кодексінің ережелерін ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдық параметрлерінің базасында анықталды.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, ЖІӨ-ге %-бен
|
Көрсеткіштердің атауы
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Кірістер
|
15,9
|
15,2
|
15,0
|
14,7
|
14,5
|
Салық түсімдері
|
15,3
|
14,6
|
14,4
|
14,2
|
14,0
|
Салықтық емес түсімдер
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
0,3
|
0,4
|
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
|
0,3
|
0,3
|
0,2
|
0,2
|
0,2
|
Достарыңызбен бөлісу: |