Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар Кіріспе



бет18/18
Дата24.02.2016
өлшемі1.98 Mb.
#13373
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

96 - тарау. Шу және діріл
1547. Өндірістік және қосымша бөлмелердің жұмыс орындарындағы және өндірістік объектілердің аумағындағы шудың дейгейлері тазалық нормалары және дайындаушының құжаттамасы бойынша қамтамасыз етіледі, технологиялық регламентте және жобалық құжаттамада көрсетіледі.

Нормативтік көлемнен жоғары шу деңгейі бойынша аймақ технологиялық регламентке сәйкес қауіпсіздік белгілерімен белгіленеді.

Механизмдерді басқару, жұмыс орындарының, машиналар мен механизмдердің құрылғыларындағы дірілдің дейгейі тазалық нормаларына сәйкес анықталады.

Машиналар мен жабдықты пайдалану кезінде персонал шу мен дірілдің дейгейін төмендету бойынша құрылғының жағдайын бақылайды және жұмыстағы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды.

Машиналарға қызмет көрсету үшін алаңдарды бекіту кезінде дірілді оқшаулаулар қолданылады.

Қызмет көрсетуші персоналдың шудың деңгейі тазалық нормаларынан асатын сорғы станциясының бөлмелерінде тұрақты болуы кезінде персонал үшін дыбысты оқшаулайтын кабиналар орнатылады.

Жылына бір реттен кем емес жұмыс орындарындағы шудың және дірілдің көрсеткіштері өлшенеді.

Шу мен дірілді өлшеу нәтижелерін объектінің тазалық-техникалық төлқұжатында тіркейді.

Шу мен дірілдің көрсеткіштерін өлшеу үшін қолданылатын аппаратура тексеруден өтеді.

Жарылыс өрт қауіпті бөлмелерде қолданылатын аппаратура жарылыстан қорғалып жасалған.

Жарылыстан қорғау болмаған жағдайда шу өлшегіш және дірілді өлшегіш жарылысқа қауіпті аймақтан тыс орналасады.

Жұмыс орындарыдағы үнемі сипаттағы шу дыбыс деңгейі және дыбыстық қысымның октавты деңгейі бойынша анықталады.

Тұрақты емес сипаттағы шу дыбыстың баламалы деңгейі бойынша өлшенеді.

Дірілдің деңгейі тікелей жұмыс орындарында немесе жұмыс аймағының неғұрлым қауіпті орындарында, машина мен технологиялық жабдық аумағында орналасқан жұмыстардың қалыпты режимінде өлшенеді.

Тазалық-техникалық құжаттандыру нәтижелері бойынша шу мен дірілдің көрсеткіштерін тазалық нормаларымен рұқсат етілген мөлшерге дейін түсіру бойынша шаралар қабылданады.

97 - тарау. Өрт қауіпсіздігі
1548. МГК өңдеу объектілерінде жобамен бекітілген, өрт қауіпсіздігі бойынша шарттар мен талаптар орындалады.

1549. Объектілер үшін қауіпсіз ара қашықтықтар жобада көрсетіледі.

Өндірістік ғимараттардан, бөлмелерден апаттық немесе сорғыту ыдыстарына дейінгі қашықтық жобамен қабылданады.

ТТС және ЖС арналған жер үстіндегі апаттық (сорғыту) ыдысты жанбайтын қабырғамен немесе биіктігі 0,5 м кем емес үйіндімен қоршайды және пеш алаңынан 15 м кем емес қашықтықта орналастырады.

Жер асты апаттық (сорғыту) ыдысы жеке немесе басқа сорғыту ыдыстарымен бірге (бір алаңда) пештердің алаңынан 9 м кем емес қашықтықта орнатылады.

1550. Қауіпті объектілердің аумағы көлік пен өрт техникасының өтуі үшін ені 4,5 м қашасымен биіктігі 2 м қоршаумен қоршалады.

Қоршаудан объектілерге дейінгі қашықтық 5 м кем емес.

