Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар Кіріспе



бет14/18
Дата24.02.2016
өлшемі1.98 Mb.
#13373
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

68 - тарау. Әуе ортасын бақылау
1230. Жұмыс аймағының ауасына күкіртсутегінің, мұнай өнімдерінің және зиянды заттардың буларының бөлінуі мүмкін қондырғыларда, бөлмелерде және өнеркәсіптік алаңдарында (бұрғылау қондырғысы, өндіретін ұңғыма, мұнай мен газ дебитін өлшеу бойынша қондырғылар, кәсіпшілік манифольдтар, мұнай мен газды дайындау қондырғылары және басқалар) әуе ортасын автоматты, стацинарлы газ талдағыштармен және күкіртсутегінің, мұнай өнімдерінің және зиянды заттардың буларының жиналуы мүмкін орындарда қауіпті шоғырлануына белгі берумен үнемі, кезең сайын қозғалмалы газ талдағыштармен немесе стационарлы газ талдағыштармен бақылау жүзеге асырылады. Газдардың, мұнай өнімдерінің және зиянды заттардың буларының қасиеттері осы Талаптарға 9 - қосымшада көрсетілген.

1231. Стационарлы газ талдағыштардың тетіктерін орналастыру орындары газдардың тығыздығын, қолданылатын жабдықтың көрсеткіштерін, оның орналасуын және жеткізушілердің ұсыныстарын ескере отырып, кен орнын орналастыру жобасымен анықталады.

Бұрғылау қондырғыларында тетіктер роторда, науа жүйесінің басында, діріл сүзгілерде, сорғы бөлмесінде (2 дана), қабылдау ыдыстарында (2 дана) және персоналдың дем алу бөлмесінде орнатылады.

1232. Стационарлы газ талдағыштарда диспетчерлік пунктіге және шығумен және тетіктерді орналастыру орны бойынша дыбыстық және жарық дабыл белгілері бар, құрастыру алдында, белгіленген мерзімде пайдалану кезінде тексеруден өтеді.

1233. Кәсіпшілік объектілердің аумағында әуе ортасының жағдайын бақылау көрсеткіштерін диспетчерлік пунктіге, АҚҚ шығарумен автоматты.

1234. Объектіде күкіртсутегінің, мұнай өнімдерінің және зиянды заттардың буларының шоғырлануын қозғалмалы газ талдағыштармен немесе газ белгі бергіштермен өлшеу ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша оқытылған персоналмен, ал апаттық жағдайларда АҚҚ жүргізіледі. Өлшеулердің нәтижелері «Әуе ортасын бақылау журналына» жазылады.

1235. Автоматты бақылаумен бірге, қызмет көрсетуші персоналмен ауыспалы газ талдағыштармен әуе ортасын бақылау жүргізіледі:

1) зиянды заттары бар газдар мен сұйықтар қайта құйылатын бөлмелерде - әрбір төрт сағат сайын;

2) зиянды заттардың бөлінуі мүмкін бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда олардың бөлінуі және жиналуы мүмкін орындарда – ауысымына бір реттен кем емес;

3) бөліну көздері жоқ, бірақ сырттан зиянды заттардың түсуі мүмкін бөлмелерде – тәулігіне бір реттен кем емес;

4) қызмет көрсетуші персонал үнемі болатын орындарда, стационарлы газ белгі бергіштерін орнату қажеттілігі жоқ жерлерде – ауысымына екі реттен кем емес;

5) кезең сайын қызмет көрсетілетін орындарда – жұмыс бастау алдында және жұмыс кезінде;

6) резервуарлы паркте, резервуарлардың әрбір каресінің орталығында, үйінді айналасында одан 5-10 метр қашықтықта резервуардың білікті желілерінде желдетілетін жағынан – ауысымына бір реттен кем емес;

7) газдалған аймақтағы апаттық жұмыстар кезінде – 30 минутта бір реттен кем емес.

Апаттық жағдайды жойғаннан кейін, АЖЖ сәйкес, зиянды заттардың, күкіртсутегінің жиналуы мүмкін орындарда қосымша ауаға талдау жүргізу.

