36
– Баяғыда түрлі тәтті-тұрым дайындайтын аспаз өмір сүріпті . Халық оның
балдай тәтті бәліштерін және балкүлшелерін жақсы көреді екен . Ол тіпті
құлпынай қосқан бәлішті дайындау жарысында үш жыл қатарынан бәйге
алыпты . Аспаз әркез ең үздігі болсам деп жанталасыпты . Ірімшік бәліші
жеп-жеңіл әрі үгіліп тұрғанда, өзге бәліштер қытырлап піскенде тоқ кө-
ңілмен сатуға кірісетін . Бірақ оның да тәттісі күйіп кететін кездер көп еді .
Кейбір бәлішке қантты көбірек қосып жіберуі де мүмкін .
Мұндай кезде
аспаз оларды қоқыс жәшігіне тастай салатын . Қызарақтап, өзін-өзі кіналап,
күйгелектеніп кететін . Сөйте-сөйте сіркесі су көтермейтін ашушаң болып
алды . Тәтті-тұрымды қуана пісіретін мейрімді аспаздың мінезі өзгеріп
бара жатты . Бірде дүкенге бір әйел кірді .
Қандай тәтті-тұрымды сатып
аларын білмей кідіріп қалды . Аспаздан: «Сізге қай өніміңіз ұнайды?», –
деп сұрады . Аспаз не айтарын білмеді . Ол ашуланамын, күйгелектенемін
деп жүріп, өзі пісірген тәттілердің дәмін татып көруді де ұмытқан екен .
Баяғыда өзі жақсы көретін құлпынай қосқан бәлішінің де дәмі таңдайында
37
қалмапты . «Білмеймін, бірақ құлпынай күлшесі үлкен сұранысқа ие», – деді
ол абдырап . Сол кеште аспаз наубайхананы жауып, жинастырып жүріп
бірнеше бәліш пен балкүлшесін жеп көргісі келді . Міне, ғажап! Таңдайыңда
еритін тәттілер! Тілін үйіретін
тәттілерді жеп отырып, ол баяғыда әр
тәттісін жасап көрген сайын ерекше қуанатын кезді еске алды . Бүгін сол
күндер қайта оралғандай . Бойын қуаныш билеп, наубайхананы сыпырып
жүріп билеп алды . Содан шеті сәл күйіп
кеткен тәттілерін де қоқыс
жәшігіне лақтырмайтын болды . Олар тым дәмді еді! Сатып алушыларға
әлгі тәттісін ұсынып, дәм татып көруін сұрайтын .
Аспаздың атақ-даңқы
аспандап, оның балкүлшесін сатып алу үшін халық түкпір-түкпірінен
ағылды да, ісі өркендей берді . . .
– Аспаз мықты болып шықты, – деді Аружан еріксіз жымиып, – қателік-
тердің де жақсы болғаны ма?
Бірақ күйді қате орындағаны еске түсті де, жүрегі сыздап кетті .