Сыртқы жағынан қоршалған аумақтың шекарасын бойлай, жарылыс өрт қауіпті объектілер, ТТС және ЖС резервуарлық парктері орналасқан жағдайда жер үстіндегі желілерден және өсімдіктен бос, ені 10 м өртке қарсы сызық қарастырылады.

1551. Шамшырақ оқпанының айналасындағы аумақ биіктігі 0,7 м, радиусы 15 м жердегі білікпен қоршалады.

Шамшырақ қондырғысының аумағы биіктігі 1,6 м қоршаумен қоршалады.

Шамшырақ оқпанынан қоршауға дейінгі және шамшырақ оқпандары арасындағы қашықтық жылу техникалық есеп мәліметтері бойынша, алайда 30 м кем емес қабылданады.

1552. Жобада көрсетілмеген, газ конденсатының ыдысының, сепараторлардың, жабдықтың, құдықтардың құрылғыларының және өзге шамшырақ айналасындағы қоршалған аумақ шегінде өзге шұңқырлардың орналасуына жол берілмейді.

1553. Шамшырақ қондырғысының аумағында газ құбырларын жер үсті төсеу жанбайтын тіректерде және минималды ара қашықтық кезінде жүргізіледі.

1554. Бұталы орналасу кезіндегі жалғыз немесе бірнеше ұңғымалардың сағасының аумағы білік үсті бойынша қасының ені 0,5 м биіктігі 1 м үйіндімен қоршалады.

8 ұңғымадан артық мөлшердегі ұңғыма бұталарының алаңы өлшемінің шекті ұзындығы бойынша, қарама қарсы жағынан орналасқан, кем дегенде екі шығыспен қамтамасыз етіледі.

1555. Су қоймаларынан суды жинау орнынан (қабылдау құдықтарынан) ара қашықтық келесіден кем емес құрайды:

1) І және ІІ санаттағы отқа төзімді ғимараттардан - 10 м;

2) III, IV және V санаттағы отқа төзімдіден және жанатын материалдардың ашық қоймаларына дейін - 30 м;

3) өрт қауіптілігі бойынша А, Б, В, Е санатты өндірістер мен ғимараттар және құрылыстардан - 20 м;

4) жанатын сұйықтармен резервуарларға дейін - 40 м;

5) тез тұтанатын сұйықтармен және сұйытылған жанатын газдармен резервуарларға дейін - 60 м.

1556. Су қоймаларының қабылдау құдықтары және гидранттармен құдықтар көлік жолдарының жиегінен 2 м көп емес қашықтықта орналасады, ал олар 2 м көп қашықтықта орналасқан кезде 12х12 кем емес алаңымен кіретін жерлермен қамтамасыз етіледі.

1557. Өрт резервуарлары немесе су қоймалары олармен келесі радиуста болатын объектілерге қызмет көрсету жағдайынан орналастырылады:

1) автосорғылар болған кезде - 200 м;

2) мотопомпа болған кезде – мотопомпа түріне байланысты 100-150 м.

1558. Ғимараттар мен құрылыстар осы талаптарға 2 - қосымшаға сәйкес өрт сөндірудің алғашқы өртке қарсы құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Өрт гидранттарынан жоғары қысымды су құбырынан және қозғалмалы құралдармен өрт сөндіру объект аумағында орналасатын, сыртқы жарылыс өрт қауіпті қондырғыларда қарастырылады:

1) мұнайды дайындау қондырғыларында;

2) мұнай және мұнай өнімдерінің резервуарлы парктерінде;

3) газды дайындау қондырғыларында;

4) мұнай сору және газ компрессорлы станцияларында;

5) сұйытылған көмітсутекті газдардың қоймаларында;

6) ТТС, ЖС және СКГ құю-ағызу темір жол эстакадаларында.