1236. Тұрғылықты мекен-жайда әуе ортасын бақылау ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша, стационарлы нүктелерде және қозғалмалы зертханалармен жүзеге асырылады.

Талдаулардың нәтижелері енгізіледі:

1) талдауларды тіркеу журналына;

2) сынамаларды алу картасына (сынама алу мәліметтері бекітіледі: орны, үрдісі, желдің бағыты және күші, ауа райы жағдайлары және басқалар).

69 - тарау. МГК жабдығында жөндеу жұмыстары
1237. Жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген, Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарының 1-бөлімінің талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.

1238. Ұйымдарда жыл сайын қызмет көрсету және жоспарлы алдын алу жөндеу бойынша, ұйымның техникалық басшысымен бекітілетін кесте жасалады.

1239. Жабдықтың бөлшектерін бөлшектеу және жөндеу кезінде шаю үшін технологиялық регламентпен қарастырылған, өртке қауіпсіз жуатын заттар қолданылады. Осы мақсаттар үшін бензинді және өзге тез тұтанатын және жанатын сұйықтарды қолдануға жол берілмейді.

1240. Жарылуға қауіпті бөлмелердегі жөндеу жұмыстары кезінде үнемі ағынды-соратын желдеткіш жұмыс істейді және жұмыс аймағының ауасының газдалуына бақылау жүргізіледі.

1241. Жөндеу жұмыстары күндізгі уақытта жүргізіледі. Түнгі уақытта жұмыстарды наряд-рұқсаттамада көрсете отырып, ұйымның техникалық басшысының жазбаша рұқсатымен жүргізуге жол беріледі. Жұмыс орындарының жарықтандырылуы жарылыс өрт қауіпсіздік және тазалық нормаларының талаптарына сәйкес.

1242. Ақауларды жою технологиялық регламентке, дайындаушының басшы құралына және жұмысты ұйымдастыру жобасына сәйкес жүргізіледі.

1243. Бағаналы аппараттарды жөндеу кезінде табақтары мен бөлшектерін бөлшектеу үстінен астына жүргізіледі. Табақтардың бөлшектерін бағанадан тыс қауіпсіз жерде орналастыру.

1244. Жөндеу туралы мәліметтер орындалған жұмыстарды және сынама нәтижелерін көрсете отырып, жабдықтың төлқұжатына жазылады.

1245. Ажыратумен байланысты сорғыны, соның ішінде және кесілген тығыздағыштарды жөндеу ол тоқтатылғаннан, қысымы түсірілгеннен, электр энергиясы өшірілгеннен, жөндеуге дайындалғаннан, ысырмалармен ажыратылғаннан және наряд-рұқсаттамаға сәйкес бұқтырмаларды орнатқаннан кейін жүргізіледі:

1) сорғыны тоқтатпастан және ажыратпастан май толтырғыштарға ауыстыруға жүргізуге жол берілмейді;

2) ескерту жазбаларын наряд-рұқсаттамада көрсетілген, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша шешуге жол беріледі;

3) сорғыны ашуды талап етпейтін және ысырмалар дұрыс болған кездегі қысқа уақыттық жөндеулер кезінде сорғыны бұқтырмалар орнатпастан құбырлардан ажыратуға жол беріледі. Осындай жағдайларда электр қозғалтқышын іске қосу тетігінде және жабық ысырмаларға «Қосуға болмайды – адамдар жұмыс істеуде», «Ашуға болмайды – адамдар жұмыс істеуде» ескерту жазбаларын іледі. Жазбаларды шешу сорғының дайындығын және қауіпсіздігін тексергеннен кейін жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі;

4) сорғыны жөндеу оны тоқтатқаннан кейін, сорғының температурасы 30 °C көп емес болғанда, оны технологиялық ортадан толық тазалағаннан кейін басталады;

5) сорғының және қымтайтын тығыздағыштардың барлық бөлшектері жинау алдында тазаланады, жуылады және техникалық жағдайы тексеріледі;

6) құрастыру және бөлшектеу кезінде сорғының бөлшектері бойынша соққыларға жол берілмейді;

7) сорғыны жөндеу ұшқынға қауіпсіз құралмен жүргізіледі;

8) сорғыны ажырату және жөндеу кезінде жұмысшылар сәйкес арнайы киімді, қорғайтын бас киімді, көзілдірікті және қол жеңдерді пайдаланады;

9) сорғының және құралдың бөлшектерін персоналдың жұмысы үшін қауіптілік туғызбайтын, қауіпсіз жерде орналастыруға жол беріледі;

10) жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жұмыс жетекшісімен және бақылау тұлғасымен қол қойылған, акт жасай отырып, сорғыны тығыздау, қосу, техникалық жағдайын және қауіпсіздігін тексеру жүргізіледі.

1246. Мұнайды қыздырғыштарға және пештерге жөндеу жұмыстары технологиялық регламентке, жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес наряд-рұқсаттама бойынша жүргізіледі.

1247. Жөндеуге дайындау кезінде пештің қыздыратын элементтері бұқтырмалар орнатумен, технологиялық және отын құбырларынан өшіріледі, бумен үрлеу және төбедегі экрандағы және пештің төменгі жағындағы бақылау құрылғыларын ашу жолымен тексерумен технологиялық ортадан босатылады:

1) ашу кезінде жұмысшы сәйкес құрылғыдан қауіпсіз қашықтықта бүйір жағында болады. Егер де ашық бақылау құрылғысы арқылы мұнай ағатын болса, онда оны жабу және үрлеуді жалғастыру;

2) пештің қыздыру элементтерін мұнайдан толық босатқаннан кейін бұқтырмаларды орналастырумен және журналға жазылумен апаттық құбыр жабылады;

3) пештің бір бөлігінің құбырларын екі жағынан тазалауға жол берілмейді;

4) құбырларды үрлеуді пеште жүргізілетін өзге жұмыстармен бір уақытта жүргізуге жол берілмейді;

5) үрлеу кезінде персонал қауіпсіз аймақта болады;

6) жұмыстар жүргізу кезінде персонал сәйкес ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ, газ талдағыштарды, қорғайтын көзілдіріктерді, бас киімдерді, қауіпсіз құралды, қорғаныс құрылғыларын және жұмысты механикаландыру құралдарын қолданады;

7) жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пешке кіру және шығу үшін құрылғылар ашық күйде ұсталады. Пештің сыртында болатын бақылаушы жұмысшы пештен барлық шығыстар және кірістер және тесіктер желдету үшін ашық болуын бақылайды;

8) пештердің ішкі кеңістігінде жұмыс істеу кезінде технологиялық регламенттің талаптары сақталады. Егер де құрылымның зақымдану қауіптілігі болса немесе пеште газдалу белгілері анықталған болса, пештегі жұмыс тоқтатылады, жұмысшылар қауіпсіз аймаққа шығарылады;

9) жөндеуден кейін пештердің, құбырлардың, күшейткіштердің, оттықтардың ішкі элементтері және кеңістігі бумен немесе инертті газбен үрленеді;

10) қыздыру элементтерін және отын құбырларын толтыруға барлық жөндеу жұмыстары, тығыздау, пештің, қыздырғыштың техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін тексеру аяқталғаннан кейін, басшымен, жұмыс жүргізушімен және бақылау тұлғасымен қол қойылған акт жасаумен жол беріледі.

1248. Электр дегидраторлардың жөндеу жұмыстары наряд-рұқсаттама бойынша, білікті электр техникалық персоналмен бекітілген жұмысты ұйымдастыру жоспарына сәйкес, өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігін сақтаумен жүргізіледі:

1) электр сусыздандырғыштарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге наряд-рұқсаттама, диэлектрді қорғаныс құралдары, ЖҚҚ болған, газдалуды және келесі қауіпсіздік талаптарын кезекпен орындауды тексеруден кейін бастауға жол беріледі:

қорғаныстарын шешумен электр желілерін өшіру және осы орындарда және басқару қалқанында «Қосуға болмайды – адамдар жұмыс істеуде» жазбаларын ілу;

кернеудің жоқтығын тексеру;

жермен жанастыру жағдайын және орналасуын тексеру;

электр сусыздандырғыштардың басқышында «Осы жерден кіру» жазбасын ілу;

2) ескерту жазбалары жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін алынуы мүмкін;

3) жөндеуден кейін басшымен, жұмыс жүргізушімен және бақылау тұлғасымен қол қойылған, электр сусыздандырғыштың техникалық жағдайын және қауіпсіздігін тексеру актісі жасалады.

1249. Қауіпті технологиялық ортамен технологиялық құбырлардағы жөндеу жұмыстары бекітілген жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жарылу өртену қауіпсіздігі талаптарын сақтаумен, наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі:

1) жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында құбыр бумен үрлеумен, мұнайдан, конденсаттан, газдан және өзге зиянды заттардан тазаланады. Құбырдың температурасы 30 °C көп емес. Тазалағаннан кейін жөндеу жұмыстарының жұмыс аймағында газдалуға бақылау жүргізіледі;

2) жөндеуге жататын құбырдың учаскесі журналға жазылумен, басқа құбырлардан, аппараттардан және жабдықтан ысырмалармен және бұқтырмалармен ажыратылады;

3) фланецті құрамаларды ажыратудың қауіпсіз әдістері технологиялық регламентте көрсетіледі;

4) құбырларды тазалау және фланецтерді ажырату кезінде зиянды заттардың жұмыс аймағына, қоршаған ортаға түсуіне және персоналға әсер етуіне қарсы сәйкес қауіпсіздік шаралары қолданылады;

5) осы жұмыстарды орындайтын жұмысшылар сәйкес арайы киімді, ДО ЖҚҚ, жең қолғаптарын және қорғаныс көзілдіріктерін қолданады. Жұмыс орындары ұшқынға қарсы құралмен, өртке қарсы құралмен, алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен және газдалуды бақылау құралдарымен қамтамасыз етіледі;

6) газдың, және зиянды заттардың бөліну қауіптілігімен байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпті аймақ қоршалады және «Абайлаңыз – газға қауіпті жұмыстар» ескерту жазбаларымен белгіленеді;

7) құбырларда, құдықтарда, орларда және өзге қауіпті орындарда жөндеу жұмыстары газға қауіпті ретінде сараланады;

8) жөндеуден кейін басшымен, жұмыс жүргізушімен және бақылау тұлғасымен қол қойылған, өткізу-қабылдау актісін жасаумен жұмысты ұйымдастыру жоспарына, технологиялық регламентке сәйкес, соңынан ішкі жағын тазалаумен, құбырды тығыздаумен сынама жүргізіледі;

9) тартпаларда және құдықтарда орналасқан құбырларды, бекіту құрылғыларын жөндеуден кейін қақпағын жабады және құммен төгеді.

1250. Бұқтырмаларды орналастыру бекітілген сызба, наряд-рұқсаттама және жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша, қауіпсіздік талаптарына сәйкес құбырларды, аппараттарды, ыдыстарды, резервуарларды және өзге жабдықты тазалағаннан кейін жүргізіледі:

1) бұқтырмаларды орналастыру орындары көсеткіштермен белгіленеді, оларда тұғыр нөмірі және жұмыс қысымы көрсетіледі. Бұқтырмалардың қалыңдығы шекті мүмкін болатын қысымға есептеліп анықталады, бірақ 3 мм кем емес. Газдың және сұйықтың келіп түсуі мүмкін жақтағы бұқтырмалар қымталған төсемдерге ие. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін барлық уақытша бұқтырмаларды жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша шешеді;

2) бұқтырмаларды орналастыруды және шешуді жұмыс жетекшісінің тексеруімен, жұмыстарды жүргізген жұмысшылардың қол қоюымен журналға тіркейді.

1251. Әуе компрессорларын жөндеуге тоқтату дайындаушының басшылық құралына және жоспарлы алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес жүргізіледі:

1) ажыратумен және ашумен байланысты, компрессорды жөндеу кезінде компрессорды бұқтырма орнатумен өшіреді, ал электр жетектерді қорғаныстарын шешеді және жұмысты ұйымдастыру жоспарына және наряд-рұқсаттамаға сәйкес, «Қосуға болмайды – адамдар жұмыс істеуде» ескерту жазбасын іледі;

2) компрессорды іске қосу қоршау орнына жөндеу уақытында ажыратылған, қозғалатын механизмдерді орнатқаннан, техникалық жағдайын тексергеннен және белгіленген тәртіпте дайындық актісін жасағаннан кейін жүргізіледі.



70 - тарау. Күкіртсутегі болған кезде жұмыс істеу
1252. Ұңғыма алаңында немесе күкіртсутегінің бөлінуінің өзге көзінде дем алу аппаратымен жұмыс істеу кезінде көмек көрсету және қауіпті аймақтан эвакуациялау үшін жұмыстың жауапты жетекшісі және бақылаушылар тағайындалады.

1253. Осы талаптардың 10 - қосымшасына сәйкес жұмысшылардың қарым-қатынасы үшін түсінікті белгілер жүйесі қолданылады.

1254. Жұмыс басталар алдында бақылау тұлғасы жұмысшыларды метеорологиялық жағдайлармен және апаттық жағдай кезінде қауіпті аймақтан шығу бағыттарымен таныстырады және желдің бағытының өзгерістері туралы дер кезінде хабарлайды.

1255. Жұмыс аймағының ауасында күкіртсутегінің бөлінуі және жиналуы мүмкін жағдайлардағы жұмыстар кем дегенде екі орындаушылармен жүргізіледі, олардың біреуі екіншісін сақтандырады.

Құдықтағы жұмысты құрамында үш адамнан кем емес бригада орындайды (бір жұмысшының және екі сақтандырушы - қосарлама).

1256. Күкіртсутегінің бөлінуі мүмкін жағдайларда жұмыс істеу кезінде жұмыс жетекшісімен (бақылау тұлғасы) барлық қатысатын тұлғалардың есебі жүргізіледі.

1257. ТҚА жұмыс істейтін персонал ұйымның диспетчерімен екі жақты телефон немесе радио байланыспен, ал тікелей газға қауіпті объектіде жұмыс істеушілер – қосымша кезекші АҚҚ –мен тәуелсіз байланыспен және эвакуациялау үшін көлік құралымен қамтамасыз етіледі. Барлау алаңдары үшін АҚҚ-мен тәуелсіз байланыспен қамтамасыз ету ұңғыманы салуға жобамен анықталады.

1258. Персонал ауадағы күкіртсутегінің шоғырлануын бақылау құралдарымен және газға қауіпті объектіде және оның ТҚА жәбірленушілерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін құралдармен қамтамасыз етіледі. Әрбір жұмысшы оқшаулайтын газға қарсы құралмен қамтамасыз етіледі.

1259. Өнімнің сынамаларын алу жобамен қарастырылған орындардан, шаттық сынама алу құрылғыларын қолданумен жүргізіледі.

Сынамаларды алу оқшаулайтын газға қарсы құралдарда жүргізіледі.

Құрамында күкіртсутегі бар ортаның сынамаларын ашық ағынмен алуға жол берілмейді.

Бұрғылау ерітінділеріндегі күкіртсутегі мен сульфидтердің құрамын бақылау әдістері осы Талаптарға 11 - қосымшада көрсетілген.

1260. Күкртсутегінің бөліну жағдайларында апаттық жағдайлардағы жұмыстар күкртсутегіден қорғанысты қамтамасыз ететін арнайы киімде немесе оқшаулайтын күртелерде орындалады.

1261. Арнайы киімді сақтауға арналған бөлмеде желдеткіш бар және екі аралас бөлмелерден тұрады: біріншісі – арнайы киімді шешу және сақтау үшін, екіншісі – газға қарсы құралды шешу және жеке киімді сақтау үшін.

1262. Ашық атқыманың пайда болу мүмкіндігімен байланысты жұмыстар (өнімдік қабатты аршу, ұңғыманы перфорациялау, ағынды шақыру, гидродинамикалық зерттеулер және басқалар) бақылау тұлғасының басшылық етуімен жүргізіледі.

Осы жұмыстарды орындау кезінде медициналық тазалық бөлімінің, өрт бөлімінің өкілдерінің қатысуы және өрт постарын қою ұйымның техникалық басшысымен анықталады.

1263. АЖЖ-да персоналды жинау орындары және эвакуациялау жолдары, әуе ортасының жағдайын бақылау тәртібі және кезеңдігі, қорғаныс құралдарының және апаттық құралдардың орналасу орындары, қауіпті жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары және жұмысшылардың әрекеті, апат туралы хабарланатын тұлғалар мен ұйымдардың тізімі (телефон нөмірлерін және хабарлау мен шақырудың өзге құралдарын көрсете отырып) және оларды құлақтандыру тәртібі анықталады. АЖЖ-на қоса беріледі:

Эвакуациялау жоспары кен орнының аумағында орналасқан кәсіпорындар мен объектілер үшін, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық объектілері мен тұрғылықты орындар үшін жасалады.

Эвакуациялау жоспарымен апаттық құлақтандыру және байланыс құралдары және тәртібі, қауіпті газдалудың мүмкін болатын көздерінің орналасуын көрсете отырып, сызба, жинау пунктері, жолдар (маршруттар), әр түрлі метеожағдайлар кезіндегі эвакуациялау әдістері және соңғы пунктері, лауазымды тұлғалардың аталған шараларды жүзеге асыру бойынша әрекет ету тәртібі анықталады.

1264. Мүмкін болатын апаттарды жедел жою және кен орнын барлау және өңдеу кезінде адамдардың қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында кен орны объектілерін салуды, пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың, АҚҚ және апаттық жағдайларды жою, жұмысшыларды, халықты және өтпелі жолаушыларды қорғау және эвакуациялау бойынша жергілікті әкімшілік органдарының бірлескен әрекеттерінің Жоспары жасалады, бекітіледі және әрекетке енгізіледі.

1265. Бірлескен әрекеттер жоспары келесіні реттейді:

1) бірлескен әрекеттерге қатысатын ұйымдардың тізімін;

2) ұйымдар мен адамдарды ауаның мүмкін болатын ластану қаупі және мүмкін болатын апаттық жағдайлар әрекет ету туралы құлақтандыру тәртібі және техникалық құралдары;

3) АЖЖ ескере отырып, апаттық объектідегі бірінші кезекті бірлескен әрекеттер;

4) ауаның мүмкін болатын ластану аймағын анықтау, белгілеу және бақылау;

5) мүмкін болатын апаттық жағдайларда адамдарды қорғау және эвакуациялау бойынша кәсіпорынның, АҚҚ, өрт бөлімінің және жергілікті әкімшілік органдардың бірлескен әрекеттері.

1266. Персонал осы объектілерде, ТҚА жұмыстар кезеңінде болатын өзге жұмысшымен құрылыс, жөндеу, іске қосу қалпына келтіру жұмыстары бойынша ұңғымаларды бұрғылауды, құрамында күкіртсутегі бар мұнайды, газды және газ конденсатын өңдеуді, дайындауды, тасымалдауды және сақтауды, осы Талаптарды орындауды жүзеге асырады.

1267. Өнімдік қабатты аршу, перфорациялау, ағынды шақыру, гидродинамикалық зерттеулер бойынша жұмыстар және өзге қауіпті операциялар бақылау тұлғасының басшылық етуімен, жұмысты ұйымдастыру жоспары бойынша жүргізіледі.

1268. Жұмыс аймағының ауасында күкіртсутегінің ШРК жоғары құрамын анықталған кезде:

1) оқшаулайтын дем алу аппаратын кию (газға қарсы құрал);

2) жауапты жұмыс жетекшісіне, қауіпті аймақта болатын персоналға хабарлау;

3) АЖЖ сәйкес, газдалуды жою бойынша алғашқы кезекті шараларды қабылдау;

4) алғашқы кезекті шараларды қабылдаумен байланысты емес жұмысшыларға қауіпті аймақтан кету және эвакуациялау жоспарымен қарастырылған, жинау орнына бару.

5) газдалуға үнемі бақылау жүргізу.

Жауапты жұмыс жетекшісі немесе орындаушы дабыл белгісін береді және белгіленген тәртіпте құлақтандыруды жүргізеді.

АЖЖ бойынша алғашқы кезекті әрекеттерді орындағаннан кейін апатты жою бойынша бұдан әрі жұмыстар жоспар бойынша апаттық құтқару қызметімен, объектілердің жұмысшыларын тарта отырып жүргізіледі.

1269. Газға қауіпті объектілердегі жұмысқа тартылатын мердігер ұйымдардың персоналы жұмыс орны мен түрін ескере отырып, ұйымның персоналы үшін белгіленген көлемде оқудан және білімін тексеруден өтеді, және жеке газ талдағыштарды, ЖҚҚ; ДО ЖҚҚ; ҰҚҚ қолданады.

1270. Әрбір объектідегі ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ; ҰҚҚ, газ талдағыштардың саны мен түрі жұмыс ерекшелігі және жұмысшыларды арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және өзге қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету нормаларын ескере отырып, жобамен анықталады. Күкіртсутегінің ұсынылатын стационарлы және қозғалмалы газ талдағыштарының тізімі осы Талаптарға 12 - қосымшада көрсетілген.

Тазалық-қорғаныс аймағының аясында болатын құрылыс және өзге ұйымдардың жұмысшыларының ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары және қауіпті жағдайда қамтамасыз ету тәртібі бірлескен әрекеттер жоспарымен анықталады.

1271. Оқшаулайтын дем алу аппараттары қызмет көрсетуші персоналмен АЖЖ және технологиялық регламентке сәйкес, апаттық жағдай пайда болғанда алғашқы кезекті әрекеттері орындау, күкіртсутегінің бөлінуі мүмкін жағдайларда жұмыс жүргізу технологиясымен қарастырылған операцияларды орындау кезінде қолданылады.

1272. Дем алу аппараттары жұмысшының мөлшері бойынша таңдалады. Әрбір аппаратқа формуляры бар төлқұжат беріледі және жұмысшының тегі және өз аты мен әкесінің атының бас әріптері көрсетілген жазба ілінеді. Төлқұжатқа дем алу аппаратының дұрыстығы және сынау мерзімдері туралы жазба енгізіледі.

1273. Газдан қорғайтын құралдар дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес, аттестацияланған зертханада тексеріледі.

1274. Жұмыс орындарында ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ, газ талдағыштарды тексеру, пайдалану және сақтау бойынша дайындаушының техникалық құжаттамасы болады.

1275. Газға қауіпті объектіде газдан қорғайтын құралдардың резервті қоры болады, саны мен түрі жұмыс істеушілердің санына, объектінің қашықтығына, орындалатын жұмыстардың ерекшелігіне байланысты анықталады.

1276. Резервті құралдардың тізімі ұйыммен жасалады.

1277. Күкіртсутегі бар қауіпті объектілердің персоналын оқыту бағдарламасы келесіні қарастырады:

1) адамның ағзасына күкіртсутегінің және өзге зиянды заттардың әсер етуі және қасиеттері;

2) ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ; ҰҚҚ, олардың тағайындалуы, құрылымы, пайдалану ережелері;

3) қауіпсіздік белгілері, белгі түстері, апаттық құлақтандыру белгілері;

4) жұмыс аймағының ауасын бақылау тәртібі, әдістері және құралдары;

5) ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ, ҰҚҚ қолданумен жұмыс істеудің қауіпсіз жолдары және әдістері;

6) мүмкін болатын апаттық жағдайларда және олардың пайда болу қаупі кезіндегі қауіпсіздік шаралары және әрекет ету тәртібі;

7) жәбірленушілерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістері және құралдары;

8) АЖЖ құрамы, өндірістік бақылау және құлақтандыру жүйелері.



71 - тарау. Деэмульгаторлармен жұмыс істеу
1278. Деэмульгаторлармен жұмыс істейтін персонал қауіпсіз қолдану және улану кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша нұсқаулықтан өтеді.

1279. Деэмульгаторлар бар бөшкелер күн сәулесінің және жылыту құралдарының әсерінен қорғалады. Бөшкелерді ашу кезінде жұмыстар газға қарсы құралдарда, бет перделерде, резеңке етіктерде, резеңке қолғаптарда және резеңкеленген алжапқыштарда жүргізіледі.

1280. Деэмульгаторлар сақталатын бөлме немесе қоршалған алаң құлыпқа жабылады және «Отқа қауіпті», «У» ескерту жазбаларымен және қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етіледі.

1281. Бөшкелердің қымталуы кезең сайын жақсылап қарау арқылы тексеріледі. Саңылауы бар бөшке деэмульгатордан арнайы ыдысқа босатылады.

1282. Деэмульгатор ерітіндісін дайындау жұмысты механикаландыру үшін құралдарды қолданумен жүргізіледі.

1283. Бөшкелерді ұшқынға қауіпсіз құралмен ашу.

1284. Деэмульгаторларды тасымалдау және сақтау үшін істен шыққан және сәйкес келмейтін бөшкелер мен ыдыстарды қолдануға жол берілмейді.

1285. Деэмульгаторларды ағызу және айдау үшін барлық фланецті құрамаларды, арматураны, манометрлерді және механикаландыру құрылғыларын тексеру. Барлық анықталған зақымданулар жойылады.

1286. Бөлмеде эмульгаторды ағынды-сору желдеткіші жұмыс істеп тұрғанда жабық әдіспен құю керек.

1287. Ағызатын құрал-саймандар және сорғылар жергілікті сорғыға ие.

1288. Деэмульгаторларды пипеткаға және сифонға қауіпті әдіспен алуға, оларды қол жуу және киімді тазалау үшін қолдануға жол берілмейді.

1289. Құбырларды, сорғыларды және шлангаларды өзге өнімдерді ағызу үшін қолдануға жол берілмейді.

1290. Ыдыстар, құбырлар, арматура, БӨҚжА қауіпсіз қызмет көрсету және дұрыстығын бақылау ескеріле отырып орнатылады.

1291. Ағызатын құбырлар ағызылатын ыдысқа еңіспен орнатылады.

1292. Деэмульгатордан босатылғаннан кейін бөшкелер, ағызылғаннан кейін шлангаларды көп мөлшердегі сумен жуады.

1293. Төгілген деэмульгатор көп мөлшердегі сумен жақсылап жуылады немесе кейіннен әкетумен және пайдаға асырумен құммен үйіледі.

1294. Деэмульгаторды қол сорғысымен ағызғаннан кейін сорғының тұтқасын шешу, сорғыны жуу және пломбалау керек.

1295. Деэмульгатормен жұмыс істеу кезінде келесіге жол берілмейді:

жұмысшылардың зиянды заттармен қатынасуы мүмкін болатын қол операциялары;

зиянды заттың төгілуі және дене мен киімге түсуі;

киімді жұмыс жүргізу орындарында сақтау;

қолды алдын ала сабынмен жумастан арнайы бөлінген орындарда тамақ ішу және шылым шегу.

1296. Деэмульгаторлармен жұмыс істегеннен кейін жұмысшыларға тазалық-гигиеналық үрдістерді орындау керек.

1297. Деэмульгатормен улану белгілері пайда болғанда зардап шегушіні таза ауаға шығару, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, бақылау тұлғасына және медициналық қызметке хабарлау.

1298. Деэмульгатормен операциялар жүргізілетін учаскеде арнайы киімнің, ЖҚҚ, ДО ЖҚҚ және өзге қорғаныс құралдарының қосымша жинақтарымен апаттық пломбаланған шкафтар болады.

1299. Деэмульгатор сақталатын бөлмеге ағынды-сору желдеткішін қосқаннан және жұмысынан кейін 15 минуттан соң кіруге жол беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет