44 - тарау. Ұңғымаларды қайта құру
867. Әрекет етпейтін ұңғымалардың техникалық және қауіпсіз жағдайы қалпына келтіру және қайта құру мақсатында мұнай газ өндіру ұйымымен, АҚҚ, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдерін тартумен орнатылады.
868. Ұңғыманы қайта құру туралы шешім қабылдауға негіз техникалық жағдайын алдын ала зерттеу, қайта құру және кейіннен пайдалану кезінде оқпанның қолданылатын бөлігінің қауіптілігі мен сенімділігін бағалау нәтижелері, комиссия хаттамасы болып табылады.
869. Апаттық, жабылған және жойылған ұңғымаларда жаңа оқпандарды қайта жабу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары және бұрғылау жұмысты ұйымдастыру жоспарына және жобалық құжаттамаға, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
870. Бұрғылау қондырғысын таңдау және құрастыру, техникалық құралдармен, тастамаға қарсы жабдықпен жабдықтау, БӨҚжА жабдықталуы жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, жоспарланатын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлеріне орнатылады.
Құрастыру аяқталғаннан кейін қондырғыны пайдалануға енгізу комиссиямен жүргізіледі.
871. Жаңа оқпанды бұрғылау бойынша жұмыстарды бастау алдында ұңғыманы зерттеу кезінде анықталған, құбырдан тыс кеңістіктегі ағындар және бағана аралық қысым жойылады.
872. Жаңа оқпанды тілу үшін обсадты бағанада ауытқумен цементті көпір орнатылады. Көпірдің болуы және беріктігі цементті тасқа рұқсат етілген жүктемеден аспайтын, бұрғылау құралын түсірумен тексеріледі. Цементті көпір технологиялық регламентке сәйкес, ГМСК пайда болу және жою кезіндегі шекті қысымға обсадты бағанасымен және орналастырылған тастамаға қарсы жабдықпен бірге гидравликалық тығыздау әдісімен сыналады.
873. Жаңа оқпандарды бұрғылау жұмысты ұйымдастыру жоспарына, жобаға, технологиялық регламентке сәйкес тұрақты бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізіледі.
874. Жаңа оқпанның кеңістіктік жағдайы ұңғыма кескінінің жобалық аумағында орналасқан, кен орнының ұңғымаларға кері әсер ету мүмкіндігін жоққа шығарады (әрекеттегі, жабылған, жойылған).
45 - тарау. Ұңғымаларды жабу және жою
875. Қауіпті мұнай газ кәсіпшілік объектілерінің ұңғымаларын жабу және жою бойынша жұмыстар жобаға сәйкес жүргізіледі.
876. Жабу және жою бойынша жобалық құжаттама ұйымның басшысының шешімі бойынша жасалады.
877. Ұңғымаларды салуға, мұнай, газ және газ конденсат кен орындарын өндеу мен құрылымына жобаларда қауіпті объектілерді қауіпсіз жабу және жою жағдайлары көрсетіледі.
878. Объектіні жабудың қауіпсіз жағдайларына сәйкес келмеген жағдайда қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылады.
879. Қауіпті объектіні жабу АЖЖ ескере отырып, жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету жағдайында дайындық жұмыстарын орындағаннан кейін, жұмысты ұйымдастыру жоспары, тексеру актісі бойынша жүргізіледі. Қауіпті объектілерде жұмыстар апаттық-құтқару қызметінің қатысуымен жүргізіледі.
880. Жабу және жою объектілері сыртқы әсер етуден және бүліну қауіптілігінен қорғалады, жұмысты ұйымдастыру жоспарына және технологиялық регламентке сәйкес қорғауда бақылауда болады.
881. Ұңғымаларды жою кезінде (пайдалану бағанасымен немесе олсыз) қабатты өнім төбеден жоғары оның жалпы қуаты бойынша 100 м цементті көпірмен жабылады.
Егер де пайдаланатын бағана жойылатын ұңғымаға түсірілмеген болса, онда соңғы аралық бағананың табанында қосымша 100 м кем емес биіктікте цементті көпір орнатылады.
882. Ұңғымаға соңғы түсірілген бағанада құрастыру құрылғылары болған жағдайда (пайдалану немесе аралық) секция құрамасының аралығында құрама көпірінен 50 м төменде және жоғарыда цементті көріп орнатылады.
883. Цементті көпірді әрбір орналастыру алдында ұңғыманы күкіртсутегі бар қабатты ашу кезінде ерітінді жобасына сәйкес келетін тығыздықпен, бейтараптандырумен өңделген бұрғылау ерітіндісімен толтырады.
884. Көпірлерді орналастыру үшін қолданылатын тығындама материал коррозияға төзімді және күкіртсутегі бар қабат аралығында обсадты бағаналарды цементтеу үшін ұңғыманы салу жобасына сәйкес.
885. Цементті көпірлердің болуы және беріктігі бұрғылау құралын түсірумен және тиеумен тексеріледі. Жүктеме көлемі қолданылатын цемент үшін шекті рұқсат етілген қысымға байланысты белгіленеді.
886. Жою жұмыстары аяқталғаннан кейін ұңғыма сағасы коррозияға төзімді орнатылған жоғары қысымдағы ысырмамен және бағана ұшымен, құбыр және бағана аралық кеңістіктердегі қысымды бақылау үшін әкетулермен жабдықталады. Ұңғыма сағасынан айнала қоршаумен 2 х 2 метр мөлшерде алаң жабдықталады. Қоршауда ұңғыманың нөмірі, кен орнының атауы, ұңғыманы бұрғылаған ұйым, бұрғылау аяқталған күні, күкіртсутегінің болу мүмкіндігі туралы жазба: «Қауіпті, күкіртсутегі!» көрсетілетін белгі орнатылады.
887. Жою жұмыстарын жүргізгеннен кейін бір айдан кейін, 6 айдан кейін және бұдан әрі жылына бір реттен кем емес кезеңділікпен құбыр және бағана аралық кеңістіктердегі қысымды бақылау, ұңғыма сағасының айналасындағы және жақында жатқан төменде күкіртсутегінің болуына бақылау жүргізіледі. Өлшемдердің нәтижелері сәйкес актілермен рәсімделеді.
888. Ұңғыма сағасында қысым пайда болған кезде жоспар бойынша қосымша оқшаулау жұмыстары жүргізіледі.
889. Жабу кезінде ұңғыма бейтараптандырғышпен өңделген ерітіндімен толтырылады. Перфорация аралығында биіктігі 100 метрден кем цементті көпір орнатылады. Лифтілі бағана цементті көпірден 50 метрден кем емес көтеріледі немесе ұңғымадан шығарылады.
Цементті көпірді орнатқаннан кейін ұңғыманың құбырлы және құбырдан тыс кеңістіктері бейтараптандырумен өңделген ерітіндімен толтырылады.
890. Жабылатын ұңғыманың арматурасыны ысырмаларынң ұстағыштары шешіледі, ысырмалардың шеткі фланецтері тұншықтырғыштармен жабдықталады, манометрлер шешіледі және түтікшелер қымталады.
891. Жабылған ұңғыманың сағасы осы Талаптарға сәйкес қоршалады.
46 - тарау. Мұнайды, газды және конденсатты жинау және дайындау
892. Қауіпсіз пайдалану үшін жабдық және құбырлар қолмен және автоматты басқарумен реттейтін және қорғайтын аппаратурамен, бақылау құралдарымен жабдықталады.
Кәсіпшілік және кәсіпші аралық тасымалдаудың ұңғыма өнімін жинау және дайындау жүйесі объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, автоматтандыру құралдарын қарастырады:
1) ұңғыманың сәйкес өнімі үшін қашықтықтан басқару және технологиялық үрдістің көрсеткіштерін тіркеу;
2) технологиялық үрдістердің көрсеткіштерін автоматты реттеу;
3) қондырғыға және оператор тетігіне ескерту белгілерін беру арқылы, технологиялық көрсеткіштердің рұқсат етілген шектен ауытқуы кезіндегі (қысымы, температурасы) жарық және дыбыстық автоматты дабыл белгісі;
4) жеке жабдықты немесе қондырғыны кезекші оператордың тетігінен қашықтықтан апаттық тоқтату және техникалық құралдарды шамшырақ жүйесіне немесе апаттық ыдысқа ауыстыру;
5) көрсеткіштерінің апаттық ауытқуы кезінде, жеке жабдықты, технологиялық желіні, қондырғыны, ұңғыманы автоматты өшіру;
6) жинау жүйесіне коррозия ингибиторларын және зиянды заттарды бейтараптандырғыштарды саңылаусыз енгізу құрылғылары және жобамен және технологиялық регламентпен көрсетілген коррозияға қарсы шаралар;
7) кәсіпшілік және кәсіпші аралық құбырларды ингибирлеу жүйелері;
8) әуе ортасын және объектілердегі жарылыс өрт қауіпсіздік жағдайын бақылау;
9) өрт дабыл белгісі мен өрт сөндірудің автоматты жүйесі.
893. Күкіртсутегі бар МГК өңдеу үшін қауіпсіздік шаралары қарастырылады:
1) жабдықтың, құбырлардың аппараттарының, резервуарлардың ингибиторлы қорғанысы;
2) адамдар мен қоршаған ортаға әсер етуін болдырмайтын, қауіпті және зиянды заттарды жоюға, күкіртсутегіні бейтараптандыруға арналған жабдық және әдістері;
3) жабдықтың, аппараттардың, резервуарлардың, құбырлардың, арматураның, БӨҚжА, металл құрылымдарының және іргетастардың тозу және коррозиялық жағдайын тексеру әдістері және кезеңдігі;
4) бейтараптандыру түрлері, күкіртсутегіні бейтараптандыру әдістері мен технологиясы және реагенттердің шығысы;
5) технологиялық ортада күкіртсутегінің және реагент – бейтараптандырғыштың құрамын бақылау әдістері;
6) жұмыс аймағын және бөлмелерді желдету әдістері мен құралдары;
7) адамдарды және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар;
8) жұмыс және тазалық-қорғаныс аймағының ауасында күкіртсутегі құрамын бақылау әдістері және құралдары;
9) күкіртсутегіні мұнайдан, газдан, конденсаттан және судан ажырату және бейтараптау технологиясы;
10) қауіпті және апаттық жағдайлардың алдын алу және ерте анықтау бойынша шаралар;
11) апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелері;
12) күкіртсутегіні бейтараптағанға және кейіннен жойғанға дейін өнімдер мен қалдықтарды жинау және қымталған ыдыстарда сақтау тәртібі.
894. Күкіртсутегі бар технологиялық үрдістерді автоматтандыру жүйесі келесіні қарастырады:
1) технологиялық орталарды газ жинау жүйесіне және шамшырақ желісіне ауыстырумен, ұңғыманы, аппаратты, жабдықты, технологиялық желіні, қондырғыны автоматты және қолмен өшіру;
2) кезекші оператор тетігінен технологиялық желіні, қондырғыны, жабдықты қашықтықтан тоқтату және күкіртсутегінің бөлінуін болдырмайтын қауіпсіз жағдайға ауыстыру;
3) технологиялық үрдістің негізгі көрсеткіштерін қашықтықтан бақылау және үзіліссіз автоматты реттеу;
4) қауіпсіздіктің рұқсат етілген аясында технологиялық ортаның қысымын және өзге көрсеткіштерін автоматты реттеу;
5) технологиялық көрсеткіштері белгіленген рұқсат етілген мөлшерден өзгерген, әуе ортасының газдалуы, күкіртсутегі анықталған кезде тетіктердің орналасу жерінде және оператор тетігінде ескерту белгілерін бере отырып, автоматты дыбыс және жарық дабыл белгісін.
895. Технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі үшін ұйымның техникалық басшысымен бекітумен, жабдықтың, құбырлардың, фланецті құрамалардың, арматураның, люктердің және күкіртсутегінің бөлінуі мүмкін көздердің қымталуын тексеру кестесі жасалады.
896. Аппараттар мен ыдыстардан сұйықты құрғату автоматты жағдайда қымталған жүйеге жүргізіледі.
897. Күкіртсутегі бар өнімді ағызуға арналған сорғылар коррозияға қарсы жасалған, қымталған тығыздағыштармен қамтамасыз етіледі.
898. Сорғы және компрессорлық қондырғылар күкіртсутегінің бөліну қауіптілігін жоққа шығаратын, ағызылатын және шаю мен газсыздандыру үшін қолданылатын сұйықтың қалғанын құюға арналған құрылғылармен жабдықталады.
899. Мұнайды, газды және конденсатты дайындау қондырғыларының ағынды сулары тазалық-гигиеналық талаптармен белгіленген нормалар бойынша, күкіртсутегіден және өзге зиянды заттардан тазалауға және бейтараптауға жатады.
900. Күкіртсутегі бар мұнай мен судың апаттық төгілулері кезінде бейтараптау және кейіннен жою үшін жабық ыдысқа жинау жүргізіледі. Төгілген жер ШРК, ШРЗК тұрақты бақылаумен және журналға жазылумен, зиянды заттардың белгілерін жойғанға дейін бейтараптайтын жуатын заттармен тазаланады және жуылады. Жұмыстар ДО ЖҚҚ қолданумен орындалады.
901. Аппараттар мен құбырларда орнатылған қорғайтын, реттейтін және бекіту арматурасының техникалық жағдайы нормаларға, техникалық сипаттамаларға және бекітілген кестеге сәйкес тексеріледі.
Тексерулер нәтижелері ауысым журналында және жұмыс құжаттамасында тіркеледі.
902. Артық қысыммен жұмыс істейтін жолдар, сепараторлар және аппараттар қысыммен жұмыс істейтін сауыттардың құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес пайдалануға енгізіледі және пайдаланылады.
903. Қысыммен жұмыс істейтін аппараттар манометрлермен, деңгейін көрсеткіштермен және сұйықты қымталған ыдысқа әкету үшін құрылғылармен жабдықталады.
904. Технологиялық үрдісті бақылау және басқару жүйелерінің құралдары, анықтағыштары жарылыстан қорғалып орындалады, және діріл, парафин, тұздардың және заттардың қалдықтарының газ гидранттарының қалыптасуы жағдайында пайдалануға есептеледі немесе тасымалданатын ортамен тікелей байланысқа түспейтін жағдайларда орнатылады.
905. Технологиялық құбырлар, жабдық және арматура анықтау бояуымен боялады, ескертетін қауіпсіздік белгілерімен және жазбалармен қамтамасыз етіледі. Құбырларға тасымалданатын ортаның қозғалыс бағытын көрсететін бағыттар салынады.
906. Қорғаныс қақпағының әкетулері жобаға және жабдыққа құжаттамаға сәйкес газ жинау немесе шамшырақ жүйесімен қосылады.
Әкету диаметрі қорғаныс қақпағының тесігінің диаметрінен кем емес.
907. Жинауға арналған құрылғылар жанбайтын материалдан құрылады, төсемдермен, жақтаулармен, басқыштармен, қоршаулармен және қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етіледі.
908. Жабдықтың құрылымы механикаландырылған әдіспен тазалау, қалдықтарды кейіннен полигонда жою үшін контейнерлерге немесе ыдысқа жинау мүмкіндігін қарастырады.
47 - тарау. Ұңғыма өнімдерін өлшеу қондырғылары
909. МГК өңдеу объектілері үшін өлшеу қондырғыларын жобалау өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерін және ұңғымалардың өнімділігін ескере отырып жүргізіледі.
910. Автоматтандырылған топтық өлшеу қондығыларының техникалық сипаттамалары, дайындаушының техникалық құжаттамасына және технологиялық регламентке сәйкес, МГК қауіпсіз пайдалану және жұмысының нақты жағдайларына сәйкес жобада көрсетіледі.
Күкіртсутегі бар кен орны үшін ұңғыма өнімдерін коррозияға қарсы орындау және ингибирлеу, зиянды заттарды бейтараптау және жою қарастырылады.
911. Автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларына арналған алаң желдің үстем бағыты ескеріле отырып, жоспарлы белгіден 15 см биіктікте және метео жауындарын әкету үшін еңіспен орнатылады.
Алаңда және бөлменің сыртқы қабырғасында жарылыс өрт қауіптілік, газдалу туралы ескерту және тыйым салу белгілері мен жазбалары, жарықтанумен желдің бағытын көрсеткіш орнатылады.
912. Электр қондырғыларын, көрсеткіштерді, газ талдағыштардың құрылғыларының құрылымы және орындалуы жұмыс орындарында болуы мүмкін жарылысқа қауіпті қоспалардың қасиеті, ұңғыма өніміндегі күкіртсутегі мен зиянды заттардың шоғырлануы бойынша анықталады.
913. Қалқанды бөлмелерді және өлшеу-қайта қосу қондырғысын (бұдан әрі - ӨҚҚ) білік бойынша 10 м кем емес қашықтықта бір бағытта орналастырады.
Қалқанды бөлме желдетілетін жағынан орнатылады, ол кезде оның есігі ӨҚҚ бөлмесіне кіре беріске қарама-қарсы болады және шекті табиғи желдетілу ескеріле отырып орналастырылады.
Күкіртсутегінің бөлінуі мүмкін бөлмелерде стационарлы газ талдағыштармен одақтасқан желдету жүйесі орнатылады.
ӨҚҚ бөлмесінде жалпы ауысым желдеткішінің өнімділігі сағатына 10 еселік, ал күкіртсутегі бар өніммен жұмыс істеу кезінде 12 еселік ауа алмасуды құрайды.
Желдету жүйесі бөлмеде әуе ағынының қайта айналуын жоққа шығаратын, құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
914. Автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы жобаға сәйкес найзағайдан қорғалып және жермен жанастырумен қамтамасыз етіледі.
915. ӨҚҚ бөлмесін жылыту жобада қарастырылады.
916. Автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысының бөлмелерінде, ӨҚҚ қауіпті тез тұтанатын және жанатын заттарды қолдануға жол берілмейді.
917. Адамдар үнемі өтетін орындарда құбырлардың үстінен жақтауларының биіктігі 1,0 м кем емес, ені 0,65 м кем емес, сырғанамайтын, жабындысы бар өтетін көпірлер орнатылады.
918. Жұмыс орнын ұйымдастыру және автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысын орналастыру жобаға сәйкес жүргізіледі.
Өндірістік жабдықты, құралдарды, автоматика құралдарын орналастыру және оларды автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысының бөлмесінде, ӨҚҚ және электр қалқанды бөлмеде өзара орналастыру еркін келуді және қауіпсіз қызмет көрсетуді қарастырады.
ӨҚҚ бөлмесінің және электр қалқанды бөлменің жарықтануы 30 лк кем емес, БӨҚжА 50 лк кем емес құрайды.
919. ӨҚҚ бөлмесіне кірер және жұмыс басталар алдында желдеткіш қосылады, электр қалқанды бөлмеге және жабдыққа көзбен шолып бақылау жүргізіледі, жермен жанасу, апаттық ыдыстың кері қақпақтарының фланецті құрамаларының жағдайы көзбен шолып тексеріледі.
920. Қызмет көрсетуші персонал ӨҚҚ бөлмесіне кіреді және желдіткіштің 20 минут жұмысынан кейін жұмысқа кіріседі.
Жұмыстар ШРК, ШРЖК сәйкес болғанда, ал күкіртсутегі мен зияндық заттардың бөліну қауіптілігі бар объектілерде өзімен ДО ЖҚҚ бар және бөлменің сырт жағында болатын екінші жұмысшының (қосалқы) болуы кезінде жүргізіледі.
Желдеткіш персоналдың бөлмеде болуының барлық уақытында, үзіліссіз жұмыс істейді.
921. Жұмысшыны объектіге жіберу кезінде топтың басшысы тағайындалады, ал газға қауіпті жұмыстар орындалған кезде наряд-рұқсаттама рәсімделеді.
Жөндеу жұмыстары негізінен күндізгі уақытта жүргізіледі.
Жұмыстарды қараңғы уақытта жүргізу кезінде наряд-рұқсаттамада қосымша қауіпсіздік шаралары қарастырылады.
922. Электр энергиясы өшірілген, желдеткіштің жіне жабдықтың істен шығуы анықталған жағдайда персонал ДО ЖҚҚ қолданумен АЖЖ қарастырылған әрекеттерді және жұмыс аймағының ауасының газдалуын бақылауды орындайды.
Мұнайдың ағуы мен төгілуін, газдың өтуін анықтаған кездегі алғашқы кезекті әрекеттер объект басшысының немесе тағайындалған тұлғаның нұсқауы бойынша АЖЖ бойынша жүргізіледі.
ШРК, ШРЗК асқан кездегі газдалу жағдайларында қауіпті және апаттық жағдайларды жою кезінде апаттық-құтқару қызметінің құрылымдары тартылады.
923. Қауіпті және апаттыққа келесілер жатады:
1) тазалық ережелерімен белгіленген нормалардан асатын ОВПФ пайда болуы;
2) апатқа қарсы және өртке қарсы жүйесінің істен шығуы;
3) техникалық көрсеткіштердің жобамен, технологиялық регламентпен және дайындаушының техникалық құжаттамасымен белгіленгеннен ауытқуы;
4) бекіту арматурасының, кері қақпақтардың, құбырлардың істен шығуы;
5) жабдық элементтерінде, гидроциклонды сепараторда, фланецті құрамаларда жарықшақтардың, тесіктердің болуы немесе дәнекер тігістерінің кетуі;
6) БӨҚжА істен шығуы;
7) қорғаныс қақпағының істен шығуы;
8) жабдықтар мен бөлмелердің жермен жанасуының бұзылуы;
9) электр жабдығының жарылыстан қорғалған қабыршақтарының бұзылуы (шамдардың шешілген әйнек қақпақтары, құбыр электр өткізгішін бұзу);
10) шығысты өлшегіштердің істен шығуы;
11) гидроциклонды сепаратордың, қорғаныс қақпағының және манометрлердің, қысыммен жұмыс істейтін сауыттардың кезекті куәландыру жүргізу мерзімінің аяқталуы.
Технологиялық жабдықтың бұзушылықтары, қауіпті немесе апаттық жағдай анықталған кезде АЖЖ көрсетілген әрекеттер орындалады.
Өлшеу қондырғысын тоқтату ұйымның жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша технологиялық регламентке және АЖЖ сәйкес жүргізіледі.
48 - тарау. Айыру қондырғылары
924. Айыру қондырғыларын жобалау, орналастыру және пайдалану кезінде кен орнының және ұңғыма өнімінің сипаттамалары, жергілікті жер кедірлігі, желдің үстем бағыты және климаттық жағдайлар, МГК өңдеу объектілерінің инфрақұрылымы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары ескеріледі.
Ұңғыма өнімін айналдыру үшін негізінен, блокты автоматтандырылған қондырғылар қолданылады.
925. Айыру қондырғыларының құрамында, мұнайды, газды және газ конденсатын өндіру мен дайындаудың қабылданған технологиясына байланысты келесі қарастырылады: қабатты флюидтің ағынын орналастыру блогы, сепараторлар блогы, газды алдын ала алу блогы (депульсатор), шығаратын тамшы ұстағыш, газ жинау жүйесі, газды апаттық жағудың шамшырақ жүйесі, ұңғыма өнімін жинауға арналған ыдыстар.
926. Қысыммен жұмыс істейтін айналдыру қондырғыларын орналастыру, іске қосу және пайдалану дайындаушының техникалық құжаттамасына, технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
Айыру қондырғысы қорғаныс қақпақтарының, бекіту және реттеу арматурасының, БӨҚжА, құрғату жүйесінің орналасу орны, ара қашықтығы көрсетіле отырып, техникалық куәлікпен және сызбамен қамтамасыз етіледі.
927. Айналдыру үрдісін бақылау және басқару жүйесі қымталған, жарылыстан қорғалып орындалған және діріл, гидраттардың, парафиннің, тұздардың және өзге заттардың қалыптасуы жағдайларында қолдануға есептелген немесе қабатты флюидпен тікелей қарым қатынасты болдырмайтын жағдайларда орнатылады.
Күкіртсутегі және белсенді заттары бар технологиялық орта үшін коррозияға қарсы орындалған сепараторлар қоданылады.
928. Гидроциклонды сепараторды техникалық куәландыру пайдалануға енгізу алдында, ішкі кеңістігін саңылауландырумен байланысты жөндеу жұмыстарын қайта құру және жүргізуден кейін жүргізіледі.
929. Сепараторлар ішкі кеңістікте қысымды бақылау үшін БӨҚжА, реттегіштермен және деңгейін көрсеткіштермен, бумен немесе инертті газбен үрлеуге, сұйықтықты ағызуға арналған құрылғымен қамтамасыз етіледі.
930. Қорғаныс құрылғылары алдында бекіту арматурасын орналастыруға, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесін істен шыққан кезде сепараторларды қолдануға жол берілмейді.
49 - тарау. Қабатты суларды алдын ала жинау қондырғылары
931. МГК өндіру объектілерінде ұңғыманың өнімін алдын ала бөлу үшін келесіні қамтамасыз ететін, суды бөлуге арналған қондырғылар және жабдық жобаланады:
1) ұңғыма өнімін (мұнай қоспасын) тұратын аппараттарға түсу алдында бөлуге дайындау;
2) газды алдын ала алумен сұйықтан газды бөлу;
3) мұнайды алдын ала құрғату.
932. Қабатты суларды алдын ала лақтыру қондырғыларының жабдығын орналастыру жобаға сәйкес жүргізіледі.
933. Қабатты суларды алдын ала лақтыру қондырғыларының жабдығы, аппаратурасы және құбырлары жобаға сәйкес коррозияға қарсы қорғаныспен және жылу оқшаулаумен қамтамасыз етіледі.
934. Қабатты суларды тікелей МГК алдын ала лақтыру қондырғыларын қауіпсіз пайдалану, жабдықты, аппараттарды қысымның ұлғаюынан қорғау үшін дайындаушының техникалық құжаттамасына және жобаға сәйкес қорғаныс қақпақтарының жүйесінің қондырғысы қарастырылады.
935. Мұнай қоспасын таратуға дайындау үшін мұнай газ жинаудың соңғы учаскелерінде реагент-деэмульгаторды беру, ал сәйкес негіздеме болған жағдайда – мұнайды дайындау блоктарынан айналатын, суды беру қарастырылады (мұнайды айналдырудың алғашқы басқышы алдында).
936. Мұнайды алдын ала құрғату мұнай мен суды бірігіп дайындау аппаратында жүзеге асырылады. Өнімдік деңгейжиектерге құйылатын судың көлемі мен құрамы жобада көрсетіледі, талданады және журналда тіркеледі.
50 - тарау. Су басу жүйелері
937. Су басу әдісі (контурдан тыс, контур бойында, контур ішінде, алаңды, ошақты, блокты, жинақталған, бірегей, айналмалы), толтыру, суды ұлғайту қысымының көлемі, қысымды ұлғайту ұңғымаларының саны және олардың орналасуы, кен орнын өңдеу үшін қысымды ұлғайту қорын енгізу, толтырылатын судың сапасына қойылатын талаптар конденсатты кен орнын өңдеудің қабылданған технологиялық сызбасына сәйкес қабылданады.
938. Су басу жүйелері үшін келесі сызбалар қарастырылады:
1) блокты немесе бұталы сорғы станциясы ағынды манифольдының блогы қысымды ұлғайту ұңғымаларына жеке жоғары ағынды су жолдары ұңғымалар;
2) блокты немесе бұталы сорғы станциясы ағынды манифольдының блогы суды тарату пунктеріне жоғары ағынды су жолы қысымды ұлғайту ұңғымаларына жоғары ағынды су жолдары ұңғымалар.
939. Судың толуының қабылданған сызбасына байланысты келесі құрылғылар қарастырылады:
1) бұталы сорғы станциялары (блокты);
2) блокты ағынды манифольдтар (коллекторлар);
3) жоғары ағынды су жолдары;
4) су тарату пункттері;
5) қысымды ұлғайту ұңғымаларының сағаларын орналастыру.
Суды толтыру жүйесіне олар тек сол объекті үшін қолданылатын жағдайда сумен жабдықтау құрылғыларын қосуға жол беріледі (су жинағыштар, сорғы станциялар, су тазалау құрылғылары, бұталы сорғы станцияларына әкелетін су жолдары).
940. Су толтыру жүйесі суды толтырудың шекті көлемінен 15 % дейінгі мөлшерде өнімділік қорымен қамтамасыз етіледі.
941. Бұталы сорғы станцияларында жобаға және технологиялық жобалаудың нормаларына сәйкес резервті сорғы агрегаттарын орналастыру қарастырылады.
942. Сорғылардың соратын және ағын желілерінде қысымды өлшеу үшін құралдарды орналастыру, ал ағын манифольды блогынан және жоғары тарату орнынан қысымды ұлғайту ұңғымаларына шығыс өлшегішті орналастыру қарастырылады.
943. Жабдықты құрастыру және бөлшектеу жүк көтергіш механизмдерінің көмегімен жүргізіледі.
944. Жоғары ағынды су жолдарында жұмыс қысымы үшін гидростаттық қысымды және жергілікті жердің кедірлігінің геодезиялық белгілерінің әр түрлілігі ескеріле отырып, есептік өнімділік кезінде сорғылармен құрылатын шекті қысым қабылданады.
Сағаның, сорғы қондырғыларының, арматура және су жолдарының желілі бөлігінің жабдығы үшін сынама қысым 1,25 Рраб. құрайды; бұталы сорғы станциясының, ағын манифольды блогының және су тарату орнының ішіне төселетін құбырлар үшін 1,5 Рраб.кем емес, онда Рраб – дайындаушының техникалық құжаттамасында және жобада көрсетілген жұмыс қысымы.
945. Су басу жүйесінің жабдығы мен құбырлары үшін судың қату қауіптілігі кезінде жылумен оқшаулау және жылыту қарастырылады.
946. Қабатты суларды тасымалдайтын құбырларды төсеу тереңдігі судың тығыздығына (минералдануына), гидрологиялық және табиғи жағдайларға байланысты қабылданады. Тереңдігін анықтау кезінде қабатты судың минералдануының азаю мүмкіндігі, топырақтардың сумен қоректенуі және ісінуі, топырақтың қату тереңдігі ескеріледі.
947. Бір ордағы құбырлар арасындағы қашықтық 0,5 м кем емес құрайды. Құбырлардың саны жобамен анықталады.
948. Қозғалмалы түсіріп-көтеру агрегаттарын қолдану үшін қысымды ұлғайту ұңғымаларына жөндеу жүргізу кезінде діңгекті (мұнараны) және қабылдау сөрелерін бекіту және орналастыру үшін алаңдар қарастырылады.
949. Су тазарту қондырғысына және жабдыққа қызмет көрсету үшін жақтауларымен және басқыштарымен ені 1 м кем емес өтетін жерлер және жұмыс алаңдары қарастырылады, сұйықты канализация үшін ыдысқа жинау қамтамасыз етіледі.
950. Су тазарту қондырғысында сүзгілер мен реагенттерді езу үшін ыдысқа толтыру ЖҚҚ қолданумен, механикаландырылған әдіспен жүргізіледі.
Сүзгілерді автокөліктің келуі мүмкін жағынан, тазалауға арналған люктерді орналастырумен орнатады. Люктер астында қалдықтарды жинауға науа қарастырады.
951. Сорғы және сүзгі ысырмалары шаю кезінде басқару тетігінен қашықтықтан басқарылады, ол істен шыққан кезде қолмен басқарылады.
952. Суды жинауға арналған қауыздар металл бүркемелермен және жақтаулы қоршаулармен жабдықталады, бүркемелерге қызмет көрсету үшін 1х1 м кем емес мөлшерде металл алаңдары қарастырылады.
Қауыздарды тазалау механикаланып жүргізіледі.
953. Қызмет көрсетуші персонал үшін құдықтар басқыштармен, суды ағызатын құрылғылармен және жарықпен жабдықталады.
Құдықтардағы ауырларды ауыстырумен байланысты жөндеу жұмыстары жүк көтергіш механизмдерін қолдану арқылы жүргізіледі.
954. Су сору станциялары стационарлы және қозғалмалы көтергіш құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
955. Сорғының қысымды ұлғайту желісінде манометр және кері қақпақ орнатылады.
956. Су сору станциясының бөлмесінде газ анықталған кезде АЖЖ сәйкес, газдалуды жою бойынша шаралар қолданылады.
Сорғы станциясының газдалған бөлмесінде қызмет көрсетуші персоналдың болуына және жабдықты пайдалануға жол берілмейді.
957. Тоқтатылған қысымды ұлғайту ұңғымаларынан канализациялық сорғы станциясының (бұдан әрі – КСС) коммуникациялары арқылы сұйықты айналдыруға жол берілмейді.
958. КСС жабдығы және құбырлары ысырмаларымен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына, пайдалану бойынша құралға сәйкес, 5 минут ұсталып жұмыс қысымына тығыздаумен, жобаға сәйкес қауіпсіз қашықтықта орнатылады.
959. Қысымды ұлғайту ұңғымаларына құбырларда жобаға және сағаның жабдығының сызбасына сәйкес БӨҚжА, кері қақпақ және арматура орнатылады.
960. Арматурада және ұлғайту жүйесінде судың қатуын болдырмау үшін жылыту, ұзақ уақытқа тоқталу кезінде арматура мен жұмыс агентін беру жүйесінен суды толық әкету қарастырылады.
961. Автоматтандырылған сорғы станцияларында «Назар аударыңыз, іске қосу автоматты» жазбасы ілінеді.
962. Фланецті құрамалар, арматура және сорғылардан лақтыру құбырлары жерге дейін қораппен жабылады.
Достарыңызбен бөлісу: |