Алғашқы құралдармен өрт сөндіру жинаудың орталық пунктінің аумағынан тыс орнатылған объектілерде қарастырылады:

1) өлшеу және сепарациялау қондырғылары;

2) қысатын сорғы станциялары (тік болат резервуары типті резервуарлары жоқ);

3) қабатты суларды алдын ала жинау қондырғылары;

4) химиялық реагенттерді және коррозия ингибиторларын беру қондырғылары;

5) қабатты және жауын суларын тазалу құрылыстары;

6) газ тарату станциялары, газды тазалау және өлшеу пунктері;

7) тазалау және диагностикалау құрылғыларын қабылдау-іске қосу алаңдары;

8) кен орындарының аумағында орналасқан бөлмелер.

1559. Өрт зеңбіректік оқпандары келесіде орнатылады:

1) сыртқы жарылыс өрт қауіпті технологиялық қондырғыларда – жанатын газдар, ТТС және ЖС бар, биіктігі 30 м дейінгі бағаналы аппараттарды қорғау үшін;

2) шикізат, тауарлық және аралық қоймаларда (парктерде) сұйытылған жанатын газдарымен, ТТС және ЖС домалақ және көлденең (цилиндр тәрізді) резервуарларды қорғау үшін;

3) сұйытылған жанатын газдардың, ТТС және ЖС құю-ағызу терминалдарында (эстакадаларында) эстакада мен қозғалмалы құрамның цистерналарын қорғау үшін.

Бағаналы аппараттардың биіктігі 30 м асқан кезде өрт кезінде қорғаныс аралас жүргізіледі: 30 м биіктікке дейін - зеңбіректі оқпандармен, 30 м жоғары – сумен суландыру жүйелерімен.

1560. Сумен суландырудың стационарлы қондырғылары бағаналы типті аппараттардың өртенуі кезінде қызу мен ақаудан қорғау үшін орнатылады. Биіктігі 30 м асатын сыртқы жарылыс қауіпті және өрт қауіпті технологиялық қондырғыларда, сұйытылған газдардың домалақ және көлденең (цилиндр тәрізді) резервуарларында, және резервуар алаңының жоспарланатын белгісінен негізгі биіктігін қоса алғанда, биіктігі 12 м асатын қабырғасымен, ал техникалық-экономикалық негіздеме болғанда биіктігі аз жер үстіндегі шикізат және тауар резервуарларында.

1561. Ашық алаңдарда (төбе үстінде) орнатылған сорғылар мен газ компрессорларын өрттен қорғау өрт гидранттарынан сумен суландыру арқылы қарастырылады.

1562. Технологиялық қондырғыларды, тауар-шикізат және аралық қоймаларды, құю-ағызу терминалдарын (эстакадаларын) өрттен қорғау және өртті сөндіру үшін судың қоры сумен қамтамасыз етудің сорғы станциясының алаңында орналасқан, кем дегенде екі резервуарда сақталады.

1563. Өрт сөндіру жүйесінің бағанына әкелетін құбырдағы ысырмалар жетегі құдық жабындысынан шығарылады.

Бағаналы аппараттар мен резервуарлардың суландыру жүйелеріне әкелетін су тасығыштарда суды ағызу үшін түсіру крандары орнатылады.

1564. Өрт сөндірудің стационарлы көбіктік қондырғылары қолдану негізделген жағдайда жобамен қарастырылады.

1565. Стационарлы көбікті қондырғыларды іске қосу келесі сызбалар бойынша жүргізіледі:

1) автоматты – қорғалатын бөлмелерде орнатылатын, құрылғы-хабарлағыштардан;

2) қашықтықтан – қорғалатын бөлмелерде (шыға берісте) немесе оларға жақын жерде және операторлықта орнатылған тетік іске қосқыштардан;

3) жергілікті қолмен – көбікті сорғы станциясының бөлмесінен.

Стационарлы көбікті қондырғының автоматты және қашықтықтан іске қосқыштары көбікті сорғы станциясының бөлмесінен жергілікті қолмен қосумен қосарланады.

1566. Алаңының көлемі 500 м2 және одан да көп, жинаудың орталық пунктінде орналасқан, ТТС, ЖС ашық сорғылары және газ компрессорлары үшін бұрандаларымен баған-кранын ораластырумен және жеңін қозғалмалы көбік генераторларымен біріктіру үшін қосатын ұштарымен ерітінді өткізгіштердің желісінен тұратын, көбікпен өшіру қондырғысы қарастырылады.

Ерітінді өткізгіштердің желісі көбікті қондырғыларды сорғы станцияларына тұрақты жалғаумен қарастырылады.

Технологиялық қондырғыда көбікті сорғы станциясы болмаған кезде ерітінді өткізгіштерді өрт кезінде оларға қозғалмалы өрт сөндіру құралдарын қосу мүмкіндігі үшін ашық сорғы станциясынан тыс шығару қарастырылады.

Ерітінді өткізгіштердің желісінде баған-крандар 30 м көп емес қашықтықта орналасады.

Стационарлы көбікті қондырғының ерітінді өткізгішінің желісінің көбікті сорғы станциясына тұрақты жалғануы кезінде операторлықтан құрылғымен іске қосудан және ашық сорғыда баған-крандардан қашықтықтан іске қосу қарастырылады.

1567. Сорғы бөлмесі немесе ғимараты ІІ деңгейден төмен емес отқа төзімділікке ие, сыртқы есік аралығы жабдықты, су құбырын, канализацияны, ішіндегі 5 °С минималды температураға есептелген жылытуды, тұрақты әрекет ететін желдеткішті, электр жарығын және жабдықты жөндеу үшін көтеру-көлік құралын құрастыру үшін жеткілікті мөлшерде.

Сорғы ғимараттарының құрылыстарында және өрт сөндірудің өзге қондырғыларында полимерлі нығыздағыштарды және жабындыларды қолдануға жол берілмейді.

1568. Бір стационарлы көбікті қондырғымен бірнеше бөлмелерге немесе ғимараттарға және ашық технологиялық қондырғыларға қызмет көрсетуге жол беріледі. Өртті анықтаған кезден жану ошағына өшіру құралдарын бергенге дейінгі көбікті қондырғыны іске қосу үшін шекті рұқсат етілген уақыт – 3 мин көп емес құрайды.

1569. Сыртқы және ішкі ерітінді өткізгіштер көбіктен тазалау және көбікті қондырғының жұмысынан кейін ерітінді өткізгішті шаю үшін төмендетілген жерлерде орналастырылатын, түсіру крандарына 0,005 кем емес еңіспен төселеді.

1570. МГК өңдеу объектілерінде бөлмелердің көлемі 500 м3 болғанда ТТС, ЖС және СКГ сорғыларында, қойма бөлмесінің еденінің көлемі 500 м2 болғанда ТТС, ЖС және СКГ қоймаларында, және ғимараттардан тыс орналасқан, ТТС, ЖС және СКГ сорғылары мен еденінің көлемі 500 м2 дейінгі компрессорларда технологиялық бу болмаған жағдайда өртті сөндіру жартылай стационарлы қондырғыларды қолданумен көбікпен өшіру қарастырылады.

1571. Өндірістік ғимараттар, құрылыстар, бөлмелер, қондырғылар, қоймалар жобаға сәйкес қосымша шығыстармен және өрт құралымен қамтамасыз етіледі.

1572. Өртке қарсы құрал қол жетімді орындарда, жобамен белгіленген мөлшерлерде оларды сақтау және қолдану ережелерін сақтай отырып орналастырылады.

1573. Өрт дабыл белгісінің автоматты және қолмен хабарлағыштарымен кен орнын орналастыру жобасында қарастырылған, өртке қарсы қорғаныс жүйесі бойынша объектілер жабдықталады.

Қолмен хабарлағыштарды орналастыру келесіде жүргізіледі:

1) А, Б, В және Е санатты өндірістерімен ғимараттар үшін ғимараттың сыртына шығатын жерде хабарлағыштар арасында 50 м көп емес қашықтықта;

2) А, Б, В және Е санатты өндірістерімен ашық қоймаларда және сыртқы қондырғыларда қондырғы, қойма өлшемі бойынша бірінен бірі әрбір 100 м көп емес;

3) ТТС, ЖС, СКГ қоймаларында (парктерінде) үйілу көлемі бойынша біріне бірі әрбір 100 м көп емес;

4) ТТС, ЖС, СКГ құю-ағызу терминалдарында (эстакадаларында) әрбір 100 м сайын, алайда екіден кем емес (эстакадаларға қызмет көрсету басқыштарының жанында). Мұнайды жинау, дайындау және тасымалдау объектілерінің құрылыстары мен сыртқы қондырғыларының жарылу өртену және өрт қауіптілігі бойынша саралануы осы Талаптарға 3 - қосымшаға сәйкес қабылданады.

1574. Өрт сөндіру және өрт дабыл белгісі жүйесінің электр қондырғылары және жабдығы сенімділігін қамтамасыз ету бойынша І санатты электр қабылдағыштарға жатады. Электрмен қамтамасыз етудің бір көзі болған кезде өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін, электрмен қоректендіру немесе аккумуляторлы батареяның резервті көзі қарастырылады.

1575. Өрт пайда болғанда қауіпті объектінің аумағында және бөлмелерінде дыбыстық және жарық дабыл белгісі қосылады.

Өрт белгілері операторлыққа, күзет қызметіне, өртке қарсы және АҚҚ келіп түседі.

1576. Өрт дабыл белгісінің қабылдау станциялары өрт қызметінің байланыс пунктінің бөлмесінде орнатылады. Байланыс пункттері болмаған кезде қабылдау станциялары қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігімен, оператордың бөлмелерінде орнатылады.

1577. Өрт қызметтері жедел және өндірістік бөлімшелерімен, өрт және апаттық-құтқару қызметімен, медициналық қызметпен тұрақты және қосарланған байланыспен қамтамасыз етіледі.

Байланыс пункті, өрт қызметі және өрт көліктері арасында резервті арнасымен тұрақты радиотелефон байланысы қамтамасыз етіледі.



98 - тарау. Медициналық қамтамасыз ету
1578. Көмек көрсету үшін объектіде тазалық нормаларына сәйкес, өндірістік персоналдың санына және объектінің орналасу орнына байланысты, жабдықталған медициналық пункттер қарастырылады.

Медициналық пункттер байланыспен, кезекші медициналық персоналмен және көлікпен қамтамасыз етіледі.

1579. Өндірістік объектілері және тұрғын үй-тұрмыстық бөлмелер осы Талаптарға 16 - қосымшаға сәйкес, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектердің, материалдардың жиынымен қорапшалармен жабдықталады.

1580. Күю, жарақаттану, улану немесе денсаулықтың өзге зақымданулары кезінде қондырғы жұмысшысы ол туралы объекті басшысына, медициналық пунктке және апаттық-құтқару қызметіне хабарлайды, жәбірленушіге көмек көрсету жүргізіледі.

Жедел қызметтердің телефон нөмірлері көрінетін жерге ілінеді.

Объектілер мен жүретін бригадалар (бөлімшелер) медициналық қызметпен келісілген, ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысымен бекітілген тізім бойынша дәрі-дәрмектердің және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Жедел жәрдемді шақыру және персоналды медициналық мекемеге жеткізу үшін байланыс құралы орнатылады.

Персонал объектіге қызмет көрсететін медициналық қызметкермен немесе сәйкес дайындығы бар қызметкермен дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістеріне оқытылады.

Жәбірленуші анықтаған жұмысшы дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді және жұмыс жетекшісіне және медициналық қызметке хабарлайды.

99 - тарау. Қоршаған ортаны қорғау
1581. Мұнай және газ кен орындарын өнеркәсіптік өңдеу кезінде мұнаймен бірге өңдірілетін газды, конденсатты, сәйкес бағалы құрамдарын және суды жинау және пайдалану қамтамасыз етіледі.

