54 - тарау. Блокты қондырғылардың отпен жылытқыштарын және құбырлы пештерін пайдалану
1047. Құбырлы пештердің және отпен жылытқыштардың түрі мен сипаттамасы, қауіпсіз пайдалану жағдайлары жобада, дайындаушының техникалық құжаттамасында, технологиялық регламентте көрсетіледі.
1048. Пешке өнім ағынының кіре берісінде және шығатын жерінде бекіту арматурасы орнатылады. Бекіту арматурасынан кейін кіретін жерде кері қақпақ орнатылады.
Көп ағынды құбырлы пештерде бекіту арматурасы және кері қақпақ әрбір ағында орнатылады.
1049. Өнімді пешке әкелетін құбырларда, 1048-тармақта көрсетілген арматурадан кейін қосымша түрде қашықтықтан басқарылатын бекіту арматурасы орнатылады. Көп ағынды құбырлы пештер үшін қашықтықтан басқарылатын бекіту арматурасы пешке кіретін жерде, жалпы ағында орнатылады (ағын таралғанға дейін).
Пештен өнімнің шығатын жерінде қашықтықтан басқарылатын бекіту арматурасын және қорғаныс қақпағын орнату пештің басқа аппараттармен бірігуінің технологиялық сызбасына байланысты, жобалық ұйыммен анықталады.
1050. Көп ағынды пештерді қолдану кезінде өнімді ағындар бойынша бірыңғай орналастыруға арналған құрылғы және отынның шығысының жеке реттегіштерін орналастыру қарастырылады, ағынды орналастырудың ысырмаларын басқару қауіпсіз орыннан жүргізіледі.
1051. Қыздыру құрылғысын үрлеу үшін (ұштама) азотты немесе су буын өткізу қарастырылады. Азотты немесе буды өткізудің құбырында оларды ұштамаға қосу алдында кері қақпақ және екі бекіту құрылғылары орнатылады, олардың арасында атмосфераға үрлеу вентилін орналастыру қарастырылады – бекіту арматурасының қымталуын бақылау және конденсатты ағызу үшін.
Будың немесе азоттың ағыны бойынша екінші ысырма қашықтықтан басқарумен орнатылады. Кері қақпақ екінші ысырмадан кейін және буды немесе азотты тікелей ұштамаға орнату орнында орнатылады.
Көп ағынды пештер үшін әрбір ағында құбырды үрлеу үшін азотты немесе су буын беру қарастырылады.
1052. Отын газын өткізетін құбырда келесі орнатылады:
1) отын камерасына конденсатты түсуін болдырмайтын сепаратор және жылытқыш;
2) манометр, өлшеу диафрагмасы, тез әрекет ететін кесетін қақпақ және газдың қысымын реттегіш;
3) ажырату құрылғысынан кейін, тікелей күшейткіштің алдында, шырақ пен шамшыраққа әкетумен отын газын үрлеу желісі және манометр.
1053. Үрлеу шырақтары жобада көрсетілген қауіпсіз жерге шығарылады. Шырақтың биіктігі жабынды бетінен 2 м кем емес құрайды. Шырақ отты тежегішпен орнатылады. Шырақта бекіту арматурасы орнатылмайды.
1054. Автоматика жүйесімен одақтасу қарастырылады (отынды бөлгіш):
1) белгіленген шекте отынның қысымын төмендеткен кезде;
2) белгіленген шектен төмен, пешке берілетін өнімнің жалпы шығысын азайтқан кезде;
3) рұқсат етілген шектен жоғары пештен шығатын жерде түтін газдарының температурасы көтерілген кезде;
4) пештегі жалын өшкен кезде.
Құбырлы пештер сұйық немесе газ тәрізді отынды күшейткіштерге беру тоқтатылған кезде немесе белгіленген рұқсат етілген технологиялық көрсеткіштерден ауытқыған кезде іске қосылатын, дабыл белгісімен қамтамасыз етіледі.
1055. Пештер мен жылытқыштар газ қауіпсіздігі жүйелерімен және қауіпсіз жұмыстың газ бүркеуінің құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Пештің жану, мұнайды қыздыру, түтін өткізу камералары өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады. Өрт сөндіру құбырларының вентильдері пештен 10 м кем емес қашықтықта қауіпсіз жерде орнатылады.
1056. Пайдалану кезінде қыздыру құрылғыларының, құбырлардың, арматураның, пештің құрылымының элементтерін блоктау және технологиялық көрсеткіштердің техникалық жағдайын бақылау қамтамасыз етіледі.
1057. Құбырларда, пештің құрылымында ақаулар мен бүлінулер болғанда, БӨҚжА және жинақтаушы бұйымдар, өртке қарсы және апатқа қарсы қорғаныс жүйесі істен шыққан жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
1058. Пештің жұмыс істеуі кезінде қыздыру камераларын ашық күйде ұстауға жол берілмейді.
1059. Арматураны, қорғаныс және кері қақпақтарды, қымтағыштарды, қысатын бұрандаларды реттеу құбырлардағы қысымды атмосфералыққа дейін төмендеткеннен және қыздырғышты өнімнен босатқаннан, олардың температурасын технологиялық регламентте көрсетілген мөлшерге дейін төмендеткеннен кейін, жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
1060. Пайдалану кезінде күшейткіштердің бірыңғай жүктемесі және жалынның ұзындығы бірдей болғанда, пеш камераларында жанудың регламентті режимі қамтамасыз етіледі.
Күшейткіштердің жануын бақылау кезінде персонал ЖҚҚ, қорғаныс көзілдіріктерін қолданады және қарау құрылғысынан бір бүйірінде болады.
Пешті жағу алдында отпен (шамшырақпен) пеште тартымның бар-жоғын тексеруге жол берілмейді.
Жану камерасын азотпен немесе бумен алдын ала үрлеусіз пештің күшейткіштерін жағуға жол берілмейді. Үрлеу технологиялық регламентке және дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі.
Күшейткішті жағу азоттың, будың, ауаның және желдетудің болуын тексергеннен кейін дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес жүргізіледі. Жағу кезінде жұмысшы және бақылаушы бүйір жағында тұрады және құбырда вентильді ақырын ашуды жүргізеді.
Жағу үшін жобамен қарастырылмаған тез тұтанатын сұйықтарды және әдістерді қолдануға жол берілмейді.
Күшейткіштерге газбен бірге конденсат түскен кезде пешке газды беру вентилін жабу және конденсатты ағызу.
1061. Күшейткіштерді іске қосу тұтандыруға, жөндеу жұмыстарын жүргізгенге дейін технологиялық регламентке сәйкес, пештегі тартымға тексеру жүргізіледі.
1062. Шамшырақтарды жағу алдында келесілер жүргізіледі:
1) люктерді ашу және жағу камерасын тексеру;
2) барлық күшейткіштердегі жұмысшы және бақылау вентильдерінің қымталуын, БӨҚжА, реттеуші құрылғылардың және одақтасудың жағдайын тексеру;
3) отын желісінен конденсатты ағызу;
4) отын құбырын сызба және регламент бойынша үрлеу;
5) камераны азотпен немесе бумен үрлеу.
Күшейткіштерді жағу немесе жану үрдісін бұзу кезінде отын желісі бекіту вентилімен өшіріледі, газ желісі үрленеді және бұзылу себебі анықталады. Жойғаннан кейін технологиялық регламентке сәйкес, камераны азотпен немесе бумен үрлеу және қайтадан жағу жүргізіледі. Бұзылушылық себебі журналға жазылады және бақылау тұлғасына хабарланады.
1063. Қыздыру жүйесінің саңылаулануы кезінде технологиялық регламентке сәйкес пешті пайдалануды тоқтатылады.
1064. Газды беру құбырларында, істен шыққан күшейткіштерде журналға жазыла отырып бұқтырмалар орнатылады.
1065. Пештің жұмыс істеуі кезінде пешті қыздыру құбырларының (ұштама), құбырлы ілмектердің және пештің құрылымының өзге элементтерінің жағдайына бақылау қамтамасыз етіледі.
1066. Күшейткіштердің жұмыс үрдісі олар өшірілген кезде дыбыстық және жарық белгісін бере отырып, оператордың бөлмесінде бақыланады.
55 - тарау. Жалынсыз панельді жанғыштармен
пештерді пайдалану
1067. Панельді жанғыштарды жағу алдында технологиялық регламентке сәйкес коллекторларда газдың қысымы тексеріледі.
1068. Панельді жанғыштарды жағу үшін қашықтықтан қосылатын құрылғы қолданылады.
1069. Қолмен жағу кезінде оны бірінші жанғыш алдында орналастыру, газды беру вентилін ашып жанғыштың жұмыс істейтіндігіне көз жеткізу керек. Жанғыштарды бұдан әрі жағу технологиялық регламентке сәйкес, олардың орналасу кезектігінде жүргізіледі.
1070. Панельді жанғыштардың блогын жағуды екі адам жүргізеді.
1071. Пешті пайдалану кезінде жанғыштардың тарату камераларының сыртқы қабырғаларының температурасы бақыланады және ол нормадан асқан жағдайда жанғышты өшіреді.
1072. Тұрақты жану бұзылған жағдайда отын беру жанғышын өшіреді және соплоны тазалайды.
56 - тарау. Электр тұзсыздандыру қондырғыларын пайдалану
1073. Жоғарғы алаңда болатын трансформаторлы және реактивті орауыштарда торлы немесе торша қоршауы және «Жоғарғы кернеулік - өмірге қауіпті» ескерту жазбасымен белгі, қауіпсіздік белгілері бар.
Электр дегидраторлардың алаңында электр кернеуінің қауіптілігі туралы ескерту жазбалары және қауіпсіздік белгілері орнатылады.
1074. Электр дегидратордың жұмыс істеуі кезінде қоршауға кіруге жол берілмейді.
1075. Электр дегидратор алаңының қоршауында қоршауды ашу кезінде электр энергиясын өшіруге одақтасу орнатылады.
1076. Электр дегидратор аппараттағы мұнайдың деңгейі төмендеген кезде кернеуді өшіретін құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Одақтасуды тексеру дайындаушының техникалық құжаттамасына, технологиялық регламентке сәйкес кесте бойынша жүргізіледі.
1077. Мұнаймен толтыру және электр дегидраторды пайдалану дайындаушының техникалық құжаттамасына және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Электр кернеуін беру алдында жарылу өртену қауіпсіздігінің талаптары сақталған жағдайда газды және мұнай буларын шығару қарастырылады.
1078. Қондырғыға электр энергиясын беру бақылау тұлғасының нұсқауы бойынша және электр дегидратордың қосуға дайындығы туралы журналға жазыла отырып, электротехникалық персоналмен жүргізіледі.
1079. Өрт қауіптілігі кезінде дереу электр энергиясын өшіру және объект басшылығын, апаттық-құтқару және өрт қызметін құлақтандыру жүргізіледі.
1080. Электр дегидраторлардан және сақтайтын ыдыстардан суды сорғыту қымталу қамтамасыз етілген кезде автоматты түрде жүргізіледі.
57 - тарау. Өнімді ағызу
1081. МДҚ ағызу құрылғылары, қосымша құрылғылар және құрылыстар технологиялық регламентке сәйкес, газдың аралық, шикізат және тауарлық резервуарларға түсуін болдырмауды қамтамасыз етеді.
1082. Сепараторлар дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес, қашықтықтан басқару және бақылау, өртке қарсы және апатқа қарсы қорғаныс жүйесімен, қорғаныс қақпақтарымен, деңгейін көрсеткіштермен және мұнайды автоматты ағызуға арналған құрылғымен жабдықталады.
1083. Сепараторларды тазалау және үрлеу кезінде үрлеу желісіндегі бекіту құрылғысы ақырын және жайлап ашылады.
58 - тарау. Блокты қыздыру қондырғылары
1084. Блокты іске қосу алдында пештің жануының және ұйытатын қоспамен сіңірудің алдын алу мақсатында сумен толтырады.
Бөліктердегі судың деңгейі дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес.
1085. Блоктың оттық қыздырғышының күшейткішін жағу технологиялық регламентке сәйкес, бөліктерді сумен толтырғаннан кейін жүргізіледі.
1086. Эмульсиялы мұнайды беру технологиялық регламентке сәйкес блоктың оттық қыздырғышында температура жеткеннен кейін жүргізіледі. Құбырдағы ысырма ақырын және жайлап ашылады.
1087. Мұнайды технологиялық регламентте көрсетілген рұқсат етілген температурадан жоғары қыздыруға жол берілмейді.
1088. Берілетін эмульсиялық мұнайдың саны түсіру қақпақтарының өткізетін қабілетінен аспайды.
1089. Блоктың жұмыс істеуі кезінде технологиялық регламентпен қарастырылған, көрсеткіштердің асуына жол бермей қысым бақыланады.
1090. Технологиялық регламентке сәйкес, үнемі оттық тежегіштің бөліктерінен суды түсіру және сорғызу түтікшелері арқылы тұндыру жүргізіледі.
1091. Фланецті құрамаларда, дәнекер тігістерінде саңылаулану және оттық қыздыру пештерінде ақау болғанда блок технологиялық регламентке сәйкес тоқтатылады.
1092. Ай сайын кезең сайын ашу жолымен суды және мұнайды әкету желілерінде түсіру қақпақтарының жағдайы тексеріледі.
1093. Блокқа тұндыру қосындысын тиеу үшін басқыштар, алаңдар және қоршаулар қарастырылады.
1094. Аппараттың жоғарғы бөлігінде құрастырылған бақылау-өлшеу құралдарына, қорғаныс қақпақтарына, бекіту арматурасына қызмет көрсетуді жұмыс алаңдарынан жүргізуге жол беріледі.
59 - тарау. Тұрақтандыру қондырғылары
1095. Тұрақтандыру сұйығы сусыз бағананың жерді суландыруына беріледі.
1096. Тұрақтандыру бағанасының тұғыры мен элементтерінде саңылаулану анықталған кезде қондырғы тоқтатылады және технологиялық регламентке сәйкес қауіпсіздік шаралары қолданылады.
1097. Істен шыққан құрылғыларымен конденсаторлар-тоңазытқыштарды пайдалануға жол берілмейді. Әкетілетін суда мұнай өнімдерінің белгілері пайда болған жағдайда конденсатор-тоңазытқыш бұзушылықты жою үшін әрекеттегі аппараттардан өшіріледі.
60 - тарау. Құбырлардағы мұнайды қайта эмульсиялау
1098. Құбырлы эмульсиялау үшін эмульгатор беретін сорғыдағы қысым құбырдағы мұнайдың қысымынан көп болып құрылады.
1099. Мұнаймен құбырмен бірігу орнында эмульгаторды беру желісінде бекіту құрылғысы орнатылады.
1100. Эмульсиялау кезінде бөлінетін суды жинау үшін тазалау құрылыстары немесе ағынды суларды қайта өңдеу үшін жабдық қарастырылады.
1101. Канализация жүйесі бөлінген судың барлық көлемін әкетуді қамтамасыз етеді.
61 - тарау. Мұнайды, газды, конденсатты және суды есепке алу
1102. Ұңғыма өнімін және МДҚ есепке алу үшін жабдық және құралдар жобамен қарастырылады.
1103. Ағызу режимі ағынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді және дайындаушының техникалық және жобалық құжаттамасында көрсетілген көлемі, салмағы және қысымы бойынша рұқсат етілген ауытқулардан аспайды.
1104. Мұнайды және газды есепке алу құралдарын қауіпсіз пайдалану үшін келесілер қарастырылады:
1) өлшеу және қосымша жабдықпен құралдарымен жұмыс, резервті және бақылау өлшеу желілері (сүзгілермен, ағынды тұрақтандырғыштармен, шығысты қайта құруға дейін және кейін құбырлардың тік учаскелерімен, ағындарды бақылау құрылғысымен бекіту-реттеу арматурасымен);
2) өзіне айналдыратын сорғыны, автоматты ағынды талдағыштарды қосатын сапаны бақылау блогы – ылғалды өлшегіш, тұзды өлшегіш, автоматты ағынды тығыздық өлшегіш, автоматты сынама алу, термометр, манометр;
3) өлшеу нәтижелерін өңдеу, сақтау, үлгілеу және ағызудың екінші құралдары;
4) құбыр поршеньді қондырғы.
1105. Мұнайды және газды есепке алуқұралдары турбиналық қайта құрушыларды және сүзгілердің қақпақтарын ауыстыруға мүмкіндік беретін, шағын механикаландыру құралдарымен жабдықталады.
1106. Мұнайды және газды есепке алу құралдарының желілері мен сүзгілерінің өлшеу желілерін тазалау сорғызу ыдысына жүргізіледі.
62 - тарау. Резервуар паркі
1107. Резервуар түрі, жабдықталуы, коррозияға қарсы шаралар, құрастыру әдісі сауытқа, белгіленуіне, ауа райы және сейсмикалық жағдайларға, технологиялық ортаның сипаттамасына байланысты жобамен негізделеді.
Жобалау кезінде жылу сәулесіне және қауіпті факторлардың, өрт пен жарылыстың әсер етуіне, АЖЖ жасау үшін тәуекелді бағалауға есеп жүргізіледі.
1108. Резервуарларды құрастыру және пайдалану дайындаушының техникалық құжаттамасына, технологиялық регламентке, нормативтік құжаттарға сәйкес бекітілген жұмыс жүргізу жобасы бойынша жүргізіледі.
1109. Құрастырудан кейін резервуарларды пайдалануға қабылдау акт және іске қосу құжаттарын жасаумен, жобалық құжаттамаға сәйкес жұмыс сапасын тексергеннен кейін ұйымның комиссиясымен жүргізіледі.
1110. Резервуарды пайдалануға беру алдында беріктік пен қымталуға сынау жүргізіледі, резервуар түбінің сыртқы бейнесінің көлденеңдігі және қабырғасының геометриялық нысаны тексеріледі.
1111. Пайдалануда болатын резервуарлар құжаттамамен қамтамасыз етіледі:
1) құрастыру және құрылыс жұмыстарының жобасымен;
2) бекіту арматурасына, дем алу және қорғаныс қақпақтарына төлқұжаттармен (сертификаттармен);
3) пайдалану мерзімін көрсете отырып, резервуардың техникалық төлқұжатымен (сертификатымен);
4) қалқымаға техникалық төлқұжатпен (сертификатпен);
5) резервуардың басқыштау кестесімен;
6) технологиялық регламентпен;
7) коррозиядан қорғаныс сызбасымен;
8) өртке қарсы қорғаныс сызбасымен;
9) негізді тегістеу сызбасымен;
10) найзағайдан қорғау және резервуарды статтық электрдің көрінулерінен қорғаныс сызбасы;
11) резервуарлардың техникалық жағдайының актілерімен және жинақтау тізімімен;
12) резервуарларды салуға және пайдалануға енгізуге атқарушы құжаттамасымен;
13) техникалық қызмет көрсету журналымен;
14) жермен жанастыру, найзағайдан қорғау құрылғыларының жағдайын бақылау журналымен.
1112. Резервуарларды орналастыру аумағын жоспарлау жобаға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес, қатты жабынды, үйінділерді, қоршауларды, жолдарды, өтетін жерлерді, коммуникацияларды, жарықтандыруды қарастырады. Коммуникацияларды төсеумен немесе жөндеумен байланысты пайда болатын үйіндіні ажырату кезінде осы жұмыстар аяқталғаннан кейін үйіндіні қалпына келтіру жүргізіледі.
1113. Резервуарды аунату гидростаттық қысымды, резервуар көлемін ескере отырып, жобаға және құрылыс нормаларына сәйкес орналастырылады.
Үйінді ішінде резервуарды басқаруға арналған арматура және коммуникациялар орнатылады.
Басқару құдықтары және камералары үйінді сыртында орнатылады.
1114. Резервуар паркінің аумағына кіру үшін үйіндінің немесе қоршаудың екі жағынан жеке тұрған резервуар үшін екіден кем емес, резервуарлар тобы үшін – төрттен көп емес жақтаулары бар басқыш-өтетін жерлер орнатылады.
Үйінді арқылы басқа жерлерден өтуге жол берілмейді.
Резервуардың жоғарғы алаңы 0,1 – 0,15 м кем емес беткейімен 1 м кем емес биіктігімен жақтауларға және жақтауларға түйісетін басқыштарға ие.
Шатырдың қоршалған алаңында өлшеу люгі, өлшеу құрылғысы және басқа арматура болады.
Резервуарлы басқыштың дұрыстығына, жақтаулардың, қоршауларының беріктігіне шатырда үнемі бақылау орнатылады. Басқыштардың алаңдары және сатылары таза ұсталады, мұздан және қардан ағаш күректермен тазаланады.
Басқыштар мен алаңдарда бөтен заттарды және жабдықтың бөлшектерін қалдыруға және оларды тікелей резервуар шатыры бойынша ауыстыруға жол берілмейді. Әрекеттегі резервуарлардың беріктігінің бұзылуын болдырмау үшін соққы құралдарын (кішкене балғаларды) қолданумен жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.
1115. Резервуарлардың қауіпті аймағында көліктің жүруіне шығаратын құбырда ұшқын өшірудің болуы және жылдамдығын 5 км/сағ дейін шектеумен, өрт қызметімен келісілген және объект басшысымен берілген, рәсімделген рұқсат бойынша жол беріледі.
Пайдаланылатын резервуарға автокөліктің 20 м жақын емес келуіне жол беріледі.
1116. Саңылаулану анықталған жағдайда мұнай өнімдерінің төгілген орындары тазартылады, сіңірілген топырақ арнайы бөлінген жерге әкетіледі, ал қалыптасқан шұңқыр таза топырақпен немесе құммен төгіледі.
1117. Резервуарлы алаңның аумағында жанатын және өзге материалдарды қоймалауға жол берілмейді. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жер қазбалары және орлар қоршалады, ал жұмыстар аяқталғаннан кейін алаңды жоспарлаумен көміп тастайды.
1118. Резервуарлы парктерді және жеке тұрған резервуарларды жобаға сәйкес, өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етеді.
Өрт сөндіру құралдары қалыпты жағдайда, персоналдың еркін қол жететін және тез қолдануын қамтамасыз ететін орындарда болады.
Резервуар парктерінің және жеке тұрған резервуарлардың аумағында және қорғалатын аймақта шылым шегуге және ашық отынды қолдануға жол берілмейді.
Жарықтандыру және электр жабдығы жарылыс өрттен қорғалып қолданылады.
Аумақта және резервуарларда жарылыс өрт қауіптілік, объектіде шылым шегуге және ашық отты қолдануға тыйым салу туралы ескертуі және тыйым салу жазбаларын орналастырады.
Резервуарлардың арматурасын жылыту бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі.
1119. Резервуар газды теңестіргіш жүйесімен, дем алу және қорғаныс қақпақтарымен, отты тежегіштермен, деңгей өлшегіштермен, үлгі алғыштармен, деңгейіне белгі бергіштермен, төгілудің алдын алуға арналған құрылғылармен, автоматика және телеметрия құралдарымен, БӨҚжА, өртке қарсы жабдықпен, қабылдап-тарату құрылғыларымен, люктермен, басқыштармен, алаңдармен және қоршаулармен, дайындаушының техникалық құжаттамасымен қамтамасыз етіледі.
1120. Қашықтықтан және телеметриялық басқарумен арматура жобаға, дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орнатылады.
Резервуарлар газдарды, буларды, ауаны әкету, мұнай өнімдерінің ағуын жинау құрылғыларымен және көбікпен өрт сөндіруді қоса алғанда, өрт сөндірудің стационарлы жүйесімен қамтамасыз етіледі.
1121. Резервуарда жуылмайтын бояумен технологиялық сызбаға, резервуарды толтырудың шекті деңгейі мен белгісіне сәйкес келетін, белгілену және нөмір жазылады (деңгей өлшегіштің жанында және қақпақта, өлшеу люгінің маңайында).
Тереңге түсірілген резервуардың нөмірі және белгіленуі белгіленген кестеде көрсетіледі.
Резервуарлар сұйықтың шекті деңгейінің талдағыштарымен және апаттық дабыл белгісімен қамтамасыз етіледі.
1122. Әрбір резервуарға төлқұжат жасайды, онда келесі мәліметтерді көрсетеді:
1) резервуарда сұйықтың ең үлкен және ең кішкене деңгейлерін (сантиметрде);
2) резервуардағы сұйықты қыздырудың шекті рұқсат етілген температурасы (Цельсия градустарында);
3) дем алу және қорғаныс қақпақтарының түрі, саны және өткізу қабілеті;
4) резервуарды толтыру және босатудың шекті өнімділігі (сағатына шаршы метрлерде);
5) қосылып тұрған бу суды қыздырғыштардағы мұнайдың ең аз және ең көп шекті рұқсат етілген деңгейі (сантиметрде).
1123. Резервуарды басқару және қауіпсіз қызмет көрсетудің бекіту арматурасының және өзге құрылғыларының белгіленуі және тағайындалуын технологиялық сызбада көрсетеді.
1124. Резервуарларды жермен жанастырады. Резервуарлардың жермен жанастыру құрылғыларының кедергілерін топырақтың неғұрлым аз өткізу кезеңінде жылына бір реттен кем емес өлшейді. Резервуарлар найзағайдан қорғаумен және статтық электрден қорғаныспен қамтамасыз етіледі, оның дұрыстығы ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша тексеріледі.
1125. Дем алу арматурасы, қорғаныс және белгі беру құрылғылары, БӨҚжА рұқсат етілген артық және сұйытылған қысымға сәйкес, резервуарда орнатылады.
1126. Резервуарлар жобаға және дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес қатпайтын дем алу қақпақтарымен және жылыту жүйесімен жабдықталады.
1127. Резервуар парктерінің аумағы үйінді ішінде және сыртында таза күйде ұсталады. Аумақтың мұнай өнімдерімен, қалдықтармен ластануына жол берілмейді. Қорғалатын аймақ аясындағы өсімдік жойылады.
1128. Резервуар паркінің аумағында қараңғы уақытта кернеулілігі 12 В жарылыстан қорғалған көшірілетін шамдарды қолдануға жол беріледі (аккумуляторлы және батареялы).
Шамдарды қосу және өшіру резервуар паркінің үйіндісінен тыс жүргізіледі.
1129. Автоматты немесе қолмен басқару кезінде ысырмаларды қайта қосу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Бекіту арматурасы және өзге құрылғылар технологиялық сызбаға сәйкес келетін, олардың жағдайын көрсеткіштермен және белгіленулермен қамтамасыз етіледі.
1130. Зақымданулар мен ақаулар, БӨҚжА, бекіту арматурасының, қорғаныс құрылғыларының, белгі беру құралдарының, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің, қоршаулардың, басқыштардың, алаңдардың және өзге элементтердің газ теңестіргіш жүйелерінің істен шығушылығы анықталған кезде оларды жойғанға дейін резервуарларды пайдалануға жол берілмейді.
1131. Резервуарды толтыру және босатудың көлемдік жылдамдығы технологиялық регламентте көрсетілген, дем алу қақпақтарының өткізу қабілетінен аспайды.
1132. Резервуар ішінде бу немесе жылу қыздырғышын орналастыру кезінде сұйықты әкету үшін құрылғы қарастырылады. Қыздырғыштарды тіреулерде бекітеді, құбырларды біріктіру тек дәнекермен жүргізіледі.
Резервуарлардағы мұнайды қыздырғышқа берілетін жылу тасымалдағышпен жылытады. Қыздырғыш үстіндегі мұнайдың деңгейі 0,5 м кем емес ұсталады. Жылу тасымалдағышты іске қосу алдында қыздырғыштың өткізгіштігін тексереді, конденсатты әкетеді.
Жылу тасымалдағышты іске қосу кезінде ысырмаларды ақырын ашады. Қыздырғыштардың қымталуын жылу тасымалдағыш шығысы және қысымы бойынша бақылайды.
Қыздыру температурасы мұнайдың қайнау температурасынан төмен орнатылады және технологиялық регламентте көрсетіледі.
Қыздыру температурасы бақыланады, мәліметтер журналға жазылады.
Қыздыру немесе ұзақ уақыт сақтау үшін резервуарды мұнаймен толтыру кезінде оның деңгейі ыдыс биіктігінің 95 % аспайды.
1133. Тауар астындағы суды резервуарлардан жобамен, дайындаушының техникалық құжаттамасымен қарастырылған құралдармен әкетеді. Тауар асты суды ағызу кезінде сумен мұнайдың ағуына жол берілмейді.
Резервуарлардың су түсіру ысырмалары және сифонды крандар жанбайтын материалдан оқшаулаумен жылумен оқшауланады.
1134. Резервуарлардың люктерін ашу, мұнай деңгейін өлшеу, мұнай өнімдерінің үлгілерін алу, тауар асты суды түсіру және резервуарды және оның орамын ашумен байланысты өзге жұмыстар кезінде қызмет көрсетуші персонал желдің бағыты бойынша люктің бүйір жағында болады.
Үлгілерді алу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
1135. Газ теңестіргіш жүйесімен, 200 Па жоғары артық қысыммен пайдаланылатын және күкіртсутегі және өзге зиянды заттар бар мұнайды сақтау үшін арналған резервуарларда мұнайдың деңгейін өлшеу және үлгілерін алу автоматтандырылады:
1) 200 Па дейінгі қысыммен резервуарларда, мұнайдың құрамында зиянды және улы заттар болмаған кезде, мұнайдың деңгейін өлшеу және үлгілерді алуды бақылау тұлғасының нұсқауы бойынша, технологиялық регламенттің талаптарын орындағаннан кейін, қалыпты құралдармен, құрамында екі адамнан тұратын білікті жұмысшылармен қолмен жүргізуге жол беріледі;
2) жылжымалы үлгі алғыштарды ұшқынға қауіпсіз орындалуда дайындалады. Жылжымалы үлгі алғышты бекіту үшін мақталы қағазды материалдан жасалған арқан қолданылады.
1136. Үлгілерді алу және мұнайдың деңгейін өлшеу алдында жұмысшылармен келесі талаптар орындалады:
1) мақталы қағазды (антистаттық) арнайы киім және арнайы аяқ киім кию, ДО ЖҚҚ және жылжымалы газ талдағыштарының дұрыстығын тексеру;
2) үлгінің деңгейін өлшеу, алу және ауыстыру үшін құрылғылардың дұрыстығын тексеру;
3) газ теңестіргіш жүйесінің ысырмасын жабу;
4) люкті ашқанға дейін және кейін жұмыс орнында жылжымалы газ талдағышпен зертханашымен бірге әуе ортасына бақылау жүргізу.
1137. Сынамаларды резервуарға мұнайды толтыру аяқталғаннан кейін екі сағаттан ерте емес, өлшеу люгі арқылы алуға жол беріледі.
Резервуарлардан мұнайдың сынамасын алу және деңгейін өлшеу келесіде жүргізілмейді:
1) жұмыс орнында ШРК, ШРЗК жоғары газдалу кезінде;
2) мұнайды толтыру және ағызу кезінде;
3) найзағай кезінде;
4) желдің жылдамдығы 8 м/с көп болғанда;
5) мұзтайғақ және тұман кезінде;
6) бақылаушысыз және қауіпсіздік шарттары сәйкес келмеген кезде.
1138. Резервуар паркінде өтетін жерлер бойынша үйінді арқылы, жолаушылар жолдары бойынша қозғалуға жол беріледі.
1139. Сынамаларды алу кезінде келесі талаптар орындалады:
1) жұмыс орнында газдалуды бақылау;
2) резервуар шатырында жолдар бойынша қозғалуға жол беріледі, тікелей резервуар шатырында қозғалуға жол берілмейді;
3) мұнайды толтыру және ағызу кезінде резервуар шатырында болуға жол берілмейді;
4) резервуарда сынамаларды алу және мұнайдың деңгейін өлшеу газ теңестіргіш жүйесінің газ орамында ысырма жабық болғанда жүргізіледі;
5) зиянды булармен және газдармен уланудың алдын алу үшін ашық люкте болуға жол берілмейді;
6) резервуарда мұнайдың деңгейін өлшеу кезінде өлшеу құрылғысы бағыттаушы қалып бойынша, ақырын, ұшқынның қалыптасуын болдырмау үшін жұлқусыз және соққысыз қозғалады;
7) өлшеу құрылғысын түсіру және көтеру мақталы қағазды қолғаптарда жүргізіледі;
8) сынама алғыштан сынамалар қымталған сауытқа ағызылады;
9) резервуарға бөтен заттардың түсуіне жол берілмейді;
10) өлшеу люгі арқылы мұнай және мұнай өнімдерін резервуарға ағызуға жол берілмейді;
11) люк қақпағын ашу және жабу кезінде оны соғуға жол берілмейді;
12) түнгі уақытта жұмысшылар жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторларды немесе батареялы шамдарды қолданады және оларды үйінді шегінен тыс немесе резервуардан 20 м кем емес қашықтықта қосады;
13) қауіпті аймақта шырағданның шамдарын, батареяны, аккумуляторды қосуға және өшіруге жол берілмейді.
1140. Жұмыс аяқталған соң:
1) қымталған төсемді қолданумен люк қақпағын жабу және бекіту;
2) егер де сынамаларды алу кезінде резервуар қақпағына мұнай түссе, осы орынды ластанудан тазалау;
3) газ теңестіргіш жүйесінің ысырмасын ашу;
4) сынамаларды алу үшін құрылғыларды тазалау және сүрту, тасу үшін сөмкеге немесе контейнерге, сүрту материалын жинау.
1141. Резервуарларда өлшеу люгі ашуға арналған құрылғымен және ұшқынға қауіпсіз тығыздаумен қымталған қақпақпен қамтамасыз етіледі.
Деңгейін өлшеу немесе үлгіні алу аяқталғаннан кейін өлшеу люгінің қақпағын, құлауға, соғуға және ұшқынның қалыптасуына жол бермей жабады.
1142. Резервуардың негізі беткейдегі сулармен шайылудан қорғалады, ол үшін канализация бойынша тазалау құрылғыларына үнемі суды әкету қамтамасыз етіледі.
1143. Резервуарларды тазалағаннан кейін сұйықты канализацияға әкетуге жол берілмейді. Резервуарларды тазалау кезінде қалыптасатын ағынды сулар жеке құбыр бойынша зиянды заттарды пайдаға асыру және бейтараптандыру үшін қож жинағышқа әкетіледі.
1144. Әрекеттегі резервуарды келесі жағдайда өшіреді және мұнайдан босатады:
1) тікелей резервуардан мұнайдың ағуы;
2) басқару камерасының сорғыту құдықтарында немесе бақылау құбырында мұнай анықталғанда;
3) қауіпті немесе апаттық жағдай пайда болғанда.
Газ теңестіргіш жүйесіне қосылған резервуарды пайдаланудан шығару кезінде:
1) газды орамнан өшіру;
2) газ құбырында ысырмаларды жабу;
3) бұқтырмаларды орналастыру.
Бұқтырмаларды орналастыруды және шешуді журналға тіркеу.
Резервуарда қымталу бұзылған жағдайда оны құбырларда, коммуникациялардан өшіру және зақымдануды жою.
1145. Пайдалануда болатын резервуарлар техникалық жағдайын, жөндеу түрін, пайдаланудың қалған мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін, техникалық куәландыруға және диагностикалауға жатады.
1146. Куәландырудан, тексеруден және жөндеуден кейін резервуарларды жұмысқа қосу техникалық басшының жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.
1147. Егер де өлшемдер немесе өзге мәліметтер бойынша резервуардың толтырудың немесе босатудың қалыпты режимі бұзылғандығы анықталса, бұзушылық себептерін және оларды жою себептерін анықтау бойынша шараларды қабылдайды. Апаттық жағдайларда операциялар технологиялық регламентке және АЖЖ сәйкес тоқтатылады.
1148. Резервуарды толтыруға немесе босатуға қызмет көрсетуші персонал қайта ағызумен байланысты ысырмалардың жағдайының сәйкестігін тексергеннен кейін жол беріледі. Ысырмаларды ашу және жабу ақырын жүргізіледі.
Әрекеттегі резервуарларды өшіру және қосу бойынша ысырмаларымен бір уақыттағы операцияларды жүргізуге жол берілмейді.
1149. Резервуарды қайта қосу кезінде толтырылатын резервуарда ысырманы ашу және толтырудан өшірілетін резервуарда ысырманы жабу.
1150. Резервуар паркінде ысырмаларды автоматты қайта қосу құбырлар артық қысымнан қорғалған кезде жүргізіледі.
1151. Жергілікті және қашықтықтан басқарумен электр жетек ысырмалары болған кезде ысырманың бекіту құрылғысының жағдайын көрсететін дабыл белгісі қарастырылады.
1152. Резервуарларға жобалықтан асатын, булардың серпімділігімен өнімді толтыруға жол берілмейді.
1153. Жер асты резервуарларын пайдалану жобаға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Пайдалану кезінде жарық люктерін төсемдердегі қақпақтармен жабады. Оларды ыдысты жөндеу немесе тазалау уақытында желдету үшін ашуға жол беріледі.
Желдету құбырларының биіктігі жоғарғы жабынды деңгейінен 2 м кем емес құрайды.
Жер асты ыдыстарының камераларында (шахталарында) орналасқан арматура қашықтықтан басқарумен қамтамасыз етіледі. Камераға түсіру үшін стационарлы металл басқыштар орналастырады.
Камералар дефлектормен қамтамасыз етіледі.
Жер асты ыдысын қалдықтардан тазалау гидромониторларды, гидроэлеваторларды қолданумен механикаландырылған әдіспен жүргізіледі.
Люктер арқылы жер асты ыдысына түсіру үшін ыдыстың түбіне дейін жететін, қоршаулары бар стационарлы басқыштар қолданылады.
1154. Сұйытылған газдар және тұрақсыз бензин үшін резервуарларды және ыдыстарды пайдалану жобаға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Өлшеу әйнектері зақымданудан қорғалады, ал крандар әйнек зақымданған кезде автоматты жабылады. Әйнекте ыдыстағы шекті деңгейін көрсеткіш орнатылады.
Температураны бақылау үшін әрбір ыдыста термобу немесе термометр орнатылады.
Толтырылатын өнімнің температурасы ыдыстағы рұқсат етілген жұмыс қысымын қамтамасыз ететін, булардың серпімділігіне сәйкес келеді.
Ыдыстардағы қысымды бақылау үшін дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес манометрлер орнатылады. Манометрге әкелетін желіде өнім сынамаларын алу үшін қосуларды жүргізуге жол берілмейді.
Сұйықтың деңгейі, температура және қысым журналға жазыла отырып бақыланады және бекітіледі.
Ыдыстардан сынамаларды алу сынама алушымен бірге осы ыдыстарға қызмет көрсететін оператормен, немесе бақылаушымен бірлесе отырып, ДО ЖҚҚ қолданумен жүргізіледі.
Ыдыстарға құбырларды, бекіту арматурасын жылыту, ыдыстарды булау және қауіпті және апаттық жағдайларда бүркеу құру үшін бу құбырын немесе жылу серігін төсейді.
Ыдыс ішінде немесе сыртында жылыту құрылғыларын орналастыруға егер де жылу тасымалдағыштың температурасы ыдыстағы қысымның есептіктен жоғары көтерілуін болдырмайтын болса, жол беріледі.
Ыдыстар суды канализацияға әкету үшін сорғыту құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
Суды әкетуге арналған штуцер қатпайтын қақпақпен жабдықталады.
Күн сәулелерімен қызудан қорғау үшін ыдыстарды ашық түске бояйды.
Ыдыстағы өнімнің 45 °С жоғары қызуы мүмкін болатын ауа райы жағдайларында ыдыстың қызуының алдын алу үшін шаралар қабылданады (жылумен оқшаулау, көлеңкелі қабыршақтар, сумен суландыру).
Достарыңызбен бөлісу: |