МГК орналастыру және өңдеу жобасында мұнай газын қауіпсіз және тиімді пайдалану жағдайлары жасалады.

Ауаға ШРК асатын күкірт сутегі бар газды жағусыз немесе бейтараптандырусыз шығаруға жол берілмейді. Технологиялық аппараттардың және ыдыстардың жұмыс және резервті қорғаныс қақпақтарынан газды әкету газды жинау және шамшырақ жүйесіне жүргізіледі.

1582. Жобаға сәйкес алдын ала бейтараптандырусыз, жер қойнауына, гидротехникалық құрылыстарға және алаңдарға өнеркәсіптік ағынды және қабатты суларды ағызуға жол берілмейді.

Шаруашылық-тұрмыстық ағындарды ағызу канализацияға, жабдықталған ыдыстарға немесе алдын ала тазалағаннан кейін гидротехникалық құрылыстарға жүзеге асырылады.

Гидро оқшаулау мембранасымен жабдықталмаған, жобадан тыс жинағыштарға және құрылыстарға өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыруға жол берілмейді.

Жинағыштарда жобалық көрсеткіштерден асатын көлемде қалдықтарды орналастыруға жол берілмейді.

1583. Өнімдегі меркаптандардың құрамын анықтау жүргізіледі және газды меркаптандардан тиімді тазалау қамтамасыз етіледі.

1584. Жұмыс аймағының ауасына күкіртсутегінің, меркаптандардың және зиянды заттардың бөлінуі мүмкін қондырғыларда, бөлмелерде және өнеркәсіптік алаңдарда және тазалық-қорғаныс аймағы аясында әуе ортасына мониторинг жүзеге асырылады.

1585. Мұнаймен бірге өңделген қабатты су суда қатты өлшенген заттар мен мұнай өнімдерінің болу нормаларына сәйкес тазаланады, қабатты қысымды ұстау жүйесінде қолданылады немесе сіңіру деңгейжиектеріне толтырылады.

Мұнай мен суда күкіртсутегінің қалыптасуына әкелетін, күкіртсутекті бактериялармен оқталуының алдын алу үшін өнімдік қабаттарға толтырылатын өнімді зарарсыздандырғыштармен өңдеу жүзеге асырылады.

1586. Ұшу алаңдарына, су көздерінің бетіне қабатты суды әкетуге, жер асты суларын ластауға әкелетін, жер асты деңгейжиектерін толтыруға, ШРК асқан, күкіртсутегі бар сұйықтарды бейтараптандырусыз канализацияға ағызуға жол берілмейді.

ШРК жоғары күкіртсутегі бар қабатты су қымталған ыдыстарда өңделеді және сақталады.

1587. Объектілердің аумағында мұнай қожды қоймаларын орналастыруға жол берілмейді, қож жинағыштардың құрамы полигондарда қайта өңделеді немесе жойылады.

1588. МГК өңдеу объектілері үшін қоршаған ортаны қорғау келесі негізгі шаралармен қамтамасыз етіледі:

1) жерді әкетудің қауіпсіз қашықтығын және нормативтерін сақтау;

2) топырақты минималды бұза отырып коммуникацияларды төсеу;

3) ластануларды тікелей олардың қалыптасуынан кейін оқшаулау;

4) коррозияға қарсы қорғаныс құралдарын қолдану;

5) физикалық және радиографикалық әдістермен дәнекер құрамаларының қымталуы мен сапасын бақылау;

6) шығарылатын және кері қайтарылатын суды есепке алуды ұйымдастыру;

7) ауаның, судың және топырақтың үлгілерін алу;

8) тазалық-қорғаныс аймақтарын орналастыру;

9) тазалық құрылыстарын салу;

10) жерді қалпына келтіру және өндірістік аумақтарды орналастыру.

1589. Топырақты жел және су мүжілуінен қорғау мақсатында ұйыммен келесі қарастырылады:

1) құбырларды төсегеннен кейін орларды толтыру кезінде топырақты нығыздау және жоспарлау;

2) алаң аумағынан бетіндегі суларды ұйымдастырып әкету;

3) құбырларды су өткелдері арқылы өтетін жерлерінде жағалау құрылыстарын орналастыру.

1590. Жердің және сулардың бетін ластанудан қорғау үшін келесілер қарастырылады:

1) қауіпті технологиялық режим кезінде қоршаған ортаның ластануын және мұнай және газ ұңғымаларының өнімдерінің суларға түсу қауіптілігін болдырмайтын, көмірсутегілерін жинау және тасымалдаудың қымталған сызбасы;

2) апаттар кезінде ластануларды оқшаулау мақсатында ұңғымалар мен резервуарлардың сағаларының алаңдарының үйілуі;

3) қатты беткейлі және технологиялық сұйықты, метео жауындарын әкетумен технологиялық жабдықты орналастыру;

4) сумен қамту және су өткізу құрылыстарының көздерін тазалық қорғау аймақтарын ұйымдастыру;

5) құдық-жинағыштар, құдық-орындаушылар және өзге сәйкес объектілер үшін сүзуге қарсы бейнелерінің құрылысы;

6) жою үшін құрал күбілерін және ыдыстарды қолдана отырып, ұңғымаларды жөндеу кезінде ластанған ағындарды жинау және әкету.

1591. Қауіпті жағдай, жер қойнауы мен қоршаған ортаға әсер ету қауіптілігі пайда болғанда апаттық құтқару қызметтерін тарта отырып, АЖЖ сәйкес оқшаулау және жою бойынша әрекеттер орындалады.

__________________________
Қолданылған қысқартулар
ҚЖҚҚ – құбылмалы жоғары қабатты қысым;

АҚҚ – апаттық-құтқару атқымаға қарсы қызметтер;

ТҮ АБЖ – технологиялық үрдісті автоматтық бақылау жүйесі;

ЖМ  жару материалдары;

ЖС – жанатын сұйық;

ГТЗ  геологиялық-техникалық зерттеулер;

ГМСК  газ мұнай су көрінулер;

ӨАҚ – өлшеу-ауыстыру қондырғысы;



ИСК  ионды сәулелену көзі;

ҚҚСқұбырлы қабаттарды сынағыш;

ББТЖ – бұрғылау бағанасының түбін жинақтау;



КСС  канализациялық сорғы станциясы;

БӨҚжА – бақылау өлшеу құралдары және автоматика;

ТТС – тез тұтанатын сұйықтар;

МГК – мұнай газ кен орны;

СКҚ – сорғы компрессорлық құбырлар;

ҚЗӨФ – қауіпті және зиянды өндірістік факторлар;

АА  ашық атқыма;

АЖА  ату-жару аппаратурасы;

ТҚЖ  тастамаға қарсы жабдық;

АЖЖату-жару жұмыстары;

КГЖ – кәсіпшілік-геофизикалық жұмыстар;

ШРЗК – шекті рұқсат етілген зиянды концентрация;

ШРК – шекті рұқсат етілген концентрация;

АЖЖ – апатты жою жоспары;

ҰЖЖ – ұңғыманы жер асты жөндеу;

ЖҰЖ – жұмысты ұйымдастыру жоспары;

КҚ – кәсіпшілік құбырлар;



РЗ – радиобелсенді заттар;

ТҚА –тазалық-қорғаныс аймақтары;

ЖҚҚ – жеке құрғаныс құралдары;

ДО ЖҚҚ – дем алу органдарының жеке қорғаныс құралдары;

ҰҚҚ – ұжымдық қорғаныс құралдары;

ТКО – түсіріп-көтеру операциялары;

СКГ – сұйытылған көмірсутекті газ;

МДҚ – мұнайды дайындау қондырғысы.



__________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет